1-15 дәрістер. Микроскопиялық техниканың негіздері Дәріс Тақырыбы



бет5/44
Дата17.02.2023
өлшемі152,73 Kb.
#68830
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
1-15 дәрістер Микроскопиялық техника негіздері(7)

5 дәріс. Тақырыбы: Микротом арқылы гистологиялық препараттардан кесінді дайындау.
Дәрістің мақсаты: Гистологиялық препараттарды микротом құрылғысы арқылы жасауды меңгеру
Жоспары:

  1. Парафинді кесінділерге арналған микротом (МПС-2)

  2. Микроілгерілеуді (микроберу) іске асыру принципі.

  3. Ультратом (құрылғының негізгі принциптері және кесінділерді дайындау).

Блоктың автоматты микроілгерілеуі келесі жолмен жүзеге асады. Пышақтың әр кейін қарай қозғалу кезінде пышақ сырғытқышы микроберілу өзегін итеріп, қозғалтады. Ол өз кезегінде тартушыны тартушыны қозғалысқа келтіріп, тартушы шүріппе арқылы храповикті бұрады. Оның айналуы конустық тегершік (шестеренка) арқылы микрофинтке беріледі, ол өз алдына алмалы-салмалы гайка арқылы блокқа арналған қысқышы бар сырғығышты жоғарыдан төмен қарай бағыттауыш арқылы қозғалтады.


Тартқыш жүйесі – арнайы серіппе арқылы бастапқы орнына қайтып келетін өзек. Соған байланысты, микроберу өзегі пышақ сырғытқыштарға неғұрлым жақындатылған болса, соғұрлым оның қадамы көбірек болады (сонымен қатар, храповиктің бұрылысы да), блок та соғұрлым жоғары орналасады, кесінді де сондай жуанырақ болады. Өзектің (стержень) микрометриккалық шкаласы мен арнайы қысқышы болғандықтан, блоктың берілу деңгейін дәл бақылап тұруға болады.
Блок әр кесінді сайын жоғары көтеріліп тұрады, сондықтан микровинтті жиі алмалы гайкадан айырып алып тұру керек және сырғығыштарды шекті төмен нүктеге түсіріп тұру керек.
Микротомның бұл сипатталған түрінен басқа да түрлері бар. Алайда, микротомдардың алуантүрлілігіне қарамастан, онық барлығының құрылысы бірдей принциппен жасалған. Сондықтан оны жақсы білген маман микротомның барлық түрін сәтті игереді.
Парафинді кесінділерге арналған микротом (МПС-2)
Прибор негізден, жетекші механизмнен, микроберу механизмінен, объектұстағыштан, транспортты таспаны беру механизмі бар пышақұстағыштан, транспортердан тұрады.
Негізі– құйылған шойын плита, барлық құрылғылары орнатылған бөлім.
Жетекші механизм қисықтісті тегершіктен, тұтқалардан, біліктен, шүріппеден және күймешеден (объектұстағышты вертикальді және горизонтальді бағыт бойынша қозғалту үшін) тұратын иінді білікпен (кривошипный вал) біріккен маховиктен құралған. Білікке орналастырылған маховикті ( сермер) бұрағанда қисықты тісті тегершік өзіне жұп тегершік арқылы айналымды білікке береді, одан қозғалыс тұтқаға беріледі. Білік иіннің формасына ие болғандықтан, ол серменің айналуы кезінде көтерме күймешесіне (каретка подъема) қайтып келу қозғалысын хабарлайды. Оның өз кезегінде объектұстағышы бар көтерме күймешесіне горизонтальды бағыттағыштары бар. Вертикаль бойынша қозғала отыра көтерме күймешесі жетектегіш (водило) арқылы транспортерлы таспаны беру механизмін қозғалысқа келтіреді. Микроілгерілеу механизмі храповиктен, дифференциалды механизмнен, микровинттен, лимбтен, қисықтісті берілістен (косозубая передача), бағдарлағыштан (кулачок) тұрады.
Білікті бұрғанда жоғарыда аталып өткен жетектегіш механизм шүріппенің көмегімен храповикті белгілі бір тісшелер санына бұрайды, оның осінде тісшелі дөңгелек орналастырылған, ол өз кезегінде тегершік арқылы айналуды микрофинтке береді. Горизонтальді жазықтықта орналасқан винт объектұстағыштың беру күймешесін қозғалысқа келтіреді.
Кесіндінің қалыңдығын лимбті бұру арқылы анықтайды, оның осінің айналуы қисықтісті беріс арқылы бағдарлағышқа беріледі, ол храповиктің бұрылысының мөлшерін реттейді.
Объектұстағыш- объектұстағыштың берісінің шарлы жиектемесіне бекітілген винтті қысқыш. Шарнирлі (топсалы) механизм блокқа қажетті қалыпқа келуіне мүмкіндік береді. Объектұстағыштың фиксациясын арнайы тұтқа арқылы жүргізеді.
Пышақұстағыш– массивті шойын тіреуіш; ұстағыштары бар екі вертикальді тіреуіштерден тұрады. Бұл тіреуіштердің шет жақтарында өлшеу шкаласы бар, сол арқылы ұстағыштары пышақты керекті деңгейде еңкейте алады. Пышақтың фиксациясын винт арқылы жүргізеді.
Транспортерлы таспаны беру механизмі: пышақұстағыштың тіреуіші арқылы ось жүргізілген, оған тіреуіштердің арасында транспортерлы таспаға арналған барабан орналастырылған, ал сыртына –храповик. Кронштейннің, арнайы ұяшыққа орналастырған, көмегімен транспортерлі таспа барабан мен кронштейн ролигінің арасына тартылады және тұтқамен бекітіледі. Микротомның маховигін бұрған кезде көтерме күймешесі қозғалысқа келеді, храповик автоматты түрде арнайы жетектегіш, бағдарлағыш және шүріппе арқылы бұрылады және транспортер таспасын белгіленген қашықтыққа жылжытады.
Қатыратын (мұздататын) микротом.
Негізгі құрылымы: станина (табан, тұғыр), көтеру механизмі, пышақұстағыш, қатыратын үстелше.
Табан – металды қаңқа; барлық құрылғылар орналасқан және микротомды үстелге бекітіп қоятын қысқыштан тұрады. Табанға жұмыр тірек арқылы пышақұстағыштың кронштейні орнатылған. Пышақұстағыштың өзі кронштейннің жоғарғы жағынан тік бұрышпен кетеді. Ол пышақты қозғалтатын тұтқамен бітеді. Кронштейннің төменгі дөңесіне шүріппе бекітілген, ол храповикпен біріккен. Храповик микрометрикалық винтпен байланысқан. Храповиктің үстіңгі жағында бағдарлағыш орналасқан: ол шүріппе мен храповиктің байланысын реттеп тұрады және объектті берілген биіктікке көтеруді қамтамасыз етеді. Храповикті жауып тұратын қалпақшаға бағыттаушы тіреуіш бекітілген, онда призмалар орналасқан. Оның төменгі бөлімі микровинтпен байланысқан, ал жоғарғы бөліміне мұздататын үстелше орналасқан.
Мұздататын үстелше түтікше дәнекерленген корпустан тұрады. Ол түтікше көмірқышқылды пышаққа қарай береді. Корпустың жоғарғы жағына көмірқышқылдың шығуына арналған саңылаулары бар объектті орналастыратын қалпақша болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет