1. Анатомия пәні мен оның міндеттері, зерттеу әдісі, түрлері


Несеп ағардың құрылысы, қызметі



бет38/72
Дата24.04.2023
өлшемі0,49 Mb.
#86134
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   72
40.Несеп ағардың құрылысы, қызметі.
Несепағар (мочеточник) – ұзындығы 30 см, ол бүйрек түбегінен басталып, төмен қарай жүріп отырып қуыққа келіп жалғасады. оны құрсақ және жамбас бөлігіне бөледі, ол кіші жамбас ішімен төмен қарай жүріп отырып, сір қабықша астынан, қуық қабырғасының төменгі жағынан қиғаш өтіп түбіне таман ашылады. Несепағар қабырғасы үш қабаттан түзілген: ішкі кілегей қабат іш жағын астарлап, ұзына бойы қыртыстана жатса, ортаңғы қабаты жазық ет тканінен түзілген. Мұның өзі екі бағытта жатқан ет талшықтарынан тұрады: сыртқы – сақиналы, ішкі – ұзына бой. Ет талшықтарының жиырылуы нәтижесінде бүйректен бөлініп шыққан несеп әрдайым қуыққа қарай ағып отырады. Несепағардың сыртқы қабатына келсек, ол дәнекер тканнен түзіліп, сыртын қоршаумен бірге айнала жатқан мүшелермен байланыстырып, орнына бекітіліп отырады. Осы аталған несепағар қабаттары жалпы жасқы жетілмеген, сондықтан да ішінде ағып жатқан несеп қабықша астынан да көрініп жатады.
41. Қуықтың құрылысы, қызметі.
Қуық (мочевой пузырь) – зәрдің уақытша жиналып тұратын мүшесі. Ол жамбас қуысында, шат сүйегінің артында орналасқан. Ер кісілерде қуық артында несепағар мен тік ішек және шәует көпіршіктері жанаса жатады. Ал әйел адамдарда қынап пен жатыр жатады. Оның алдыңғы кеңістігінде бос болбыр май ткані болады. Қуық пішіні жалпы оның созылуына, толуына, тік ішек пен жатырдың көлеміне қарай өзгеріп отырады. Ол несепке толған кезде алмұрт тәрізді келеді, оның төменгі жағын түбі, жоғарғы жағын ұшы, орта бөлігін қуықтың денесі дейді. Қуық түбінен несеп каналы басталады. Қуық сыйымдылғы 700 см³.
Қуық – кіндік, жамбас, шат байламдары арқылы өз орнына бекіп жатады. Оның қабырғасы өте созылғыш келеді. Бос кезінде қабырға қалыңдығы 1,5 см-ге дейін барса, толған кезде 2-3 мм-ге жұқарып созылады. Қуықтың ішкі қабырғасы – кілегейлі қабаттан, ортаңғысы – бірыңғай салалы ет қабатынан, сыртқысы – дәнекер қабаттан түзілген. Оның сыртқы және ішкі талшықтары ұзына бой жатса, ортаңғысындағысы оралып көлденең орналасқан. Бұл ет талшықтарының жиырылуы нәтижесінде қуық несептен босатылады. Несеп каналының қуықтан басталар жерінде сақиналы ет талшықтары жинала келіп, қысқыш жасап жатады. Ал қуық толынқырап кеткен кезде ет талшықтары босап, несеп каналының ашылуына себеп болады. Ішкі кілегейлі қабат куық созылғанда жазылып тұратын ығыспалы эпителийден тузілген. Несепағардың қуыққа ашылар тұсында кілегей қабықшасы қатпар түзеді. Ол қатпар қиғашталып, клапан тәрізденіп несепағардың аузын жауып, несептің кейін кетпеуіне кедергі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет