1. Анатомия пәні мен оның міндеттері, зерттеу әдісі, түрлері



бет56/72
Дата24.04.2023
өлшемі0,49 Mb.
#86134
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   72
Байланысты:
1. Анатомия пәні мен оның міндеттері, зерттеу әдісі, түрлері-melimde.com

Ауру белгілері. Егер ағзада паратгормон жетіспесе алып тастаса, қандағы кальцийдің деңгейі азайып, фосфор мөлшері артады. Орталык жүйке жүйесінін қозғыштығы жоғарылайды да бұлшықеттер сіресіп қалады. Қалқаншамаңы бездерінің ісуінен паратгормон шамадан тыс артық бөлінсе, сүйекте мүлдем азаяды. Сүйектер қисайып, сынғыш келеді, каптамырларда бауыр мен бүйректе, мида кальций көп жиналады, Мұндай жағдайда қалқаншамаңы бездерінің зақымданған жерін хирургиялық жолмен алып тастайды немесе рентген сөулесімен емдейді. Қалканшамаңы бездерінің жүмысы бүйрек пен сүйек ұлпасындағы кальций мен фосфордың алмасуымен тығыз байланысты
Айырша без (тимус) кеуде қуысында кеңірдектің жоғарғы ұшын жауып тұрады. Адамның балалық шағында ірі (30 г) болады. Жыныстық жетілуден кейін кішірейеді (20 г).
Қызметі: бұл без тимозин гормонын бөледі, ол ағзада иммундық жүйенің орталық мүшесі болып саналады. Тимозин гормоны жетіспесе, ағзаның иммундық қасиеті төмендейді. Көкбауырдың мөлшері кішірейіп, қандағы лимфоцит жасушалары аэайып, қарсыдене түзілмейді (13-сурет).



  1. Бүйрек үсті бездері, гормондарының құрылысы.


Бүйрекүсті бездері. Құрылысы: бұл - бүйректің жоғарғы ұшына орналасқан жүп бездер. Біреуінің салмағы 6-7 г, екеуін қоскандағы салмағы шамамен 12-14 г. Он, жақтағы бүйрекүсті безінің пішіні - үш бұрыш, сол жактағының пішіні — жарты ай тәрізді. Бездердің сыртын бүйрекпен қоса тығыз майлы қабық қаптайды. Бүйрекүсті бездері сыртқы қыртысты қабаттан және ішкі боз (милы) қабаттан тұрады. Ішкі қабаты бездің дәл ортасында, шамамен без ұлпасының 10%-ын құрайды. Сыртқы қыртысты қабаты 90%-ын алып жатады. Бүйрекүсті бездерінен көптеген гормондар түзіледі.
Қызметі: 1) бездің қыртысты қабатынан түзілетін гормондар (кортизон) көмірсудың алмасуын және оның нәруыздың түзілуін реттейді;
2) тұз және су алмасуын қамтамасыз етеді;
3) қан мен басқа ұлпалардағы натрий, калий және хлордың қалыпты мөлшерін реттейді;
4) жыныс мүшелерінің дамуына да әсер етеді. Бездің ішкі милы қабатынан адреналин гормоны бөлінеді. Адреналин қан қысымын жоғарылатады; жүректің жиырылу ырғағын жиілетеді; қанда глюкозаның мөлшерін арттырады; бауырдағы гликогеннің мөлшерін азайтады; қанның үюын тездетеді; ұлпаның оттегін қабылдауы жыл-дамдайды; қуық пен ауатамырлардың бұлшықеттерін босаңсытады. Адреналин - жүйке жүйесінің бақылауымен бөлінетін гормон. Адамның көңіл күйі күрт өзгерген кезде адреналин көп бөлінеді. Сондықтан оны кейде «көңіл күй» гормоны деп те атайды.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет