1. Анатомия пәні мен оның міндеттері, зерттеу әдісі, түрлері



бет50/72
Дата24.04.2023
өлшемі0,49 Mb.
#86134
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   72
Бауыр веналары көптеген майда веналардан түзілген. Ол бауыр капиллярларынан вена қанын жинап, бауырдың артқы жағынан төменгі қуысты венаға тікелей ашылады. Бұл аталған веналар құрсақ органдарының жұп веналары болып саналса, тақ веналарына тақ органдарынан қанды жинайтын қақпа венасының жүйесі жатады,



  1. Қақпа венасына сипаттама.


Қақпа венасының жүйесі(система воротной вены). Ол құрсақ қуысындағы тақ органдардың вена қанын өзіне жинайды. Құрсақ қуысында, ас қорыту органдарының веналарынан жинақталған үш ірі вена түзіледі. Оларға көкбауыр, жоғарғы және төменгі шажырқай веналары жатады. Бұл үш вена қарынасты безінің тұсында бірігіп бауырдың қақпа венасына айналады. Қақпа венасы өте ірі, қысқа келген тамыр. Ол бауырға қақпасы арқылы еніп, бауыр веналарына бөлініп капиллярларға тарайды.
Көкбауыр венасы (селезеночная вена)—қақпа венасының жоғарғы құйылысы болып саналады. Ол көкбауырдан басталып өзі аттас артериямен қабат жатып, қарынасты безінің тұсында, өзіне қарынның кіші шарбы майынан, майда веналарды қосып алады. Қейде оған төменгі шажырқай венасы да қосылып кетеді.
Төменгі шажырқай венасы (нижняя брыжеечная вена)—өзі аттас артерияға параллель жатады. Ол тік ішектің веноздық өрімінен, қима ішектен және тоқ ішектің төмендеу бөлігінен вена қанын жинап, көкбауыр венасына, кейде тікелей қақпа венасына қосылады.
Жоғарғы шажырқай венасы (верхняя брыжеечная вена)— ол да өзіне аттас артериясымен қабат жатады. Ол соқыр ішектен, тоқ ішектің өрлеу және көлденең бөліктерінен қарынасты безінен, онекі елі ішектен, шарбы майдан вена қанын жинайды. Қақпа венасына қарынның кіші иін венасы тікелей қосылады.
Организмде бауырдың қақпа венасының маңызы зор. Себебі ас қорыту органдарынан келген қанның құрамында қоректік заттармен бірге зиянды (улы) заттар болады. Оларды бауыр өзінің күрделі қызметі арқасында зиянсыздандырады. Осының нәтижесінде тазартылған қан бауыр венасы арқылы төменгі қуыс венасына, одан жүрекке, жүректен үлкен шеңбер арқылы ағзаға таралады.
Аяқ веналары.Аяқ веналары қол веналары сияқты беткей және терең вена тамырларына бөлінеді. Олар аяқ басындағы беткей және терең табан доғаларынан басталады. Доғалардың өзі аяқ басының веноздық торлары мен аяқ бармақтары веналарының жалғасы болып саналады. Аяқтың беткей веналарына үлкен және кіші теріасты веналары жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет