1. Алаш әскерінің құрылуы, қызметі және Азамат соғысы кезіндегі іс-қимылдары


Ұжымдастыру саясаты садарынан туындаған аштықтың себептері, демографиялық, әлеуметтік-экономикалық зардаптары (1931-1933 жж.)



бет22/45
Дата08.06.2023
өлшемі0,68 Mb.
#99741
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   45
77. Ұжымдастыру саясаты садарынан туындаған аштықтың себептері, демографиялық, әлеуметтік-экономикалық зардаптары (1931-1933 жж.).
Шабындық және егістік жерді қайта бөлу, тәркілеу, азық-түлік салығы, күштеп отырықшыландыру мен ұжымдастыру барысындағы зорлық-зомбылықтардан көп азап шеккен ең алдымен қазақ халқы болды. Бар дүниесінен, мал-мүлкінен, құрал-саймандарынан, тіпті жертөлесінен де айырылған қазақтар ашаршылыққа ұшырап, босқын күйге көшті. Ауыл шаруашылығында егіншілік көлемі күрт азайып кетті. Мал шаруашылығы терең күйзеліске ұшырады. Ұжымдастыру қарсаңында Қазақстанда 40,5 млн бас мал болды, ал 1933 жылдың 1 қаңтарында олардан қалғаны бар болганы 4,5 млн бас еді. 1931—1933 жылдары бүкіл Қазақстанды құшағына алған аштықтан 6,2 млн республика халқының 2,1 млн-ы қырылды. Өлкелік партия комитетінің Торғай ауданындағы уәкілі 1932 жылдың қыркүйегінде мұнда әр адам басына орта есеппен 56 килограмм ғана астық және бір ғана мал калғанын, ал бұлар алты айдан кейін мүлде таусылып, қаңтардың соңына қарай, қыстың кақаған, сары аязында нағыз қиямет-қайым орнайтынын алдын ала ескертіп, дабыл қақты. Ол сонымен бірге кейбір толық емес мәліметтер бойынша ауданда ең кемі 2042 адам аштық құрбаны болғанын, ал 8500 адам аштан өлейін деп жатқанын Құрамысов пен Кахианидің, Исаев пен Құлымбетовтың аттарына жолдаған ресми мәлімдемесінде ашық айтты. Анадан туғандай тыржалаңаш, аш адамдардың дала төсінде босып сандалып жүргендерін, басқасын былай қойғанда, олардың даладағы атқұлақ пен сарышұнақты түгін қалдырмай жеп койғанын жазды. Осындай қайғылы жағдайдың көрші Батпаққара ауданында да кеңінен орын алып отырғаны да айтылды.
Голощекин қазақ даласындағы жағдайды өзі жіберген уәкілдері арқылы жақсы біліп, толық хабар алып отырды. Арнайы тапсырмамен Сарысу ауданында болған О.Жандосов мынадай мәлімет берді:
«Ауылдарды аралаған кезімде мен ондаған күндер бойы жерленбеген мәйіттерді кездестірдім... Әйелдер жоқшылық пен аштыққа төзімділеу. Еркектердің бірден ұнжырғасы түсіп кетеді. Күйзелгендер қолдарына не түссе де түк қалдырмай жеп қояды. Сүйек-саяқты жинайды, оларды жүрек жалғау үшін ондаған мәрте қайнатады. Тамақ орнына жартылай өңделген терілер де кете береді. Мен иттің етін жеген және онысын жасырмайтын бірнеше адамдарды кездестірдім. Оныншы ауылдан келе жатқан жолымда елсіз жапаннан екі жасөспірімді көрдім, Олар қайдағы бір ескі жұрттағы, атылған иттердің терісін алу үшін қалған өлімтіктеріне бара жатыр екен. 5-ауылда аштықтан жартылай ісінген, аяғы ауыр әйел маған жақын келіп, оған ит атып беруімді өтінді».
Голощекиндік геноцид қазақстандықтарды, ең алдымен, қазақ халкын аштыққа және босқындыққа ұшыратты. Зарлаған ана, шырылдаған бала, түнеріп, өлексе сасыған қазақ даласы — большевиктік эксперименттің нәтижесі осы еді.
Қазақстандағы 1932-1933 жылдардағы ашаршылық салдарынан болған адам шығыны туралы мәселені қазіргі заманғы тарихнама әр түрлі қырынан бағалайды. Қарапайым рәсімге (қазақ халқы санының жүргізілген санақтар арасындағы арифметикалық алшақтықты анықтауға) негізделген зерттеулерде шығын, әдетте, 1 млн адам шегінде аталады. Көрінеу көбейтілген бағалаулар да кездеседі, мысалы, белгілі америкалық маман Марта Олкоттың «Әлеуметтік өткенді бағамдау: Орта Азия қазақтары» атты кітабында екі миллиондық құрбандық туралы айтылады.
Батыстың кеңес кезеңін зерттеушілеріне назар аудара отырып, олардың ізденістері бір жағдайларда ақиқатқа ұмтылысты бейнелесе, екінші бір жағдайларда онда объективтіліктің қарасы да көрінбейді, өйткені барлық назар негізінен «тағы бір ілгешекті айтып қалу» ниетінен туатын қасаң пікірлерге аударылады. Бірақ қалай болғанда да отандық тарихымыздың проблемасын біздің өзімізден артық ешкім шеше алмайды. Сондықтан осы бағыттағы зерделік ізденістерді жеделдететін уақыт келді. Және бұл ретте тарихи демография, оның тиімді танымдық құралдарымен және зерттеудің әмбебаптық әдістермен қоса, елеулі рөл атқаруы тиіс.
Кейінгі кезге дейін проблеманы талдау үшін бірінші және екінші Бүкілодақтық халық санағы (тиісінше 1926 жылғы 17 желтоқсанда және 1939 жылғы 15 қаңтарда жүргізілді) деректері бірден-бір құжат көзі болып келді. Олардың арасындағы қашықтық толық 12 жыл және бір айды құрайды. Халықтың кемуі нақ осы санақтар аралығындағы кезеңде өтті. Егер адамдардың демографиялық кемуінін шыны 1932—1933 жылдардың қысына тура келетінін ескерсек, тиісінше халық санының ғаламат қысқаруы бірінші санақ өткеннен кейінгі шамамен оның алтыншы жылында және екінші санақтың нақ сондай алдынғы жылында болған. Басқаша айтқанда, қайғылы оқиғаның шыны екі санақтың дәл ортасына келеді, бұл есепті жан-жақты қарастыруға мүмкіндік береді.
1926 жылғы бірінші санақ қорытындысына сәйкес, Қазақ АКСР-і аумағында 3 млн 628 мың тұрғылықты халық мекендеді. Бірақ 12 жыл өткеннен кейінгі 1939 жылғы санақта халық санының 1 млн 321 мың адамға, яғни жинақтап айтқанда 36,7%-ға азайғаны тіркелген.
Тарихшы-демографтардың айтуы бойынша тіпті осы цифрдың өзі азайтылып көрсетілген, демек ол факторлық талдау аясында елеулі түрде түзетуді қажет етеді деген сөз.[3]. 1930 жылдың ортасына, халықтың сандық құрамы шартты түрде тұрақты болған кезде республика аумағындағы тұрғылықты халықтың саны 4 млн 120 мың адамды құрады.
Осы деректер тұрғысынан есептесек, сол зұлмат жылдарда Қазақстан өзінің тұрғылықты халқының орны толмас көп бөлігінен, атап айтқанда 2 миллионға жуық адамынан айырылған.
Қазақ халық шаруашылығы есеп (Казнархозучет) басқармасы М. Соматовтың жұртқа мәлім мәлімдеме хатында (1937 жылдың 14 қаңтары) Қазақстанның ауыл тұрғындары 1930 жылдың 1 шілдесінен 1933 жылдың 1 маусымы аралығында 3,4 млн адамға кеміп, ал қала тұрғындары 766,8 мың адамға өскен. Мәлімдеме хатта осы екі аралықтағы қайтыс болғандар айырмашылығы (263,3 мың адам) аштық, індет, жер аудару құрбандары көрсетілмейді.
Осыдан келіп тарихшы-демографтар мынадай қорытынды шығарады, демек аштықтың және сонымен байланысты аурулардың салдарынан аталған жылдарда республиканың бүкіл тұрғылықты халқының 1 млн 750 мыны немесе 42%-ы құрбан болды.
Қазақстанда осы кезде басқа халықтар мен этностардың саны: украиндар - 859,4 мыңнан 658,1 мыңға, өзбектер - 228,2 мыңнан 103,6 мыңға, ұйғырлар — 62,3 мыңнан 36,6 мыңға азайғанын да айтқан жөн. Ауыр тағдырға тап болған осы халықтардың өкілдері үйреніскен жерін тастап, азық-түлікке қатысты қолайлылау аудандарға - Сібірге, Өзбекстанға кетуге мәжбүр болды.
Келтірілген деректерден байқағанымыздай, шаруашылықты өктемдікпен талқандаудың салдарынан туындаған ашаршылық ауқымы жағынан жан шошытарлықтай болды. Малдан жұрдай болған қыр халқы өздеріне тән дәстүрлі тағамдары еттен айырылды. Балықшылық, аңшылық және басқа жиын-терім жағдайды түзей алмады. Егін шықпағандықтан ауылда астық болмады (ал болса, астық дайындау науқаны кезінде сыпырып алды).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет