1. Адам қатынастары мектептерінің дамуына баға беріңіз


Америка психологы К. Левиннің құрастырған басқару үлгісінің концепциясын тұжырымдаңыз



бет7/59
Дата22.05.2023
өлшемі142,81 Kb.
#95862
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   59
Байланысты:
баскару ответы (копия)

8. Америка психологы К. Левиннің құрастырған басқару үлгісінің концепциясын тұжырымдаңыз

Америка психологы К. Левиннің құрастырған басқару үлгісінің концепциясын тұжырымдаңыз. Белгілі тұлға теориясымен айналысушы неміс – америка психологы К. Левин басқару үлгісінің концепциясын құрастырып сипаттады. Ол тәжірибе жүзіндегі ақпарлары бойынша 3 негізгі үлгіні бөліп көрсетті:

Авторитарлық ( директивті);

Демократиялық ( әріптестік);

Нейтралды (босәурелік).

Басқарудың бір үлгісін екіншісінен айыратын критерий ол басшының шешім қабылдауы болып саналады. Шешім қабылдаудың әмірлі және демократиялық жолдары бар, бірақ ғалымдар екеуінің де тиімді жағынан қарастырғысы келеді. Біреулері демократиялық жол дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі деп шешсе,біреулері кері пікірде. К. Левинның теориясы осыған орай өзінің қарапайымдылығы мен нақтылығына қарамастан бірнеше кемшіліктерге ие:

Демократиялық басқару үлгісі әрдайым әмірлі басқару үлісіне қарағанда тиімді бола бермейді. К. Левинның өзі екі үлгінің де өнімділік көрсеткіші бір деңгейде деп пайымдаған.

Кейбір жағдайда авторитарлық үлгі демократиялыққа қарағанда тиімді. Ол мынадай жағдайда болады:

А) тез арада шешім қабылдауда;

Б) жұмысшылардың кәсіптік дәрежесі мен мәдениет деңгейі төмен болғанда;

В) тұлғаның ерекшеліктері осыны талап еткен жағдайда.

Екі үлгінің де шын мәнінде басқару үрдісінде қолданылмайтыны бекітілген. Әрбір басшы өзінің жеке қасиеттеріне байланысты демократта, әміршіде болады. Кейде басшының қандай бағытта басқаратынын түсіну қиын.

Басқару үлгісі формасы мен мазмұны сәйкес келмейтін жағдайлар болады: әмірлі жүйеде басшы өзін демократша ұстайды, немесе керісінше. Көп жағдайда көп нәрсе жағдайға тәуелді: бір жағдайда басшы әмірші болса, бір жағдайда демократ болуға тырысады.

11. Еңбек әрекетіндегі тұлғаның жіктелуінің 6 түрін талқылаңыз. Қызмет жолында тұлға барлық мінездерінің жиынтығымен көрінеді. Тұлғаның жіктелуінің 6 түрі бар. Осыған байланысты Э. Шпрангер әр тұлға белгілі бір қасиеттеріне байланысты 6 топтың біріне кіреді деп ойлайды.

1. Теориялық адам. Теориялық адам мәселелерге, байланыс орнатуға және түсіндіруге мүмкіндік беретін сұрақтарға қатты қызығушылық танытады. Оның әсіреушіліктері шын өмірден өзгеше, ол білуге мүмкіндігі болмаса күйзеліп, ал өзіне зиянды болса да теориялық жаңалық ашса қуануы мүмкін. Ол үшін білудің әдістерінің шындығы бағалы болып саналады. Ол үшін дүние – жаратылыстардың шексіз пайда болуы мен қатынастарға тәуелділік жүйесі ретінде көрінеді. Оның Мен түсінігі шындыққа негізделген мәңгілікпен байланысты. Оның шынайы өмірін қызығушылығы нәтижесінде өмірлік мақсатын айқындаған белгілі бір мамандандырылған ғалымдар өмірінен көруімізге болады. Бірақ бұл белгілерді мамандыққа қатысы жоқ адамдардан да байқауға болады.

2. Экономикалық адам. Экономиқалық адам міндетті түрде өндіріспен байланысты адам емес. Жалпы алғанда эконмикалық адам дегеніміз бірінші орынға пайдалылықты қоятын адам. Ол үшін барлығы қолайлы өмір сүруге жұмсайтын қажеттіліктер ретінде көрінеді. Ол уақытты, күшін, материалдарды пайдаға жарату үшін әркез үнемдеп отырады. Оның әрекетінің мағынасы оның қызметінде емес, пайдалық эффектінде.

3. Эстетикалық адам. Өнер туындысы эстетикалық әсерленуші жанда ғана пайда болады, ішкі дүниеде ғана өнер туындысы пайда болып, ішкі дүние ырғағынан әуен пайда болады. Эстетикалық адам дүниетануымның өзіне тән қырымен ерекшеленеді: сезудің және алдын ала көре алу қабілетімен. Теориялық адам үшін ол арманшыл, қиялшыл болса, экономикалық жағынан эстетикалық идеал мен экономикалық құндылықтар қарама – қайшы дүние. Эстетикалық адам теориялық сияқты өмірдің экономикалық шарттары алдында әлсіз болып келеді.

4.Әлеуметтік адам. Әлеуметтік тәртіпке басқалардың өміріне араласу мен өзін бөтен сезіну сипатты. Басқа адам үшін өз өмірінен бас тарту әрекеті өмірінде басты қағидаға айналуы нәтижесінде әлеуметтік атына ие болған өмір сүрудің ерекше формасы махаббатқа байланысты. Ол өмір сүрудегі негізгі басты сезім болып қалуы мүмкін. Ол белгілі бір нәрселерге бағытталып өзінің бірінші қажеттілігін жоғалтпайды.

5.Саяси адам. Шпрангер саясатқа қатысы болмаса да басты құндылығы билік болып саналатын адамдарды саяси адамдар деп есептейді. Бұл жерде белсенді және құлықсыз саяси жаратылысты атап өтеді. Біреулер басшылыққа ұмтылып, басшы болғанда ғана өздерін жақсы сезінеді, ал кейбіреулері өзін басқаратын адамдарсыз өмір сүре алмайды. Өмір сүрудің бұл түрі тұрмыс пен басқаға еліктеуден туады. Физикалық және жан дүниелік жаратылыстан басқа салт – дәстүрге берік адамдар да саяси адамдар қатарына жатады.

6.Діни адам. Діни адам дегеніміз рухани құрылымын толығымен құндылықтардың ең биігін сезінуге арнаған адам. Діни ұғымды 3 негізгі түрге жіктеуге болады:егер барлық өмірлік құндылықтар позитивті түрде сезілсе онда біз имманентті дәруіш ұғымын; егер негативті болса трасцендентальды дәруіш ұғымын; егер жартылай негативті, жартылай позитивті бағаланса дуалистикалық дәруіш ұғымын қолдана аламыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет