1 Академиялық жазылымның ерекшеліктерін сипаттаңыз


Сілтемелерді рәсімдеу кезінде орын алатын кемшіліктерді саралаңыз



бет2/19
Дата19.12.2023
өлшемі3,61 Mb.
#140928
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
3 Сілтемелерді рәсімдеу кезінде орын алатын кемшіліктерді саралаңыз
Өзгелердің мәтіндерін дәйексөз ретінде келтіру немесе келтірмеу кезінде жиі кездесетін қателіктер мынандай:
- дәйексөз алынған дереккөзге сілтеме жасамау;
- дәйексөз алынған дереккөзді толық сипаттамау;
- ұзақ дәйексөз келтіру;
- дәйексөзді қате беру;
- сілтеменің библиографияға сәйкес келмеуі.
Бірінші жағдай плагиат деп аталады. Плагиат дегеніміз – өзге адамның идеялары мен сөздерін алып, өзінікі ретінде ұсыну; дәйексөзге сілтеме жасамай, өзгенің идеясын пайдалану.
Екінші қателікке өзгенің сөзін тырнақшаға алып, авторын көрсетіп, бірақ дереккөздің сипаттамасын анық бермеген немесе ондай мәліметті мүлде көрсетпеген жағдайда ұрынасыз.
Үшінші қателік те кең таралған. Сілтеме тиісті түрде ресімделген, бірақ келтірген дәйексөзіңіз тым көлемді, беттің жартысын алады, тіпті кейде бір бетке дейін кетеді.
Төртінші қателік дәйексөзді дәл бермеумен байланысты. Дәйексөз соңғы үтір-нүктесіне дейін дәл берілуі тиіс.
Бесінші қателік алдыңғылары сияқты өрескел болғанымен, кең таралған қате.

2-билет
1 Ғылым дегеніміз не? Өзіңіздің мамандығыңыз бойынша жазылған қандай ғылыми еңбектерді білесіз?


Ғылым (лат. scientia — білім) — уақыт пен кеңістікте бар, зерттеуге болатын шынайы нақты нәрселердің заңдары мен қағидаларын, тәртібі мен құрылымын объективті түсіндіретін, эксперимент пен бақылауға негізделіп, математикалық есептеуді қолданып, жүйелі түсінік қалыптастыратын таным саласы. Жалпы тұрғыда ол жүйелі білім мен ғылыми тәжірибені меңзесе, ал, арнайы мағынада ғылыми әдістер арқылы жинақталған логикалық білім жүйесін көрсетеді. Яғни, ғылым ғылыми білімдерді ғана емес, сол білімдерге қол жеткізудің барлық жолдары мен әдістерін түгел қамтитын біртұтас кешенді жүйе. Аристотельдің логикасы математиканың дамуына күшті ықпал жасады, ол геометрияда дедуктивтік логикалық әдістің қалыптасуына әкеледі. Қазіргі математикалық құрылыстың негізгі ірге тасы саналатын аксиома, анықталса, теорема, дәлелдеу делетіндер. Аристотельдің логикасы негізінде жасалған. Фарабидің энциклопедиясында математика ғылымдарына көп орын берілген. Ол математиканы үлкен-үлкен жеті тарауға бөлегн. Енді әрқайсысына жеке-жеке тоқталайық. Арифметика, яғни сан туралы ғылым. Математиканың бұл тарауы жөнінде Фараби былай дейді: «Арифметика екі ғылымды біріктіреді: біріншісі – практикалық арифметика; екіншісі – теориялық арифметика». Фараби, сөйтіп, арифметиканы практикалық және теориялық арифметика деп екіге бөлінеді. Ол, әсіресе, теориялық арифметикаға ерекше мән береді. Арифметиканың негізгі ұғымы сан. Фарабидің түсіндірілуі бойынша, сан объективті ақиқат нәрселердің сезіп-түйсінуге болатын, яғни «көзбен көріп, қолмен ұстауға» болатын жақтарын елеусіз қалдырып, тек саналуға, есептелуге тиісті қырларын бейнелейді. Бұл өте дұрыс материалистік түсінік. Грек ғалымы Пифагор матиматикаға негізделетін құпия ілімнің негізін қалады. Ол сандардың барлық нәрсе екенін және математиканың көмегімен кез келген құбылысты түсіндіруге болатынын дәлелдеген. Мысалы, ол музыкалық аспаптың табиғи көлемінің жартысына тең музыкалық ішек кесіндісінің бір октаваға жоғары дыбыс шығаруға мүмкіндік туғызатынын ашқан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет