1, 2016 педагогический вестник казахстана



Pdf көрінісі
бет3/10
Дата19.01.2017
өлшемі1 Mb.
#2263
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Тест
1. «Философия» сөзі қай тілден шыққан:
А) Ағылшын; В) Француз; С) Грек; Д) Неміс; Е) Қытай.
2. «Философ» терминін алғаш қолданған:
А) Гераклит; В) Пифагор; С) Сократ; Д) Аристотель; Е) Платон.
3. «Философия» терминін ғылымға енгізген:
А) Пифагор; В) Гераклит; С) Платон; Д) Сократ; Е) Аристотель.
4. «phileo + sophia» қандай мағынаны білдіреді?
А) Даналықты сүйемін; В) Даналық жолы; С) Адам айнасы; 
Д) Жібек жолы; Е) Даналық адамы.
5. «Философия» ғылымын үнділер қалай атаған?
А) Карма; В) Даршака; С) Фəлсапа; Д) Нирвана; Е) Йога.
6. «Философия» ғылымын «фəлсапа» деп кімдер атаған?
А) Үнділер; В) Парсылар; С) Ағылшындар; Д) Түріктер; Е) Арабтар.
7. Табиғаттың, қоғамның, адам ойлауының дамуының жалпы заңдылықтары туралы ғылым ... ол?
А) Құқық; В) Экология; С) Физиология; Д) Экономика; Е) Философия.
8. Философия қай елде пайда болды?
А) Бір уақытта ежелгі Үнді, Қытай жəне Грекия жерінде; 
В) Еуропада; С) Ежелгі Үндістанда; Д) Ежелгі Қытайда; Е) Ежелгі Грекия.
9. Философияның негізгі сұрағы:
А) Дүние мен адамның, материя мен сананың арақатынасы;
В) Əлем қалай құралған? 
С) Өмірдің мəні неде? 
Д) Жерден тысқары өркениет бар ма? 
Е) Экологиялық мəселенің себептері неде?
10. Философиядағы негізгі екі бағыт:
А) Материализм мен идеализм; 
В) Скептицизм жəне патристика; 
С) Апологетика мен патристика; 
Д) Реализм мен номинализм; 
Е) Позитивизм мен идеализм.
11. Болмыс туралы философиялық ілім:
А) Онтология; В) Гносеология; С) Антропология; Д) Социология; Е) Аксиология.
12. Философияның функциялары:
А) Дүниетанымдық, гносеологиялық, əдіснамалық;
В) Материализм, идеализм, гностицизм; 
С) Менталитет, эзотерия, дүниетүйсік;
Д) Космоцентризм, теоцентризм, антропоцентризм;
Е) Мифология, дін, философия.

1, 2016                                                ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ВЕСТНИК КАЗАХСТАНА
25
Мұнымен қатар студенттерге кроссвордтар шешу жəне жасау да ұсынылды. 
Мысалы: 
№1 кроссворд
Сұрақтарға дұрыс жауап берілсе, тік бағанада оқу пəнінің аты шығады
Сұрақтар
1. Атақты грек математигі, философы
2. Философиялық əдіс
3. Философиялық функция 
4. Философияның бір тарауы
5. «Философия» сөзінің құрамды бөлігі (ор.)
6. Философиялық əдіс 
7. «Философия» терминінің арабша түрі
8. Философиядағы үлкен екі бағыттың бірі
9. Философияның атқаратын қызметі
Жауабы:______________________
№2 кроссворд 
Сұрақтарға дұрыс жауап берілсе, тік бағанада философия тарауының аты шығады

ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ХАБАРШЫСЫ                                                       1, 2016
26
Сұрақтар
1. Философиялық əдіс
2. Əлемді, дүниені тануға болады дейтін көзқарас, бағыт
3. Философиядағы үлкен екі бағыттың бірі
4. Философиялық функция 
5. Философиялық функция 
6. Философиялық көзқарастың бір түрі, кезеңі
7. Философиялық əдіс
8. Əлемнің, дүниенің екі бастамасын мойындайтын бағыт
9. Дүниетанымның бір түрі
Жауабы:______________________
№3 кроссворд
Сұрақтарға дұрыс жауап берілсе,тік бағанада философияның тарауының аты шығады
Сұрақтар
1. Философиямен тығыз байланысты пəн, ғылым
2. Дүниетанымның бір түрі
3. Философиялық көзқарастың бір түрі
4. Таным, іс-əрекет иесі
5. Таным, зерттеу процесіндегі материалдық дүниенің бөлшегі (фрагменті)
6. Философиялық көзқарастың бір түрі 
7. Философиялық əдіс
8. Философиялық көзқарастың бір түрі
9. Адамды құрметтеуге, ұлықтауға шақыратын көзқарас, бағыт
10. Əлемді тануға болады дейтін көзқарас, бағыт
11. Философия пайда болған елдердің бірі
Жауабы:______________________

1, 2016                                                ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ВЕСТНИК КАЗАХСТАНА
27
№4 кроссворд
Сұрақтарға дұрыс жауап берілсе, тік бағанада философиялық əдістің атауы шығады
Сұрақтар
1. Ғылымда қолданылатын тəсіл, амал
2. Іске асыратын ой, пікір
3. Философиямен тығыз байланысты пəн, ғылым
4. Философиядағы атақты екі бағыттың бірі
5. Философиялық əдіс
6. Үнділіктер философияны осылай атады
7. «Философия» терминін ғылымға енгізген ойшыл
8. «Философ» терминін алғаш қолданған ойшыл
9. Философиялық əдістердің бірі
10. Философиямен тығыз байланысқан пəн, ғылым
Жауабы:______________________
Философия сабақтарында студенттерге оның əрбір тақырыбына байланысты 
терминдерге, категорияларға жазбаша түсініктер, анықтамалар беруге үйретіледі. 
Атап айтқанда, бірінші «Философияның пəні жəне функциялары» деген тақырып-
қа  сəйкес  мынандай  терминдерге:  «философия»,  «дүниетаным»,  «мифология», 
«дін»,  «онтология»,  «гносеология»,  «матерализм»,  «идеализм»  т.б.,  «Қытай  фи-
лософиясы»  тақырыбы  бойынша:  «Конфуцийшылдық»,  «даосизм»,  «легизм», 
«жэнь»,  «чжи»,  «сяо»,  «ли»,  т.б.,  «Үнді  философиясы»  тақырыбына  байланысты: 
«жайнизм», «буддизм», «ведалар», «нирвана», «карма», «брахман» т.б., осы сияқты 
əр тақырыптың негізгі ұғымдарына анықтамалар жазылады.
Студенттердің  ойлау  мəдениетін,  ой  өрісін  кеңейту  мақсатында  оларға 
халықтың мақал-мəтелдері, ұлы ойшылдардың даналық сөздеріне түсініктеме бе-

ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ХАБАРШЫСЫ                                                       1, 2016
28
ру  де тапсырылып жүр. Мысалы: төмендегі мақал мəтелдердің, нақыл сөздердің 
мəн-мағынасын ашыңдар:
1. Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат.
2. Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.
3. Талаптыға нұр жауар.
4. Жігітке жеті өнер де аз.
5. Ауырдың астымен, жеңілдің үстімен.
Ауырдың үстімен, жеңілдің үстімен (қайсысы дұрыс, дəлелде).
6. Өзіңе тілемейтін жамандықты өзгеге жасама. (Конфуций)
7. Сақалын сатқан кəріден, 
Еңбегін сатқан жас артық. (Абай) 
8. Өлсе де ұмытылмаған адам-ажалсыз. (Лао-Цзы)
9. Кім жүргісі келсе – тағдыр оны жетелейді, ал жүргісі келмесе оны сүйрейді. 
(Сенека)
Жалпы алғанда, қолына кітап ұстамайтын, газет-журналдарды оқымайтын, 
театрлардың  есіктерін  ашпайтын  жастардың  қатары  көбейіп  тұрғанда  олардың, 
əсіресе  болашақ  мамандардың  рухани  мəдениетін  көтеру,  ой-өрісін  кеңейту, 
креативті шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, терең философиялық тал-
дау, ойлау деңгейін жетілдіру өзекті мəселенің біріне айналды.
Əдебиеттер
1. Назарбаев  Н.Ə.  Қазақстан  жаңа  жаһандық  нақты  ахуалда:  өсім,  реформа-
лар,  даму.  Қазақсан  халқына  Жолдауы  /  Н.Ə. Назарбаев  //  Егемен  Қазақстан.  –  2015.  – 
1 желтоқсан. 
2. Мəдени-философиялық энциклопедиялық сөздік / құраст. Т. Ғабитов, А. Құлсарие-
ва жəне т.б. – Алматы: Раритет, 2004. – 320 б.
3. Емельянов  В.В.  Философская  культура  молодого  специалиста  /  В.В. Емельянов, 
П.С. Никитин. – М.: Высш. шк., 1987. – 135 с. 
4. Касымжанов А.Х. О культуре мышления / А.Х. Касымжанов, А.Ж. Кельбуганов. – 
М.: Политиздат, 1981. – 128 с. 
Формирование философской культуры будущих специалистов
К.Ф. Загупаров
кандидат философских наук, доцент ВАК СССР, 
профессор кафедры экономики, права и философии, 
Павлодарский государственный педагогический институт, г. Павлодар, Казахстан
Аннотация
В данной статье рассматриваются вопросы формирования философской культуры будущих 
специалистов.

1, 2016                                                ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ВЕСТНИК КАЗАХСТАНА
29
Ключевые слова: специалист, наставник, мировоззрение, ценности, культура, философия, фи-
лософская культура.
Formation of philosophical culture of the future specialists
K.F. Zaguparov
candidate of philosophical science, associate professor of the USSR Higher 
Certificate Committee, professor of Economics, Law and Philosophy Department, 
Pavlodar State Pedagogical Institute, Pavlodar, Kazakhstan
Summary
Thе article deals with problems of formation philosophical culture of future specialists
Keywords: specialist, teacher, world view, values, culture, philosophy, philosophical culture. 
УДК 372.881.512.122 
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
С.Ə. Колумбаева
№35 мектеп-гимназиясы қазақ тілі мен қазақ əдебиеті мұғалімі
Екiбастұз, Қазақстан
Аңдатпа
12 жылдық мектепте құзыреттілік тəсіл жаңа тəсіл болып табылады. 12 жылдық 
білімге  көшу  қазіргі  мұғалімнен  объективті  жаңа  нəтижемен  сипатталатын  ойлау 
қабілетін қажет етеді. Мектеп оқушысының нақты мүмкіншілігі мен шығармашылығын 
танып  білу  жəне  оның  құзыреттілігін  оқу  тапсырмалары  арқылы  қалыптастыруға 
жағдай жасау болып табылады.
Тірек сөздер: 12 жылдық мектеп, шығармашылық, құзыреттілік, ақпараттық тех-
нологиялар, жеке тұлға, танымдық құзыреттілік.
Қазақстан  Республикасының  əлемдік  өркениетке  енуіне  қатысты  білім  бе-
ру  саласына қойылып  отырған  заман  талабы  –  шығармашылықпен  жұмыс  істей 
алатын, бəсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру. Білім берудегі негізгі мақсат тек 
білімді, кəсіби мамандандырылған адам дайындау ғана емес, рухани дүниесі бай 

ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ХАБАРШЫСЫ                                                       1, 2016
30
жəне адамгершілігі зор, қоғамдық өмірдің барлық аясында ұлттық құндылықтарды 
бағалауға  жəне  дамытуға  қабілетті  тұлғаны  тəрбиелеп  шығару.  Осы  тұрғыда 
қазіргі  кезде  ел  болашағы  азаматтарының  қызметтік  жəне  мəдени  сауаттылық, 
яғни  құзіреттілік  деп  аталатын  білімділіктің  жаңа  деңгейіне  шығуына  жағдай 
жасау міндеті тұр. Ал құзырлылық, құзыреттілік дегеніміз 12 жылдық біліммен 
тікелей  байланысты.  Себебі  12  жылдық  білім  беру  жағдайында  оқушы  тек  қана 
білім  алушы  ғана  емес,  сонымен  қатар:  –  Ізденуші  –  Зерттеуші  –  Басқарушы  – 
Ұйымдастырушы – Кеңесші – Үйлестіруші дербес тұлға. Сондықтан да 12 жыл-
дық  мектепте  құзіреттілік  тəсіл  жаңа  тəсіл  болып  табылады.  Тəуелсіз  еліміз 
іргелі, бəсекеге қабілетті елу елдің қатарына ілігеміз деп ұмтылып жатқанда, сол 
мақсатты  болашақта  жүзеге  асыратын  ұстаз  ең  алдымен  кəсіби  деңгейі  жоғары, 
интеллектуалдық, шығармашылық қабілетті мол тұлға болумен қатар ол оқытудың 
жаңа  технологияларын  өмірге  енгізуге  дайын,  оқу  тəрбие  ісіне  жанашырлық 
танытатын, қоғамның ең озық бөлігінің бірі бола білуі тиіс [1]. 
12 жылдық білім беруде əр мұғалім баламен жұмыс жасауда, яғни жүргізілген 
əр  сабағын  жаңаша  өткізуге  оқушының  пікірін  бақылап  олардың өзіндік  шешім 
шығара білуіне көп ықпал жасайды. Қай кезде де, қандай да болмасын өзгерістер мен 
жаңалықтарды іске асыруда өмірге қолдануда алғашқы кезекте бар жауапкершілік 
бастауыш  мектепке  жүктеледі.  Абылай  ханның  сөзімен  айтсақ:  «Білекке  сенген 
заманда  бабаларымыз  ешкімге  есе  бермегенде»  бүгінгі  білімге  сенген  заманды 
білімді ұстаз жаңа ұрпақ болып қапы қалмаймыз», деп ойлаймын. 12 жылдық білім 
беру жүйесінің құрылымдық өзгеруіне терең бойлап, оның əдіснамалық тұрғыда 
күнделікті тəжірибеде көрінуін талдау – білім беру саясатының маңызды бағытына 
айналуда.  Осыған  сəйкес  педагог  кадрлардың  біліктілігін  арттыру  мен  кəсіби 
құзыреттілігіне қойылатын талаптар жаңа сипатқа ие болуда. Білім беру жүйесінің 
қайта  құрылу  үрдісінде  жағымды  сипаттамалар  мен  кедергілер  де  бақылануда. 
12 жылдық білімге көшу қазіргі мұғалімнен объективті жаңа нəтижемен сипатта-
латын  ойлау  қабілетін  қажет  етеді.  Педагогикалық  іс-əрекеттің  шығармашылық 
бағыттылығы мұғалім қызметіне төмендегідей талаптар қояды:
1)  Өзінің  əлсіз  жəне  мықты  жақтарын  жаңа  формация  мұғалімі  ретінде 
объективті  бағалай  білуі  керек,  2)  Интеллектуалды  əркеттің  жалпы  мəдениетін, 
тіл  табысу мəдениетін игеруі тиіс; 3)  Болып жатқан интеграциялық үрдістерден, 
əлемдік білім кеңістігінің даму тенденцияларынан хабардар болуы тиіс. Кез кел-
ген  инновациялық  үрдіс  экспериментті  жүргізу  арқылы  болжанады,  яғни  білім 
мониторингісі  инновациялық  білім  беру  технологияларын  қолдану,  білім  беру 
құрылымын жəне мазмұнын жетілдіру, мақсатты белгілеу, басқару, ұйымдастыру 
тəрізді  білім  беру  үрдісіндегі  жетекші  үрдістерді  өзгерту  арқылы  дамытудың 
оңтайлы  жолдары  мен  білім  берудің  жаңа  сапасына  жету  жолдары  (педагогтің 

1, 2016                                                ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ВЕСТНИК КАЗАХСТАНА
31
ақпаратты  таба  білуі,  таңдай  білуі  жəне  талдай  білуі,  өз  бетімен  жұмыс  жасау 
қабілеті, белсенділік танытуы, т.б.) анықталады [2,3].
12 жылдық білім беруге көшуді қамтамасыз ету үшін Республикалық ғылы-
ми-практикалық орталық (РҒПО) құрылған болатын. 12 жылдық білім беру жүйесі-
не көшу-əлемдік білім кеңістігіне еркін енуді көздейтін заман талабынан туындаған 
мəселе. Бүгінгі күні қарқынды даму үстіндегі бірқатар елде 12 жылдық оқытуды 
білім беру жүйесіне енгізуде нақты қадамдар жасалуда. 12 жылдық білім беруге 
біртіндеп көшуді жүзеге асыру – оның қажеттілігі мен тиімділігін əр педагогтiң, 
ата-ананың саналы түрде түсінуін, қабылдауы мен оған белсенді түрде араласуын, 
икемділік  танытуын  қамтитын  процесс.  12  жылдық  білім  мазмұнының  негізгі 
мақсаты  қарқынды  дамып  келе  жатқан  өзгермелі  қоғамда  өмір  сүруге  икемді, 
жеке  басының,  сондай-ақ  қоғам  пайдасына  қарай  өзін-өзі  толық  жүзеге  асыруға 
дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті жəне бəсекеге қабілетті тұлғаны 
қалыптастыру болып табылады.
Құзыреттілік  –  оқушылардың  іс-əрекетін  əмбебап  тəсілдерін  меңгеруден 
көрінетін білім нəтижесі. Білім мазмұнын жаңалау – негізгі мақсат. Басты мақсат-
тың  бірі  –  білім  игеру  кезінде  күтілетін  нəтижелерге  қол  жеткізу.  Басты  назар 
мұғалімнен жеке тұлғаға ауысады. Жеке тұлғаны бұрын білімді қабылдаушы, өзіне 
сіңіруші рөлін атқарса, ал енді жаңа талап бойынша өздігінен білім алушы, үйрене 
білуші  ретінде  танылады.  Сондықтан  жеке  тұлғаның  бейнесін  жаңа  заман  тала-
бына сай дайындауымыз керек. Бүгінде білім беру стратегиясын «құзыретті білім 
беру»  деп  те  атап  жүр.  Жаңа  білім  берудің  жолдары  қарастырылуда.  Құзыретті 
білім беру тəсілдері «құзырет, құзыреттілік» ұғымдарымен тікелей байланысты.
Өркениетті  елдерде  қоғамды  ақпараттандыру  кең  өріс  алуда  [4].  Осыған 
байланысты  жаңа  ақпараттық  технологиялар  үлкен  сипатқа  ие.  Сыртқы  орта-
дан  ақпарат  алу,  оны  өңдеу  оқушы  мінезін  қалыптастырудың  қайнар  көзі  бо-
лып  табылады.  Ақпараттарды  өз  бетімен  алуға,  талдауға,  қайта  өңдеуге  үйрету 
ақпаратық құзыреттілікті қалыптастыруға негіз болады. Мұнда оқушылардың өз 
бетімен  жұмысына көп мəн  беріледі. Оқушылар өз беттерінше  жаңа ақпараттық 
технологиялардың  көмегімен  ғаламтордан,  түсіндірме  сөздіктерден,  түрлі 
əдебиеттерден ақпараттар алып, сабақ барысында пайдаланады. Мұғалімнің басты 
мақсаты – оқушыға білімді өздігінен игеру амалдары мен тəсілдерін үйретіп, оның 
өзіндік  дүниетанымын  қалыптастыруына  жағдай  жасау,  кеңестер  жəне  бағыт  – 
бағдар беру.
Оқушы  сыни  тұрғыдан  талданған  ақпараттар  негізінде  саналы  шешім 
қабылдауға,  өз  бетінше  мақсат  қоюға,  жоспарлауға,  осы  мақсаттарға  жету  үшін 
танымдық  қызметтерді  жүзеге  асыруға  үйренеді.  Логикалық  операциялар-
ды  (талдау,  жинақтау,  қорыту,  құрылымдау,  дəлелдеу,  модельдеу)  материалдар-

ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ХАБАРШЫСЫ                                                       1, 2016
32
ды жүйелеуді қолдана отырып ақпараттарды өңдеуге үйренеді. Тұлға жан-жақты 
болу  үшін  оның  дүниетанымы  өте  кең  болуы  керек.  Танымдық  құзыреттілікті 
қалыптастыру ақпараттарды іздеп тауып алу мен ақпараттарды алмасумен тығыз 
байланысты. Ол тұлғаның танымын кеңейтіп қана қоймай, құзырлы тұлға болу-
ына, яғни «сегіз қырлы, бір сырлы» болуына лайықтау мақсаты алға қойылады.
Білім  игеру  үдерісінің  басты  тұлғасы  –  үйренуші  деген  ұстаным  – 
бүгінгі  таным  идеяларын  ұстанатын  технологиялардың  басты  идеясы.  Басты 
тұжырым – білімді игерудің нəтижеге бағытталуы, күтілетін нəтижені ала білуі. 
Ол  үшін  оқушы  өзінің  əрекеті  мен  оның  нəтижесін  бағалауды  жүзеге  асыруға, 
технологияны таңдауға мүмкіндік алуға құзырлы. Құзыреттілік коммуникативті 
байланыс арқылы жүзеге асады. Сөйтіп, оқушы өз позициясын, басқа топтармен 
байланысқа түсіп, қарым-қатынас жасауды үйренеді [2].
«Қазақ тілі» пəні бойынша құзыреттілікке бағдарланған тапсырмалар. 
Фонетика.
Білім алушылар хайуанаттар бағына саяхат жасады. Мұғалім осы көргендері 
бойынша  қабырға  газетіне  мақала  дайындау  туралы  тапсырма  берді.  Сен  де 
төмендегі жоспарды басшылыққа алып, мақала жаз. 
1. Хайуанаттар бағына саяхат.
2. Хайуанаттар бағындағы қызықтар.
3. Саяхаттың əсері.
Сөз жəне оның құрамы.
1) «Қарға» сөзінің семантикалық картасын жаса: ол аң ба, əлде құс па? Қайда 
тіршілік етеді, немен қоректенеді?  Түрі,  түсі жағынан  қай құсқа ұқсайды? Қарға 
туралы жұмбақ, жаңылтпаш айт.
Сөз таптары.
Анаң сені дүкеннен шомыр сатып əкелуге жіберді. Сен бұл көкөністің атын 
жол-жөнекей  ұмытып  қалдың.  Қайткен  күнде  де  кері  қайтпай,  көкөністі  сатып 
алуың керек. Ол үшін сатушыға бұл көкөністі сипаттап бер: оның түрі, түсі, дəмі 
қандай, одан не жасауға болады?
Мəтін.
Наурыз  мерекесі  неліктен  көктемде  тойланады?  сұрағына  жауап  бере  оты-
рып, пайымдау мəтінін құрастыр. Өзіңнің жазғаның мен досың жазған мəтінді са-
лыстыр. Олардың ұқсастығы мен өзгешелігін ажырат.
Сөйлеу мəдениеті.
Достары  Айдынды  туған  күнімен  құттықтады.  Ол  қуанғанынан  «рахмет, 
рахмет» дей берді. Оған өз ризашылығын, алғысын бұдан басқа қандай сөздермен 
жеткізуге болар еді? Айдынның орнында өзің болсаң, қандай сөздерді пайдаланар 
едің?

1, 2016                                                ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ВЕСТНИК КАЗАХСТАНА
33
Атаңды не əжеңді құттықтағанда олар алғыстарын қалай білдіретіні туралы 
диалог құрастыр.
Синтаксис.
Өлеңде леп белгісі туралы былай жұмбақталады:
   
 
 
Қуану, ренжу, өкіну,
   
 
 
Мақсатым – соны сездіру.
   
 
 
Ұранды да айтамын,
   
 
 
Қарқындап барып қайтамын.
Басқа тыныс белгілерінің атқаратын қызметі туралы айт.
Осы  сияқты  оқу  тапсырмаларын  жалпы  білім  берудің  басқа  да  пəндер 
мазмұнына сəйкес құрастырып, сабақтарда жүйелі қолдану арқылы кез келген сы-
нып оқушыларының құзыреттіліктерін қалыптастыруға болады. Əрине, əрбір тап-
сырманы бағалаудың критерийі болуы керек. Ол оқушыға өзінің жетістігін көруге 
жəне  Флейвелдің  метатану  өлшемдеріне  сəйкес  мониторинг  жасауға  мүмкіндік 
береді.  Тек  ол  үшін  жаңа  форматтағы  сертификатталған  педагог  көшбасшылық 
модулінің идеясына сəйкес даму жұмысының көшбасшысы бола білсе болғаны [2]. 
Жалпы  оқу  іс-əрекетінің  жетекші  рөлі  –  баланың  қоршаған  ортамен  жасайтын 
барлық  қатынастарының  жүйесін  біріктіретіндігінде,  онда  тек  қана  оның  жеке 
психикалық қаситеттері емес, сонымен қатар мектеп оқушысының құзыреттілігі 
де  қалыптасады.  Ал  жеке  тұлғаны дамыту  үшін оқу  іс-əрекетін  ұйымдастыруда 
оқушыда  қалыптасқан  құзыреттіліктерді  ескеру  керек,  яғни  оқу  іс-əрекеті  мен 
оқушы  мотивациясы,  танымдық  деңгейі  бір-біріне  сəйкес  келуі  тиіс.  Бұл  өз 
кезегінде  сындарлы  оқыту  теориясына  сəйкес  қалай  оқу  керектігін  үйренген  – 
құзыретті оқушыны қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Сондықтан да біздің міндетіміз – мектеп оқушысының нақты мүмкіншілігі 
мен шығармашылығын танып білу жəне оның құзыреттілігін оқу тапсырмалары 
арқылы қалыптастыруға жағдай жасау болып табылады. Осыған сəйкес оқу тап-
сырмасын  –  оқушылардың  əртүрлі  оқу  іс-əрекетін  орындауға  жəне  оқу  матери-
алдарын меңгерту үрдісін ұйымдастыруға бағытталған оқу құралы деп қарасты-
руымыз керек.
Əдебиеттер
1. Тапаева А.П. 12 жылдық мектеп жағдайындағы құзыреттілікті қалыптастыру 
/ А.П. Тапаева,  Л.К. Сулейменова, М.Б. Омирзакова  // Молодой  ученый.  – 2014.  –  №4.1.  – 
С. 50-52.
2. Қазақстан  Республикасының  педагог  қызметкерлердің  біліктілігін  арттыру 
курсының бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (базалық) деңгей. ІІІ ба-
сылым. – Назарбаев Зияткерлік мектебі: ДББҰ, 2012.

ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ХАБАРШЫСЫ                                                       1, 2016
34
3. Қазақстан  Республикасының  педагог  қызметкерлердің  біліктілігін  арттыру 
курсының  бағдарламасы.  Мектептегі  тəжірибеде  орындауға  арналған  тапсырмалар. 
Үшінші (базалық) деңгей. ІІІ басылым. – Назарбаев Зияткерлік мектебі: ДББҰ, 2012.
4. Влазнев А. Профильное обучения: варианты решения / А. Влазнев, В. Филимонов // 
Профильная школа. – 2004. – №2.
Формирование компетенций учащихся на уроках казахского языка
С.А. Колумбаева
учитель казахского языка школы-гимназии №35, 
г. Экибастуз, Казахстан
Аннотация
В  12-летней  школе  компетентностный  подход  является  новым  подходом  в  преподавании  и 
обучении. Переход на 12-летнее  обучение  требует  от учителя нового формата мышления. Изучив 
возможности и умение учащихся творчески мыслить, учитель должен создать условия для форми-
рования компетенций школьников.
Ключевые слова: 12-летняя школа, творчество,  компетентность, информационные техноло-
гии, личность, компетентность.
The formation of competencies of pupils at the lessons of Kazakh language
S.A. Kolumbaeva
Teacher of the Kazakh language school-gymnasium No. 35 in Ekibastuz, Kazakhstan
Annotation
12-year-old  school  competence-based  approach  is  a  new  approach  to  teaching  and  learning. 
Transition to 12 year education requires from the teacher a new format of thinking. After examining  the 
possibilities,  and  the  ability  of  students  to  think  creatively,  the  teacher  must  create  conditions  for  the 
formation of competencies of students.
Key  words:  12-year-old  school,  creativity,  competence,  information  technology,  personality, 
competence.

1, 2016                                                ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ВЕСТНИК КАЗАХСТАНА
35
УДК 371.3:001.687
К ВОПРОСУ О РАЗВИТИИ КРИТИЧЕСКОГО МЫШЛЕНИЯ 
У МЛАДШИХ ШКОЛЬНИКОВ НА УРОКАХ МАТЕМАТИКИ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет