1-15 дәрістер. Микроскопиялық техниканың негіздері Дәріс Тақырыбы


Микроілгерілеуді (микроберу) іске асыру принципі



бет6/44
Дата17.02.2023
өлшемі152,73 Kb.
#68830
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Микроілгерілеуді (микроберу) іске асыру принципі. Пышақұстағышты өзіңнен қарай қозғалтқанда кронштейн вертикальді ось бойынша айналып, шүріппенің орнын ауыстырады, ол серіппе арқылы күймешеге немесе храповиктің тісшелеріне қарай тартылады. Шүріппенің штифті күймешеде сырғып жүргенде шүріппенің өзі храповикке тимейді, бірақ штифт күймешемен жанаспай қалса, шүріппе храповикке ілінеді де, оны тісшелердің белгілі мөлшеріне бұрып жібереді. Храповик микровинтті қозғалысқа келтіреді. Күймешенің бекітілуі тұтқа арқылы іске асады.
Термоэлектрлік салқындатқыш үстелше (ТСҮ).
Термоэлектрлік салқындатқыш үстел – микротомға арналған арнайы мұздатқыш құрылғы, ол ұлпалық блокты көмірқышқылды қолданбай қатыруға мүмкіндік береді. Термоэлектрлік салқындатқыш үстелше негізін жартылайөткізгіш элементтер құрайды, олар арқылы ток өткен кезде сыртқы қабаты салқындайды, ал ішкілері қыздырылатындай етіп орналастырылған. Сондықтан қалыпты жұмыс істеу үшін ішкі қабаттардың қатты қызып кетуін ескерту үшін олар арқылы резина шлангілерді өткізеді.
Термоэлектрлік салқындатқыш үстелшемен жұмыс істеу. Микротомға үстелшені қою жне бекіту. Үстелшенің клемма және түзеткіштерінің шығарғыш ұштарының маркировкасын мұқият тексеру, одан соң «плюс» белгісі бар шнурды плюсті клеммамен, ал «минус» белгісі бар шнурды –минусты клеммамен . Сосын байланыстырғыш резиналы шлангіні үстелдің жалғастығына кигізеді (штуцер), ал бірінің бос шетін су краніне қосып қою керек, ал басқасын –раковинаға салу керек. Судың өтуі қамтамасыз етілгеннен кейін түзеткішті тоққа қосу керек. Алдымен түзеткіштің қаптамасын шешіп, тежегіштің бағыты тоқтағы кернеуге сәйкес келетіндігін тексеру қажет.
Температураның максималды төмен мәні 7-12 мин кейін орнайды, ұлпалық блоктың мұздауы – 2-4 мин ішінде. Жұмыс біткенде алдымен түзеткішті, ал кейін суды өшіру керек. Термоэлектрлік салқындатқыш үстелшемен мүмкін ақаулары және оларды жою әдістері.
1.ТСҮ-дің беткі жағымұздамайды ( 2-3 мин ішінде су тамшысы қатпайды). Себебі: тұрақты ток келмейді. Жою шаралары: тежегішті ауыстыру, электржелісінің розеткасының дұрыстығын тексеру.
2. ТСҮ беті қызып кетеді. Себебі: а) үстелшені түзеткішке қосқанда полюстер ауыстырылып кеткен; б) ТСҮ түзеткішке су айналымысыз қосылған. Жою шаралары: а) үстелшені клеммадағы және шығарғыш шеттеріндегі маркировкаға сай қосу; б) суды қосу.
Микротомды күту.
Сырғығыш беттің жақсы қалпы – олардың тазалығы және тегістігі–микротомның нақты дұрыс жұмысының негізгі шарты болып табылады, соған орай бірдей қалыңдыққа ие кесінділер алу да оның жұмысының дұрыстығын көрсетеді. Сондықтан оларды күту үшін баса көңіл аудару керек.
Сырғығыштар және бағыттағыш жолақтар шаңдану және ластанудан мұқият сақталу керек. Ол үшін, микротом жұмыс істемеген кезде, оны арнайы футляр немесе қаптағышпен (чехолмен) жауып қояды. Сырғығыш беттерге жиі вазелин немесе жілік майларын жағып тұру керек: ол тек жеңіл сырғуды қамтамасыз етпейді, оған қоса таттанудың алдын алады. Микротом сырғығыш беттерін бензин немесе толуолмен ылғалданған шүберекпен сүртіп, бірден майлап қою керек.
Осы айтылғандармен қатар, бағыттаушы пластиналарды және басқа прибор бөліктерін бекітетін винттің дұрыс тартылуын тексеріп тұру қажет.
Микротомның бір жерден екінші жерге ауысып тұруын болдырмау керек, өйткені бұл жағдайда прибордың нақтылығы ауытқуы мүмкін.
Микротом-криостат (МК-25)
Фермент сияқты тез ыдырайтын заттарды зерттеудің гистохимиялық әдісінің кең таралуы жаңадан қатқан кесінділерді дайындау үшін арналған құрылғы –криостаттың пайда болуына әкелді.
Криостат холодильник секілді; жұмыс камерасында микротом орнатылған. Камераның салыстырмалы түрдегі кіші көлемі, қабырғаларының берік жылуоқшауландырғышы, сонымен қатар, арнайы реттеуші механизмнің болуы камераның ішінде тұрақты белгіленген минусты температурасын (5˚C-25˚C) ұстап тұруға көмектеседі.Камерадағы жұмыс қолдарға арналған диафрагмамен жабылған саңылау арқылы іске асады. Саңылау диаметрі қолдың өлшемі бойынша керекті сақинаны бұру арқылы реттеледі. Камерадағы люминесцентті шам және қарау терезесі болып жатқан іс- әрекетті бақылауға мүмкіндік береді. Камераның артқы қабырғасында термореттеуші вентильге ашылатын қақпақша бар.
Суытатын агрегат криостаттың негізіне дәнекерленген.
Мұздатқыш құрылғыны қосу және камераны жарықтандыру негізінің алдыңғы қабырғасында орналасқан клавишалар арқылы жүргізіледі.
Жұмыс камерасындағы тұрақты температуралық режим жай мұздатқыш микротомға қарағанда жіңішкерек(3-4 мк) кесінділер алуға мүмкіндік береді, олардың заттық шыныға желімдегіш заттарсыз жабыстыруды қамтамасыз етеді. Қолдың суықтауын әлсірету үшін жіпті қолқаптардың саусақтарының басын кесіп кисе болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет