1. Анатомия пәні мен оның міндеттері, зерттеу әдісі, түрлері


Аяқтың үлкен теріасты венасы (большая подкожная вена)— а



бет51/72
Дата24.04.2023
өлшемі0,49 Mb.
#86134
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   72
Байланысты:
1. Анатомия пәні мен оның міндеттері, зерттеу әдісі, түрлері-melimde.com

Аяқтың үлкен теріасты венасы (большая подкожная вена)— адам денесіндегі ең үлкен және ұзын вена болып есептеледі. Ол аяқ басының сыртқы веноздық торынан басталып, ішкі тобық жағымен көтеріліп, санның терең венасына қосылады. Бұл венаға көптеген санның, сирақтың майда веналары құяды.
Аяқтың кіші теріасты венасы (малая подкожная вена)— аяқ басының сыртқы венозды торынан басталады. Бұл вена аяқтың сырт жағында орналасқан. Тақым астында тақымасты венасына қосылады.
Аяқтың терең веналары (глубокие вены ноги)— қол веналарына ұқсас сыңарлы болып келеді. Оларға артқы, алдыңғы кәрі жілік, сан веналары жатады. Сан венасы сыртқы мықын венасына жалғасып, ішкі мықын венасымен қосылып жалпы мықын венасын түзеді. Жалпы мықын веналары бірігіп төменгі қуыс венасына көшеді. Аяқтың терең веналарында айшық қақпақшалары көп болады. Олар беткей веналармен көлденең қосылыстар жасап тығыз байланыста келеді. Сондықтан терең веналардан қан беткей тамырларға ауысып отырады.
Қорытып айтқанда, жалпы аяқ веналары аяқтың бас бөлімінен, сирақ және сан еттері мен терісінен вена қанын жинап, одан сыртқы мықын венасына, одан жалпы мықын веналары арқылы төменгі қуысты венаға құяды.
Жалпы мықын веналарының (общие подвздошные вены )—әрқайсысы ішкі және сыртқы мықын веналарының қосылысынан пайда болып, жоғары қарай бағыт алып, IV бел омыртқа тұсында бір-бірімен қосылып төменгі қуысты венаны түзеді. Жалпы мықын веналары-ның қосылар жерінде сегізкөз венасы жатады.
Ішкі мықын венасы вена қанын жамбас қуысындағы органдардан, ал сыртқы мықын венасы сан венасының тікелей жалғасы болғандықтан аяқтың беткей және терең веналарынан жинайды. Бұл венаға сан венасынан басқа төменгі құрсақ және мықын сүйегін қоршап жататын веналар қосылады.
Жоғарғы және төменгі қуысты веналар көлденең қосылыстар арқылы жалғасып жатады. Бұл қосылыстарға тұлғаның бүйір венасы, сыңарлы және жартылай сыңарлы веналары, ішкі және сыртқы омыртқа өрімдері кіреді. Омыртқа өрімдеріне ми сауытының, мықын белдеулерінің веналары байланысады.
Қорыта келгенде, бүкіл адам денесіндегі вена қаны жоғарғы және төменгі қуысты веналары арқылы жиналып, оң жүрекшеге құйылуымен үлкен қан айналу шеңбері аяқталады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет