1. Анатомия пәні мен оның міндеттері, зерттеу әдісі, түрлері


Төменгі қуысты венасына сипаттама



бет49/72
Дата24.04.2023
өлшемі0,49 Mb.
#86134
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   72
Төменгі қуысты венасына сипаттама.


Төменгі қуыс венасының жүйесі (система нижней полой вены). Ол төменгі бел омыртқа тұсында оң және сол жалпы мықын веналарының қосылуынан пайда болады. Бұл вена да көкірек қуысына қарай көтеріліп оң жүрекшеге ашылады. Жалпы төменгі куыс вена жүйесі вена қанын дененің төменгі бөлігінен жинайды. Олар құрсақ және аяқ веналары деп бөлінеді.
Қүрсақ веналары — орналасуына қарай қабырғалық (париетальды) және ішкіоргандық (висцеральдық) болып екіге бөлінеді. Оның қабырғалық веналарына бел веналары, диафрагма, сегізкөз веналары жағады.
Бел веналарының (поясничные вены)—жалпы саны төртеу, бір-біріне параллель орналасқан. Олар ұзына бой қосылыстар жасап, оң жағында сыңарлы, сол жағында жартылай сыңарлы веналармен жалғасады. Көлденең қосылыстар нәтижесінде жоғарғы және төменгі қуысты веналарының арасындағы байланыстар түзіледі.
Төменгі көкет (диафрагма) венасы (нижняя диафрагмальная вена)— жұп тамырға жатады. Өзіне аттас артериямен жанаса жүріп, диафрагманың төменгі жағынан төменгі қуысты венаға қосылады.
Сегізкөз венасы (крестцовая вена)— сегізкөздің алдыңғы бетінен вена қанын жинайды.
Ішкі органдық тамырларына жыныс (аналық және аталық бездерінің) веналары, бүйрек, бүйрекүсті безінің және бауыр веналары жатады.
Аталық без венасы (семенниковая вена)— аталық безінен басталып шәует бауының ішімен жоғары көтеріліп оң жағынан теменгі қуысты венаға, ал сол жағынан бүйрек венасына ашылады.
Аналық без венасы (яичниковая вена)— аналық безінен басталып, жатырдың жалпақ байламынан өтіп, өзіне аттас артериямен қабат жатады.
Бүйрек венасы (почечная вена)— бүйрек қақпасының тұсынан басталып, бүйрек артериясының алдынан өтіп төменгі қуысты венаға ашылады.
Бүйрекүсті безінің венасы (надпочечная вена)— бүйрекүсті безінен басталып, оң жағынан төменгі қуысты венаға, сол жағынан бүйрек венасына қосылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет