Эссе жазудың нақты мақсаты қандай? Ол: белгілі мәселе бойынша өз пікірін айту және делелдеу;
сұрақ бойынша өзінің түсінігін, ойын айту;
оқырмандарды ақпараттандыру;
мәселені талқылау және шындықты табуға тырысу;
өзінің және оқырманның көңілін толтыру, рақатқа бөлеу;
көңіл-күйіңді білдіру және оқырман көңілін аудару, эмоция туғызу;
іс-әрекетке түрткі болу.
Мақсат нәтижеге жету құралдарын анықтайды. Автор нәтиже шығатындай
жағдайға дейінгі көлемде жазуы тис. Адам өзінің алдына қойған мақсатын
біліп, өзінің жазба еңбектерін осы тұрғыдан қарастырса, мәтін түсінікті және
айқын болады.
Тәжірибелік зерттеу дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.
Тәжірибе (Эксперимент) – бұл ғылыми зерттеулердің маңызды құрамдас бөлігі. Оның негізін нақты есепке алынатын және басқарылатын шарттары бар ғылыми тәжірибе құрайды. Эксперименттің негізгі мақсаты зерттелетін объектілердің қасиеттерін анықтау, гипотезаның әділдігін тексеру және осы негізде ғылыми зерттеу тақырыбын кең және терең зерттеу болып табылады. Олар төмендегі көрсеткіштер бойынша ерекшеленеді: - жағдайларды қалыптастыру тәсілі бойынша (табиғи және жасанды); - зерттеу мақсаттары бойынша (қайта құрушы, айқындаушы, бақылаушы, іздеуші, шешуші); - өткізуді ұйымдастыру бойынша (зертханалық, заттай және т.б.); - зерттелетін объектілер мен құбылыстардың құрылымы бойынша (жай, күрделі) және т.б.
Мақаланың жанрлық ерекшеліктерін сипаттаңыз
Бас Мақала заманымыздың негізгі бағытын, үкіметтің алға қойған саяси, шаруашылық, мәдени міндеттерді түсіндірді. Бас мақаланың стильдік құрамы да әртүрлі болып келіп, жалпы ережелер, үндеу текстері, факті, мысал, цифрлармен, информациялармен толықтырылады. Мұндай жағдайда аталған директивалық, публицистикалық, информативтік факторлардың үлес-салмағы тең болуы, ара салмағы сақталуы міндетті емес. Бас мақалаларда ұсақ проблемалар көтерілмейді, негізінен, мемлекеттік, жоғары, аса жоғары деңгейдегі саяси, идеологиялық мәселелер әңгіме арқауы болады. Сондықтан, бас мақалаларда қолданыс аясы тар арнайы лексика, жергілікті тілдің сөйлеу ерекшеліктері, жаргондар, арготизмтер, бір сөзбен айтқанда, әдеби тіл мөлшері шеңберінен шығып кететін элементтер қолданысы шектеліп, олардың мөлшері барынша қатаң сақталуы негізгі талаптардың бірінен саналады.