2 Библиографиялық тізімді рәсімдеудің техникалық ережелерін сипаттаңыз. Библиографиялық тізім – мәтіннің маңызды бөлігі, осы тізім бойынша зерттеуге баға беру басталады. Қарастырылып отырған мәселе бойынша сізге дейінгі зерттеулер міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
Кейбір зерттеушілер библиографиялық тізімге осы тақырып бойынша оқыған әдебиетінің барлығын кіргізуге тырысады. Бұл, бір жағынан, жақсы. Екінші жағынан, жаман. Жақсысы – сіздің осы тақырып бойынша зерттеулермен таныс екеніңізді көрсетеді, жаманы – сіз көрсеткен дереккөздің барлығы нақты осы мәселеге тікелей қатысы болмауы мүмкін. Сол себептен библиографиялық тізімге зерттеу кезінде нақты қолданылған ғылыми, статистикалық және басқа да дереккөздер енгізілгені дұрыс. Қажет деп санасаңыз, жұмысыңызда нақты қолданылмаған, дәйексөз келтірілмеген, бірақ сіздің қандай да бір идеялық ұстанымдарыңызды көрсететін дереккөздерді беруіңізге болады. библиографиялық тізімді сілтеменің негізгі мәтінде қолданылу реті бойынша беру. Сілтеме беруді бірінші нөмірден бастаймыз, кейін екінші, сосын үшінші. Ал бірінші дереккөзге мәтін соңында тағы сілтеме жасайтын болсаңыз, мәтін ішінде тағы да бір санын қоясыз. Мысалы:
Мәтін [1, 36-б.] ... мәтін [2, 15-б.] ... мәтін [3, 42-б.] ... мәтін [1, 17-б.].
Библиографиялық тізім:
1 Нұрекен Е. Жылу электр стансаларының қазандық қондырғылары: Оқу құралы. – Алматы: АЭжБИ, 2008. – 126 б.
2 Оржанова Ж. Электр энергиясын тарату және жіберу: Оқу құралы. – Алматы: АЭжБУ, 2017. – 90 б.
3 Бахтияр Б. Жылу электр стансаларында тәсілдемелік құбылыстарды жүзеге асыру: Оқу құралы. – Алматы: АЭжБУ, 2014. – 76 б.
3 Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығын қандай өлшемдер арқылы анықтайды? Жауабыңызды негіздеңіз. 3-билет
1 Ғылыми зерттеу әдістерін сипаттаңыз. Ғылыми әдіс — жалпы ғылыми аясындағы қолданылатын әдістердің жиынтығы. Осыған қоса әрбір ғылым саласы тек қана арнаулы объектіге ғана емес, сол объектіге сәйкес арнаулы әдіске де ие болады.
Жалпы ғылыми әдістер ішінде төмендегілерді бөліп көрсетуге болады:
анализ – жан-жақты зерттеу мақсатында бүтін бір затты құрамдас бөліктерге (жақтарына, белгілеріне, қасиеттеріне және т.б) бөлу;
синтез – заттың құрамдас бөліктерін біртұтас затқа біріктіру;
абстракциялау – зерттеліп отырған құбылыстың қажетті емес қасиеттері мен қарым-қатынастарынан зерттеуге керек қасиеттері мен қарым-қатынастарын бөліп алу;
жалпылау – объектілердің жалпы белгілері мен қасиеттерін анықтауға мүмкіндік беретін ойлау әдісі;
индукция – жеке қорытулар негізінде жалпы тұжырым жасауға мүмкіндік беретін зертеу мен талқылау әдісі;
дедукция – жалпы тұжырымнан жеке тұжырым жасауға мүмкіндік беретін талқылау әдісі;
аналогия – объектілердің бірдей белгілерінің ұқсастығы негізінде олардың ұқсастығы туралы айтуға үмкіндік беретін таным әдісі, басқаша айтқанда, аналогия – ғылымның бір саласындағы қатынастардың, оның екінші саласына транспозициялануы, мысалға: тарихи аналогия, кеңістіктік аналогия және т.б
классификация – зерттелетін пәннің зерттеушіге қажетті маңызды белгілері бойынша түрлі топтарға бөлу (әсіресе, биология, геология, география, кристаллогрфия, т.б. ғылымдардың түрлі бөлімдері).