№1 (37) 017 бас редактор



Pdf көрінісі
бет85/104
Дата28.10.2022
өлшемі4,34 Mb.
#46041
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   104
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Дәстүрлі сабақ барысында оқушылар дайын 
білімді ғана алып отырса, ал қазіргі жаңа 
бағдар ламада оларға өз бетімен іздену арқылы 
пән ге деген қызығушылығын арттыруға бола-
тынын байқадым. Алғашқы сабақтан бастап 
оқушыларды топқа бөлдім. Бұлар бастауыш 
сынып оқушылары болғандықтан, топқа бөл-
ген кезде әр түрлі геометриялық фигуралар 
арқылы, реттік санау бойынша, түсті қағаз 
түрлерімен топқа бөлінді. Оқушылармен ақыл-
даса отырып топ ережесін құрып алу керектігін 
ұйымдастырдым. Сабақ барысында топ ереже-
сін қатаң сақтау керектігін ескерттім. Топ ере-
жесін құру кезінде оқушыларға қай жағы 
тиімді немесе қалай істесек тиімсіз болады 
деп ойлауына мүмкіндік берілді. Әйтсе де, 
топ ережесін сақтау жағынан да қиындықтар 
болып жатты. Себебі, бұлар толықтай жаңа-
ша оқыту әдіс-тәсілдерін білмейтін еді. Бас-
тап қы кезде тыныштық сақтамай, бірін-бірі 
тыңдамай жатты. Бірақ уақыт өте келе, бірін-
бірі тыңдауға үйренді. Бұл жолдағы ең оңтайлы 
тәсіл – балаларды өз тәжірибемдегі дәлелдерге 
мән беруге ынталандыру болып табылды. 
Бізде балалардың қызығушылығын оятып
олар дың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын 
дамыту үшін қолдануға болатын, әлемнің 
түр лі бөліктеріндегі және тарихтың түрлі 
кезеңдеріндегі тұрмыс салты туралы мысалдар 
жеткілікті. Сондай мысалдар арқылы біз 
оқушы лардың оқуға деген ынтасын оятуға 
түрткі боламыз.
Оқулықтағы Н.Жанаевтың «Мұғалім» өле-
ңіндегі күтілетін нәтиже: өлеңді өз бетімен 
талдау арқылы кейіпкер бейнесін ашуға үйре-
ту, ашық әңгімелесу арқылы өз ойларын ашық 
жеткізуге мүмкіндік беру, осы арқылы оқушы-
лардың барлығын белсенді әрекетке ұмтыл-
дыру болды. Оқушылар тақтадағы жазылған 
сабақ, мұғалім, қоңырау, оқушы деген топтарға 
бөлінді. Диалогтік педагогика үрдісін қолдану 
арқылы, осы өлеңдегі негізгі кейіпкер кім бо-
луы мүмкін деген сұраққа жауап іздеуге уақыт 
берілді. Оқушылар «Мұғалім» деп шу ете 
қалды. «Неліктен мұғалім деп ойлайсыздар?», 
«Басты кейіпкер ол болмаса ше?» деген 
сияқты түрткі сұрақтар қойылып отырды. Әр 
топтан оқушылар белсенді түрде жауап берді. 
Мұғалімсіз мектептің болмайтынын, білім нің 
тарамайтынын айтты. Мектепті мұғалімсіз 
елестету мүмкін еместігін жарыса жеткізді. 
Осылай жалғасын табатын ойлар оқушы-
лардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетінің 
арта ты нын көрсетті. Топ басшылары бағалау 
критерийлері мен дескрипторларды пайдалана 
отырып, топ мүшелеріне әділ бағаларын берді. 
Ал сабақтың соңында топ басшыларының 
ба ға лау парағы жиналып, формативті баға 
сынып журналына қойылды. Бағалау парағына 
жазылған тапсырмаларға сәйкес ұпай саны 
қойылып отырды. Ең жоғарғы ұпай – 3 ұпай 
болып, бағдаршамның түстеріне байланысты 
бағаланды. Жасыл түс – 3 ұпай, ал сары түс – 2 
ұпай, қызыл түс – 1 ұпай болып есептелінді. 
Топ мүшелерінің бірін-бірі бағалауы, топтық 
бағалауы, өзін-өзі бағалауы – оқытуды бағалау 
бол ғандықтан, оқушылар әр тапсырмаға қан-
дай ұпай қойылып, оны не үшін алып отыр-
ға ның біліп отырды. Осы сабақ барысында 
оқу шылардың пәнге деген қызығушылықтары 
артты. Өз ойын еркін жеткізе білді. Оқушылар 
сабақтың соңындағы кері байланысқа «Мен 
не білдім?», «Мен не білгім келеді?» деген 
сұраққа жауап жазуды үйренді. Мектептегі 
тәжірибемде мен оқушылардың топтық жұмыс 
жасау барысында сын тұрғысынан ойлау әдісін 
тиімді пайдаландым деп айта аламын. Себебі, 
осы әдіс-тәсілді қолдану барысында менің 
оқу шыларымда мынадай деңгейлер қалыптаса 
бастады:
1.Дайын білімді емес, өз бетімен білімді 
қабылдауды үйренді;
2.Туындаған проблеманы шеше бастады;
3.Топ шешімінің ішіндегі ең тиімдісін 
таңдай білді;
4.Өз бетімен қорытынды ой қабылдай білді;
5.Ой түйіндеу арқылы дәйектемені қолдана 
білуге дағдыланды;
6.Әр оқушының өз көзқарасы қалыптасты, 
өз пікірін білдірді;
7.Пікірталас жүргізуге, ортақ шешім 
қабылдауды үйренді;
8. Бір-бірінің шешімін сыйлауға үйренді;
9. Әр оқушыда «Мен» тұжырымдамасы 


87


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет