1. Анатомия пәні мен оның міндеттері, зерттеу әдісі, түрлері


Бүйректің құрылысы, қызметі



бет37/72
Дата24.04.2023
өлшемі0,49 Mb.
#86134
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   72
39. Бүйректің құрылысы, қызметі.
Бүйрек (почка). Құрсақ қуысында, жоғарғы бел омыртқаларының тұсында орналасқан. Бір-біріне бас жақтарымен жақын жатады. Оң бүйрек сол бүйрекке қарағанда 1-2 см төмен жатады. Бүйректер артқы жағынан диафрагмаға, белдің құрсақ қуысына, алдыңғы жағынан тоқ ішектің өрлеу және төмендеу бөліктерімен шектеледі. Бүйректің орналасуы жас және жыныс ерекшеліктеріне байланысты келеді. Әйелдерде төмендеу, жас нәрестеде одан да төменірек жамбас ішінде түсе жатады. Сыртқы пішіні бұршақ тәрізді, ересек адамдарда ұзындығы 12 см, ені 6 см, салмағы 120 грамға дейін жетеді. Сырт жағынан тығыз фиброзды, оңай сыпырылатын дәнекер тканді қапшықпен қапталған. Бүрек беті ересек адамда тегіс келсе, жаңа туған нәрестеде бұдырлы келеді. Ішкі жағында бүйрек қақпасы болады, ол арқылы артерия қан тамыры еніп, вена қан тамыры мен несепағар шығады. Бүйректің жоғарғы жағында эндокринді бездер қатарына жататын бүйрекүсті безі орналасқан. Бүйректер басқа мүшелерге қарағанда құрсақ қабырғасына жақсы бекінген. Олардың өз орнына дұрыс орналасуына себепші біріншіден іш қуысының қысымы болса, екіншіден май капсуласы, үшіншіден құрсақ байламдарымен бүйрекке енетін қан тамырлары. Егер осы айтқан аппараттар босаңсыса, бүрек өз салмағымен төмен түседі де, қан тамырлары мен нервтерін тартып, адамды ауру жағдайға жеткізеді. Бүйрек ыдырау процесінде пайда болған керексіз заттарды ағзадан шығарып, қанды тұрақты жағдайға келтіріп тұрады.Бүйректің кесіндісінен оның сыртқы – қыртыс және ішкі – мыйлы қабаттарынан тұратыны байқалады. Сыртқы қабатының түсі ішкі қабатына қарағанда ашықтау келеді, әрі бағана тәрізденіп бөлек-бөлек жатқан ішкі пирамидалық (милы) затының аралығына енеді. Бүйрек пирамидаларының саны 10-15 шақты болады. Олардың кеңейген табаны сыртқа қарай сүйір келген жағы бүйрек ішіне қарай жатады.
Бүйректің іші біртекті құрылыста келген нефрондардан тұрады. Олардың жалпы саны 2 миллионға дейін жетеді. Осы нефрондар арқылы қаннан несеп бөлініп шығарылады. Нефрон құрылысына келетін болсақ, ол капилляр шумағын орап жатқан капсуладан басталады. Капсула мен капилляр шумағын бүйрек денешігі деп атайды. Капсула қос қабырғалы тостағанша тәрізді, оның капилляр шумағына тығыз байланысқан ішкі қабырғасы мен сыртқы қабырғасының арасында саңылау кеңістік жатады. Осы кеңістікте қаннан сүзіліп шыққан сұйықтық (алғашқы несеп) жиналады. Осы капсуланың түбінен басталатын прокимальды иректі түтікше арқылы ағып отырып, мыйлы қабатындағы ілгекті түтікшенің төмен түсер иініне, одан өрлеу иініне көтеріліп, бүйректің қыртыс затында жатқан дистальды иректі түтікшеге жалғасады. Бұл түтікшелер жинағыш түтікшелерге, ал жинағыш түтікшелер пирамида ұшына ашылады. Пирамиданың ұшындағы жинағыш түтікшелер ашылған жерін пирамида емізікшесі деп атайды, оның осы сүйірленіп келген жерін кіші тостағаншалар аузы кептеп жатады. Олар бір-бірімен бірігіп үлкен тостағаншалар, ал бұлар қосылып бүйрек түбегіне көшеді. Ол бүйрек қақпасынан төмен қарай түскен несепағарға жалғасады.
Бүйрекке енген қан құрамынан зәр бөліну процесі жүреді. Осыған байланысты бүйрек қанмен жақсы қамтамасыз етіледі. Бүйрекке қанды әкелетін тамырды бүйрек артериясы дейді. Ол бүйректің қыртысты заты мен мыйлы затының шекаралығында тарамдалып, доға артериясын түзеді, олардан бүйрек капсуласына қарай бет алған «әкелуші» артерия шығады. Ол бүйрек капсуласының ішіне еніп, ұсақ капилляр тамырларына тарамдалып капилляр шумағын түзеді. Осы капилляр шумағы тамырларының бірігуі нәтижесінде «әкетуші» артерия пайда болады. Осы «әкетуші» артерия капсуладан шығып, екінші рет капилляр тамырларына тарамдалып, бүйрек түтікшелерінің сыртын торлап жатып, зат алмасу процесін жүргізеді. Осының нәтижесінде ғана артерия қаны вена қанына айналып, бүйрек венасы арқылы бүйректен шығады.
«Әкелуші» тамыр диаметрі «әкетуші» тамыр диаметрінен кең келеді. Сол себептен капсулаға қан көп келіп, аз шығады. Осының нәтижесінде капилляр шумағындағы қан қысымы капсула ішіндегі қысымнан жоғары болады. Оның осы ерекшелігінен т.б.жағдайларға байланысты капсуланың қуысында сүзілу процесі өтеді. Қанның сүзіліп шыққан қан плазмасына ұқсас сұйықтығын алғашқы несеп деп атайды. Бұлай деп аталу себебі оның құрамында кейбір тұздар, глюкоза, т.б. ағзаға керекті заттар ерітіндісі болуы мүмкін. Осы заттар ағзадан шығарылмай кері енеді, бұл процесті реабсорбция деп атайды. Осының нәтижесінде соңғы несеп пайда болады. Қорытып айтқанда несеп түзу механизмі бірінен соң бірі жүретін екі процестен (фильтрация және реабсорбция) тұрады.
Бүйрек басқа мүшелермен салыстырғанда қанды 20 есе көп қабылдайды. Бүйрек нефрондары мен қан тамырларынан басқа оларды қоршап әрі байланыстырып жатқан дәнекер ткандері бар. Бүйрек жұмысы нервтік және гуморальды жолмен реттеліп отырылады. Бүйрек құрамында екі түрлі жүйке талшықтары кездеседі – симпатикалық және парасимпатикалық. Симпатикалық нерв импульстері арқылы қан тамырлары тарылып, зәр бөліну азаяды. Ал парасимпатикалық (кезеген нерв құрамында келетін) жүйке талшықтарының импульстерінің әсерінен керісінше, несеп бөліну процесі көбейеді. Бүйректе лимфа жүйесі де жақсы жетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет