Қабыну медиаторлары жасушалық және гуморалдық болып жіктеледі.
Жасушалық : гистамин (мес жасушалары, базофил, тромбоциттерден)
серотонин ( тромбоциттерден)
лизосомалық ферменттер ( нейтрофил, макрофагтардан)
простагландиндер (лейкоциттерден, эндотелиалий жасушаларынан, тромбоциттерден)
лейкотриендер (лейкоциттерден)
тромбоциттерді әсерлеуші факторлар (лейкоциттер, эндотелиоциттерден)
оттегінің белсенді радикалдары ( лейкоциттерден)
азот тотығы (макрофагтардан)
цитокиндер ИЛ-1, ИЛ-6, ӨТЖФ
Гуморалды: комплемент жүйесі бөлшектері
С3а, С5а, С3в, С5в-С9 кешендері
Кининдер (брадикинин, каллидин)
Қанның ұйытушы және фибринолиздік жүйелері
Қабыну медиаторлары салдарлық әлтерацияны тудырады, тамырлық серпілістер түзеді, прлиферацияны реттейді, қабынудың жергілікті және жалпы белгілерінің патогенезінде маңызды рөл атқарады.
Қабыну медиаторларының негізгі әсерлері:
қан тамырларының кеңеюі;
қан тамырларының өткізгіштігін арттыру;
лейкоциттердің хемотаксисі;
ауырсыну рецепторларын белсендіру;
тіндердің зақымдануы;
температура
Қабыну ошағында қанайналымы өзгерістері сатылары, олардың патогенезі. 1. Қысқа мерзімді қантамырлардың тарылуы – ишемия
2. Артериялық гиперемия
3. Веналық гиперемия.
4. Стаз.
Экссудация –қанның нәруызы бар сұйық бөлігінің және формалық элементтерінің қабыну ошағына шығуы. Экссудацияның патогенезі: Тамыр өткізгіштігінің жоғарылауы
Қылтамырлар мен венулаларда гидростатикалық қысымның артуы
Қабыну ошағында осмостық және онкотикалық қысымның артуы
Қабыну ошағына шыққан сұйықтық экссудат деп аталады.
Экссудаттың түрлері: Сары сулық
Фибринді
Геморрагиялық
Іріңді
Шіріктік
Аралас
Лейкоциттер эмиграциясы – қабыну ошағына лейкоциттердің шығуы
Эмиграция сатылары: Экссудациямен лейкоциттердің тамыр сыртына шығуы тығыз байланысты ол үш сатыдан тұрады . 1.Лейкоциттердің тамыр жиектеріне кемерленіп тұруы ягни (маргинациясы ,эмиграциясы ) . 2.Лейкоциттердің тамыр қабырғалары арқылы сыртқа шығарылуы .
3.Лейкоциттердің қабыну ошағында қозғалуы .
Эндотелии жасушалары өздеріне лейкоциттерді жабыстырып тұратын Е және Р селеутиндер иммуноглобулиндер шығарады . Лейкоциттер Р және Е селектиндермен байланысу құбылысын роллинг деп атайды .Лейкоциттердің тамыр сыртына шығу кезеңдері Роллинг = адгезия=тамыр сыртына шығу Лейкоциттертдің тамыр сыртына шыққаннан кеиінгі қабыну ошағында қозғалуы хемотаксис құбылысымен түсіндіріледі . Хемотаксис химиялық қоздырғыштардың әсерлерінен лецкоциттердің осы қоздырғыштардың көп жағына қарай бағытталған қозғалысы . Хемотаксиси туындататын заттарды хемоаттрактанттар деиді .Олар белгілі бір лецкоциттерге ғана әсер ететін спецификалық және беиспецификалық болып бөлінеді . Спецификалық хемоаттрактантарға нейитрофилдердің ғана хемотаксисін туындататын интерлеикин -8, лимфоциттерді тартатаын лимфотаксинді , эозинофилдерді тартатын эотаксинді ал беиспецификалық хим тартқыштарға микроорганизмдер, комплемент жүиесінің құрам бөлшектері, хагеман факторы , калликерин ,брадикинин , лейкотриендер В4 А4 , тромбоксандар және иммундық кешендер жатады .
Фагоцитоз – микроорганизмдерді жұтып, қорыту үрдісі. Фагоцитоз сатылары: жақындасу, жабысу, жұту, қорыту.
Фагоцитоздың жеткіліксіздігі жұқпалардың жайылуы
тұқымқуатын (лейкоциттер адгезиясының ақаулары (ЛАА-1, ЛАА-2), хемотаксистің ақаулары, фагоциттердің бактерицидтік жүйесінің ақаулары)
жүре пайда болған (қантты диабетте, ауыр металл тұздарымен уыттану, сәулесоқ ауруы, нәруыздық ашығу, стероидты гормондармен ұзақ емделгенде, қарттық шақта)