1. Анатомия пәні мен оның міндеттері, зерттеу әдісі, түрлері


Қалқанша, қалқанша маңы, айырша бездерінің құрылысы, гормондары



бет55/72
Дата24.04.2023
өлшемі0,49 Mb.
#86134
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   72
Байланысты:
1. Анатомия пәні мен оның міндеттері, зерттеу әдісі, түрлері-melimde.com

Қалқанша, қалқанша маңы, айырша бездерінің құрылысы, гормондары.


Қалқанша без (glandula thyroidea, лат. glandula - без, гр. thyreos —қалқан) - шеткі ішкі секреция безі. Қалқанша без сырты дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Қапшықтан қалқанша без ішіне таралатын дәнекер ұлпалы перделіктер без паренхимасын бөлікшелерге бөледі. Бөлікшелер көптеген көпіршіктерден (фолликулдардан) тұрады.
Қалқанша без барлық омыртқалы жануарларда болатын ішкі секреция бездерінің ішіндегі ең ірісі. Қалқанша без көмекейдің алдыңғы жағына орналаскан. Ересек адамдарда оның салмағы шамамен 30-60 г, пішіні таға тәрізді, бірімен-бірі өзара байланысқан екі бөліктен тұрады. Қалқанша безде іші шырышты затқа толы қуыстар бар. Шырышты заттан тироксин гормоны бөлінеді, ал оның құрамында йод болады. 50 жастан әрі қарай калқанша бездің салмағы мен мөлшері кішірейеді. Жаңа туған баланың қалқанша безінің салмағы 1-2 г.
Қызметі:
1) тироксин гормоны барлық зат алмасуға (нәруыз бен май) қатысады;
2) ағзаның өсуі мен дамуына әсер етеді;
3) жүйке жүйесі мен жүрек жұмысының қозуын арттырады. Қалқанша бездің қызметі бұзылғанда пайда болатын ауытқулар. Қалқанша безден бөлінетін гормондар жетіспесе, адам микседема (грекше «myxa» - шырыш және «oidema» - ісіну) ауруына шалдығады.
Аурудың белгілері:
1) ағзада зат алмасу 30-40%-ға дейін бәсеңдейді, әсіресе нәруыз алмасуы бұзылады;
2) терінің астына су жиналады, тері құрғап, дене ісінеді;
3) дене температурасы төмендейді;
4) жүрек соғысы баяулайды;
5) қозғалысы бәсеңдеп, ойлау қабілеті нашарлайды; шашы түсіп, сирейді.
Қалқаншамаңы бездерін ғалымдар көпке дейін қалқанша бездің бір бөлігі деп келен. Кейін жеке бөліп алып зерттегенде (1924) олардың қалқанша безден бөлек екені анықталған. Бұл бездер паратгормон бөледі.
Құрылысы: Бездердің екеуі қалқанша бездің жоғарғы жағына, екеуі төменгі жағына жабысып, оған жанаса орналасқан. Қалқанша безге жақын жабыса орналасқанымен құрылысы мен қызметі мүлдем өзгеше. Бездердің үлкендігі асбұршақтай, салмағы 20-50 мг. Ересек адамда өр бездің ұзындығы 6-8 мм, ені 3-4 мм, калыңдығы і 2 мм. Ер адамда салмағы 30 жасқа дейін, ал әйелдерде 46-50 жасқа дейін өседі.
Қызметі: 1) бездерден бөлінетін гормондар қан мен ұлпа сұйықтығындағы фосфор мен кальцийдің мөлшөрін реттейді;
2) 1 құрамындағы кальций мен фосфордың ішекке тез сінуіне әсер
3) денеден кальций мен фосфордың зөр мен нежіс арқылы жұлуын камтамасыз етеді. .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет