Байланысты: 1. Абай а ынды ыны ал аш ы кезе дерін к рсеті із
2. Абайдың «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» атты өлеңінің бағдарламалық мәнін көрсетіңіз Ұлы тұлға өмір сүрген кезеңде Ресейдің отарлық сая¬сатының қатал қысым-қиянатымен, ай¬ла-шарғыларымен уездерге, болыс¬тыққа бөлінген халықтың тағдыры тұр-лаусыз, болашағы бұлдыр еді. Патша билігі көшпелі дала өмірін бұзып, ежелгі дәстүрі мен тілінен, дінінен айыра бас¬тады. Абай заманы шым-шытырық шырғалаң еді.
Отаршылдық дала еліне қатаң заң-жарғыларды қолданып, әбден күшіне енді. Онсыз да көшпелі өмір салтына көндіккен халық сансырап кетті. Елінің надандығы, сауатсыздығы, мал-мүлкіне мәз болып, жайбарақат тірлік кешуі ақынды қатты алаңдатты. Абай астан-кестеңі шыққан қым-қуыт қиын заманда халқын қалай біріктіріп, өзгелер қатарына қоссам деген саналы ойға нық бекінді. Соның айғағы – «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңі. Бұл туралы абайтанушы Қ. Мұхамедханов па¬йымдауы: «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп туған халқының қамын жеп, жар салып елінің бостандығын, ерікті, еркін болуын көксеп отырып жазған өлеңі». Жыр бірден халқының сол кезеңдегі хал-ахуалынан басталады.
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.
Бет бергенде шырайың сондай жақсы,
Қайдан ғана бұзылды сартша сыр¬тың?
Қалың елі қазағының ұстарасыз аузы¬на мұртының түсуі – ақынның тұс¬пал¬ды ойы. А.Нұрқатов: «Мұндағы «ұстара» сөзі әлеуметтік терең сырды, өмірдің реалистік шындығын танытып тұрған әрі тың философиялық ойға негізделген поэтикалық образ. «Ұстара» сөзі екінші жағынан ұлттық сана-сезім мешеулігінің символикалық бей¬несі екендігін астарлап білдіріп тұрғанын аңғару қиын емес», дейді. Кейбір оқырман ауыспалы мағынасын аңғармай, ұстара кәдімгі шаш, сақал, мұрт алатын аспап деп ұғынуы да мүмкін.
Біздіңше ұстара астарында ақын халықты билікпен тұтастыратын ұстаз, басшыны меңзеп отыр. Әдетте ұстара өткір келеді. Демек, ақын елге өткір де өжет, сөзі де өтімді, ісі де өнегелі бір билеуші қажеттігін меңзейді. «Жақсы мен жаманды айыра алмай, екі ұртының бірі қан, бірі май болуы да» – өзара партияға бөлініп, болыстыққа таласып, қырқыстырып, күштісі әлсізді жеңіп, береке-бірлігі кеткен жұртының отарлық езгідегі тағдыры. Қаны – патшалық отарлық езгі, майы – болыс, билердің жайлы жағдайы.
Аузымен орақ орған өңкей қыртым:
Өзімдікі дей алмай өз малыңды,
Күндіз күлкің бұзылды, түнде ұйқың.
Көрсеқызар келеді байлауы жоқ,
Бір күн тыртың етеді, бір күн бұртың.
Бас-басына би болған өңкей қиқым,
Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын?!
Сөзден басқа ештеңені білмейтін жұртының патша әкімшілігінің малын иемденіп, жерінен айырғаны, күндіз күлкісі, түнде ұйқысы бұзылып, кәнігі қарекетін жоғалтқаны. Дәулетті дегендер – көрсеқызар іштарлық, қызғаныш, аярлық, арамдықпен күн кешетіндер. Әркім болыстыққа түсіп, жік-жікке бөлініп бас-басына би болған бай, болыс, билердің елдің берекесін алғанын ашына айтады. Жұртының езгіден езілген еңсесі, елдіктен айырылуы қабырғасына батады.
Өздеріңді түзелер дей алмаймын,
Өз қолыңнан кеткен соң енді
өз ырқың.
Ағайын жоқ нәрседен етер бұртың,
Оның да алған жоқ па құдай құлқын?!
Бірлік жоқ, береке жоқ,
шын пейіл жоқ,
Сапырылды байлығың,
баққан жыл¬қың.
Баста ми, қолда малға талас қылған,
Күш сынасқан күндестік
бұзды-ау шырқын.
Өз қолынан ырқы кеткен елдің басын қосу қиын, мынау келеңсіз әдет-қылықтан арылтып, жөнсіз, теріс мінез¬дерін түзеу де мүмкін емес. Ниеті – баю, алу, жеу, болыс атану, патшаға құлдық ұрып қызмет ету. Береке, бір¬лігі жоқ елде ілгері ұмтылыс жоқ. Абай оған қоса халықтың жақсылыққа, жаңа¬лық¬қа ұмтылмауынан, шын пейіл танытпауынан қауіптенеді. Байлығы, баққан жылқысының сапырылуы да өзгелердің билігінде кеткенін аңғартады. Күндестік пен бақталастық халыққа еш опа бермейді. Абай осының бәрін жеккөрініштілікпен қырт қылық деп жанға батыра жеткізеді. Тиянақсыз, байлаусыз, құр қылпыңдап, патша әкімшілігіне жағымпазданып жыртың-жыртың күлкімен жүргендерге ызаланады. Тіпті біреуге әлдебір ақыл-кеңес берейін десе де, сөзін елемейтін жұртының кейбір кесірлі, ұнамсыз қылықтарынан жиренеді. Абайдың бұл өлеңінде шын мәнінде дербес ел болудың алғышарттары нақты талдап көрсетілген. Ол халқының сол уақыттағы азғындық пиғылын аяусыз сынап, елді түзеудің жолдарын ортаға салады.
Абай өлеңдерінде отаршылдық билік¬тің елге жасаған ауыртпалығын жүрегімен сезі¬ніп, елін береке-бірлікке, жақсы тір¬лікке, өнегеге шақырды. Ақын «ел болайық, өзгелерден қалыспайық» деп жалаң сөйлемейді. Қуатты, мықты мемлекет болудың берік негізі – адамдардың сана¬лылығы мен сауаттылығында, түсініс¬тігі мен татулығында деп біледі. Ұлт¬ты тәрбиелеп алмай, өзгелер көшіне ілесу¬¬дің қиындығына көз жеткізеді. Қап¬-таған «қырттық құлықпен» ыртың-тыр¬тың, жыртың-жыртың «қалпынан», «пыш-пыштан» құтылмай, жұрт болып жұ¬ды¬рық¬тай жұмылып, ұйысып, ұғысуға қиын. «Қалың елім, қазағым» өлеңінде бүкіл қазақ сахарасындағы қалың елдің қайғысын тебірене жырлады. Халықтың шын үлкен дертін, мұңын айтып осы қиыншылықтан шығаратын не дегенде – өнер-білім деп алғаш өлеңмен анығын айтады». М.Әуезов өлең туралы осылай пайымдайды.