1. Анатомия пәні мен оның міндеттері, зерттеу әдісі, түрлері



бет52/72
Дата24.04.2023
өлшемі0,49 Mb.
#86134
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   72
Байланысты:
1. Анатомия пәні мен оның міндеттері, зерттеу әдісі, түрлері-melimde.com

Лимфа жүйесіне сипаттама.


Лимфа жүйесі деп вена жүйесін толықтырып тұратын тамырлар жүйесін айтады. Лимфа жүйесінің организм үшін маңызы өте зор. Себебі оның зат алмасу және фагоцитарлық процестерге қатысы бар. Тканьаралық сұйықтық организмнің ішкі ортасы болып есептелінеді. Осы ортада қан мен ткань арасындағы зат алмасу процесі лимфа арқылы іске асырылады. Себебі тканьаралық сұйықтық қайтадан қанға толық сорылмай, майда лимфа капиллярларға өтеді, олар біртіндеп жинақталып лимфа тамырларына айналады. Денедегі барлық лимфа тамырлары жинақталып көкірек және оң жақ лимфа өзектерін түзеді. Осы лимфа өзектері арқылы ткань сұйықтығы мойындырық және бұғанаасты веналарының қосылысынан пайда болған веноздық бұрышқа келіп ашылады. Қорытып айтқанда, лимфа сұйықтығы ткань аралығында қаннан пайда болып, ақыр аяғында вена қанына араласады.
Лимфа жүйесіне мыналар жатады: лимфа саңылаулары, лимфа капиллярлары, лимфа тамырлары, лимфа бездері.
Лимфа саңылауларына іштіктің сероздық қуысы, плевра мен жүрек қабының қуысы, ми және жұлын қабықтарының аралықтары, ми қарыншаларының қуысы, жұлын каналы, ішкі құлақтың лимфа қуысы, буын қуыстары жатады.
Лимфа капиллярлары- өте майда тамырлар, қабырғасы бір қабатты эн-дотелиальды торшалардан тузілген. Лимфа капиллярларының саны қан капиллярларының санына қарағанда өте көп болады. Олар бір-бірімен көлденең қосылыстар жасап, мүшелер мен тканьдерде капилляр торларын түзеді.
Лимфа тамырлары лимфа капиллярларының бірігуінен пайда болады. Бұл тамырлардың қабырға құрылысы қан тамырлар қабрығасынан жұқа келеді. Оның ішкі қабаты — эндотелиальды, ортаңғысы — серпімді талшықтар мен бірыңғай салалы ет тканінен, ал сыртқы қабаты дәнекер тканінен түзілген. Лимфа тамырлары орналасуына қарай беткей және терең тамырлар болып бөлінеді. Беткейі тері астында, тереңі артерия тамырларына жанама орналасқан. Олар бір-бірімен көлденең қосылыстар жасап байланысады.
Лимфа бездері -лимфа тамырларының жолында топтанып жатады. Осыған орай, лимфа тамырлары лимфа бездерінен өтеді. Лимфа бездері әр түрлі пішінде болады. Олардың сыртқы капсуласы жиырылып, ішіндегі сұйықтықты сығып шығаруға көмектеседі. Бездерде пайда болған ақ түйіршіктер (лейкоциттер) лимфа сұйықтығына араласып оның құрамын өзгертіп отырады.
Лимфа бездері үш жаста толық қалыптасып бітеді. Олар ағзаның барлық жерінде бірдей орналаспай, кейде біреуден, кейде шоғырланып орналасады. Лимфа бездері тізе буынында, тақым астында, жамбас, шат, шынтақ буынында, қолтық, жақ астында, мойында, өкпеде, бронхыда, ішек шажырқайында кездеседі. Көптеген лимфа бездері жұтқыншақта көмей тесігінен айнала қоршап орналасқан. Олар бір жасқа дейін тез өскенімен, ересек адамдарда бір қалыпта болады. Лимфа бездерінің жиынтық жасап жатқан жерін бадамшалар дейді. Олар көмей қойнауында, тіл түбірінде, жұтқыншақта топтана жатып, микробтармен күресіп, қорғаныс (фаго-цитарлық) қызметін атқарады. Жас балаларда баспа, дифтерит, қызамық т. б. аурулардың болуы осы бадамшалардың суыққа шалдығуына байланысты.
Лимфа құрамы жалпы жағдайға байланысты өзгеріп тұрады. Ас қорыту процесі өтіп жатқан кезде, аш ішектің шажырқайындағы лимфа тамырларына ішектен сорылған майлар өтеді. Мұндай жағдайда оны «сүт тамыр» деп атайды.
Адам ағзасындағы барлық лимфа тамырлары көкірек және оң жақ лимфа өзектеріне барып аяқталады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет