2 Эссе ұғымына анықтама беріп, оның түрлерін сипаттаңыз Эссе француз тілінен "essai", ағылшын тілінен "essay", "assay"- талпыныс, жазушылық сынама, очерк; латын тілінен "exagium" – ойлау. Эссе философияның, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше толғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын жанры. Әдебиеттегі Эссе – соны пікірлерге көбірек мән беріліп, оқырманды ой теңізінде жүздіретін таңдай қақтыратын, өзінше ойлап-сезіну қажеттілігін туғызатын, қаныңды қыздырып, рухани әлеміңе азық сыйлайтын, дүние құбылыстарын өткір қабылдауымен ерекшеленетін көркем туынды. Эссе табиғаты сыршыл сезімге, тіл бояуларының айрықша салтанатына, әшекейлі композицияға құрылады. Өзгеше бітімді бұл өнер туындысында эссеші интеллектуалдық байлығын, аңғарымпаздығын, жарқын, тапқыр ойлылығын, өмір саяхатындағы көрген-білетін, сезінген-түйгенін, тәжірибелерін жомарттықпен жайып салады.
3 Сілтеме жасаудың стилі қандай? Сілтеме (Ссылка; the reference, link) — 1) қандай да бір объектіге арналған нұсқағыш; 2) тілдің сипатталган элементін белгілеуге пайдаланылатын тілдік құрылма; 3) хабарланған объектіні ұқсастыру.
Сілтеме тиісті түрде ресімделген, бірақ келтірген дәйексөзіңіз тым көлемді, беттің жартысын алады, тіпті кейде бір бетке дейін кетеді. Мысалы, «зерттеуші атап көрсеткендей», «автордың ойынша» деп басталатын сөйлемнен кейін тырнақшаға алынған сол автордың бір бет мәтіні келтіріледі. Бұл дәйексөз келтіру нормасын бұзғандық болып саналады. Сілтеме жасау – басқа бір автордың пікірін қолдану үшін үнемі сол авторға сілтеме жасауды ұмытпау керек.
9-билет
1 Ғылыми бағыт, ғылыми мәселе дегенді қалай түсінесіз? Бірінші бағыт – бұл табиғатты қолдану және табиғи құбылыстар аясындағы компьютерлік зерттеу. Мұндай мәселелерге мұнай-газ өндіру саласындағы, экологиядағы және табиғат құбылыстарын модельдеу, соның ішінде компьютерде мұнай және газ шығаруды, қоршаған орта мен су объектілерінің ластану проблемаларын модельдеу жатады. Сонымен қатар, тропикалық даулдар, торнадо сияқты құбылыстарды, мұхиттағы цунами құбылысын және қысқа мерзімді ауа-райын болжауға арналған метеорология есептерін модельдеу де жатады.
Екінші бағыт – биомедицина облысындағы компьютерлік зерттеулер, соның ішінде адамның жүрегінің, бүйрегінің, бауырының және қанайналым жүйесін модельдеу.
Үшінші бағыт – бұл жаңа материалдар мен заттар алу мақсатындағы технологиялық процесстерді модельдеу, соның ішінде бензиннің жаңа жоғарыоктанды сұрыптарын және басқа да мұнай өнімдерін, химиялық заттарды және материалдарды алу.
Төртінші бағыт- қазіргі заманғы механиканың актуалды мәселелерін шешу және деформацияланған ортадағы сызықты емес динамикалық процестерді моделдеу, тербелiстердiң мәселелерi, геометриялық орнықтылық және сызықты емес физикалық жүйені.
Бесінші бағыт - Қазақстандағы матфизиканың кері есептерін сандық шешімін құру бағытындағы кафедралардың ішіндегі бірден бір кафедра болып табылады.