№1 (304) 19 ақпан, 2015 жыл Ақпараттық, танымдық және әдістемелік басылым ж а й ы қ «Адам баласының бақыты оның жүрегінің тазалығымен байланысты»



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата03.03.2017
өлшемі3,39 Mb.
#7196
1   2   3   4   5   6   7

Ирина Демченко

преподаватель по классу домра 

ДМШ №2, г.Уральск                    

 

19 ақпан, 2015 ж.



6

 

Жайық ұстазы

19 ақпан, 2015 ж.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық 

университетіне - 

70 жыл

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық 

университеті Қазақ әдебиеті  кафедрасының 

меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор Сәуле Ержанова



Өткен жылдың соңында 70 жылдығын 

атап  өткен  білім  қара  шаңырағы  –  Қазақ 

мемлекеттік 

қыздар 

педагогикалық 

университеті  –  Ұлы  Отан 

соғысындағы 

Жеңістің  алғашқы 

қарлығашындай 

әсер 

етеді. 

Аруларымызға  білім  беріп,  олардың  майданға 

кеткен  ер-азамат  мұғалімдердің  орнын  басқан 

кезеңінің  куәгері  де  себепкері,  Ұлы  Жеңіске 

бір  жыл  уақыт  қалғанда  ашылған  білім  қара 

шаңырағы туралы айтып беруіңізді өтінемін!

Тарихта  қоғамдық  өзгерістердің  негізіне 

айналып, келешек ұрпақтың тағдыры мен талайына 

ерекше ықпал ететін құбылыстар болатыны белгілі. 

Өткен күндерге көз жіберіп, кәрі тарихтың қойнауына 

үңілсек,  ең  алдымен  мұндай  құбылыстар  адамзат 

баласының  білім  алып,  ғылым  іздеуінен  келіп 

туатынын байқаймыз. Қазақ халқы тарихының соңғы 

дәуірлерінде небір қилы замандар болды. Азамат ат 

жалын құшып, ер етегіне сүрінген күндер де өтіпті. 

Дегенмен, «орнында бар оңалар»  деген. 

Ұлы  Отан  соғысы  деп  аталып  (1941-1945 

жылдар),  жарты  миллионға  жуық  қазақ  ер-

азаматының қыршын кеткен кезеңін өткен ғасырдың 

ең  бір  сұрапыл  жылдары  деп  санауға  болады. 

Өндіріс  пен  шаруашылықты  айтпағанда  білім 

беру  саласындағы  маман  тапшылығы  орасан  зор 

еді.  Міне,  тура  сол  екінші  дүниежүзілік  соғыстың 

қызып  тұрған  шағында  1944  жылы  еліміздің 

астанасы Алматы қаласында Қыздар педагогикалық 

институты  ашылады.  Өз  уақытында  өте  ұтымды 

шешім,  маңызды  шаруа  болған  бұл  бастаманы 

көпшілік бұқара аса қуанышпен қабылдады. Колхоз, 

совхоз шаруасы мен ошақтың күйбің тірлігінен аса 

алмай  қалатын  ауыл  қыздары  жоғары  білім  алып, 

ағартушылық ісімен қоса қоғамдық қызметтерге де 

белсене араласып, тек қыз балалар ғана оқитын оқу 

орнының өміршеңдігін дәлелдеп берді. 

Бұрынғы  кеңестер  одағы  аумағында  ғана  емес, 

бүкіл әлемдік тәжірибеде де саусақпен санарлықтай 

мұндай бірегей оқу орнының қазақ жерінде ашылып, 

ерекше даму үрдісімен тарихта қалуының өзі оның 

беделін асқақтата түсті. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі 

жылдары  да  Қыздар  институты  еліміздің  жоғары 

білім  беру  саласында  өзіндік  қалыптасқан  дәстүрі 

мен жоғары әлеуетті мамандары бар оқу орны ретінде 

танылды.  Елбасының  тікелей  араласуымен  білімді 

де білікті мамандар дайындайтын жаңа сипатты оқу 

ордасы дәрежесіне көтерілді.  

Оқу орнының заманға сай білім беріп, мамандар 

дайындау  ісінде  жоғары  деңгейден  көрінуіне 

халқымыздың айтулы азаматтары үлкен еңбек етіп, 

өз  үлестерін  қосты.  Олардың  ішінде  М.Әуезов, 

Т.Тәжібаев,  З.Ахметов,  М.Балақаев  сынды  белді 

ғалым, ұлағатты ұстаздармен қоса алыс-жақын шет 

елдерге  танымал қоғам қайраткерлері де болды.





Университеттің бүгінгі тыныс-тіршілігі 

туралы ой бөліссеңіз?!

Еліміздегі  жоғары  білім  беру  үрдісі  бүгінгі 

таңда әлемдік білім беру кеңістігіне етене кіріккен, 

бір  ел  аумағындағы  сұранысқа  жауап  беріп  қана 

қоймай,  білім  мен  ғылым  дамуында  жаһандық 

бәсекелестікке  қол  жеткізу  бағытын  берік  ұстанып 

отыр.  Осыған  сәйкес  көптеген  реформалар  мен 

жаңғыртулар  орын  алуда.  Әрине,  кез  келген 

жаңалық  пен  жаңашылдықтың  өз  ауыртпалығы 

болатыны сөзсіз. Алайда, өзіндік дүниетанымы мен 

бірегей  қасиеттерінің  арқасында  біздің  халқымыз 

«озығы бар» дәстүрдің қайсысын болса да кәдесіне 

жаратып,  оның  нәтижесі  де  көрініп  отыр.  Ғасыр 

басындағы білім беру саласындағы реформалардың 

ең бір айтулысы кредиттік оқу жүйесінің енуі болды. 

Экономикалық  интеграцияның  ықпалы  білім  беру 

жүйесіне де тікелей әсер етті. Жоғары білім берудің 

ең бір озық тәсілі ретінде бұл жүйенің тиімділігі оқу 

үрдісінде де, еңбекпен қамту және білім мен өндірісті 

ұштастыру саласында да өз жемісін бергенін бүгінде 

көз  көріп  отыр.  Бұл  жетістіктерге  жетуде  белгілі 

қоғам  қайраткері  Динар  Жүсіпәліқызы  Нөкетаева 

басқарып отырған біздің оқу орнымыздың да сүбелі 

үлесі бар екенін мақтанышпен айта аламыз. 

Бүгінгі  адамзат  өлшемі  бойынша  70  жыл 

-  бір  адамның  ғұмыры  екен.  Пенде  баласының 

ғұмырындай жасқа жеткен Қазақ мемлекеттік қыздар 

педагогикалық университеті әркез Елбасы мен үкімет 

саясатына  қолдау  көрсетіп,  жас  ұрпақ  тәрбиесіне 

әрдайым  озық  үлгі,  терең  тәжірибе  тұрғысынан 

қарап  келеді.  Университетте  7  факультет,  40-қа 

жуық  кафедра  жұмыс  істейді.  Осы  құрылымдық 

бөлімшелерден  оқу  орны  құрылған  күннен  бастап 

жұмыс  істеп  келе  жатқан  қазақ  филологиясы 

факультетін және қазақ әдебиеті кафедрасын ерекше 

атауға  болады.  Өйткені,  университет  тарихы  мен 

аталған  бөлімшелер  тарихы  біртұтас,  бөлінбес 

бөлшектей болып тұрады. 





Университеттегі  қазақ  филологиясы 

факультеті,  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  кафедрасы 

тарихында  талай-талай  танымал  тұлғалар  мен 

әйгілі ғалымдардың іздері жатқандай!?

Тіл  мен  әдебиеттің  іргесі  ажыратылғаннан 

кейін  қазақ  әдебиеті  кафедрасын  С.Сейфуллин, 

А.Байтұрсынов, 

С.Мұқанов 

сынды 


ұлт 

зиялыларының  шәкірті,  Совет  Одағының  Батыры, 

қазақтың батыр қызы М.Мәметованың анасы белгілі 

әдебиетші-ғалым Ә.Мәметова басқарды. Ә.Мәметова 

басшылық еткен жылдары  кафедрада академиктер 

Қ.Жұмалиев, К.Ищанов, ақын және әдебиеттанушы 

С.Сейітов,  тәжірибелі  педагог-ғалым  Л.А.Федулова 

қызмет атқарды. Бұл жылдары кафедрадан елімізге 

танымал Социалистік Еңбек Ері, ҚазССР оқу-ағарту 

ісінің үздігі, бүкіл саналы өмірін ауыл мектептерінің 

балаларын  оқытуға  арнаған  мұғалім 

Р.Мақатова, 

филология 

ғ ы л ы м д а р ы н ы ң 

кандидаты, 

Қоғамдық 

ғылымдар 

академиясының  академигі,  библиограф-ғалым 

Ү.Сұхбанбердина,  ҚазССР  оқу-ағарту  ісінің  үздігі, 

педагогика  ғылымдарының  кандидаты,  педагог  – 

ғалым К.Бозжанова түлеп ұшты.

1952-1965  жылдар  арасында  кафедраны 

Ленинград  шығыстану  университетінің  түлегі, 

23  жасында  кандидаттық  диссертация  қорғап 

қазақ  әдебиеттану  ғылымында  ерекше  құбылыс 

саналған    абайтанушы-ғалым,  белгілі    әдебиетші 

З.Ахметов  басқарды.  Табиғи  тума  талант  иесі 

З.Ахметов  өзінің  алғырлығы  мен  біліктілігі 

арқасында  шығармашылығы  шыңдалған,  ғылыми 

әлеуеті  жоғары  профессор-оқытушылар  құрамын 

жасақтай  білді.  Ол  басшылық  еткен  жылдары 

кафедрада  білімді  де  білікті  мамандар,  өз  ісінің 

майталмандары,  тәжірибелі  ұстаздар  қауымы,  атап 

айтар  болсақ,  Н.Еремина,  И.Кочева,  Қ.Қаратаев, 

М.Зикрин,  Х.Садыков,  Б.Балапанова,  З.Поляк,  т.б. 

қызмет атқарды. Осы жылдары кафедра институттың 

мәдени-ғылыми  өміріне  етене  араласып,  білім 

беру  үдерісі  мен  тәрбие  мәселесіндегі  жаңашыл 

бастамалардың  дамып,  қалыптасуына  ұйытқы 

болды.  Академик  З.Ахметов  өмірінің  соңына 

дейін  кафедрамен  байланысын  үзбей,    тығыз 

қарым-қатынас  орнатып,  «Абайтану»  курсынан 

студенттерге  дәріс  оқып,  шеберлік  сыныптарын 

жүргізді.  Оның  бұл  игі  бастамасы  бүгінгі  күні  де 

жалғасын  тауып,  «Абайтану»  курсы  факультеттің 

барлық мамандықтарында жүргізіледі.

ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында кафедра өрлеу 

мен дамудың жаңа сатысына көшті.  Өмір талабына 

сай ел қажеті үшін білімді де білікті мамандар даярлау 

мақсатында    игі  жұмыстар  жүргізілді.  Бұл  тарихи 

кезең  ішінде  кафедра  республика  мектептері  мен 

білім  ордалары  үшін  бірнеше  мың  жоғары  білімді 

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерін даярлап 

шығарды.  Қазіргі  кезде  де  кафедра  түлектерін  кең-

байтақ еліміздің әр түкпірінен кездестіруге болады. 

Қазақ тілі мен әдебиетінің дамып, қалыптасуына 

зор  үлес  қосқан,  ондаған  мың  шәкірт  даярлаған  

белгілі  тілші-әдебиетші  ғалымдар  Т.Қордабаев, 

Ә.Құрышжанов,  М.Дүйсебаева,  Қ.Хожахметова, 

Қ.Әбдезов, М.Үмбетаев, т.б. өнімді де табысты еңбек 

етті. 

1992 жылы қазақ әдебиеті қазақ тілінен бөлініп, 



жеке  отау  болып  құрылды.  Сол  жылдардан  бастап 

кафедраны  ф.ғ.д.,  профессор  Қ.Әбдезұлы,  ф.ғ.д., 

профессор  С.Негимов,  ф.ғ.д.,  доцент  Р.Зәйкенова, 

ф.ғ.д., профессор Б.Абылқасымов,  ф.ғ.д., профессор 

Г.Ж.Пірәлиева,  ф.ғ.д.,  профессор  Б.Ыбырайым 

сияқты  қазақ  әдебиеттану  ғылымына  еңбегі  сіңген 

ғалымдар  басқарды.  Бүгінде  ғылыми  әлеуеті  ең 

жоғары саналатын іргелі кафедраны ф.ғ.д., профессор 

С.Б.Ержанова басқарады. 

-  Қазақ  әдебиеті  кафедрасының  қазіргі 

таңдағы жай-күйі қандай?

Дербес  кафедра  болып  құрылғаннан  бері 

мұнда  әдебиеттану  ғылымының  аса  көрнекті 

өкілдері    М.Мырзахметов,  С.Қирабаев,  Т.Кәкішев, 

Ш.Елеукенов, 

С.Қасқабасов, 

С.Дәуітұлы, 

Ж.Дәдебаев, Т.Есембеков дәріс оқыды. 

Қазіргі  кезде  «Қазақ  әдебиеті»  кафедрасында 

көрнекті  әдебиеттанушы  ғалымдар,  өз    ісінің 

шеберлері,  білімді  де  білікті,  тәжірибелі  ұстаздар 

қызмет  атқарады.  Олар:  ф.ғ.д.,  профессорлар 

Г.Ж.Пірәлиева,  Р.Зәйкенова,  С.Ержанова,  ф.ғ.д., 

доценттер  Г.Балтабаева,  Қ.Жанұзақова,  ф.ғ.к., 

доценттер  Ж.Рахманова,    Л.Әділбекова,  С.Сәкенов, 

К.Әбдіқалық,  п.ғ.к.,  доцент  Б.Жұмақаева,  ф.ғ.к. 

аға  оқытушылар    Б.Қожекеева,    Б.Бегманова, 

А.Көшекова,    Б.Сарбасов,    ф.ғ.м.,  аға  оқытушылар 

Т.Дәуітұлы, П.Юсуп, Н.Нұрақыш, Э.Сейсенбиевалар 

табысты қызмет атқарып жатыр. 

Бүгінгі білімділік ғылым негіздерімен жан-жақты 

қарулануды,  адамзаттың  осы  күнге  дейінгі 

жеткен ғылыми табыстарымен 

қоса  заманауи 

жаңалықтарды да терең 

меңгеруді талап етеді. Өйткені, уақыт 

өткен  сайын  технологиялық  жаңалықтардың  түр-

түрі пайда болып, ақпараттық тасқынның жеделдігі, 

мемлекеттер  мен  континенттер  арасындағы 

шекараны  мойындамайтын  ғаламтор  қызметі  кез 

келген  қоғамдық    сала  жұмысын  ұтқырлықпен 

ұйымдастыруды қажет етеді. Заманымыздың мұндай 

тынымсыз  әрі  жедел  дамуына  әлеумет  те  төселіп 

үлгерді. Электронды байланыс пен хабар алу барлық 

мекемелер  мен  ұйымдардың  негізгі  қарым-қатынас 

құралына айналып, қағазбастылық мәселесін шешу 

жұмыстары  іске  асуда.  Аталған  қағазбастылық 

сияқты  келеңсіздікті  кезінде  Президент  те  қатты 

сынға алғанын білеміз. 

Кафедра  ұжымының  жоғарғы  мектепте 

оқытылатын әдебиет курстарының уақыт талабына, 

заман  сұранысына  сай  жүйеленіп,  сұрыпталуына 

сіңірген  еңбегі  оның  Республика  көлемінде  өзіндік 

келбеті  бар  ғылыми  орталық  болып  қалыптасуына 

ықпал  етті.  Оның  айғағы  –  соңғы  жылдардағы 

кафедраның ғылыми байланыс аясының жан-жақты 

кеңейуі. Жыл сайын докторанттар мен магистранттар 

шетелдің  жетекші  университеттерінде  мемлекет 

тарапынан  бөлінген  ғылыми  тағлымнамадан  өтеді, 

халықаралық  ғылыми  конференциялар  мен  әртүрлі 

ғылыми қоғамдардың жұмыстарына қатысады.

 – Шетелдермен ғылыми байланыс көкжиегі 

кеңіп  келеді  демекші,  осы  бағытты  нақтылап 

айтып берсеңіз!?

Қазіргі  таңда  қазақ  әдебиеті    кафедрасы 

төмендегі шет елдік ЖОО-мен және ғылыми-зерттеу 

орталықтарымен байланыс орнатқан:

Түркия  Республикасының  Нигде  университеті, 

Мимар  Синан  уриверситеті,  РФ  Татарстан 

Республикасы  Қазан  университеттері,  сондай  –  ақ  

Нидерланды  мемлекетінің  Лейден  университетімен 

келісімшарт  жасалған.  2012-2013  оқу  жылында 

Түркия  республикасы  Нигде  университетінің  PhD 

докторы  Фарук  Чолак  3-20  қыркүйек  аралығында 

«Түркі  әдебиеті»  пәні  бойынша  дәріс  оқыса,  2013-

2014  оқу  жылының  04-18  қараша  айында  Польша 

мемлекетінің Познань университетінің  PhD докторы, 

профессоры  Янковский  түркітану,  Абайтану 

мәселелері бойынша студенттер мен магистранттарға 

шеберлік сыныбын өткізді.

Кафедра  оқытушыларының  Чехия,  Болгарияда 

өткен 

халықаралық 



ғылыми-теориялық 

конференцияларда 

мақалалары 

жарияланған: 

«Новината  за  напреднали  наука»  –  2012  София, 

«Vedecky  prumysl  evropskeho  kontinentu  –  2011» 

Praha,  «Achievement  of  high  school-2011»  София 

2011, «Бъдещто въпроси от света на науката – 2011», 

«Бъдещто  въпроси  от  света  на  науката  –  2011», 

«Кluczowe  aspekty  naukowej  dzialalnosci-2012»  ҮІІІ 

miedzyanarodowej  naukowi-praktyceznej  konfer-

encji, «Vedecky prumysl vropskeho kontinentu – 2011, 

«Wyksztalcenie I nauka bez granic – 2011», «Бъдещто 

въпроси от света на науката – 2011», «Wyksztalcenie I 

nauka bez granic – 2011», «Бъдещто въпроси от света 

на науката – 2011», «Vedecky prumysl evropskeho kon-

tinentu – Praha 2011».

Қазіргі ғылыми жетістектердің бір көрсеткіші - 

Импакт-фактор. Елімізге белгілі ғалым, қазіргі қазақ 

поэзиясының теориялық мәселелерін терең зерттеген 

әдебиеттанушы  профессор  С.Б.Ержанованың  The 

Motives  in  the  Works  of    Kazakh    Poets  (Франция, 

2013), Lyric Poetry and the Motives in the Works of Poets 

of Syr Darya River Vicinity (Швейцария, мамыр-2013) 

тақырыбында  жарық  көрген  зерттеу  мақалалары 

қазақ  әдебиеттану  ғылымының  Еуропа  елдерінде 

танылуына да ықпал етті.

Кафедрадағы  жүргізілген  ғылыми-әдістемелік 

жұмыстардың  жоғары  нәтижелігінің  арқасында 

соңғы  жылдары  4  оқытушы  «ЖОО  үздік 

оқытушысы»  мемлекеттік  грант  иегері  атанды. 

Олар:  ф.ғ.д.,  профессор  Г.Ж.Пірәлиева,  ф.ғ.д., 

профессор  Зайкенова  Р.З.  және 

ф.ғ.д.,  профессор 

С.Б.Ержанова,  ф.ғ.д., 

доцент Г.С.Балтабаева. 

Ғылыми  жетістіктерді  сөз  еткенде,  озық 

технологиялар  мен  ақпараттық  құралдарды  тиімді 

пайдалану жолдарын жетілдіру, оның білімгерлердің 

оқып-үйрену  сапасына  оң  ықпалын  қалыптастыру 

мақсатында айтулы жазушы З.Шашкиннің мұрасына 

арналған  сайт  ашылып,  тұңғыш  рет  Польша, 

Нидерланды  және  Түркия  университеттерімен  On-

line  жүйесіндегі  конференция  өткізілгенін,  сондай-

ақ  соңғы  жылдары  электронды  оқулықтар  шығару 

ісінде  де  жетістіктер  мол  екенін  айтып  өткеніміз 

абзал. 

–  Жан-жақты  жетілген  болашақ  әдебиетші-

мұғалімді тәрбиелеп шығару бағытында қандай 

іс-шаралар жүзеге асырылуда?

Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа 

жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігінен ойып 

тұрып өз орнын алу көзделуде.  Бұл заман талабына 

сай  оқу-тәрбие  үрдісіндегі  оңтайлы  шешімдер  мен 

тың өзгерістерге байланысты туындап отыр. Себебі, 

қазіргі  білім    беру  парадигмасы  өзгерді,  отандық 

білім берудің жалпы мазмұны жаңарып, білім беру 

мен  тәрбиеге  қатысты  жаңаша  қарым-қатынас 

пайда болды.  Осыған орай,  ғылым мен техниканың 

жедел  дамыған,  ақпараттық  мәліметтер  ағыны 

заманында ЖОО басты міндеті – өзіндік көзқарасы 

қалыптасқан,  ақыл-ойы мен дүниетанымы жетілген, 

шығармашылық  қабілеті  ұшталған  дара  тұлға 

қалыптастыру.  Ал  ол бүгінгі білім беру кеңістігінде 

оқытушының  қажымас  ізденімпаздығы  мен  орасан 

еңбегінің  арқасында  жүзеге  асады.  Осы  тұрғыдан 

алғанда,  болашақ  мамандардың  бойында  кәсіби 

мәдениет  қалыптастырып,  жүйелі  ойлау,  өзін-өзі 

тану және шығармашылығын  шыңдау мақсатында 

қазақ әдебиеті кафедрасында «Ізденіс», «Назқоңыр», 

«Інжу-маржан»  үйірмелері  ашылған.    Кафедраның 

ұйытқы  болуымен  жыл  сайын  университет  және 

ЖОО    студенттері  арасында  шығармашылық 

жұмыстар  байқауы  мен  дәстүрлі  жыр  кештері 

ұйымдастырылып, үздік шығармалар мен суырылып 

алға  шыққан  дарабоз  студенттер  марапатталып, 

мерзімді  баспасөзде  жарияланады.  Білімі  мен 

білігі  қатар  ұштасқан  шәкірттеріміз  бірнеше  рет 

Республикалық 

олимпиадалардың 

жеңімпазы 

атанды. Жыл сайын дәстүрлі өткізілетін «М.Мақатаев 

оқулары» – соның тікелей айғағы.

Студенттердің  сапалы  білім  алуы  саналы 

тәрбиемен  келетіні  анық.  Жастармен  жүргізілетін 

тәрбие жұмыстарының негізгі мақсаты мен міндеттері 

–  олардың  санасына  ұлттық  патриотизм  және 

азаматтық  тәрбиені  сіңірумен  бірге,  адамгершілік, 

мәдени тәрбие, құқықтық тәрбие және саяси тәрбиеге 

сатылы  түрде  баулу.  Сонымен  бірге,  этномәдени 

тәрбие  мен  салауатты  өмір  салты,  дене  тәрбиесін 

өзара  ұштастырып,  экологияны  қорғауға,  қоғамдық 

жұмыстарға  қатысуға  белсенділіктерін  арттыру. 

Студенттерді  саналылық,  тәртіптілік,  имандылық, 

адамгершілік,  білімділік,  ұлтжандылық  сияқты 

ұлағатты,  жарқын  қасиеттерді  қалыптастыруға 

дағдыландыру да басты мақсатымыз. Қазақ әдебиеті 

кафедрасы  студенттер  арасында  түрлі  іс-шаралар 

ұйымдастырып,  университет,  факультет  және 

республика көлемінде өткізіліп жатқан әдеби-мәдени, 

қоғамдық іс-шараларға белсене араласады.

Туған  еліміздің  қоғамдық-әлеуметтік  және 

мәдени  тыныс-тіршілігінің  әр  сәтін  қалт  жібермей, 

азаматтық  ұстанымы  қалыптасып  келе  жатқан  жас 

ұрпақтың біліммен қатар рухани уызға жарып өсуіне 

ықпал ететін осындай  келелі шараның бірі  Қазақстан 

Республикасы  тәуелсіздігінің  20  жылдығына 

арналған  «Нұрлы  Отаным  –  Тәуелсіз  Қазақстан» 

деген  тақырыпта  университет  басшылығының 

ұйымдастыруымен  Абай  атындағы  Мемлекеттік 

Опера  және  балет  театрында  өткен  салтанатты 

әдеби-сазды  кешті  айтуымызға  болады.  Осы  кеште 

тәуелсіздікпен түйдей құрдас факультет студенттері 

елбасының  тұлғалық  ғұмырын  насихаттайтын 

өлеңдер  оқып,  тәуелсіз  елдің  арайлы  таңын 

асқақтатар маржан жырдан шашу шашты. 

«Адамның  негізі  анасының  сүтінен,  атасының 

қанынан,  ата-бабасының  рухынан,  ішкен  суы 

мен  жеген  асынан,  жұтқан  ауасы  мен  басқан 

топырағынан, естіген әні мен тыңдаған күйінен және 

алған білімі мен көрген тәлімінен, үйренген ілімінен 

болмақ»  дейді  өмір  таныған  ойшылдар.  Артық-

кемі, алып-қосары жоқ  қағида. Олай болса, қыздар 

университетінің  қазақ  әдебиеті  кафедрасының 

ұжымы  да  осы  қағидаларды  өзінің  еңбек  жолында 

басты бағыт етіп ұстап келе жатқан ұжым деуімізге 

әбден болады.





Мазмұнды  әңгіме,  ағынан  жарылған 

сұхбатыңыз үшін көп-көп рахмет!

Сұхбаттасқан: А

қмаржан 

Бақытқызы,

Алматы-Орал 

Ж А Ң А   М

А З М Ұ Н

Д А Ғ Ы   К

АФ Е Д РА

Ж А Ң А   М

А З М Ұ Н

Д А Ғ Ы   К

АФ Е Д РА

7

 

Жайық ұстазы

19 ақпан, 2015 ж.

* *   А с с а м б л е я   ж ы л ы   * *

«Жаныма қуат береді,

Көк  тудың  желбірегені,»  -  деген 

әсерлі  әнмен  әрленген  Қазақстан  халқы 

ассамблеясы    жылының  ашылуына 

арналған үлкен жиын Жәңгірхан атындағы 

Батыс 

Қазақстан 



агротехникалық 

университеті 

алдындағы 

алаңнан  

бастау  алды.  Алаңға  таңертең  сағат  9

30

-



да  жиналған  300-ге  тарта  студенттер 

"Жастар  қоғамдық  келісімді  қолдайды" 

флешмобын  өткізді.  Ал,  облыс  әкімі 

Нұрлан Ноғаев пен Ұлы Отан соғысының 

ардагері  Иван  Гапич  Қазақстан  халқы 

Ассамблеясы  жылының  туын  көтерді.

Университет 

фойесінде 

жағалай 

орналастырылған    көрмелер    об-

лысымыздағы  әр  түрлі  этно-мәдени 

орталықтардың  өмірінен  сыр  шертеді. 

Көрмелерге  көз  салып,  танысып  жүрген  

іс-шара  қатысушыларының  бірқатары 

өздерінің  ұлттық  киімдерін  киген, 

осынысымен  де  бұл  ерекше  шараға 

салмақты да салтанатты реңк бергендей.

Бүкіл  еліміз  бойынша  бір  уақытта 

басталған Ассамблея жылының ашылуына 

арналған 

Қазақстан 

Республикасы 

Президенті 

Қазақстан 



Халқы 

Ассамблеясының  төрағасы  Нұрсұлтан 

Әбішұлы  Назарбаевтың  құттықтау  сөзін 

облыс әкімі Нұрлан Ноғаев оқып, жиналған 

халықты 

мейраммен 

құттықтады.

“Ассамблея  жылы  Конституцияның 

20  жылдығы,  Қазақ  хандығының  550 

жылдығы және Ұлы жеңістің 70 жылдығы 

сияқты  маңызды  оқиғаларға  толы.

Бұл  жыл  -  ортақ  тарих  пен  тағдыр 

біріктірген  хылқымыздың  бірлігін  паш 

ететін  жыл.  Қазақстан  -  бұл,  біртұтас 

жер,  біртұтас  халық,  ортақ  болашақ!

Сондықтан Ассамблея жылының басты 

идеясы  -  "Менің  елім  -  Мәңгілік  ел!"

Мен 


барлық 

қазақстандықтарды 

Ассамблея 

жылының 


басталуымен 

құттықтаймын!

Егемендік,  бірлік  және  келісім  рухы 

болашаққа  деген  сенімімізді  арттырып, 

күш-қуатымызды  еселесін!  Біз  тағдыры 

ортақ,  бірлігі  жарасқан  біртұтас  елміз!

Біздің қазақстандық жол - бейбітшілік, 

келісім және даму жолы!" - деген болатын 

елбасымыз  өзінің  осы  құттықтауында.

Алуан  ұлттың  басын  қосып,  бейбіт-

тыныш  өмірдің  өнегесін  бүкіл  әлемге 

танытқан  елімізді  мақтан  ету,  оның 

болашағы  үшін  жауапкершілік  біздің 

Отандастарымыздың алдағы күндерге 

деген  сенімін  бекіте  түсері  анық. 

Мұны  ақындар  өлеңімен,  сазгерлер 

әнімен,  әрбір  еңбек  адамы  өзінің 

сапалы  қызметімен  көрсетіп  келеді. 

Осы шарада ән салған Еркін Өтегенов 

пен  Дастан  Есентеміров  "Атамекен 

ел  үшін"  деп  шарықтата  шырқаса, 

көрермен  залының  тең  жарымын 

алып  отырған,  арнайы  форма  киген 

жастар:  "Бірлігіміз  жарасқан,  менің 

елім  -  Қазақстан!"  деп  мәнерлей 

тақпақтатып,  қолдарындағы  көгілдір 

жалаушаларын  желбірете  бұлғайды. 

Іс-шараны  жүргізушілер  биылғы 

мерекелер,  қазақ  хандығының  құрылуы 

туралы  айта  келіп,  ортаға  қазақ  елінің 

хандары  мен  батырларын,  билерін, 

атақты тұлғаларын шақырды. "Өз алдына 

ел  болып,  осы  жерде  өстік  біз"  деген 

тарих  қойнауынан  жеткен  дауыс  Керей 

ханды  ақ  киізге  салып,  көтерген  сәттен 

басталып,  батырлар  "Керей  хан!  Керей 

хан!" деп ұрандатады. "Уа, құтты болсын, 

хан Керей, құрған хандығың" - деген баба 

дауысы  "Барлық  жаның  ер  болсын,  қой 

үстіне  бозторғай  жұмыртқалаған  заман 

болсын! Әумин!" - деген ақ батаға ұласты.

Театрландырылған  көріністегі  үкілі 

найза  ұстаған  батырлардан  соң:  "Мен 

-  Шоқан  Уәлиханов,  атақты  аға  сұлтан 

Шыңғыс Уәлихановтың ұлы, Абылайдың 

шөбересімін.  Атаның  да,  адамның  да 

баласы  болуға  тырыстым,"  - 

деген қазақтың тұңғыш ғалымы 

Шоқан  бейнесі  сахналанды.

Ал, 


Абайдың: 

"Құй-


рықты  жұлдыздай  жарқ  еткен 

Шыңғысұлы  Шоқан  -  баршаға 

үлгі.

Мені  "Һакім  ақын"  деген 



биік дәрежеге көтерген "халық" 

деген  құдырет,"-  сөзі  "Ғылым 

таппай  мақтанба"  өлеңіне 

ұласты.  Қауырсын  қаламымен 

жыр жазған Абай-дана бейнесі 

ынтымақ-бірлікке  шақырып, 

"Уа, халқым, ел боламың десең, 

ынтымақ,  бірлік,  татулықтан 

айырылмайық,"  -  деп,  тарих  

қойнауына  алыстай  берді.

Бүкіл  елге  өз  қиындығын 

әкелген сұрапыл жылдарда 1945 

жылғы 

Ұ л ы 


О т а н 

с о ғ ы с ы н д а ғ ы 

Жеңіске 

де 


осы  халықтың 

ауызбіршілігі 

м

е

н 



ынтымағының 

арқасында  қол 

жеткендігі  тілге 

тиек 


етіліп, 

" С в я щ е н н а я 

война"  әнімен 

бірге 


сахнаға 

ш ы қ қ а н 

Б а у ы р ж а н 

Момышұлы 

мен 

Панфилов  бейнесі 



жауынгер  ұлдарға 

"ұрыста  тұрыс  жоқ" 

дегенді 

ұқтырып, 

Отанға 

қауіп 


төнгенде 

қорғай 


білуге  шақырады, 

Бауыржан батырдың 

"Әр азамат өз ұлтын 

сүюі тиіс. "Отан үшін 

отқа түс - күймейсің" 

деген 


сөздерімен 

ө р н е к т е л е д і .

"Елтаңбам  күллі 

әлемге 


танылды 

анық, 


Арманым 

Ата 



Заңым 

қ а б ы л д а н ы п , " - 

деп 

басталған 



слайдтар 

легі 


сахнаны  әрлендіре 

түсті.  Осы  фонда  би-попурри  дерліктей 

бір  шоғыр  билер:  қазақ,  орыс,  корей, 

татар,  өзбек,  грузин,  т.б.  қанат  қақты.

Қыран  даланы  бейнелеген  слайдтар 

фонында  жігіттердің  квартеті  "Алға, 

Қазақстан!" деп шырқатып, студент жастар: 

"Күш-қуат,  жігер,  ел  ертеңі  -  біздер!" 

деп  қайталай  нықтап,  тақпақтатты.

Осы  шарада  Ассамблея  туралы  сөз 

сөйлеген облыс әкімі оның 1995 жылдың 

1-наурызында  Елбасы  Жарлығымен 

құрылғандығын, 

өзіміздегі 

барлық 

этностар үшін бейбітшілік пен достықтан 



артық  ештеңе  жоғын 

түсінетіндігін 

айтып, 

«20 


қайырымды 

іс» 


акциясында  жетім  және 

мүмкіндігі 

шектеулі 

балаларды,  Ұлы  Отан 

соғысы 

ардагерлерін 



назардан  тыс  қалдыр-

мауды  тапсырды.  «Ас-

самблея  17  миллион 

қазақстандық, деп сенім-

мен  айта  аламыз,»  -  деді 

ол.


Экрандағы  слайдтар 

ұлттық орталықтар туралы 

баяндап,  облысымыздағы 

игі  істерге  старт  беруді 

хабарлаған 

отшашу 


жарқ-жұрқ 

етті.


Сол  игі  шараның 

бірі 


«Бейбітшілік 

пен 


келісімнің 

жол  картасы»  деп  аталып,  ауылдық 

округтер,  аудандар,  оқу  орындары 

арасындағы  ізгі  істерге  ұласады.  Орал 

қаласы  делегациясын  сахнаға  бастап 

шыққан  қала  әкіміне  облыс  әкімі  сәтті 

жол  тіледі  және  эстафета  символы  - 

шаңырақты  қала  әкіміне  тапсырды.

Қала  әкімі  Алтай  Көлгінов:  «Біз 

үшін  эстафетаны  қабылдап  алу  – 

мәртебе. 

Қаламызда 

Ассамблея 

жылы  аясында  300-ден  астам  іс-шара 

жоспарлануда.  Баршаңызды  сол  игі 

шараларға қатысуға шақырамыз» - деді.

Елбасымыздың  шешімімен  Қазақстан 

халқы  Ассамблеясы  құрамына  енгізілген 

алты  жерлесімізге  ерекше  құрмет 

көрсетіліп,  олар  сахнаға  шақырылып, 

ел  мүддесі,  тыныштық  пен  ынтымақты 

сақтауға  қосқан  үлестері  үшін  оларға 

«Қазақстан 

халқы 


ассамблеясының 

мүшесі» 


куәлігі 

табыс 


етілді.

Бұл  іс-шарадағы  маңызды  сәттің  бірі 

-  әр  түрлі  конкурстардың  бастау  алуы. 

Атап  айтар  болсақ:  «Мейірімділіктен 

-  бірлікке»,  «Қазақстандық  ғылыми 

модель»,  «Мың  бала»,  «Ұлттық  рух», 

«Армандаған  мамандық»,  «Шаңырақ», 

«Жүректен  жүрекке»,  «Жаңа  ойлар 

табысқа жетелейді», «Тарихтан тағылым, 

өткенге тағзым» конкурстарын хабарлауға 

шыққан 

еврей 


мәдени 

орталығы 

жетекшісі  Ольга  Дергачева,  «КазИИТУ» 

ғылыми-білім  кешенінің  президенті 

Ақсерік Әйтімов, С.Сейфуллин атындағы 

№11  облыстық  дарынды  балаларға 

арналған  мектеп-интернат  кешенінің 

оқушысы Антонина Казарина, Азия және 

Республика  чемпионы  Сағадат  Гауһар, 

Социалистік  Еңбек  Ері,  Бөкей  Ордасы 

ауданынан келген еңбек ардагері Ескендір 

Есімов,  елге  танымал  журналистика 

ардагері  Людмила  Корина,  кәсіпкер-

меценат  Вячеслав  Дружинин,  Қазақстан 

халқы 

Ассамблеясының 



мүшесі 

Ришат  Хайруллин,  Жәнібек  аудандық 

«Шұғыла» газетінің редакторы Ахмедияр 

Батырханов  бұл  жоба-байқаулардың 

мақсаттарын  түсіндіріп,  бірлік  пен 

ынтымақты нығайтуға жаңа серпін беретін 

осы  конкурстарға  қатысуға  шақырды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет