1. Анатомия пәні мен оның міндеттері, зерттеу әдісі, түрлері


Жүйке жүйесіне сипаттама, жіктелуі



бет58/72
Дата24.04.2023
өлшемі0,49 Mb.
#86134
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   72
Байланысты:
1. Анатомия пәні мен оның міндеттері, зерттеу әдісі, түрлері-melimde.com

Жүйке жүйесіне сипаттама, жіктелуі.


Жүйке жүйесі - адам мен жануарлар организмдерінің қоршаған ортаға бейімделуін реттейтін жүйе. Жүйке жүйесін зерттейтін морфологияның бөлімін гр. neurologia (грек, neuron — жүйке, жүйке жасушасы; logos — ілім) деп атайды. Жүйке жүйесінің қызметтері рефлекстер арқылы іс жүзіне асады.
Жүйке жүйесі мүшелерін негізінен жүйке ұлпасы құрайды. Жүйке жүйесі организмдегі орналасу орындары (топографиясына) мен құрылысына сәйкес: орталық және шеткі бөлімдер болып екіге бөлінеді. Жүйке жүйесінің


  • орталық бөліміне ми және жұлын,


  • ал шеткі бөліміне — мидан және жұлыннан организмнің шеткі аумақтарына таралатын мүшелер: жүйке түбіршіктері, жүйкелержүйке тораптары, жүйке түйіндері (ганглийлері) және жүйке талшықтарының ұштары жатады.


Организмдегі қызметтеріне байланысты жүйке жүйесін үш бөлімге бөледі. Олар: сомалық (денелік), парасимпатикалық (ішкі мүшелік), симпатикалық (тамырлық).
Жүйке жүйесінің сомалық бөлімі - дене, яғни тірек-қимыл аппараты және тері жабыны мүшедерінің, парасимпатикалық бөлімі — ішкі мүшелер мен бездердің, симпатикалық бөлімі — тамырлар жүйесі мүшелерінің қызметтерін реттейді. Парасимпатикалық және симпатикалық бөлімдерді біріктіріп, жүйке жүйесінің вегетативтік бөлімі деп атайды.



  1. Рефлекс, рефлекторлық доғаның қызметі.


Орталық жүйке жүйесінің негізгі қызметі- рефлекс.Рефлекс сөзін тұңғыш рет қолданған францу философы Рене Декарт 1664 ж. Оған ғылыми сипаттама берген шех ғалымы Прохаска 1817ж. Рефлек туралы ілімді одан әрі дамытып,рефлекстік теорияны пайымдағандар орыс ғалымдары И.М.Сеченов, И.П.Павлов,П.К.Анохин
Рефлекс дегеніміз орталық жүйке жүйесінің сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге қайтаратын күрделі жауабы.Рефлекстің морфологиялық негізі – рефлекстік доға,яғни қозуды рецепторлардан жүйке орталығына,онан шеткі ағзаға жеткізетін жол
Ол бес бөлімнен тұрады: 1 Қабылдауыш құрылым-рецептордан; 2 қозуды орталыққа жеткізетін афференттік жүйкеден; 3 аралық нейрондардан тұратын орталықтан; 4қозуды орталықтан эффекторға апаратын эфференттік жүйкеден; 5 жауап беретін құрлымы - эффектордан тұрады.
Рефлекс доғасы, жүйке доғасы — рефлекс процесіне қатысатын жүйкелік құрылымдар жиынтығы. Бұл терминді 1850 жылы ағылшын ғалымы М.Холл ұсынған. Рефлекс доғасы жүйке жүйесінің функциялық негізі болып табылады; қарапайым (екі нейронды, жалғыз синапсты) және күрделі (көп нейронды, бірнеше синапсты) болып бөлінеді. Рефлекс доғасының күрделілігі оның құрамына енетін аралық нейрондар санына байланысты.
Ең қарапайым доға бес буыннан: рецепторлар, орталыққа тепкіш жүйке, жүйке орталығы, орталықтан тепкіш жүйке және атқарушы орган — эффектордан тұрады. Рефлекстік доға бүтін болған жағдайда ғана рефлекстің қызметін атқарады,яғни доғаның бүтіндігі бұзылса рефлекс бір жола жоғалып кетеді.Соңғы кезде рефлекстік доға мен қатар рефлекстік шеңбер деген ұғым қолданылады.Рефлекстік шеңбердің доғадан бір бөлімі артық болады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет