№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015



Pdf көрінісі
бет9/19
Дата03.03.2017
өлшемі6,16 Mb.
#5570
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19

Литература 
1  Указ  Президента  Республики  Казахстан  «Об  утверждении  Государственной 
программы индустриально-инновационного развития Республики Казахстан на 2015-
2019 годы и о внесении дополнения в Указ Президента Республики Казахстан от 19 
марта 2010 года № 957 «Об утверждении Перечня государственных программ». 
2  Постановление  Правительства  Республики  Казахстан  от  31  марта  2015  года 
№  168  «Об  утверждении  Единой  программы  поддержки  и  развития  бизнеса 
«Дорожная  карта  бизнеса  –  2020»,  внесении  изменений  в  постановление 
Правительства  Республики  Казахстан  от  10  июня  2010  года  №  556  «О  некоторых 
мерах  по  реализации  Программы  «Дорожная  карта  бизнеса  –  2020»  и  признании 
утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан». 
3 Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 апреля 2015 года 
№  368  «О  внесении  изменений  в  постановления  Правительства  Республики 
Казахстан от 10 июня 2010 года № 556 «О некоторых мерах по реализации Единой 
программы  поддержки  и  развития  бизнеса  «Дорожная  карта  бизнеса  2020»  и  от  31 
марта 2015 года № 168 «Об утверждении Единой программы поддержки и развития 
бизнеса  «Дорожная  карта  бизнеса  2020»,  внесении  изменений  в  постановление 
Правительства  Республики  Казахстан  от  10  июня  2010  года  №  556  «О  некоторых 
мерах  по  реализации  Программы  «Дорожная  карта  бизнеса  2020»  и  признании 
утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан». 
 
ОРАЛОВ Данияр Амантаевич, 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 
Телерадиожурналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының 
2 курс магистранты, Астана қаласы, Қазақстан Республикасы 
 
БАҚ ПЕН ҚОҒАМНЫҢ БАЙЛАНЫСЫ 
 
Бұқаралық ақпарат  құралдары мен аудитория арасындағы байланыс  ғалымдар 
мен зерттеушілерді өткен ғасырдың сонау 20-шы жылдарынан бастап қызықтырып, 
бірқатар  еңбектеріне  негіз  болған  екен.  Көзге  көрінбейтін,  бірден  сезіле  де 
қоймайтын,  бір-біріне  жіпсіз  байланып  тұрған  екі  құбылыс  арасындағы  байланыс 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
60 
қалай  қалыптасты  және  оған  не  негіз  болды?  Күрделі  мәселенің  шетін  тарқатып 
көрелік. 
Бұқаралық  ақпарат  құралдарының  қоғамға  әсерін  зерттеуде  3  түрлі  көзқарас 
қалыптасты: 
1)  Бұқаралық  ақпарат  құралдарының  аудиторияға  әсер  етуінде  шек  жоқ. 
Эфирден берілетін образдар индивидтермен сыни қабылданбайды; 
2)  БАҚ  аудиторияға  референтті  топтармен  жанама  түрде  және  индивидке 
биографиялық  детерминделген  жағдайда  әсер  етеді,  шын  мәнінде  болып  жатқан 
жағдайды бағалауда БАҚ рөлі зерттелмейді; 
3)  Күнделікті  орын  алатын  оқиғалардың  маңыздылығын  БАҚ  анықтайды,  не 
ойлау  керектігін  емес,  не  жайында  ойлау  керегін  айтады.  Яғни  БАҚ 
интерпретацияларды емес, интерпретацияның «бағытын» белгілейді. 
Жалпы  қоғамның  дамуы  мен  әлеуметтік  институт  ретінде  БАҚ-ның 
трансформациясы аудитория мен БАҚ арасындағы байланысты зерттеуге теориялық 
тұрғыдан  қарауға  итермеледі.  Негізгі  теориялық  концепцияларды  жалпылағанда  Д. 
МакКуэйл  [1]  медиабағытталған  және  әлеуметтік  бағытталған  деп  екі  бағытта 
қарауды ұсынды. 
Медиабағытталған  теория  БАҚ-ның  әлеуметтік  жүйеде  айтарлықтай  тәуелсіз 
болғанын  меңзейді.  БАҚ  өзгерістер  себепшісі  ретінде  қарастырылады: 
қалыптастырылған  әлеуметтік  проблемалар  әлеуметтік  ортада  өз  салдары  жағынан 
маңызға  ие  болады.  Әлеуметтік  бағытталған  көзқарас  керісінше,  процесстердің 
маңыздылығын айқындайды. 
Процесстердің  жоғары  деңгейі  қоғамның  өзгеруіне,  одан  кейін  БАҚ-ның 
трансформациялануына 
апаратын 
негізгі 
себепші 
деп 
қарастырылады. 
Медиабағытталған  көзқарас  тарихта  бірінші  болып  пайда  болды.  Болжам  бойынша 
оған  себеп  болған  мына  жағдай:  зерттеушілер  БАҚ  түсінігіне  бастапқыда  басқа 
мағына  берген  болатын,  аудитория  –  әсер  ету  объектісі  болып,  оны  коммуникатор 
мақсат-мүддесіне  қарай  түрлі  қалыпқа  сала  алады  деп  есептелген.  БАҚ  әлеуметтік 
институт  ретінде  күрделенген  сайын  аудиторияның  БАҚ-на  әсерін  қарастыру 
қажеттілігі туды [1]. 
БАҚ-ның  аудиторияға  әсер  етуі  мен  эффектісін  зерттеу  жұмыстары  бүгінде 
классикаға  айналған  Г.  Лассуэлдың  «Дүниежүзілік  соғыстағы  насихат  техникасы» 
деген кітабынан алған. Онда қоғамдық пікірді  басқарып отырған үкіметтік процесс 
талданған.  Зерттеуші  коммуникация  процесстерінде  аудитория  әсер  ету  обьектісі 
ретінде қарастырлғаны анық айтылып отыр. Формула ретінде оны «Кім? Не? Қалай? 
Нәтижесі қандай болды?» деген сұрақтармен келтіреді. 
Г.  Лассуэл  аудиторияны  түнекте,  басқа  ештеңе  көрмей,  байқамай,  айтылған 
ақпаратқа кіршіксіз сенетін жандар деп келтіреді. Ол БАҚ беретін әсерді тері астына 
салынатын  екпемен  салыстырды.  Белгілі  бір  мөлшерде  берілетін  ақпарат  соңынан 
міндетті түрде бір реакция болатын [2]. 
У.  Липпманның  «Қоғамдық  пікір»  деген  кітабы  бар.  Липпман  сол  еңбегінде 
алғаш рет көпке танымал тезисті келтірген еді: әлемнің ең үлкен бөлігі адамзат қолы 
жетпейтін  жақта  орналасқан  (beyond  our  reach),  сондықтан  БАҚ  арқылы  келетін 
ақпаратты тексеріп, растауға мүкіндігі болмағандықтан, оған сенуіне тура келеді. Ол 
БАҚ-на  адамдар  санасында  әлемді  шынайы  қалпынан  өзге  бейнеде  суреттеуге 
мүмкіндік алды. 
Қарапайым  адам  жан-жағындағы  болып  жатқан  жағдайдың  барлығын  газет 
немесе  өзге  БАҚ-нан  біледі.  Ол  жерде  ақпарат  көп  жағдайда  құлаққа  жағымдырақ 
болатындай  қалыпқа  салынып  өзгертіледі.  Адам  күнделікті  тіршілігінен  алыс 
дүниелерді  зерттеп,  саралап  отыруға  мүмкіндігі  жоқ.  Ол  жаңалық  тыңдауға  тек 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
61 
белгілі  бір  уақыт  көлемін  арнап,  айтылып  жатқан  дүниелерді  логикалық  емес, 
ассоциациялық  ойлаумен  қабылдайды.  Ал  сөзбен  жасалып  жатқан  бағындыру 
процесін байқамай қалады [3]. 
Өткен  ғасырдың  20-30  жылдары  саяси  науқандар  жүргізу  барысында 
зерттеушілер  БАҚ-ын  адамдарды  мобилизациялауға  пайдалана  алатындарын 
байқады.  Уақыт  өте  келе  бұл  көзқарастар  негізсіз  деп  табылды  да,  оның  орнына 
жанама  әсер  беру  жайында  теория  қалыптасты.  40-50  жылдары  К.  Ховланд 
басқарған  Йель  Университетінің  зерттеушілері  бұқаралық  ақпарат  құралдары 
адамдарға  дифференциалды  («психодинамикалық  модель»)  әсер  ететінін  айтты. 
Адамдардың өзіне ғана тән қасиеттері болатынын ескеріп, әр адамның ақпаратты әр 
түрлі  қабылдайтынын  білді.  Эмпирикалық  зерттеу  әдістері  түрлі  қасиеттері  бар 
адамдарды жеке жеке ақпаратты қалай қабылдайтынына қарай зерттеді [4]. 
Колумбия  Университетінің  зерттеушілері  БАҚ  зерттеуде  маңызды  болатын 
негізгі 2 тенденцияны белгіледі: 
-  Бұқаралық  ақпарат  құралдары  негізгі  ақпарат  көзі  емес  (зерттеушілер  саяси 
ақпараттың қабылдануын бақылады); 
- Радио, газет т.б. ақпараттары  көп жағдайда алдымен пікір көшбасшыларына 
барып,  содан  кейін  ғана  белсенді  топ  мүшелеріне  жетеді  екен.  Сол  топ  қоғам 
пікірінің генераторы болады. 
Бұл  авторлар  еңбектерімен  таныса  отырып,  пікір  қалыптастырушы  орталық 
ретінде БАҚ емес, индивидті қоршаған адамдар қатары екендігін түйдік. Индивидтер 
бір-бірімен үнемі байланыста болған соң БАҚ тарататын ақпарат әлеуметтік сүзгіден 
өтетіні белгілі болды [5]. 
Дж.  Клаппердің  пайымдауынша,  БАҚ  индивидтің  қалыптасқан  пікірін 
негіздегені  болмаса,  жаңа  пікір  қалыптастыруда  немесе  өзгертуде  еш  әсер  етпейді. 
Аудитория  БАҚ  беріп  жатқан  ақпаратты  сынсыз  қабылдайтын  екі  жағдай  болады 
екен: 
-  Белгілі  бір  топтың  қалыптасқан  пікірі  ұсынылмаса,  индивид  айтылған 
ақпаратты қалыптасқан әдеті бойынша еш әсерсіз қабылдайды; 
-  Көпшілік  білдірген  пікір  индивидтің  қазығы  болып  қағылып  тұрған 
ұстанымын  бұзып,  «бейжай  жағдайда»  тұрғандықтан  стереотиптік  пікірді 
қабылдауына тура келеді. 
Дж.  Клаппердің  айтуынша,  БАҚ  адамға  айтарлықтай  әсер  етуі  үшін 
қалыптасқан стереотипті қолдап, оны негізге алып, соңынан контексте жаңа ақпарат 
беріледі.  Адам  психикасының  қорғаушы  механизмдері  ақпаратты  қабылдау  кезінде 
жаңалық ағымынан индивидтің бұрын қалыптасқан пікірін қабылдайды. Яғни БАҚ-
ның  пікір  қалыптастыруда  мүмкіндігі  шектеулі.  Көп  жағдайда  қалыптасқан  пікір 
жаңа  әлеуметтік  өзгерістерге  және  әлеуметтік  объектілерге  байланыстырылып 
айтылады [6]. 
Өткен  ғасырдың  50-60  жылдарының  соңына  қарай  БАҚ  және  аудитория 
арасындағы  ықпалдастыққа  қатысты  мүлдем  өзгеше  тенденциялар  қалыптасты.  Ол 
ғылыми  зерттеулерлердің  дамуымен  емес,  БАҚ-ның  трансформациясына 
байланысты  болды.  Ол  медиа  коммерциализация  болатын.  Оны  БАҚ  зерттеуіндегі 
екінші  кезең  десек  те  болады.  АҚШ,  бірқатар  Еуропа  елдеріндегі  масс-медианың 
жарнама  есебінен  қаржыландырылуы  БАҚ-ның  әлеуметтік  институт  деген    ретінде 
жұмыс жасап келе жатқан мәртебесіне өзгеріс енгізді. 
Белсенді  емес  көрерменнен  БАҚ  аудиториясы  бұқаралық  ақпарат  құралдары 
жарнама берушілерге ұсынылатын тауарға айналды. Медиа аудиторияны танып білу, 
оны  үнемі  зерттеп  отыру  медиа  индустрияның  қарыштап  дамуына  әкелді.  БАҚ 
беретін  ақпарат  аудиторияға  әсер  етуші  күш  ретінде  ғана  емес,  аудитория  қатарын 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
62 
арттырушы,  көрерменді  қызықтырушы  рөлін  атқара  бастады.  Аудитория  медиаға 
әсер ете бастады. Егер БАҚ жарнама берушімен аудитория негізінде есеп айырысса, 
аудитория  есесіне  таптырмайтын  ресурс  –  өзінің  бос  уақытын  сарп  етеді.  Барлық 
масс-медиа аудиторияның бос уақытына мұқтаж [7]. 
Егер  телевизия  –  аудитория  жинайтын  ойын-сауықтық  арна  болса,  газет-
журналдар  аудиторияның  ақпараттық  сұранысына  жауап  беретін  жаңалықтар, 
пікірталас мен талдаулар ұсынатын негізгі көзге айналды. Телевизия шұғыл ақпарат 
беруде таптырмас құрал болса, газеттердің сол ақпаратты талдауда орны ерекше. 
70-ші жылдардың ортасында Болл-Рокичем және ДеФлюр есімді зерттеушілер 
бұқаралық  коммуникация  жүзеге  асуына  қатысты  жаңа  көзқарас  білдірді:  адамдар 
тұрақсыздық,  келіспеушілік  пен  өзгерістер  кезеңінде  бұқаралық  ақпарат 
құралдарына тәуелді болады. Ондай уақытта БАҚ өзінің негізгі міндеттерінің бірі – 
ақпараттандыра  алады.  Төтенше  жағдайларда  адамдардың  ақпаратты  сыни 
қабылдап,  талдау  қасиеттері  төмендейді.  Бұл  жағдайда  барлық  ақпарат  құралдары 
«жау іздеп», ұпай жинайды. Жаңалықтарын сенсацияға айналдырады. 
БАҚ  нарығының  өсуі,  аудитория  санын  өсіру  қажеттілігі  масс-медианы 
бірқатар  зерттеу  жұмыстарын  жүргізуге  итермеледі:  аудиторияның  әлеуметтік-
демографиялық,  мәдени  қасиеттері,  қажеттіліктері  мен  масс-медианы  оқуға, 
тыңдауға  немесе  көруге  ынталандыратын  себептері    сараланды.  Түрлі 
қызығушылықтың  бары  анықталып,  түрлі  тақырыпта,  түрлі  бағытта  ақпарат 
тарататын  медиалар  пайда  болды.  Бірақ  БАҚ  жарнама  негізінде  өмір  сүретін 
болғандықтан олар өзара аудиторияға күресін жүргізді [8]. 
Сұлтан  Оразалин  өзінің  бір  сұхбатында  айтқаны  бар:  «...Телевизия 
туындыларын  үнемi  бақылап,  сын  тезiне  салып  отыратын  маманданған  сыншылар 
жоқ.  Бiрақ  соңғы  жылдары  зерттеу  еңбектерiмен  айналысып  жүрген  ғалымдар  бар. 
Олар телевизияның тарихы мен теориясын пайымдап, бүгiнгi даму бағыты туралы да 
пiкiрлерiн ара-тұра бiлдiрiп отырады. 
Естуiмше,  жоғарғы  оқу  орындарында  телевизия  мен  радио  туындыларынан 
қорғаған  ғылым  кандидаттары  бар  көрiнедi,  бiрақ  олардың  бiрде-бiр  мақаласын 
көрген  емеспiн.  Телевизияның  тарихы  мен  өткен  елу  жылдағы  экранға  шыққан 
хабарларын  талдап,  көлемдi  еңбек  жазған  филология  ғылымының  докторы 
Құдайберген  Тұрсыновты  ерекше  атау  керек.  Ол  соңғы  жылдары  бiрнеше  кiтап 
шығарды.  Солардың  iшiнде  «Қазақ  теледидары:  тарих  пен  тағлым»,  «Қазақ 
тележурналистикасы: қалыптасу, даму проблемалары» атты еңбектерi – әзiрге қазақ 
телевизиясын жан-жақты зерттеген бiрден-бiр еңбектер. Ал «Қазақ телевизиясы» ат-
ты  көп  томдық  энциклопедиялық  ауқымдағы  еңбегi  осы  жаңа  өнер  саласындағы 
айтылмай жатқан кем-кетiктi толтыра ма деген үмiт бар. 
Өздерiнiң  шығармашылық  жолын  негiзге  ала  отырып  көгiлдiр  экранның 
көптеген мәселелерiн  көтерген  Ғ.  Шалахметовтiң  «Мир  приносит  счастье»,  Махат 
Садықтың  «Деректi  фильмнен  үлкен  киноға  дейiн»,  Серiк  Аббас-Шахтың  «Өзiм 
және  телевизия  туралы...»,  т.б.  кiтаптары  жұртқа  берерi  мол  туындылар.  Бұл 
кiтаптардың  шығуы  көгiлдiр  экрандағы  iзденiстердiң  текке  кетпейтiнiн 
айқындайды». 
Халықтың 
күнделікті 
тұрмыс-тіршілігіне 
дендеп 
енген 
ақпараттық 
технологиялар  мен  жылдамдығы  күннен  күнге  үдеп  бара  жатқан  ақпарат  алмасу 
процессінде  ақпарат  нарығындағы  тұтынушы  мен  өндіруші  арасында  тығыз 
байланыс  пайда  болып,  тұтынушы  өндірушілерден  анағұрлым  сапалы  өнім  талап 
етеді. Айтып отырғанымыз – телевизия контенті. 
Ақпараттық  контенттің  құрамдас  бөлігі  бола  тұра  телевизиялық  контент 
халықтың  әлеуметтік-экономикалық  өміріне  еніп,  олардың  қоршаған  ортаға, 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
63 
мәдениет,  сауаттылық  деңгейіне  көзқарасын  қалыптастыруда.  Сол  себепті 
экономикалық  ұйымдастыру  жақтарын  және  телевизиялық  контент  сапасының 
қызметін арттыыру мақсатында жүйелі түрде басқару өзекті мәселеге айналып отыр. 
Ақпараттық  қоғам  қалыптасып  жатқан  уақытта  тұтынушы  рөлі  түбегейлі  өзгеріске 
ұшырап,  жай  ғана  пассивті  теледидар  көрерменінен  ақпараттық  өнімді,  олардың 
қатарына  телевизиялық  контентті,  өндіру  мен  тұтыну  сияқты  үлкен  процесстердің 
белсенді қатысушысына, мүшесіне айналып отыр. 
Контент  тұтынушылары  үнемі  қызметтің  сапасына,  ақпараттың  қанықтығына 
және онда технологиялық мүмкіндіктердің қаншалықты пайдаланылғанын бақылап, 
жоғары  талаптар  қойып  отырады.  Сол  арада  үдерістің  нарықтық  жағдайындағы 
экономикалық  теориясында  көпке  тарайтын  «контент»  сияқты  ерекше  өнімді 
ұсынушы  мен  тұтынушы  арасындағы  экономикалық  ықпалдастығы  назардан  тыс 
қалып отыр. 
Контент  индустриясының  баяу  дамуына,  қызмет  сапасының  төмендігі, 
жарнама  айтарлықтай  үлкен  рөл  ойнайтын  телевизиялық  контент  мазмұнының 
тұтынушылардың  көңілінен  шықпай  жатқандығына  бірнеше  себеп  бар.  Ол  – 
өндіруші-тұтынушы  жүйесінің  арасынағы  тығыз  байланыстың  үзілуі,  телевизиялық 
контентті  басқару  жүйесінде  кері  байланыстың  болмауы,  телевизиялық  контент 
қызметін  ұсыну  нарығына  қатысушылардың  арасындағы  экономикалық  баланстың 
жоқтығы. 
БАҚ-ның  коммерциализациясының  күшее  түсуі  телевизиялық  контент 
құрылымында  жарнама  үлесінің  өсуіне  әкелді.  Соның  салдарынан  телемәзірдің 
бірсарындылығы, телевизияны қаржылай пайда әкелетін құрал ретінде қарастырып, 
бизнесс-процесстерге  көп  мән  беріледі,  бірақ  қызмет  сапасы  мен  тұтынушы  нені 
қалайтыны  ескерілмей  келді.  Сондықтан  бүгінде  телевизиялық  контент  қызметін 
басқару  проблемаларын  телекөрермен  пікірімен  санаса  отырып,  телевизиялық 
контент қызметін көрсету саласындағы нарық қатысушылары арасындағы нарықтық 
принциптерге  қатысты  келіспеушіліктерін  шұғыл  түрде  әдістемелік  және 
практикалық жолмен шешу керек болып отыр. 
 
Әдебиеттер 
1 McQuail D. McQuail's Mass Communication Theory. – London: Sage, 2000. – p. 
7. 
2  Braddock  R.  An  Extension  of  the  «Lasswell  Formula»  //  Journal  of 
Communicanion, 8, 1958. – pp. 88-93. 
3 Walter Lippman. Public opinion. – New York: The Macmillan company, 1945. 
4 Hovland C.I., Janis I.I., Kelly H.H. Communication and Persuasion: Psychological 
Studies of Opinion Change, New Haven, 1953. 
5 Lazarsfeld P., Katz E. Personal Influence: The Part played by People in the Flow of 
Mass Communication. – New York: Free Press, 1955. 
6 Крылов И.В. Маркетинг. – М., Центр, 1998. – С. 102-173. 
7  Америкалық  ғалымдар  зерттеулерінің  тұжырымдары  мына  кітаптарда 
ұсынылған:  Дьяков Е.Г., Трахтенберг А.Д. И все подумали хором.  – Екатеринбург, 
1999.  –  С.  5-7;  Назаров  М.М.  Массовая  коммуникация  в  современном  мире.  –  М.: 
УРСС, 1999. – С. 90-93. 
8  Назаров  М.М.  Массовая  коммуникация  в  современном  мире.  –  М.:  УРСС, 
1999. – С.93-94. 
9 Trasey D. Attitudes in Communication Research. – L., 1977. 
 
 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
64 
ОРАЛОВ Данияр Амантаевич, 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 
Телерадиожурналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының 
2 курс магистранты, Астана қаласы, Қазақстан Республикасы 
 
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АРНАЛАР КОНТЕНТІНІҢ САПАСЫН АРТТЫРУДАҒЫ 
ТӘУЕЛСІЗ ТЕЛЕСТУДИЯЛАРДЫҢ РӨЛІ 
 
Дүйім  дүниеде  не  көп,  телеарна  көп.  Әрбір  каналда  көріп  тамашалайтын 
бағдарлама  көп.  Жарнама  нарығы  аса  ауқымды  АҚШ  пен  қарт  құрлық  елдерінде 
интернет  арқылы  хабар  тарататын  арналар  да  артып  келеді.  Себебі,  телевизия  тек 
ақпарат  тарату  құралы  ғана  емес,  алдымен  ол  бизнес.  Ал  бизнестің  қарапайым 
қағидаты  белгілі  –  ешқашан  шығынға  батпай,  пайда  табу.  Сондықтан  абоненттік 
төлемдерді  місе  тұтпайтын  телеарналар  жарнама  нарығы  үшін  күрес  жүргізеді. 
Көрермен көзайымына айналуға ұмтылады. 
Алайда,  ол  –  санаулы  телеарнаға  ғана  бұйырған  бақыт.  Неге  десеңіз,  сапалы 
бағдарламалар сатып алуға көп қаржы қажет немесе өз ісінің нағыз білгір мамандары 
болуы тиіс. 
Ақпарат  айдынындағы  кез-келген  арна  шыдас  бере  алмайтын  бәсекелестікте 
тұрған қазақстандық телевизия рөлін арттыру  және модернизациялау үшін не  істеу 
керек?  Қандай  факторларға  аса  мән  беру  қажет?  Жеке  телестудиялар  жұмысының 
менеджментін қалай ұйымдастыру керек? 
J’son  &  Partners  Consulting  компаниясы  сарапшыларының  айтуы  бойынша, 
қазақстандық  арналардан  көрсетілетін  телематериалдарды  жанрға  бөліп  қарайтын 
болсақ,  басым  бөлігін  «Телехикаялар»,  «Ойын-сауықтық  бағдарламалар»  және 
«Көркем фильмдер» алады. Сәйкесінше алатын пайыздық мөлшері мынадай  – 39%, 
12% және 11%. 
Зерттеу  жұмысында  J’son  &  Partners  Consulting  компаниясы  жасаған 
ақпараттық графикалар қатары ұсынылған. 
 
  
Бүгінде  Қазақстан  телевизиялық  хабар  тарату  нарығында  ұлттық  контент 
басым.  Бұл  тенденция  соңғы  бірнеше  жылдан  бері  өзгермей  келеді.  2013  жылы  ірі 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
65 
телевизиялық  арналардағы  ұлттық  контент  көлемі  53%  көрсетті.  Ұлттық  деп 
тұрғанымыз, 
Қазақстан 
Республикасының 
аумағында 
және 
Қазақстан 
Республикасының қатысуымен жасалған контент. 
 
Шет елдік контентті эфирге қосу мәселесінде үш телеарна ерекше белсенділік 
танытып  отыр:  «31  арна»  (69,5%),  «Астана  ТВ»  (68,4%)  және  «Бірінші  арна. 
Еуразия»  (65%).  Олар  телекөрермендерге  шет  ел  көркем  фильмдері  мен 
телехикаяларын ұсынуда ерекшеленіп тұр. 
Айта кету керек, «Бірінші арна. Еуразия» арнасы «Дүниежүзілік желі «Первый 
канал» арнасының» сублицензиары (акцияның шамамен 20% «Первый канал» ААҚ 
тиесілі),  ал  «31  арна»  «Сеть  телевизионных  станций»  компаниясының 
сублицензиары (акцияның шамамен 20% СТС Медиа компаниясына тиесілі). 
«Қазақстан»  арнасынан  шығатын  шет  елдік  өнім  мөлшері  барлық  эфир 
құрамының 13% алады, оның өзі тек телехикаялар ғана. Шет елдік телеөнімнен гөрі 
ұлттық  контенттің  басымдығы  арнаның  ұлттық  болуымен  тікелей  байланысты. 
Эфирде  ұлттық  контент  көлемінің  басымдығымен  «Қазақстан»  арнасынан  кейін 
екінші  орынға  «Хабар»  (72,3%)  шығып  отыр,  үшінші  орын  –  «Жетінші  арнада» 
(60,7%). 
Қазақстандық  телеарналардың  эфирінде  түрлі  контент  ұсынылған:  түрлі  ТВ- 
және  Ток-шоудан  бастап  танымдық,  деректі  фильмдерге  дейін  барлығы  да  бар. 
Контент тақырыбы телеарна форматына, белгілі бір аудитория санатына байланысты 
келеді. 
«НТК»  арнасы  ойын-сауықтық  бағдарламаларға  негізделгендіктен,  эфирінің 
44% сол ойын-сауық бағдарламалары және 33% – телехикаялар алады. 
Қалған телеарналар – «Бірінші арна. Еуразия», «НТК», «Астана ТВ» және «31 
канал»  өздерін  жан-жақты  теларна  деп  жариялап,  «НТК»  арнасына  қарағанда 
көрермендерге түрлі бағыттағы контент ұсынады. 
Барлық арналар ойын-сауық бағдрламалар, шоу (Скетч-шоу, ТВ-шоу, Ток-шоу, 
Реалити-шоу, т.б.) және көркем фильмдер мен телехикаялар ұсынады. 
Жаңалықтар «НТК» мен «7 арнадан» басқаларының барлығында бар. 
Басқа  да  түрлі  тақырыптарға  арналған  бағдарламалар  көлемі,  мысалы, 
аспаздық,  медицина,  музыка,  спорт,  теледүкен  секілді  контентті  қамту  көрсеткіші 
төмен. 
J’son & Partners Consulting мәліметтеріне сүйенсек, телекөрермені көп арналар 
тізіміне  үш  арна  енді:  «Бірінші  арна.  Еуразия»,  «КТК»  және  «31  арна».  Көпшілік 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
66 
қарайтын  бағдарламалар  «Бірінші  арна.  Еуразия»  және  «КТК»  арналарының 
эфирінен шығады. 
Қазақстан телевизиялық нарығы қарқынды дамып келе жатқандықтан J’son & 
Partners  Consulting  компаниясы  сарапшыларының  болжамы  бойынша,  2013  жылы 
нарық көлемі 164 миллион АҚШ долларына жетті [1]. 
 
Осы  тұста  қазақстандық  арналар  неге  толықтай  өз  ұлттық  өнімдерін  ғана 
көрсетпейді  деген  орынды  сұрақ  тууы  мүмкін.  Жауабы  айдан  анық,  біздің  нарық 
сапалы дүние ұсына алмаған уақытта шет ел өнімі сол бос орынға қуана тұра қояды. 
Бірақ ол да уақыт еншісінде. Сарапшылар мәліметтері көрсетіп отырғандай, жылдан 
жылға  ұлттық  контент  көлемі  өсіп  келеді.  Және  ол  тенденцияның  баяуламайтыны 
анық.  Бүгінде  ол  мәселені  шешу  жолдары  аз  емес.  Мысалы,  заң  бойынша, 
қазақстандық  контент  басым  болуы  керек  деген  талапты  орындауда  белгілі  бір 
жобаға тек қазақстандықтар ғана жұмыла алады деген сөз емес. Тапсырыс беріп, кез-
келген елден мамандар қызметіне жүгінуге болады. Мәселен, Украина азаматтарын 
Астанаға  шақыртсақ,  ол  қазақстандықтарға  қарағанда  жұмысты  әлдеқайда 
арзанырақ, жоғары сапада жасап бере алады. 
Қазақстанда  ондай  мамандар  бар,  бірақ  барлық  арна  телебағдарламаларын 
жоғары  деңгейде  жасау  үшін  олар  жеткіліксіз.  Телевизиялық  мамандарға  сұраныс 
артқандықтан,  күн  санап  түрлі  продакшн-студиялар,  медиа  компаниялар,  ТВ 
агенттіктер  сияқты  жеке  студиялар  саны  артып  келеді.  Бірақ  қолына  камера 
ұстағанына  шамалы  ғана  болған  адамдар  ашқан  студиялардың  жұмысы  көңіл 
көншітпейді.  Соған  қарамастан,  эфирге  шығып  кетіп  жатыр.  Бірақ  бұл  үлкен 
проблема да көп ұзамай шешімін табады деген үміт бар. Бәсеке артқан сайын, кімнің 
кім  екендігі  белгілі  болады.  Себебі  эфирден  шығатын  дүниелер  сапасына  қатысты 
бар  жауапкершілік  көп  ұзамай  жеке  студияларға  тапсырылады.  Әлемдік  тәжірибе 
көрсеткендей,  телеарналардың  өздері  бағдарламалар  жасамайды.  Олар  тек  жеке 
студиялар контентін эфирге шығарумен айналысады. 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
67 
Қарап 
отырсақ, 
телевизия 
контентінің 
сапасын 
арттыруға 
басты 
қажеттіліктердің  бәрі  бар.  Тек  тың  идея  жетіспейді  ме  дейсіз.  Жоғары  деңгейдегі 
хабар  тарату  сигналы  бар,  журналист  мамандарын  даярлайтын  отызға  жуық 
факультет,  бес  жүзге  тарта  теларналар  мен  жеке  студиялар  бар.  Бұның  барлығы 
үлкен  жетістік.  Сол  арада  жеке  студиялар  ұғымын  «жас»  деп  қарап,  олардың 
ұсынған телеөнімдері сапасының төмендігіне көз жұмуға болмайды. 
 
Тарих беттерін ақтарсақ, 1958 жылы 8 наурыз Алматы телестудиясы эфирде өз 
жұмысын  бастады.  Дикторлар  көрермендерді  екі  тілде  Қазақ  теледидарының 
алғашқы  беташар  қадамымен  құттықтады.  Соңынан  «Үкімет  мүшесі»  атты  көркем 
фильм көрсетілді. Сол кезеңде Алматыда 4000, ал облыстарда 1007 телевизор болды 
[2]. 
1958  жылғы  қарашада  Алматы  телестудиясының  жанынан  кинотүсіру  тобы 
құрылып,  осының  көмегімен  тұңғыш  рет  ірі  «Бір  ауданда»  киноочеркі  түсірілді. 
Киноочерк Мәскеуде өткен Қазақ КСР-інің әдебиеті мен мәдениеті күндері Орталық 
теледидар  арқылы  көрсетілді.  Декада  күндері  көрермендерге  Ж.  Жұмақановтың 
«Қоныстанушылар» телеқойылымы мен Е. Брусиловскийдің «Дударай» операсының 
телевизиялық нұсқасы ұсынылды [3]. 
Сол  жылдары  жеке  студиялар  (бүгінде  аутсорсинг)  жұмысы  қолға  алына 
бастағанын көріп отырмыз. Ол уақыт талабы ретінде емес, табиғи қажеттілік болып 
есептелген.  Аутсорсинг  ұғымы  болмағанымен,  жұмыс  принципі  қолданылатын. 
Соңғы  жылдары  бизнес  ортада  кеңінен  пайдаланылып  келе  жатқан  бұл  сөз 
(ағылшынша,  outsourcing:  (outer-source-using)  –  сыртқы  ресурстарды,  көздерді 
қолдану)  –  ақыл  мен  сыртқы  ресурстарды  (материалдық,  еңбек,  интеллектуалдық) 
ұйымдарда,  бизнес  компанияларда  қолдану  деген  мағына  береді  [4].  Бизнес 
үрдістерде аутсорсингтік қызметтің қолданылуы басқа да қызмет көрсету түрлерінің 
мүмкіндігін  арттырады.  1970  жылы  атақты  маркетолог  Филипп  Котлердің: 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
68 
«Тапсырысыңызды кім арзан және қарапайым жасай алса, ісіңізді соған жүктеңіз», - 
деген  сөзі  аутсорсингтік  қызметтің  қазіргі  кездегі  мағынасын  анық  ашып  тұр.  Бұл 
ұғым алғашқыда өндірісте, заң саласында, кейіннен кәсіпкерлік салада да қолданыла 
бастады. Бұрын батыстың ірі өндірушілері өзінің техникаларын, киімдерін және т.б. 
тауарларын жұмыс күші арзан елдерге аудару арқылы өздерінің стратегиялық және 
инновациялық мәселелерін шешетін болған. Ал, қазіргі таңда тек батыс елдері ғана 
емес, әлемнің бірқатар елі бұл тиімді қызметті кеңінен пайдалана бастады [5]. 
Аутсорсинг  қызметінің  мәні  –  тапсырыс  берушінің  қызметін  кәсіпорынға  өзі 
жасағаннан гөрі арзан, әрі сапасы жоғары болатындай орындау. 
Алғаш  рет  аутсторсинг  қызметі  1962  жылы  тәжірибеге  ене  бастады.  «General 
Motors»  атты  ірі  фирманың  үлкен  ЭВМ-дерін  шағын  EDS  деп  аталатын  мекеме 
ақпараттық  көмек  көрсетіп,  соның  есебінен  түнгі  уақытта  ғимаратын  жалға  алып 
отырған.  Ірі  компания  келіп  жатқан  пайданы  ескеріп,  аутсорсинг  ұғымының  пайда 
болуына  негіз  болды.  Сол  кезден  бастап,  «General  Motors»  фирмасының  басшысы 
Росс Перро бұл ірі бизнестің бастауы екендігін түсінді. 
Ал, 1990 жылдары аутсорсинг қызметі бизнестің барлық салаларын жан-жақты 
қамти  бастады.  «Yankelovich  Partners»  компаниясы  әлемнің  14  еліндегі  304  ең  ірі 
компаниялардың  арасында  зерттеу  жұмысын  жүргізеді.  Сонда  барлық 
компаниялардың 63%-ы өзінің бір немесе бірнеше қосымша маманданбаған саласын 
мердігерлердің  басқаруына  беретіндігі  дәлелденген.  Ал,  аутсорсингтік  қызметтерді 
пайдаланатын  компаниялардың  84%-ы  аутсорсингтің  пайдалы  қызмет  екенін 
мойындаған. 
Аутсорсинг  қазіргі  таңдағы  ең  кең  таралған  бизнестің  бір  түрі.  Ол  Қазақстан 
телевизиясының  да  ажырамас  бөлігіне  айналды.  Ірі  мемлекеттік  телеарналар  тек 
эфирге  шығарушы  рөлін  атқарып,  қалған  бағдарламалар  жасау  сияқты  негізгі  ТВ 
жұмысын жеке тәуелсіз телестудияларға артып отыр. Алайда тапсырыс берушілер өз 
жұмыстарын  жүргізуде  қазақстандық  аутсорсингтік  компанияларға  емес,  шетелдік 
қызметті  пайдаланғанды  жөн  көреді.  Ал,  қазақстандық  аутсорсерлер  болса,  маман 
құрамының  нашарлығынан  зиян  шегуде.  Сондықтан,  шетелдік  және  ресейлік 
аутсорсингтік  компаниялар  деңгейіне  жету  үшін  де  біраз  ауқымды  ізденістер  мен 
жігерлік таныту керек. 
Қазақстандағы жеке ТВ-студиялардың негізгі кемшіліктері мыналар: 
-  аутсорсинг  –  мәселені  шешудің  кешенді  түрі.  Бұл  жағынан  келгенде, 
қазақстандық  аутсорсерлер  тек  бір  жақты  ғана  жұмыс  жасаушы  болып  келеді. 
Сондықтан  жүйелі  ұйымдастырылған  ізденіс  қана  мәселені  шешуге  өзінің  оң 
ықпалын тигізе алады; 
- қазақстандық мамандар біліктілігінің төмен деңгейі; 
- тапсырыс берушілердің отандық аутсорсерлерге сенімсіздікпен қарауы; 
-  аутсорсер  компаниялар  өзіне  клиенттерді  бағаны  төмендету  арқылы  тартуға 
тырысады,  ал,  қызмет  сапасы  бағамен  бірге  төмендей  береді.  Нарықты  бағаны 
төмендету  арқылы  емес,  сапаны  арттыру  арқылы  ғана  аутсорсингтік  қызмет 
дәрежесі өсе түсуі тиіс; 
-  мемлекет  тарапынан  аутсорсингтік  инфрақұрылымды  дамытуға  бюджеттен 
қаржының бөлінбеуі [6]. 
Мемлекеттік телеарналар да, коммерциялық ірі телеарналар да бүгінде сапалы 
контент  қалыптастыру  мақсатында  телевизиялық  аутсорсинг  компаниялар  көмегіне 
жүгінеді. Бірақ жеке студиялардың ұсынып жатқан бағдарламаларының сапасы арна 
басшылығы  ойлағандай,  барлық  көрерменнің  көңілінен  шыға  бермейді.  Мәселен, 
«Қазақ  үні»  газетінде  2015  жылдың  ақпанында  аутсорсинг  компанияларының 
жұмысына  қатысты  тілші  өз  пікірін  білдірген  «Мемтапсырыстан  кем  емес... 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
69 
«аутсорсинг»  деген  «аусыл»  бар...»  атты  мақала  жарық  көрді:  «Емен  есіктерді 
«Есентаевалардың  теуіп  кіретіні»  соның  арқасы…»,  -  дейді.  Ол  да  арналардағы 
бюджеттің ақшасын бөтен компанияларға тапсырыс бойынша беруге арналған әдіс. 
Мұнда да миллиардтар айналымға түседі. 
Бір  айырмашылығы  –  аутсорсингке  бағдарлама  берілерде  ешқандай  тендер 
өткізілмейді. Телеарнаның өз ішіндегі  «көркемдік кеңес» осы мәселеге байланысты 
шешім  шығаруы  тиіс.  Ал,  «көркемдік  кеңестердің»  көз  бояу  үшін  құрыла  салған 
«қуыршақ» екендігін, кімге, қанша қаржыға бағдарлама беру керек екендігін бірінші 
басшының  айналасындағы  ат  төбеліндей  ғана  топтың  шешетіндігі  қазір  ешкімге 
құпия  емес.  Нәтижесінде,  соңғы  үш-төрт  жылда  бюджет  қаржысының  арқасында 
Форбсқа  кірмесе  де,  қалтасы  қалың  шоу-бизнес  өкілдерінің  тізімін  бастаған 
мықтылар пайда болды. Қымбат бағдарлама да солардікі, ақшасы көп ұзақ сериалдар 
да  солардікі.  Қарапайым  журналистер  кіре  алмайтын  есікті  «Есентаевалар  теуіп 
кіретін»  заман  туды.  Олардың  жасаған  жұмысының  сапасын  қарап,  қайтарып 
жіберіп, қайта жасатып немесе бюджеттің есіл ақшасын орнына қойып жатқандарды 
және байқамадық», - деп жазылыпты [9]. 
Мақала  тілшінің  жеке  көзқарасымен  жазылған.  Аутсорсинг  компанияның 
үлкен  телеарна  үшін  қаншалықты  тиімді  екендігін  сараламаған  болса  керек.  Айта 
кету 
керек, 
бүгінде 
арналардағы 
аутсорсинг 
компаниялар 
ұсынған 
бағдарламаларының үлесі 20 пайыздан аспайды. Қалған 80 пайызы – арналардың өз 
қызметкерлерінің  өнімі.  Арна  тілшілеріне  сапалы,  рейтингті  бағдарлама  жасауға 
шектеу қойылмайды. Қайта қуана қарсы алады. 
Аутсорсинг  компаниялардың  кез  келген  өнімінің  қабылдана  бермейтіні 
түсінікті  жағдай.  Сапалы,  дәрежесі  жоғары  дегендерін  ғана  алады.  Дегенмен  
олардың да көрермен сынына ұшырамауы екіталай. Тарихқа көз жүгіртейік. 
Демократиялық  дәстүрді  дәріптеген  Маргарет  Тэтчер,  ВВС-дің  қоғамдық 
телевизия ретінде халықтың ақшасынан күн көріп отырғанын алға тартып, ВВС-дің 
әр  тәуліктегі  уақытының  25  пайызын,  яғни,  ширек  бөлігін  қоғамдық  студияларға 
алып  берді.  Қазір  бізде  де  көптеген  студиялар  дайындаған  деректі  сериалдарын 
мүйізі қарағайдай телеарналардың бағдарламаларына орналастыра алмай жүргендей 
жағдаяты,  сол  тұста  Ұлыбританияда  да  кездескеніне  күмән  жоқ.  Ал,  ВВС-дің  әр 
сағатының бюджеті қанша фунт-стерлинг тұратынын ескерсек, қоғамдық студиялар 
бір  күнде  ВВС-дің  бағдарлама  кестесінен  орын  алып  қана  қоймай,  қомақты 
бюджетін  де  қамтып  қалу  мүмкіндігіне  ие  болғанын  ескеру  керек.  Оның  нәтижесі 
көп  күттірмеді.  Қуатты  қаражат  ақыл-ойды  алға  сүйреп,  соның  арқасында 
миллиондаған  телекөрермен  теледидардың  алдында  телмірді.  ВВС-де  бәсекелестік 
күшейді.  Креативтік  (ерекше  ұсыныстары  бар)  студиялар  мен  продюсерлер  ашық 
жарыстағы әділ бәсекелестік майданына шықты. Ақыры олар Ұлыбритания аралына 
сыймай,  төрткүл  дүниенің  сан  қиырын  шарлап,  көрермендерді  таң  қалдырар 
таңғажайып туындыларын өмірге әкеліп, талантты шығармалардың тұсауын кесті. 
Әлемдік  тәжірибеден  үлгі  алып,  Қазақстан  да  телеиндустрияға  белсене 
кіріскен.  2015  жылдың  маусым  айындағы  санақ  агенттігінің  мәліметтері  бойынша 
елімізде 17 республикаға тарайтын арна бар. Олардың 8-і мемлекеттік арналар. Оған 
коммерциялық  арналар  мен  жеке  продакшн-студияларды,  жеке  телевизиялық 
студиялар  мен  медиа  корпорацияларды  қосыңыз.  Ұзын  саны  500-ден  асып  түсетіні 
белгілі.  Нақты  санын  айту  мүмкін  емес.  Себебі  Қазақстан  Республикасы 
Инвестициялар  және  даму  министрлігінің  Байланыс,  ақпараттандыру  және  ақпарат 
комитеті  тек  республикалық  және  мемлекеттік  арналар  есебін  ғана  жүргізіп, 
жекеменшік телекомпанияларды қадағаламайтын көрінеді. 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
70 
Бүгінде  «Астана»  телеарнасының  тізгінін  ұстап  отырған  танымал 
тележүргізуші Ләззат Танысбайдың айтуынша, шамамен 7-8 жыл бұрын ғана кеңінен 
пайда бола бастаған жеке студиялар жұмысына артылып отырған жүк ауыр. Сапалы, 
әрі  заманауи  форматта  түсірілетін  телетуындылар  аса  көп  емес.  Солардың  санын 
арттыру керек. Бірақ барлығы ақшаға тіреледі дейді. 
Сапалы  телевизиялық  өндіріс  –  қомақты  қаражатты  қажет  етеді.  Олар  болса, 
ішкі жарнама нарығында жоқтың қасы. Әлемдік брендке айналған компаниялар үшін 
біздің  көрермендер  аудиториясының  саны  аздық  етеді.  Қазақстандық  жарнама 
нарығы шектеулі. 2012 жылғы ақпарат бойынша, жарнамадан түскен қаражат көлемі 
–  152  млн.  доллар  болды.  Ресейлік  телеарналар  болса,  сол  жылы  жарнаманың 
арқасында шамамен 5,5 млрд. доллар табыс тауыпты. Сол арада жарнама нарығының 
жыртысын бірге жыртып, ОРТ  «Евразия» арнасы тұр. Ол шамамен жарнаманың 30 
пайызын  өзіне  алады.  Ресейдің  «Первый  каналын»  ретрансляция  жасайтын  арна. 
Сөйте тұра өз тележобаларын өте аз ұсынады. Оның сыртында кабельді арналар да 
бар емес пе? 
Ешқандай  бағдарлама  жасамаса  да,  жарнамадан  түсетін  қаржының  басым 
бөлігін қалтасына басып отыр. 
Сондықтан  дәл  қазіргі  уақытта  өз  жобаларын  сәтті  жүзеге  асырып,  жақсы 
бағдарламалар  түсіру  жұмысын  тек  жалпыұлттық  телеарналар  ғана  көтере  алады. 
Себебі олардың тұрақты бюджеті бар. Және көрермен аудиториясының 10 пайызын 
өзіне  қарата  алған  2-3  жекеменшік  телеарнаның  қалтасы  көтере  алатын  шығар.  Өз 
өнімдері жоқ ол арналар өзге елдерден сатып алатын түрлі телехикалар мен ресейлік 
қалжың мен күлкіге негізделген бағдарламаларын, түрлі концерттер мен ойын-сауық 
бағдарламаларды  қайталап  көрсетеді.  (Рейтингті  Gallup  Media  Asia  компаниясы 
есептейді).  Саралай  келе,  телеарналар  жоғары  рейтинг  көрсететін,  бірақ  көп 
жағдайда зияткерлік емес бағдарламаларға ұмтылады. Дәл сол тектес бағдарламалар 
бүгінде отандық арналарды жаулап алып отыр. Сол себепті қазақстандық арналарда 
небір  түрлі  телехикаялар,  қайта-қайта  қайталана  беретін  әзіл-сықақ  скетч  шоулар 
көрсетіледі.  Оны  көрсеткеніміз  үшін  үнемі  сынның  астында  қалып  жатамыз.  Бірақ 
дәл  сол  бағдарламалар  рейтинг  береді,  ол  өз  кезегінде  жарнама  ақшасын  тартады. 
Шығар жолы жоқ  тығырық іспеттес. 
Осы  күндері  өз  бағдарламаларымызды  түсіріп  жатқаннан  көрі,  дайын 
телеөнімді  сатып  алу  әлдеқайда  арзанырақ.  Мысалы,  рейтингісі  жоғары  бір  түрік 
телехикаясын  көрсету  үшін  бір  сериясына  3000  АҚШ  долларын  төлейміз.  Ал  егер 
сол тектес телехикаяны өзіміз түсіретін болсақ, 1 сериясына ғана кем дегенде 30 000 
доллар қажет. 
Бүгінде «Астана» телеарнасының эфирінде ақпараттық, ойын-сауық, танымдық 
бағдарламалар  бар.  Бағдарламалардың  60%  астамын  өзіміз  түсіреміз.  Нақтырақ 
айтсам,  шамамен  10%  аутсорсинг  компаниялармен  бірге  жасаудамыз.  Контенттің 
қалған 40% – шет елден келетін телехикаялар, көркемфильмдер мен мультфильмдер. 
Жалпы,  кинобейнестудиялар  үшін  басты  мәселе  түсіру  мен  монтажға  қажетті 
аппаратуралардың болуы. Оған 30 мың доллардан 100 мың долларға дейін қаражат 
керек.  Әрине,  бұдан  арзан  қаржыға  да  тәп-тәуір  аппаратура  алып,  көрікті  фильм 
жасауға болады. Бірақ республикалық телеарналар дайындаған фильмдердің идеясы 
мен көркемдік талғамы талапқа сай келіп жатса да, туындыны түсірген камера мен 
монтаж  қондырғысының  сапасы  эфир  стандартына  сай  келмейтіндігін  көлденең 
тартып,  дайын  дүниелеріңді  қабылдамай  қоюы  әбден  мүмкін.  Өйткені  әр  телеарна 
рейтінгісі  экрандағы  суреттің  сапалылығымен  бағаланатындығын  ұмытпағанымыз 
жөн. 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
71 
Қазір  телеарналардың  барлығы  аутсорсингке  жүгінеді.  Бағдарламаны  өздері 
шығармайды,  продюсерлік  орталықтардан  дайын  өнімді  сатып  алады.  Әлемдік 
тәжірибе  осындай.  Барлық  мемлекеттердің  телевизиясы  осылай  дамуда.  Бұл 
тәжірибе  бәсекелестікті  дамытып,  сапаны  өсірді.  Тың  мүмкіндіктер  ашты. 
Сондықтан аутсорсингтің болашағы зор деп толық сеніммен айтуға болады. 
Тілші М. Кенжебай бір мақаласында былай деп жазған екен: «...Біз фәлсафашы 
да, данагөй де емеспіз. Бірақ  бүгінгі  Қазақстан телеарналарын қарап отырып, әуелі 
қоғамдық  құрылыс  қиқым-сиқым  боп  кете  ме,  әлде  алдымен  адамдардың  тіршілік 
қам-қарекеті ұсақтап кете ме деген ойға кетеміз. ... Иә, бүгінгі қазақ телевизиясының 
жәй-күйін  айта  берсең,  әңгіме  бітпейді.  Қазір  қазақ  теледидары  осындай  арзанқол 
деуге  де  тұрмайтын,  қатты  айтсақ  кешіріңіз,  «жын-жыпырдың»,  сайқымазақ,  арзан 
әзіл мен әжуә, қылжақбастық көріністердің ордасына айналып баратқанын жасыру – 
қатерлі  ауруын жасырумен бірдей. ... Бағанадан бері  біз айтып отырған жағдаяттар 
бұлай  кете  берсе  әзіл-қалжыңға  емес,  ұлттық  апатқа,  ұлттың  жойылуына  әкелуі 
мүмкін [10]. 
Естімеген елде көп. Исландия қоғамдық телеарнасының көрермендері 24 сағат 
бойы  қойдың  қоздағанын  бақылап  қарап  отырыпты.  Ұлттық  хабар  тарату  қызметі 
басқармасының бұлай істеудегі басты мақсаты – ел тұрғындарына ауылдың тұрмыс-
тіршілігін  көрсетіп,  ауылшаруашылығына  қызығушылығын  арттыру  болған  екен. 
Скага-фьордеде (солтүстік Исландия) орналасқан фермадан көрсетілген тікелей эфир 
тәулік  бойы  үзілмеді.  «Дүниеге  кішкентай  ғана  қозының  келгені  көрген  адамның 
мейірімін  оятып,  сүйсіндіретін керемет көрініс»,  -  деп  арна  сайтында  пікірлерін  де 
жариялаған. 
Оның сыртында Ұлттық хабар тарату қызметі өз Twitter парақшаларында қой 
мен  қозының  суреттерін  жариялап  отырыпты.  Еуропада  бұндай  көрсетілімдер  жиі 
орын алады екен. Тіпті «баяу телевизия» деп атап та кеткен. Норвегия көрермендері 
12  сағатқа  дейін  тоқыма  процесстерін  немесе  100  сағаттық  шахмат  турнирлерін 
тамашалап отыра береді екен [11]. 
Яғни  әлемде  рейтинг  қуу  мақсатында  айды  аспаннан  шығарып,  жаңа  ештеңе 
ойлап  тауып  жатқан  жоқ.  Бейненің  «клиптік»  жылдамдықта  ауысып,  дамуынан, 
улап-шулап  жатқан  шоулардан  көрермендер  арасында  шаршап  та  кететін  секілді. 
Әйтпесе, 100 сағаттық шахмат турнирін эфирден үзбестен көрсетудің мақсаты не? 
Сапалы  контент  жасауда  тек  заманауи  технологиялардың  соңғы  үлгілерінің 
пайдаланылуы  мен  шебер  шығармашылық  топтың  бірлескен  жұмысы  ғана  емес, 
адами түйсіктің де жеміс берері хақ. Кей кездері  адамға шоу  емес,  жай ғана жанға 
жағымды,  пайдалы,  өткенді  еске  салар  тәтті  сәттерді,  мысалы,  ауыл  өмірін 
көрсетудің  өзі  бұрын-соңды  болмаған  рейтингтерді  көрсетуі  мүмкін.  Қызықты 
бағдарлама  жасауда  қатып  қалған  заңдылықтың  жоғын  көрсететін  тамаша  мысал. 
Әрине,  қазақстандықтар  үшін  ауылдан  алыс  кеткелі  аса  көп  уақыт  өте 
қоймағандықтан, әрине, қазақстандықтар үшін ауылдан алыс кеткелі аса көп  уақыт 
өте қоймағандықтан, біздің көрерменге ол тұрпайы көрінер еді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет