Байланысты: 1. Абай а ынды ыны ал аш ы кезе дерін к рсеті із
6. Македонский бейнесін сомдағандағы Абайдың шығармашылық концепциясын көрсетіңіз Абай поэмаларының ішіндегі елеулісі де, ақынның гуманистік ой-пікірін тереңірек танытатыны да – «Ескендір» поэмасы.
«Ескендір» поэмасы Шығыс елдерінде «Ескендір Зұлқарнайын» деген атпен тараған, Еуропаға Александр Македонский деген атпен белгілі қолбасшының өмірі жайлы аңыздавр негізінде жазылған. Ескендір тақырыбын Еуропа ақындарына қоса, Шығыстың Фирдоуси, Низами, Науаи, Жәми сияқты ақындары да жыр еткен. Абай бұл тақырыпты өзінен бұрынғы ақындар үлгісінің ешқайсысына бұрмай, өзінше жырлаған. Ақын Ескендірдің өмірбаяндық деректерін дәл келтіреді де, оның дүние жүзін күшпен жаулап алмақ болған қанқұйлы саясатын сынауға ауысады. Соған орай поэмағажас кезінде Ескендірдің тәрбиешісі болған ұлы ғалым, гуманист Аристотельді кіргізеді. Поэма әділдік пен жауыздықтың тартысына құрылады. Жауыздыққа жетелейтін қызғаншақтық пен тойымсыздық екенін көрсете келіп, ақыл, әділдік, даналықты соған қарсы ұсынады. Қақпа мен адамның көз сүйегін символ ретінде алады да, ол жұмбақтарды ақылға шештіреді:
Бұл – адам көз сүйегі, - деді ханға,
Тоя ма адам көзі мың-мың санға?
Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да,
өлсе тояр, көзге құм құйылғанда.
Кәпір көздің дүниеде араны үлкен,
Алған сайын дүниеге тоя ма екен?
Қанша тірі жүрсе де, өлген күні
Өзге көзбен бірдей-ақ болады екен.
Аристотельдің даналық сөзі қанағатсыз Ескендірге ой салады, ол алған жолынан қайтады. Сөйтіп, ақын Аристотельге Ескендірді бағындырып, жауыздықты әділдікке жеңгізеді.
Поэма аңыз сюжетін сақтағанмен, ақын оны өмір шындығына жақындатып, реалистік негізде суреттейді. Уақиға бір түйінге - әділдік пен жауыздықтың бетпе-бет кездесуіне құрылады да, кейіпкердің мінез-құлқы, іс-әрекеті арқылы біртіндеп ашылады. Поэманың бас кейіпкері Ескендір шығармадағы уақиға арқауы болып, оның өне бойында көрініп отырады. Ең соңында ғана Абай оны Аристотельге кездестіреді. Ақынның дидактикалық, өсиет-үлгілік қорытындысы осы арада шығарылады.
Поэмада жарқын суреттер мен қажетті баяндаулар, диалог пен лирикалық шегініс орынды пайдаланылады. Бұл – Абайдың поэма жасауға шеберлігін танытады.