1. Анатомия пәні мен оның міндеттері, зерттеу әдісі, түрлері


Қолдың бұлшық еттері, бөлімдері



бет20/72
Дата24.04.2023
өлшемі0,49 Mb.
#86134
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   72
20. Қолдың бұлшық еттері, бөлімдері.
Қолдың бұлшық еттерін орналасуына қарай иық белдеуінің және қолдың еркін қозғалатын сүйектерінің бұлшық еттері деп екі топқа бөледі.
Иық белдеуінің бұлшық еттері қолды тұлға мен жауырын арқылы жалғастырып тұрады. Ал жауырын мен бұғана денеге арқа еттері арқылы бекіп жатады. Иық белдеуінің еттеріне жауырынды айнала жатқан дельта тәрізді, жалүсті, жаласты, кіші жұмыр, үлкен жұмыр, жауырынасты еттері жатады.
1. Дельта тәрізді бұлшық ет (дельтовидная мышца) - өз дамуының ерекшелігіне байланысты иық буынын қаптай орналасып, иыққа пішінін беріп тұрады. Ол бұғананың сырт жақ бөлігінен жауырынның иық өсіндісі мен жалынан басталып, тоқпан жіліктің сырт жағындағы дельта бұдырына бекиді. Бұл ет жиырылғанда қолды горизонтальды күйге келтіреді, ал тек алдыңғы бөлігі ғана жиырылғанда қолды иық буынынан алға, артқы бөлігі жиырылғанда артқа қарай қозғайды.
2. Жауырының жалүсті еті (надостная мышца лопатки) – жауырының жалүсті ойысында жатып тоқпан жіліктің үлкен буындарына барып бекиді. Бұл ет жиырылғанда дельта тәрізді етке ұқсап қимыл жасайды, яғни қолды сырт жағына қарай горизонтальды күйге келтіреді.
3. Жауырынның жаласты еті (подостная мышца лопатки)- жауырынның жаласты ойысынан басталып тоқпан жіліктің үлкен бұдырына екиді. Бұл ет жиырылған кезде қолды иық буынынан сыртқа қарай айналдырады.
4. Кіші жұмыр ет (малая круглая мышца) -жауырын еттерінің төменгі жағында жатады. Ол жауырынның сырт жақ қырынан басталып тоқпан жіліктің үлкен бұдырына бекиді, жиырылған кезде қолды сыртқа қарай айналдырады.
5. Үлкен жұмыр ет (большая круглая мышца) -жауырынның бұрышынан басталып, қолтық астынан алға өтіп, тоқпан жіліктің кіші бұдырына бекиді, жиырылған кезде қолды иық буынынан ішке қарай айналдырады.
6. Жауырынасты еті (подлопаточная мышца)-жауырынның астыңғы ойысында орналасып, бұл да тоқпан жіліктің кіші бұдырына бекиді. Бұл ет жиырылғанда үлкен жұмыр етпен бірге қолды иық буынынан ішке қарай айналдырады. Иық белдеуінің бұлшық еттері шандыр қапшықтармен қаптала жатады.
Қолдың еркін қозғалатын сүйектерінің бұлшық еттерін жатқан жағдайына қарай тоқпан жілік, білек, қол басының еттері деп бөлеміз.
Тоқпан жілік бұлшық еттері орналасуына қарай алдыңғы, артқы топқа бөлінеді. Тоқпан жіліктің алдыңғы бұлшық еттері жиырылғанда қолды иық және шынтақ буынынан бүгеді, ал артқы еттері жиырылғанда сол буындардан жазады.
Қардың алдыңғы бұлшық еттеріне құстұмсық-тоқпан жілік еті, екібасты ет және тоқпан жілік еті, ал артқы тобына үшбасты ет пен шынтақ еті жатады.
1. Құстұмсық тоқпан жілік еті (ключево-плечевая мышца) – жауырынның құс тұмсық өсіндісінен басталып, тоқпан жіліктің орта жеріне тіркеледі. Бұл ет жиырылған кезде қолды иық буынынан алға көтереді.
2. Иықтың екібасты еті (двухглавая мышца) - қысқа басымен жауырынның құстұмсық өсіндісінен, ал ұзын басы жауырынның буынүсті бұдырынан басталып, буын қапшығының ішімен төмен түсіп, екі басы бір-бірімен қосылады да, шынтақ буынының алдынан өтіп шыбық сүйектің төмпешігінен бекиді. Екібасты бұлшық ет жиырылған кезде қолды иық және шынтақ буынынан бүгіп, ішке қарай айналдырады.
3. Тоқпан жілік еті (плечевая мышца) - тоқпан жіліктің алдыңғы бетінен басталып шынтақ сүйектің буындарына бекиді. Жиырылған кезде білекті шынтақ буынынан бүгеді. Тоқпан жіліктің артқы жағында жатқан еттерге үшбасты және шынтақ еті жатады
4. Иықтың үшбасты еті (терхглавая мышца плеча) - тоқпан жіліктің сыртынан үшбасты болып басталады. Ұзын басы жауырынның буынасты денесінен, ішкі және сыртқы бастары тоқпан жіліктің арт жағынан басталып, үшеуі өзара қосылып, шынтақ буынынан аттап сіңірмен шынтақ сүйектің шынтақ өсіндісіне бекиді. Бұл ет жиырылғанда қолды, иық және шынтақ буынынан жазады.
5. Шынтақ еті (локтевая мышца) - білек шандырымен қапталған үшбасты кішкене ет. Үшбасты бұлшық етпен бірге қолды шынтақ буынынан жазады.
Тоқпан жіліктің ет шандырлары жіліктің ішкі және сырт жағынан сол сүйекке бекіп, перде түзеді. Бұл перделер бүгуші еттер тобын жазушы еттер тобынан бөліп тұрады.
Білектің бұлшық еттері – алдыңғы және артқы топ деп екіге бөлінеді. Бұл бұлшық еттері сыртынан шандыр қапшықпен қапталып жатады. Ол шандыр алдыңғы тобын артқы тобынан ажыратып тұрады.
Білек бұлшық еттерінің алдыңғы және артқы топтары беткей және терең бұлшық еттерге бөлінеді. Алдыңғы беткей бұлшық еттеріне жататындар:
1. Жұмыр пронатор (круглый пронатор) – жоғарыда айтқан аймақтан басталып, төмен қарай қиғаш түсіп, кәрі жіліктің орта бөлігіне бекиді. Жиырылғанда білекті, яғни жілікті қол басымен ішке қарай бұрады. Бұл жағдайда кәрі жілік шынтақ сүйектің үстінде қиғаш жатып, қол басын, алақанды ішке айналдырады.
2. Кәрі жіліктің білезік бүгетін еті (лучевой сгибатель запястья) - қиғаш орналасқан. Ол тоқпан жіліктің ішкі өсіндісінен басталып, ІІ алақан сүйегіне бекиді. Ол қол басын бұруға және білекті ішке бұруға қатынасады.
3. Алақанның ұзын еті (длинная ладонная мышца) – кей адамдарда жоқ болуы да мүмкін. Бұл еттің ұзын сіңірі үшбұрышты алақан шандырына жалғасып, алақан терісіне бекиді. Жиырылғанда алақан терісін тартып, қол басын бүгеді.
4. Саусақтарды бүгетін беткей ет (поверхностный сгибатель пальцев) – бұл еттің пішіні жалпақ кетеді. Оның төменгі бөлігі төрт сіңірге тармақталған. Бұл сіңірлері ІІ, ІІІ, ІҮ, Ү саусақтардың бақайшықтарына бекиді. Бұлар жиырылғанда саусақтарды қол басымен бірге бүгеді.
5. Шынтақтың білезік бүгетін еті (локтевой сгибатель запястья) – білектің ішкі жағында орналасқан. Оның сіңір бөлімі бұршақ тәрізді сүйекшені қоршап барып, алақан сүйегіне бекінеді. Жиырылғанда қол басын бүгеді.
Білектің алдыңғы терең еттеріне саусақты бүгетін терең ет, басбармақ бүгетін ұзын ет және шаршы пронатор еттері жатады.
1. Саусақтарды бүгетін терең ет (глубокий сгибатель пальцев) – шынтақ сүйектің алдынан және сүйекаралық жарғақтан басталады. Бұл ет саусақтар бүгетін беткей ет тәрізді төрт жіңішке сіңірге бөлініп ІІ, ІІІ, ІҮ, Ү саусақтардың тырнақ бақайшықтарына бекиді.

2. Басбармақ бүгетін ұзын ет (длинный сгибатель большого пальца) – білектің кәрі жілік жағында терең орналасқан. Ол кәрі жіліктің алдыңғы беті мен тоқпан жіліктің ішкі жағынан басталып, ұзын сіңірі білезік шандырларының астына өтіп, басбармақтың тырнақ бақайшығына бекиді. Жиырылғанда басбармақты бүгеді.
3. Шаршы пронатор (квадратный пронатор) – білектің төменгі жағында жатып, шынтақ сүйектің алдыңғы бетінен басталады да, кәрі жіліктің алдыңғы сырт жақ бетіне бекиді, яғни жұмыр пронатордың синергисі болып есептеледі.
Білектің арт жағындағы беткей бұлшық еттерітоқпан жіліктің сыртқы өсіндісі мен кәрі жілік, шынтақ сүйектердің артқы беттерінен басталады.
1. Тоқпан-кәрі жілік еті (плечо-лучевая мышца) -тоқпан жіліктің сыртқа бетінен басталып, кәрі жіліктің «біз» өсіндісінен бекиді. Жиырылғанда пронацио қалпында тұрған қолды керісінше (орталыққа) айналдырады және бұл ет қолды шынтақ буынынан бүгуге көмектеседі.
2. Білезік жазатын кәрі жіліктің ұзын және қысқа еттері (длинный и короткий лучевые разгибатели запястья)- тоқпан жіліктің сыртқы өсіндісінен басталып, оның ұзын еті ІІ алақан сүйегіне, ал қысқа еті ІІІ алақан сүйегіне бекиді. Олар жиырылғанда қол басын жазуға көмектеседі.
3. Саусақтарды жазатын жалпы ет (общий разгибатель пальцев)- білекті бойлай төмен түсіп, төрт сіңірге бөлініп, қол басының сыртынан ІІ, ІІІ, ІҮ, Ү саусақтарға бекиді. Жиырылғанда саусақтарды қол басымен бірге жазады.
4. Шынтақтың білезік жазатын еті (локтевой разгибатель пальца) - Ү алақан сүйегінің арт жағынан бекиді. Жиырылғанда қол басын жазады.
Білектің артқы жағындағы терең бұлшық еттеріне: супинатор және ІІ-ІІІ саусақтың жеке бұлшық еттері жатады.
5. Супинатор еті – тоқпан жіліктің сыртқы өсіндісінен және шынтақ жіліктің қырынан басталып, кәрі жілікті қиғаш айналып өтіп, сыртқы жағынан бекиді. Жиырылғанда білекті сыртқа қарай айналдырып, алақанды алға қарай тартады, сондықтан да бұл етті супинатор деп атайды.
6. Басбармақты алшақтататын ұзын ет (длинная отводящая мышца большого пальца) - шынтақ сүйек пен кәрі жіліктің сырт жағынан және сүйекаралық жарғағынан басталып І алақан сүйегіне бекиді.
7. Басбармақты жазатын ұзын ет (длинный разгибатель большого пальца) - І саусақтың негізгі бақайшығына бекиді.
8. Басбармақты жазатын қысқа ет (короткий разгибатель большого пальца)– шынтақ сүйектің арт жағы мен сүйекаралық жарғақшасынан басталып, І саусақтың тырнақты бақайшығына бекиді. Бұл екі еттің жұмысы атына сай басбармақты жазады.
9. Сұқ саусақты жазатын ет (разгибатель указательного пальца)– шынтақ сүйектің сыртқы беті мен сүйек аралық жарғақтан басталып, сіңірі саусақтар жазатын жалпы ет сіңірлерімен қосылып, сұқ саусаққа бекиді. Сондықтан да сұқ саусақ басқаларға қарағанда жеке, еркін жазылады.
Қол басының бұлшық еттері.Қол басының бұлшық еттері саусақтарды қимылға келтіретін майда бұлшық еттерден түзілген. Бұлшық еттердің көпшілігі сіңірлермен қапталған. Олардың көбі басбармақ дөңесін түзіп жатады. Олар: басбармақтың қысқа бүгуші, қысқа жазушы, қысқа тартушы және қарама-қарсы қоюшы бұлшық еттерінен тұрады. Бұл аталған еттербасбармақтың жеке аппараты болып есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет