№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015



Pdf көрінісі
бет13/19
Дата03.03.2017
өлшемі6,16 Mb.
#5570
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19

КЕҢЕС Нұрасыл
үш тілде оқытатын мамандандырылған сыныптары бар дарынды балаларға 
арналған «Мұрагер» мектебінің 6 «Б» сынып оқушысы, Қызылорда қаласы, 
Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: ЖАМАНСАРИЕВА Әлия Дауровна, 
үш тілде оқытатын мамандандырылған сыныптары бар дарынды балаларға 
арналған «Мұрагер» мектебі «География және биология» пәндерінің мұғалімі
Қызылорда қаласы, Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
 
 
САЛМАҚСЫЗДЫҚ ӘСЕРІНЕН БОЛАТЫН АҒЗАДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР 
 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
115 
Кіріспе.  Көрнекті  ғалым  В.И.  Вернадскийдің  айтуы  бойынша  адам  қуатты 
геологиялық  күшке  айналды.  Техникалық  дамыту  және  энергияның  жаңа  көздерін 
пайдалану, ауыл шаруашылығын өркендету, ғылым салаларын меңгеру  адамзаттың 
табиғатқа ықпал етуіне жол ашты. 
Қазіргі кезде биология ғылымдарының да көптеген жаңа салалары – космостық 
биология,  биофизика,  биотехнология  және  гендік  инженерия,  т.б.  салалары 
қарқынды түрде дамып келеді. 
Адамзат баласы саналы ғұмыры басталғаннан бері ғарышқа көз тігіп, ғаламдар 
құпиясын зерделеуге күш салумен келеді. Ежелгі дүниеде ұлы бабамыз Зороатуштра 
Жетіқат  ұғымын  енгізді.  Ең  алғаш  Күн  жүйесінің  сырын  жариялап,  адам  мекені  – 
Жердің Сатурн, Шолпан, Меркурий, Марс, Юпитер және де Күн мен Айдың мәңгілік 
серігі екенін дәлелдеді. 
Осы  жеті  ғаламшардың  Күн  атты  ұлы  Тәңірдің  иелігінде  жүретінін,  оның 
жердегі  тіршілік  атаулыға  нәр  берер  ғаламатын  тұңғыш  рет  пайымдады.  Бұл  оқиға 
Галиллей,  Брунолардан,  Ұлықбектерден  талай  ғасырлар  бұрын,  Будда  дүниеге 
келместен, әлдеқайда ерте замандарда болатын... 
...Содан бері қанша дәуірлер өтті! Адамзаттың ғарышқа ғашықтығы толығымен 
басылған  жоқ.  Қайта  ғылым  өркендеген  сайын  Галактика  түкпірлеріне  қиял 
жүгіртіп, ұлы Шексіздіктің сырларын түсінуге талпынуда. 
«Адамзат алдағы 100 жылда жер планетасын тастап, өмір сүруге болатын жаңа 
планетаға  қоныс  аудара  бастауы  тиіс»,  -  деп  мәлімдеді  Стивен  Хокинг  деген 
ағылшынның  бүкіл  әлемге  белгілі  астрофизигі.  Кембридж  университетінің 
профессоры,  өзі  отыз  жасынан  мүгедек  арбасына  таңылған,  сөйлеу  қабілетінен 
айырылған  бұл  ғалым  компьютердің  құлағында  ойнап,  небір  керемет  ғылыми 
жаңалықтар ашу үстінде. 
Константин  Циолковский  айтуынша,  ғарышты  игеру  –  жай  ғылыми 
қызығушылықты  қанағаттандыру  емес,  түбінде  адамзаттың  басқа  планетаға  қоныс 
аударуын қамтамасыз ететін негізгі тәжірибелік тапсырма. 
Жасанды  жер  серігі  орбитада еркін  ұшқанда,  онда  орналасқан  денелер 
салмақсыздық  күйде  болады.  Салмақсыздық  жағдайы  тірі ағзалардың өмір  сүру 
ортасындағы  жағдайды  өзгеше  болғандықтан,  ағзада  қайтымсыз  зиянды  өзгерістер 
пайда  болуы  мүмкін.  Сондықтан  ұзақ  уақыт  ұшатын  ғарыш  кемелерінде  жасанды 
ауырлық күшін тудыру мүмкіндіктері қарастырылу керек. Салмақсыздық күйі  Жер 
бетінде  орындалмайтын  кейбір  күрделі  технологиялық  үрдістерді  жүзеге  асыруға 
мүмкіндік береді. 
Жобаның мақсаты: салмақсыздық күйдің адам ағзасына әсерін білу. 
Зерттеудің нысаны: салмақсыздық. 
Зерттеудің пәні: салмақсыздық күйдің әсерін білу. 
Жоба  болжамы:  салмақсыздыққа  байланысты  тәжірибелерді  үй  жағдайында 
жасауға болады; дененің салмақсыздық жағдайында болу уақытын ұзартуға болады; 
жер бетінде салмақсыздықты сезіне аламыз. 
Зерттеудің әдістері: салмақсыздық түсінігін анықтау, ғылыми әдебиеттер мен 
зерттеулерге  шолу  жасау,  оқушылар  арасында  сұрау  жүргізу,  үй  жағдайында 
тәжірибе жасау. 
Зерттеу  бөлімі.  Салмақсыздық  түсінігі.  Денелердің  жерге  тартылу  күші 
ауырлық  күші  деп  аталады.  Ауырлық  күшімен  қатар  салмақ  ұғымы  да  жиі 
қолданылады. «Салмақ» сөзі бізге жақсы таныс. Алайда көп жағдайда ауырлық күші 
мен салмақты жиі шатастырады. Сонда салмақ дегеніміз не? 
Тірек  үстінде  тұрған  денені  карастырайық.  Денеге  бұл  жағдайда  да  ауырлық 
күші әрекет етеді, ал оның құлауына тірек кедергі жасайды. Бұл кезде дене мен тірек 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
116 
өзара әрекеттеседі, дене өзі жатқан тіректі қысып басады. Бұл күш дененің салмағы 
болып  табылады.  Әдетте  салмақты  Р  әрпімен  белгілейді.  Дене  жіпке,  аспаға  және 
тағы басқаға ілініп қойылса да, дәл солай болады. 
Сонымен,  дененің  аспанға  әрекет  ететін  күші  дененің  салмағы  деп  аталады. 
Егер дене көлденең  орналасқан,  әрі  жерге  катысты  қозғалмайтын  тірек  үстінде 
жатса,  онда  дененің  салмағы  оған  әрекет  ететін  ауырлық  күшіне  дәлме-дәл  келеді. 
Алайда  бұл  әр  түрлі  күштер  екенін  және  әр  түрлі  денеге  түсірілетіндігін  ескеру 
қажет.  Ауырлық  күші  қарастырылатын  денеге,  ал  салмақ  дене  орналасқан  тірекке 
түседі. Мысалы, алақанымызға қандай да бір нәрсені салайық. Сол кездегі нәрсенің 
алақанға түсіретін қысым күші оның салмағы болып табылады. 
Ауырлық  күшінің  әрекет  ету  бағытында дене тірегімен  қоса  бірқалыпты  емес 
қозғалатын  болса,  онда  салмақ  пен  ауырлық  күшінің  арасындағы  қатыс  өзгеретін 
болады.  Бұл  жағдайда  дененің  салмағы  ауырлық  күшінен  көп  немесе  аз  болуы 
мүмкін.  Осылай,  мысалы,  ғарыш  кемесінің  тежелуі  кезінде  ғарышкерлер  басқа 
салмаққа ұшырайды. 
Ал  бір  мезетте  байқалатын  асқын  салмақты  жолаушылар  лифтімен  көтеріле 
бастаған  сәтте,  жеңіл  машинамен  жолдың  ойыс  бөлігінен  өткен  кезде,  т.б.  бастан 
кешіреді. Тірек немесе аспан денемен бірге еркін түскен (құлаған) кездегі жағдайдың 
ерекше  маңызы  бар.  Бұл  жағдайда  тірек  дененің  козғалысына  бөгет  болмайды, 
сондықтан  дене тірекке әрекет етпейді. 
Салмағы  нөлге  тең  болатын  дененің  мұндай  күйі  салмақсыздық  деп  аталады. 
Мысалы,  әрқайсыларың  тұғырдан  суға  секіргенде,  лифтімен  төмен  түсе  бастаған 
мезетте,  жоғары  қарай  секірген  кездеріңде  бір  сәт  болсын  салмақсыздық  күйін 
кешесіңдер. 
Жерді  айнала  орбита  бойымен  ұшқан  ғарыш  кемесінің  қозғалтқышы 
өшірілгеннен  кейін,  ол  тек  Жердің  тартылыс  күші  әрекетінен  ғана  қозғалады. 
Мұндай  жағдайда  кеме  Жер  бетіне  карай  үнемі  еркін  құлаған  сияқты  болады.  Осы 
кезде  кеме  ішіндегі  денелер  де,  ғарышкерлер  де  салмақсыздық  күйін  кешеді. 
Ғарышкер кеме ішінде еркін «жүзіп жүреді». 
Ғарыштағы  салмақсыздықтың  ағзаға  әсері.  Адам  баласы  ғарышқа  өзі 
аттанбас  бұрын  көк  әлеміне  алдымен  ақыл-ойы  мен  білімінің  жансыз  жемістері  – 
спутниктерді ұшырды. Кеңестер елі 1957 жылдың 4 қазанында «Спутник» зымыран-
тасығышымен  жер  орбитасына  жасанды  спутнигін  көтеріп,  адамзат  тарихында 
тұңғыш  рет  ғарышқа  жол  салды.  1958  жылдың  15  мамырында  тағы  да  кеңестер 
одағы  бортында  тірі  жан  иесі  –  Лайка  иті  бар  жердің  жасанды  техникалық  серігін 
көтерді... 
Сөйтіп, ХХ ғасыр  адам баласының өзін жаратқан жер-бесігінен оның әлемдік 
тартылыс  заңын  жеңіп,  белін  босатып  шығуының  алтын  уақытын  бастады.  Тіпті 
1959 жылдың 12 қыркүйегінде «Луна-2» автоматты-планета аралық станса Ай бетіне 
жетіп, оған КСРО гербі бейнеленген жалауша түсірді. Осының алдында ғана «Луна-
1»  автоматты-планета  аралық  станса  Ай  бетінен  небары  6  мың  шақырым 
қашықтықта ұшып өткен еді. Кейін тылсым ғаламды игерудің ғажайып талпынысы 
өз жалғасын тауып, ғарыш биіктеріне талай жасанды спутниктер жол тартты. Оның 
ішінде «Луна-3» Айдың көзге көрінбейтін арғы бетінің суретін түсіріп, жердегілерге 
жолдады. Бұл керемет жеңістер еді. 
1960  жылы  жер  орбитасына  ғарыш  кемесі  бортына  Белка  және  Лайка  атты 
иттер алып, олар жерге аман оралды. Ғарышқа ет пен сүйектен жаралған жан иелерін 
ұшырудың  сынақтары  осымен  аяқталып,  енді  космосқа  адам  баласын  көтерудің 
мүмкін екендігіне көз жетті. 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
117 
...1961  жыл.  12  сәуір.  «Восток»  зымыран-тасығышы  Юрий  Гагаринді  жер 
орбитасына  шығарды.  «…Менің  жанарым  сағатқа  тоқтады.  Стрелкалар  Мәскеу 
уақытымен  9  сағат  7  минутты  көрсетіп  тұрды.  Мен  алғашында  ысқырған  дыбыс, 
одан  кейін  гуіл  естідім,  алып  зымыран  түгелдей  дірілдеп,  ақырын  старттық 
қондырғыдан  бөлінгенін  сездім…  Зымыранның  қуатты  қозғалтқыштары  өткен 
шақтың ұлы істерімен салыстырғанда тебіреністі де әсем әуен салғандай болды…». 
Алғашқы ғарышкер Юрий Алексеевич Гагарин (1934-1968) өзінің ғарышқа алғашқы 
сапарын осылай суреттеді. 
Гагариннен  соң  Титов,  Комаров  пен  Феактистов,  Егоров,  Леоновтар  аспан 
әлеміне жол тартты. Леонов адамзатта тұңғыш рет ашық космосқа шықты. 
Енді  адамзаттың  автоматты  планета  аралық  стансалардың  көмегімен  Марсты, 
Шолпанды,  Айды  игеруді  бастады.  Американдықтар  да  өз  тарапынан  ғарыш 
кемелерін  ұшырып,  Ай  бетіне  адамзат  баласының  өкілдерін  жеткізді.  Космонавтар 
саны әлемде өсе берді. 
Ғарыш  кемесіндегі  адам  не  сезінуі  мүмкін?  Зымыран  қозғалтқышы  қосылып, 
тасымалдаушы  зымыран  қозғала  бастағанда  ғарыш  кемесіндегі  массасы  адамға  екі 
күш:  ауырлық  күші  және  тіректің  реакция  күші  әсер  етеді.  Зымыранның  үдеуі 
жоғары  бағытталғандықтан  тірек  реакция  күші  көбірек  болады.  Асқан  салмақ 
кезінде бүкіл дене тірекке көбірек күш түсіріп қоймай, ол дененің жеке бөліктері де 
бір-бірін  қаттырақ  сығады.  Асқан  салмақ  негізінде  адамның  дем  алуы,  жүрек 
қызметі нашарлайды, қан айналымы және адам басына қанның құйылуы мен шығуы 
бұзылады. Сондықтан асқан салмаққа тек жақсы жаттыққан адамдар шыдай алады. 
Асқан  салмақ  әсері  неғұрлым  қысқа  уақытта  болса,  адам  соғұрлым  көп  асқан 
салмақтықты  көтере  алады.  Адам  тік  тұрған  жағдайда  3 с  ішінде  8  g-дан,  12-15 с 
ішінде 5 g-ға дейінгі асқан салмақты жақсы көтереді. Қас-қағым сәтте, шамамен 0,1 
с-тан аз  уақыт ішінде  адамның жиырма еседен де көп асқан салмақтықты көтеруге 
мүмкіндігі бар. 
Ғарыш  кемесі  Жер  орбитасына  шыққан  соң  қозғалтқыштар  өшіріледі. 
Салмақсыздық  күйіндегі  дененің  массасы  бұрынғыдай  болып  қала  береді. 
Салмақсыздық  күйінде  барлық  денелер  және  олардың  жеке  бөліктері  бір-біріне 
қысым  жасамайды.  Ғарышкер  өз  салмағын  сезінбейді,  оның  қолынан  шыққан  зат 
ешқайда құламайды; ал маятник ығысқан күйінде қала береді; еден мен шаңырақтың 
айырмасы  болмайды.  Осы  құбылыстардың  бәрін  гравитациялық  өрістің  кеме 
ішіндегі  барлық  денелерге  бірдей  үдеу  беретіндігімен  түсіндіруге  болады. 
Сондықтан  да  ғарышкер  тастаған  зат  (оған  жылдамдық  берілмегенде)  ешқайда 
құламайды.  Себебі  ол зат  кеменің бір  қабырғасына  «жетуге»  немесе  одан  «қалуға» 
мүмкіндігі жоқ, яғни денелер де қабырғалар да бірдей үдеумен қозғалады. 
Сонымен  адамда  салмақсыздықтың  әсерінен  түрлі  құрылымдық  өзгерістер 
болатыны  белгілі.  Яғни  қимыл-қозғалыс  аппаратына  түсетін  күштің  азаюы, 
ұлпаларда, ағза мүшелері мен ағзаның сұйық ортасындағы өзгеріс, қанның ағзаның 
жоғарғы  бөлігіне  қарай  ауысуы,  қан  түзілу  белсенділігінің  төмендеуі,  гемолиздің 
күшеюі,  бағаналы  қан жасушаларының  санының  азаюы.  Лимфоидты  мүшелерде  де 
өзгерістер  болады,  тимустың  және  көкбауыр  салмағының,  тимоциттер  санының 
азаюы пайда болады [4]. 
Космонавтарда  ұзақ  уақыт  ұшу  барысында  қан  айналымының  бұзылуы, 
тахикардия, дене салмағының жоғалуы байқалады [5]. Бүйрек суды жоғары көлемде 
шығара  бастайды.  Шөлдеу  сезімі  азаяды.  Сүйек  пен  бұлшық  еттің  салмағы 
азайғандықтан  ғарышта  адам  жүрмейді,  жүзіп  жүрген  секілді  болады.  Сондықтан 
ғарышкерлерді ұшпастан бұрын арнайы дайындықтан өткізеді. 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
118 
Салмақсыздық  әсерінен  болатын  ағзамдағы  өзгерістер.  Салмақсыздық 
жағдайда адам ағзамында көптеген өзгерістер болады: 
Адамның  өсуі.  Салмақсыздық  жағдайда  адамның  бойы  өсе  бастайды. 
Салмақсыздық әсерінен омыртқаның бір-біріне жабысып тұруын қамтамасыз ететін 
бұлшық  еттер  әлсірейді.  Бұлшық  еттер  біртіндеп  атрофияға  ұшырап,  омыртқа 
жотасы өзінің табиғи иілгіштігінен айырыла бастайды. 
Салмақсыздық  әсерінің  тірек-қимыл  жүйесіне  әсерін  әлсіздендіру  үшін 
ғарышкерлер  «Пингвин»  деп  аталатын  арнайы  костюмді  киеді.  Костюмдегі  арнайы 
қондырғылар  (амортизаторлар)  бұлшық  етті  қалыпты  ұстап,  тірек-қимыл  жүйесіне 
әсер етіп отырады. 
Ғарышкерлер орташа есеппен космостағы жұмыс уақытында 3-5 см өседі. Бұл 
өз  кезегінде  ағзамға  қатты  әсер  етеді.  Ғарышкерлер  жерге  қайтып  оралуы  үшін 
арнайы  капсулалар  дайындалады.  Ол  капсулалар  әр  ғарышкерге  ерекше  арналып 
жасалады, тіпті мм-ге дейін өлшенеді. Капсулаға сәйкес келмеу ғарышкер ғұмырына 
қауіп төндіруі мүмкін. 
Қартаю. Салмақсыздық сонымен қатар адам ағзасына қартаюына да әсер етеді. 
«The FASEB» журналының зерттеуі бойынша, адам ағзамының қартаюы космостағы 
болатын тек тірек-қимыл жүйесіндегі өзгерістермен ғана емес, сонымен қатар ағзам 
ішіндегі  эндотелиалды  жасушаларға  да  байланысты  екен.  Салмақсыздық 
жағдайында  бұл  жасушаларда  тотығу  үрдісінде  өзгерістер  болады,  соның  әсерінен 
ағзада қозу тез жүреді. Бұл өз кезегінде қартаюдың тез жүруін тудырады. Бұл жүрек 
пен тамыр жүйесінің реттеуші реакциясына тікелей әсер етеді. 
«The  FASEB»  журналының  бас  редакторы  Геральд  Вейсманның  айтуынша 
адамдар гравитация жағдайына эволюция барысында бейімделген. Бұл өз кезегінде 
ағзадағы  биологиялық  үрдісті  реттеуге  әсер  етті.  Гравитациясыз  ағзадағы  ұлпалар  
жойыла бастап, ол қартаюға әкеліп соғады. 
Салмақсыздық және сүйектер. Салмақсыздық жағдайда сүйектер кальцийден 
айырыла  бастайды.  1  ай  ғарышта  болу  барасында  ғарышкерлер  1-2  пайыз  сүйек 
салмағынан  айырылады.  Бұл  ағзамдағы  фосфор  алмасуының  бұзылуынан  болады. 
Салмақсыздық  жағдайында  ешқандай  тіректің  керек  болмағандығынан  ағза  сүйек 
материалын  бөлмейді.  Бұл  синдром  ғарыштық  остеопатия  деп  аталады.  105 
тәуліктен  кейін  сүйек  тығыздығы  әлсірей  бастайды.  Сүйектегі  минералдардың 
жуыла бастауы буындардан басталады. 
Қандағы кальцийдің артық болуы бүйрек жұмысына қатты әсер етеді. Ғарышта 
ұзақ  болу  ғарышкерлер  денсаулығына  қатты  әсер  етеді.  Ғарышқа  ұшқан  75 
ғарышкердің  25-інде  «қозғалу  ауруы»  байқалған.  14  ғарышкерде  кеңістіктегі  дене 
қозғалысының өзгерісін байқаған. 75 пен 185 тәулік ұшқан «Салют-6» және «Союз» 
ғарыш  кемелерінің  ғарышкерлерінде  жерге  оралғаннан  кейін  көп  уақытқа  дейін 
жүргенде  шайқалу,  қалыпты  бір  орында  тұра  алмай  бір  жағына  қарай  құлап  кете 
беру  байқалған.  Мұндай  өзгерістердің  болуы  әр  ғарышкердің  жеке  ерекшелігіне 
байланысты. 
Жерге орналған соң олар сүйек массасын қалпына келтіре бастайды. 3 жылдық 
Марсқа  ұшу  барысында  ғарышкер  сүйек  массасының  50  пайызынан  айырылуы 
мүмкін, жерге оралған соң ол салмақты қайтара алмайды. 
«Домалақ  жүрек».  Ағза  бұлшық  еттері  ғана  емес,  сонымен  қатар  жүрек 
бұлшық  еттері  де  өзгеріске  ұшырайды.  НАСА  ғалымдары  арнайы  тәжірибе 
жүргізген. 
Тәжірибе  қорытындысы  мынадай  өзгерістер  болатынын  көрсетті:  жүрек 
бұлшық  еттері  әлсіреп,  көлемі  өзгеріп  қана  қоймайды,  сонымен  қатар  жүрек 
«домалақ»  бола  бастайды.  НАСА  кардиологтары  12  ғарышкерді  зерттеуден 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
119 
өткізгенде  олардың  жүрегінің  9,4  пайызға  жұмырланғанын  байқаған.  Жерге 
оралғаннан  кейін  тек  жарты  жылдан  кейін  ғана  жүрек  қалыпты  көлеміне  келеді. 
Жүрек  жұмысының  белсенділігін  әлсірегенін  мынадай  теңеумен  мысал  келтіруге 
болады: төсекте бір жарым ай жату ғарышта бір апта болумен тең. 
Ғарышта жылай алмайсың. Жерде адам өзінің көңілінің бұзылғанын жылау 
арқылы  білдіре  алатын  болса,  ғарышта  мұндай  құбылыс  болмайды.  Яғни  қалыпты 
жағдайда  біз  жылаған  кезімізде  көзден  жас  шығады.  Ғарышта  көзден  жас 
шықпайтынымен қоймай, жас көз ұясынан шықпайды. Жас тамшылары көз ұясынан 
шықпайтымен  қатар,  ол  көруді  қиындатады.  Көзден  жасты  шығару  үшін 
ғарышкерлер арнайы «қалақтар» қолданады. 
Ғарышкер  Титов  3-4  айналымнан  кейін  бас  айналу,  лоқсып  құсу  болатынын 
айтқан. Ғарышқа ұшқан иттер 3-4 айналымнан кейін құсып, мазасызданған. 
Алғашқы  ғарыштағы  еркін  қалқып  ұшқан  Андиян  Николаев  болды.  Ол  үш 
сағаттан  астам  уақыт  еркін  ұшты.  Бұл  тәжірибе  сонымен  қатар  салмақсыздық 
жағдайында  адам  ағзамындағы  өзерістер  жөніндегі  мәліметтерді  толықтыра  түсті. 
Мысалы, А. Николаев пен В. Севастьянов 18 тәуліктік ғарыштан өте ауыр жағдайда 
оралды.  Бұлшық  еттерінің  атрофияға  ұшырағаны  сондай,  бір  қасық  сорпаны  ішу 
оларға өте ауыр соқты. 
Ғарыш жағдайына бейімделу үш кезеңнен тұрады: 
Бірінші  кезең  ғарышта  бірден  басталады,  яғни  бас  айналу,  лоқсу,  басқа  қан 
толып  бара  жатқандай  күй  кешу.  Мұндай  күй  ғарышкерлердің  жеке  ерекшелігіне 
байланысты жеті тәулікке дейін созылуы мүмкін. 
Екінші  кезең  4-5  күндей  болады.  Ағза  ортаға  бейімделе  бастайды.  Бұл  кезең 
қысқа ұшу мерзімінде болмайды, тек ұзақ ұшу барысында байқалады. 
Үшінші кезеңде ағза ортаға толық бейімделеді, ғарышкер өзін қалыпты сезіне 
бастайды. 
Нәтижелер  мен  талқылаулар.  Салмақсыздыққа  байланысты  жасалған 
зерттеулер.  Алғашқы  салмақсыздықтың ағзамға әсеріне байланысты тәжірибелерді 
К.Э. Циалковский (1883, 1911, 1919) жасаған. Ол адамның төсекте ұзақ жатуы ағзаға 
қалай  әсер  етсе,  салмақсыздықта  сондай  адам  зиян  әсер  етеді  деген  қорытындыға 
келді. 
Салмақсыздықтың  адам  ағзамына  әсерін  жүйелі  түрде  зерттеу  1951-жылдары 
АҚШ-та басталды. Алғашқы зерттеулер жануарларға жасалды. 
Ғалымдардың  ғылыми  зерттеулері  бойынша  ұзақ  мерзімді  салмақсыздық 
түрінде  жаңа  талаптардың  пайда  болуынан  адам  және  жануарлар  ағзасының 
бейімделу  қажеттілігі  туындайды.  Л.А.  Орбели:  «Ағза  қызметінің  механизмдерін 
түсіну  үшін  онтогенезді  меңгеру,  эволюциялық  физиология  мен  клиникалық 
материалдарды  пайдалану  және  арнайы  эксперименттік  тәсілдерді  білу  қажет»  - 
деген  [1].  Төменгі  сатыдағы  омыртқалы  жануарларды  зерттеу  барысында  алынған 
мәліметтер сүтқоректілерге, оның ішінде адамға да қолдануға жарамды [2, 3]. 
Адамда  салмақсыздық  әсерінен  қимыл-қозғалыс  апаратына  түсетін  салмақ 
күшінің  болмауынан,  ағзаның  мүшелері  мен  ұлпаларының,  сұйық  ортаның  орын 
ауысуынан,  қан  дененің  жоғарғы  бөлігінде  таралуынан,  қызыл  түйіршікті  қан 
айналымының  бәсеңдігінен,  гемолиздің  күшеюімен  сипатталатын  ағзаның 
функционалдық және құрылымдық өзгерістеріне ұшырайды. 
Жерде  салмақсыздықтың  физиологиялық  моделін  жасау  үшін  кеңістікте 
дененің  антиортостатикалық  бағытта  орналасуы  қолданылады.  Иттердің  қысқа 
мерзімді  антиортостаз  кезінде,  яғни  денесін  30  минут  ішінде  -8°  және  -70° 
бұрышында  ұстау,  кеуде  өзегі  сөлінің  азаюымен,  мойын  аймағындағы  күре  тамыр 
мен  лимфалық  қысымының  көтерілуімен,  мықындағы  көк  тамыр  қысымының 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
120 
төмендеуімен  белгіленеді.  Төменгі  омыртқалы  жануарлардың  салмақсыздық 
жағдайында  зерттелуі  бірен-саран,  мысалы:  геккон  кесірткелердің  аяқ-қол 
сүйектерінде  ұшу  жағдайында  остеопения  белгілері  табылмаған.  Филогенетикалық 
дамудың  әр  түрлі  дәрежедегі  жануарлардың  салмақсыздыққа  бейімделуі  жүйелі 
сипатта  болуымен  қатар  тіпті  барлық  ұлпалар  мен  мүшелерді  қозғайды  [6]. 
Филогенезде  қан  және  лимфа  айналым  жүйесінің  мәселесі  салмақсыздық 
эффектілерін моделдеу кезінде қарастырылмаған. 
Микрогравитация  әсерінен  кейін  егеуқұйрықтыларда  лимфа  түйіндерінің 
қысқартылу  белсенділігінің  қысым  көрсетуі  және  олардың  тасымалдаушы 
қызметінің 
төмендеуі 
байқалады, 
сонымен 
қатар 
мойын 
аймағындағы 
көктамырының  қалыпындағы  артық  сұйықтықтың  азаюуына  бағытталған 
вазоактивті  заттарға  әсер  ететін  рецепторлар  түйіндерінің  реактивтілігінің 
төмендеуімен  сипатталады.  Төменгі  сатыдағы  омыртқалы  жануарлардың 
салмақсыздық  жағдайында  зерттелуі  бірен-саран.  Мысалы:  геккон  кесірткелердің 
аяқ-қол сүйектерінде ұшу жағдайында остеопения белгілері табылмаған. 
Филогенезде  дамудың  әр  түрлі  дәрежесіндегі  жануарлардың  салмақсыздыққа 
бейімделуі  жүйелі  сипат  алып,  бүкіл  мүшелер  мен  ұлпаларды  қозғайды  [6]. 
Салмақсыздық эффектісін моделдеу кезінде ағзаның қан және лимфа айналым жүйе 
қызметінің мәселесі зерттелмеген. 
Жер  бетіндегі  салмақсыздықтың  физиологиялық  эффектілерін  моделдеу 
кезіндегі  төменгі  сатыдағы  омыртқалы  жануарлар  –  көл  бақалары  (Rana  Ridibunda) 
алынып,  эксперименттік  зерттеу  күретамыр  қызметінің  жағдайын  бақылау  үшін 
алынған. 
Бақылау 
тобындағы 
бақалардың 
күретамырынан 
ажыратылған 
препараттардың  спонтандық  қысқартылу  белсенділігі  төмен  болды.  Бақалардың 
күретамырындағы 
препараттардың 
қысқартылу 
сипаты 
әртүрлі 
болды. 
Қысқартылулар  тұрақтыдан  тұрақсызға  ауысып  отырды.  Бірнеше  жағдайда 
бәсеңдетілген тұрақты толқындар фонында бірқалыпты тербеліс көрінді. 
Алдында  бақаларға  жүргізілген  сынақтарда  антиортостаз  кезінде  бақаларда 
артерия  қысымы  мен  күретамырындағы  тамыр  қысымының  жоғарылауы,  лимфа 
көлемінің  азаюы,  артқы  лимфа  жүрекше  жиілігінің  қысқартылуы,  қан 
көрсеткіштерінің  морфологиялық  өзгеруі  белгіленген.  Зерттеушілердің  пікірі 
бойынша  [6]  мұндай  реакция  жануарлардың  микрогравитацияға  бейімделу  жалпы 
заңдарын көрсетеді. 
Біздің бұл зерттеу жұмысымыздан қан және лимфа жүйесінен микрогравитация 
жағдайына бейімделуі ағзаның компенсаторлық қызмет атқаратынын көрсетті. Жер 
бетіндегі салмақсыздық бабуттан секіргенде, еркін құлау барысындаға алғашқы 1-2 
секунд  шамасында  байқауға  болады.  Сонымен  қатар  ұшақ  белгілір  траекториямен 
ұшқанда  да  салмақсыздықты  байқауға  болады.  Сонымен  қатар  ұшақ  жоғары 
көтеріліп,  тез  төмен  құлай  бастағанда  да  салмақсыздық  болады.  Егер  дама 
бассейндегі суға секіргенде, су тығыздығы адам денесі тығыздығымен сәйкес келсе 
де, салмақсыздық пайда болады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет