1. Анатомия пәні мен оның міндеттері, зерттеу әдісі, түрлері


Аяқтың бұлшық еттері, бөлімдері



бет21/72
Дата24.04.2023
өлшемі0,49 Mb.
#86134
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   72
21. Аяқтың бұлшық еттері, бөлімдері.
Аяқ бұлшық еттері орналасуына қарай жамбас белдеуінің еттері және аяқтың еркін қозғалатын бөлігінің еттері болып бөлінеді.
Жамбас белдеуінің бұлшық еттері ішкі және сыртқа топқа бөлінеді. Сыртқы еттерге жамбас сүйектерін сыртқы жағынан қоршап орналасқан бұлшық еттер жатады. Бұл еттер жамбас буынның жан-жағынан өтіп, оны түрлі қозғалыстарға келтіреді.
Жамбастың ішкі жағында жатқан бұлшық еттеріне бел-мықын еті, алмұрт тәрізді ет, ішкі қолсұғар еті, құймышақ еті жатады. Ал жамбастың сытқы жағында жатқан еттеріне үлкен, ортаңғы кіші бөксе еттері, санның жалпақ шандырын керетін еті, егіз еттер, санның шаршы және сыртқы қолсұғар еттері жатады.
Жамбас еттерінің шандырлы жапқыштары ішінде бел-мықын бұлшық еттерін қаптап жатқан мықын шандыры жақсы жетілген. Жамбас шандырлары құрсақтың ішкі шандырларының жалғасы болып келеді. Жамбастың бұлшық еттері де шандырлармен қапталған. Бөксе шандырларының бірнеше жапырақшалары бөксе бұлшық еттерін жекелей орап та жатады.
Аяқтың еркін қозғалатын сүйектерінің бұлшық еттері. Аяқтың еркін қозғалып тұратын бөлігінің бұлшық еттері немесе аяқтың өз еттері аяқ сүйектерінің бөлінуіне сәйкес бұлар да сан, сирақ және аяқ басының бұлшық еттері болып бөлінеді.
Сан немес ортан жілік бұлшық еттері санның ортан жілігін қоршап жатады. Бұл еттер өздерінің орналасу жағдайы мен қызметіне байланысты алдыңғы, ішкі және артқы топтарға бөлінеді. Оның алдыңғы топ еттері санды бүгу қызметін атқарса, ішкі еттері ішке тарту, ал арт жақ еттері санды жамбас буынынан жазу қызметін атқарады.
Санның алдыңғы бетіндегі бұлшық еттерге тігінші және төртбасты бұлшық еттер жатады.
Тігінші ет (портняжная мышца) – адам денесіндегі еттердің ең ұзыны болып саналады. Ол санның алдыңғы жағынан ішке қарай ұзынынан, қиғашталып орналасқан. Бұл ет мықын сүйектің алдыңғы жағынан басталып, санды алдынан қиғаш орай өтіп кетеді де, асықты жіліктің іш жағынан бекиді. Жиырылғанда аяқты жамбас және тізе буынынан бүгуге, сонымен бірге сирақты ішке, ал санды сыртқа бұруға қатысады.
Санның төртбасты еті (четырехглавая мышца бедра) - санның алдыңғы жатқан еттер тобына кіреді. Бұл ет жеке-жеке басталатын төрт саладан түзілген. Оның біріншісі санның тік еті мықын сүйегінің алдыңғы етінен басталады. Ол қауырысын пішінді келеді. Төртбасты еттің қалған үш басы санның жалпақ еттеріне жатады. Оларды санның ішкі, сыртқы және аралық жалпақ еттері деп атайды. Сыртқы жалпақ еті ортан жіліктің үлкен ұршығынан және оның ұршықаралық сызығынан басталады. Ішкі жалпақ ет тік еттің ішкі жағында орналасқан. Ол ортан жіліктің ұршықаралық сызығынан басталады. Сыртқы және ішкі жалпақ еттердің құрылысы жартылай қауырсын пішінді болады. Төртінші басында аралық жалпақ ет жатады. Ол сыртқы және ішкі жалпақ еттердің аралығында, санның тік етінің астында орналасқан. Оның басы ортан жіліктің алдыңғы бетінен басталады. Бұл айтылған еттердің төрт басы бірігіп, төменгі жағында тізе тобығын қоршай өтетін меншікті сіңір байламын түзеді де, үлкен асық жіліктің алдыңғы бұдырына бекиді. Санның төртбасты еті өте күшті бұлшық еттерге жатады, ол ет жиырылғанда аяқты тізе буынынан жазады, ал тік басы аяқты жамбас буынынан бүгеді.
Санның ішкі жағында жатқан бұлшық еттерге нәзік ет, қырлық, ұзын, қысқа және үлкен ішке тартушы еттер жатады. Бұл бұлшық еттер жамбас сүйегінің әр жерінен басталып, ортан жіліктің арт жағындағы ұзына бой бұдырлы сызығына бекиді.
1. Нәзік ет (нежная мышца) – лента тәрізді. Ол санның ішкі жағымен тік төмен түсіп жатады. Шат сүйегінің төменгі бұтасымен қасаға бөлігінен басталып, кәрі жіліктің ішкі жағына бекиді де, аяқты тізе буынынан бүгеді.
2. Қырлы ет (гребешковая мышца)- бел-мықын етінің іш жағынан шектеліп жататын кішілеу ет. Ол шат сүйегінің жоғарғы қырынан басталып, ортан жіліктің бұдырлы сызығының жорғарғы бөлігіне бекиді. Жиырылғанда санды жамбас буынынан бүгіп, оны жақындатып сыртқа бұрады.
3. Ұзын, қысқа және үлкен ішке тартушы еттер (длинная, короткая и большая приводящие мышцы) - шат және шонданай сүйегінен басталып, ортан жіліктің арт жағындағы бұдырлы сызығына жоғарыдан төмен қарай бекиді. Жиырылғанда нәзік және тарамды еттерге ұқсас, аяқты ішке тартып сыртқа айналдырады.
Санның артқы беттеріндегі бұлшық еттеріне санның екібасты еті, жартылай сіңірлі және жартылай жарғақты бұлшық еттер жатады, бұл бұлшық еттердің жоғарғы бөліктерібөксе бұлшық еттерімен жабылған. Олар шонданай сүйегінен бсталып, тізе буынының ішкі және сыртқы жағынан қоршай өтіп, сирақ сүйектеріне бекиді.
1. Санның екібасты еті (двуглавая мышца бедра) – үлкен қысқа басымен басталады. Қысқа басы ортан жіліктің бұдыр сызығынан, ал ұзын басы шонданай сүйектің денесінен басталады. Бұл екі басы бірігіп төменгі жағында ет сіңіріне көшіп, шыбық сүйектің басына бекиді. Жиырылғанда аяқты тізе буынынан бүгеді, ал санды жамбас буынынан жазып сыртқа қарай бұрады.
2. Жартылай сіңірлі ет (полусухожильная мышца)- бұл өзінің атына лайықты жартысына тең келетін төменгі сіңірден түзілген. Ол жамбастың шонданай бұдырынан басталып, тігінші еттің сіңірімен бірге тізе буынды айналып өтіп, асық жіліктің іш жағына бекиді. Жиырылғанда аяқты тізе буынынан бүгеді, сәл ішке қарай айналдырады да, санды жазады.
3. Жартылай жарғақты ет (полуперепончатая мышца)– алдыңғы айтқан бұлшық еттердің астында орналасқан. Ол ұзын жұқа шандырымен шонданай дөңесінен басталып, жартылай сіңірлі етпен бірге кәрі жілік бұдырына бекиді. Бұл ет қауырсын пішінді болады. Жиырылғанда санның артқы еттеріне ұқсас, аяқты тізе буынынан бүгіп, санды жамбас буынынан жазады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет