1. Анатомия пәні мен оның міндеттері, зерттеу әдісі, түрлері


Үлкен немесе жүйелік қанайналым шеңбері-



бет45/72
Дата24.04.2023
өлшемі0,49 Mb.
#86134
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   72
Үлкен немесе жүйелік қанайналым шеңбері- жүректің сол қарыншасынан (артерия қаны) қолқамен барлық артериялар арқылы организмнің барлық мүшелер жүйелеріне барып, қан капиллярларына таралып, одан әрі веналар арқылы (вена қаны) жүректің оң жүрекшесіне дейінгі қанның жүретін жолы. Үлкен қанайналым шеңбері организмнің барлық мүшелер жүйелеріндегі зат және газ алмасу процестерін қамтамасыз етеді. Аталған процестер микроайналым арнасы қан тамырларының қабырғалары арқылы қан мен қоршаған ұлпалар арасында үздіксіз жүріп отырады.
Адам мен жануарлар ұрығының эмбриондық дамуы кезеңінде іштегі нәресте мен жануарлар іштөлі организмдері қан тамырлар жүйесінде бірін-бірі ауыстырып отырып жетілетін екі: сарыуыздық және ұрықжолдастық (плаценталық) қанайналым шеңберлері болады.



  1. Қолқа, оның бөлімдері, өрлеу бөліктері, тармақтары.


Қолқа (аорта)—үлкен қан айналу шеңберінің ішіндегі ең ірі - артерия тамыры болып саналады. Қолқа тамырын жатқан жағдайына қарай өрлеу, доға, төмендеу бөліктеріне бөледі. Қолқаның өрлеу бөлігі сол қарыншадан басталып сәл көтеріліп доға бұрылысына дейін барады. Қолқа доғасы деп солға қарай бұрылған, дөңес келген жерін айтады, оның ұзындығы 5—6 см. Ол жүрек қапшығының ішінде жатады. Қолқа доғасы солға бұрылып бронхыны орай иіледі де, қолқаның төмендеу бөлігіне жалғасады. Қолқа доғасынан тарамдалған артериялар негізінде бас, мойын және екі қол сияқты мүшелерді қоректендіреді. Қолқаның төмендеу бөлігі, көкірек қолқасы мен құрсақ қолқасынан тұрады.
Көкірек қолқасы (грудная аорта) диафрагмаға дейін, көкірек қуысында орналасса, құрсақ қолқасы диафрагмадан төмен құрсақ қуысында орналасқан. Құрсақ қолқасы (брюшная аорта) бел омыртқасының алдыңғы бетімен ішек шажырқайының артынан етеді. Одан таралған артериялар құрсақ қуысындағы мүшелер мен оның қабырғасын коректендіреді. Ал, оның төмен қарай түскен артериялар жалғасы (мықын, құйымшақ, артериялары) жамбас астауындағы органдарды және аяқты қоректендіреді.
Сайып келгенде,қолқаның артерия тамырлары барлық дене мүшелерін артерия қанымен қамтамасыз етеді.
Енді осы қолқаның өрлеу бөлігінен, доғасынан және төмендеу бөлігінен таралатын артериялар тармақтарына тереңірек тоқталамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет