1 Академиялық жазылымның ерекшеліктерін сипаттаңыз


Ғылыми стильдің ерекшеліктерін сипаттаңыз



бет7/19
Дата19.12.2023
өлшемі3,61 Mb.
#140928
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
Байланысты:
Академ жазу 1-18 сессия

1 Ғылыми стильдің ерекшеліктерін сипаттаңыз
Ғылыми стильде жазылған шығармадан қазақ әдеби тілінің деңгейін тануға болады. Ғылым мен техниканың дамуына байланысты ғылыми стильдің сөздік қоры да арту үстінде. Жаңа терминдер алдымен ғылыми стильде көрініс тауып, кейін тіл заңдылықтарына қайшы келмейтіндері етене сіңіп, жалпы халықтық лексикаға айналады. Ғылым тілі лексикасын жалпы қолданыстағы сөздер, жалпы ғылыми сөздер және терминдік қабаттар құрайды. Ғылыми мәтінді құрайтын жалпы қолданыстағы сөздер ауқымы мәтіннің қандай оқушыға, яғни қандай ғылыми ортаға арналғанына қарай өзгеріп, түрленіп отырады. Ғылыми стильдегі мәтіннің мазмұны нақты, беретін дерегі баяндау сипатында емес, дәлелдеу, дәйектеу, пікір білдіру сипатында, айтылған пікірі тұжырымды, дәлелді болады. Ғылыми тілдің ең бір дамыған және еркін жанры – ғылыми мақала. Мақаланың еркіндік сипаты онда қамтылатын материал мазмұнының құрылымынан, мәтіннің логикалық ұйымдасу, коммуникативтік мүшеленуі тәртібінен, тақырыпты тандаудан көрінеді.
Ғалымдар мақаланың жеті түрін көрсетеді: деректерді ықшам баяндау, ғылыми нәтижелерді кең баяндау, ғылыми-әдістемелік мақала, тарихи-ғылыми мақала, теориялық мақала, пікірталастық мақала, жарнамалық мақалалар.

2 Зерттеу жұмыстарының норма бақылауы не үшін қажет екенін түсіндіріңіз
Ғылыми-зерттеу жұмыстары (ҒЗЖ) – қол жеткен білімдерді кеңейту және жаңа білімдер алу, ғылыми топшылауларды тексеру, табиғат пен қоғамда көрініс табатын заңдылықтарды анықтау, жобаларды ғылыми тұрғыда жинақтап қорытындылау, ғылымды негіздеу мақсатындағы зерттеулер, тәжірибелер жүргізумен, ғылыми ізденістермен байланысты ғылым сипаттағы жұмыстар, талдамалар.

До конца емес



3 Сілтеме дегеніміз не? Не үшін сілтеме жасау қажет?
«Сілтеме» ұғымының мағынасы кең, оның ауқымына сілтеме жасалатын автор идеясының өзі де, идеялар жарияланған еңбектің өзі де кіреді. Сілтеменің негізгі екі түрі бар, олар:
- дәйексөз;
- библиографиялық тізім.
Сілтеме жасау – басқа бір автордың пікірін қолдану үшін үнемі сол авторға сілтеме жасауды ұмытпау керек. Сілтеме дегеніміз – өзге автордың ойын немесе сөзін алған әдебиетті, яғни материалды көрсету.

7-билет




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет