1. Алаш әскерінің құрылуы, қызметі және Азамат соғысы кезіндегі іс-қимылдары


Кеңес Одағының батыры атанған қазақстандықтар мен партизандық қозғалыстарға қатысқан қазақстандықтар



бет43/45
Дата08.06.2023
өлшемі0,68 Mb.
#99741
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
1. Алаш скеріні рылуы, ызметі ж не Азамат со ысы кезіндегі

101. Кеңес Одағының батыры атанған қазақстандықтар мен партизандық қозғалыстарға қатысқан қазақстандықтар.
1941-1945 жылдар аралығында күллі әлемді дүр сілкіндірген ІІ Дүниежүзілік Ұлы Отан соғысы қазақ халқының өмірінде де үлкен таңба қалдырды. Зұлмат жылдарда елді жаудан қорғау үшін Қазақстаннан жалпы есебі 1 миллионнан аса жауынгер аттанған. Алексеенконың «Қазақстандағы демографиялық дағдарыс» кітабында жазылған мәліметке сенсек, соғыс жылдарында Қазақстан 600 мыңнан аса тұрғынынан айырылған. Соғыс кезінде қайтыс болғандар саны 279 мыңнан асады, 43 мыңға жуық сарбаз госпитальдарда жан тапсырса, 271 мыңнан аса адам үйіне қайта оралмай, із-түзсіз жоғалғандар санатына енген. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі үшін 499 қазақстандық азамат Кеңес Одағының батыры атағын алған. Оның ішіндегі 99-ы – этникалық қазақтар. Кеңес Одағының батыры атағын екі мәрте алғандар қатарында ұшқыштар Талғат Бигелдинов, Л.И. Беда, И.Ф. Павлов және ұшқыш-жойғыш С.Д. Луганский бар. Қазақ қыздарының ішінде екі адам – Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова Кеңес Одағының батыры атағын алған. 110 қазақстандық үшінші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталған. Ал ұшқыш Хиуаз Доспановаға «Қазақстанның Халық қаһарманы» атағы берілді.
Әлия Молдағұлова, Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлова 1925 жылы Ақтөбе облысының Қобда ауданында дүниеге келген. Қазақтың мерген қызы. Ұлы Отан соғысы кезінде 54-ші атқыштар дивизиясының атқыштар құрамында ерлік көрсеткен. 1935 жылы Әлия әскери-транспорттық академияға оқуға түседі. 1944 жылдың қаңтарында құрамында Молдағұлова бар 54-ші атқыштар дивизиясы Насва станциясындағы теміржолға шығады. Ворошиловскийдің естелігі бойынша, сол шайқаста жау кеңес әскерилерін тоқтаусыз оқпен күтіп алған. Сол шайқаста Әлия Молдағұлова үш рет жау оғына тойтарыс берген. Аталған шайқаста фашистер кеңес әскерінің алдыңғы шебін атып тастайды. Сол сәтте басылып, бас көтере алмай қалған батальонды жауғы қарсы Әлия бастап шықты. Ол: «Бауырлар, Алға» деп айғайлап, жаудан беті қайтып қалған майдандастарын алға жетелеген. Сол шайқаста Әлия жау оғынан ерлікпен қаза тапты. 1944 жылдың 4 маусымында қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұловаға Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Бүгінде Әлияның атына көптеген мектеп, көше, ауыл атаулары берілген. Әлия Новосокольник ауданының Монакова ауылында жерленген.
Талғат Бигелдинов, Кеңес Одағының батыры Талғат Бигелдинов – гвардияның аға лейтенанты, гвардиялық авиациялық полк командирінің орынбасары, ұшқыш-шабуылдаушы. 1940 жылдан бері Қызыл Әскер қатарында. 1942 жылы Астрахань қаласындағы ұшқыштардың авиациялық мектебін бітірген. 1943 жылдан бері Ұлы Отан соғысына қатысқан. Ең алғаш рет соғыс аспанына 1943 жылдың 17 ақпанында көтеріліп, көп ұзамай жаудың шабуылдаушы ұшағын жарып жіберді. Ал Харьковтегі шайқас кезінде жау қолынан жарақат алып, емделген соң қатарға қосылды. Талғат Бигелдинов 1944 жылдың маусымында 155 рет әуе шабуылын жеңіспен аяқтап, жау бекіністері мен аэродромдарын, жау әскері жиылған топтарды талқандаған. Ол 1944 және 1945 жылдары соғыс аспанында көрсеткен ерлігі үшін екі дүркін Кеңес Одағының батыры атанды. Сондай-ақ, Талғат Бигелдинов 1945 жылдың 24 маусымында өткен Жеңіс парадында абыроймен жүріп өтті.
Мәлік Ғабдуллин, Кеңес Одағының батыры Мәлік Ғабдуллин 1915 жылы Көкшетау облысы, Зеренді ауылында дүниеге келген. 1941 – 1946 жылдары даңқты генерал Панфилов басқарған атқыштар дивизиясы сапында Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыс аяқталып, елге оралған соң Ғабдуллин ғылыми-педагогикалық мекемелерде жұмыс істеді. Ал майдангердің жазушылығы туралы әңгіме бір бөлек. Ол «Менің майдандас достарым», «Майдан очерктері», «Сұрапыл жылдар» шығармаларын жазып, қазақ әдебиетінің өркендеуіне де үлес қосты. 1943 жылы Мәлік Ғабдуллинге Кеңес Одағының батыры атағы берілді.
Сағадат Нұрмағамбетов, Кеңес Одағының батыры Сағадат Нұрмағамбетов 1924 жылы Алматы облысы, Еңбек ауылында дүниеге келген. 1942 жылы әскер қатарына шақырылып, Ұлы Отан соғысына қатысты. Польша, Германия, Молдова, Украина, 1 Белорус, Солтүстік Кавказ майдандарына қатысып, Гитлердің канцелиярсын шабуылдаға атсалысқан. Сағадат Нұрмағамбетовке Кеңес Одағының батыры атағынан бөлек, Армия генералы, Халық қаһарманы атақтары берілген. Сондай-ақ, Сағадат Нұрмағамбетов Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі ретінде тарихта қалған.
Мәншүк Мәметова, Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметова Калинин фронтындағы 101-ші атқыштар дивизиясының пулеметшісі, аға лейтенант. Қазақ қыздарының арасынан тұңғыш болып Кеңес Одағының батыры атанды. 1922 жылы Орал губерниясына қарасты ауылда дүниеге келген. Қызыл Әскер қатарына 1942 жылдың қыркүйегінен бастап алынған. Алғашында 101-ші қазақ атқыштар дивизиясының хатшысы, кейін медбикесі болды. Кейін пулеметшілер курсын аяқтайды. 1943 жылдың 15 қазаны күні басынан ауыр жарақат алғанына қарамастан, ерліктің үлгісін көрсетіп, пулеметпен жаудың 70-тен аса сарбазының көзін жояды. Сол шайқаста ол ерлікпен қаза тапқан. 1944 жылдың 1 наурызында Мәншүк Мәметоваға Кеңес Одағының батыры атағы берілді.
Партизандар туралы Кеңес Ақпараттық Бюросының хабарламаларында, мерзімдік басылымдарда айтылды. Соғыс жылдарының өзінде-ақ кеңестік партизандардың əскери əрекеттеріне қысқаша шолуларды Б. Волин, П.К. Пономаренко, Р. Сидельский жасаған. «Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысының тарихы» атты көлемді ғылыми еңбектің алтыншы томында жау тылындағы кеңес халқының ерлігі, коммунистік партияның ұйымдастырушылық рөлі көрсетіледі. Партизандық қозғалыстың маңызды қорытындылары Л.Н. Бычковтың «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы партизандар қозғалысы», «Советские партизаны (из истории партизанского движения в годы Великой Отечественной войны)» атты еңбектерінде берілген [1; 10]. Қазақстандықтардың партизандар қозғалысына қатысуы туралы Қазақ КСР кеңестік дəуірдегі, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы дамуы туралы жазылған бірқатар ұжымдық еңбектерде қысқаша сипаттамалар келтірілген. Бұл бағытта маңызды жұмысты партизандық қозғалысқа қатысушылардың өздері жасаған. Олар партизандар туралы естеліктер мен əңгімелер, күнделіктер, деректік повестер жазған. Мəселен, Т. Жангелдиннің «Партизан күнделігі», «Жолданбаған хаттар», «Партизандық жорық», Қ.Қайсеновтың «Партизан соқпақтары», «Жау тылында», тағы басқа да еңбектерді айтуға болады. 1941 жылы 18 шілдеде БКП (б) ОК «Неміс əскерінің тылында күресті ұйымдастыру туралы» қаулы қабылдады. Бұл қаулыда ерекше айтылатын міндет герман жаулаушылары үшін адам төзгісіз жағдай жасау, олардың байланыстарын үзіп, əскери техникаларын істен шығару, барлық іс- шараларын жүзеге асыруға жол бермеу, басқыншылар мен оларды қолдаушылардың көзін жою, атты жəне жаяу əскер партизандық бөлімдерді, диверсиондық жəне атқыштар топтарын құруға барынша көмектесу, басып алынған территорияларда жауға қарсы барлық жұмыстарды басқару үшін большевиктік астыртын ұйымдардың желісін құру болды. Сонымен қатар онда жау тылындағы күресті барынша белсендендіру туралы айтылды, бұл істі ұйымдастыруды республикалық, облыстық, аудандық, партиялық жəне кеңестік ұйымдардың жетекшілеріне жүктеді. 1941 жылы 28 шілдеде кеңес халқын жау уақытша басып алған аудандарда, жекелеген жау əскері бөліктерімен күресу үшін партизандық отрядтар мен диверсиондық топтарды құруға шақырды. А.М. Синицынның «Всенародная помощь фронту» деген еңбегінде құжаттық мəліметтер негізінде Ұлы Отан соғысы жылдарындағы фашист басқыншыларды талқандауда үлкен үлес қосқан тыл еңбеккерлерінің жаппай патриоттық қозғалысы, ерікті ұлттық құрамалардың майдандағы ерліктері жəне басқа да мəселелерді көтерген. Мұндағы «Ұлттық құрамалар» деген тарауында партизандық бөлімдердің құрылу тарихы, соғыс уақытындағы атқарған қызметі баяндалады. Партизандар бөлімдерінің Қызыл Əскердің қуаты мен күшінің өсуінің маңызды қайнар көздерінің бірі болғандығын атап өтеді. Автордың көрсетуінше, 1941 жылдың басында жау тылында 250 мыңдай партизандар əрекет етсе, 1943 жылдың басында Белоруссия, Украина, Латвия, Литва, Эстония, Карелия жəне РКФСР жекелеген облыстарында 120 мыңнан астам партизандар соғысқанын көрсетеді. Толық емес деректер бойынша, партизан бөлімдерінде барлығы миллионнан астам адам соғысқан. 1943 жылы партизандар барлығы 11 мың поездарды аударуды, 6 мыңдай паровоздар мен шамамен 40 мыңдай вагондарды, цистерналар мен платформалардың көзін жойған немесе зардап келтірген, ал бұл уақытта халық кекшілдері 6400 темір жол жəне тас жол көпірлерін жойып, 22 мыңнан астам көлігін жарған. «Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы» атты көлемді еңбекте партизандық қозғалыс туралы жалпылама сипаттаушы мəліметтер кездеседі. Украина партизандарының саны 1943 жылдың қаңтар- сəуірінде 2,5 есе, ал белорус партизандарының саны 1943 жылдың қаңтарынан қарашасына дейін 2 еседен аса көбейген. Партизан бөлімдері көбейіп, нығайған: Литвада олардың саны 2,5 есе, Латвияда 4 есе, Эстонияда 9 есеге артқан. 1943 жылдың аяқ шенінде неміс-фашист əскерлерінің тылында 250 мыңдай қаруланған партизан əрекет жасады, жасырын резервтер, өзін-өзі қорғау, өзін-өзі сақтау жəне басқа да құрамында жүз мыңдаған адамдары бар бөлімдер солардың тікелей тірегі болды [5; 302]. Партизан бөлімдері мен құрамаларының санының өсуі, жауынгерлік қабілеттерінің артуы, партизандарды қару-жарақ, оқ-дəрімен жəне қопарғыш техникамен жабдықтау ісінің жақсаруы олардың кең көлемде күресуіне жəрдемдесті, оларды көздеген мақсатқа неғұрлым сай пайдалануға мүмкіндік берді. 1943 жылдың көктемінен бастап партизандардың соғыс əрекеттері əдетте Қызыл Əскердің операцияларымен үйлестіріліп отырылды. Қорыта келе, неміс-фашист əскерлерімен басып алынған территориядағы кеңес адамдарының бүкілхалықтық күресі ауқымы, саяси жəне əскери нəтижесі бойынша фашизмді талқандаудың маңызды əскери саяси факторы мағынасына ие болды. Қазақстандықтар басқа да кеңес ұлт өкілдері қатарында соғыс жүріп жатқан аумақтың қай бөлігінде соғысса да, Отан алдындағы борышын абыроймен атқара білді. Партизандар қозғалысына қатысқан қазақстандықтар туралы мəселе əлі де талай тың зерттеулерді қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет