1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы


Сыртқы мұрынның құрылысы, мұрын қуысы (иіс сезу және демалатын аймақтар)



бет114/202
Дата07.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#55509
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   202
Байланысты:
Анатомия сессия

113.Сыртқы мұрынның құрылысы, мұрын қуысы (иіс сезу және демалатын аймақтар).
Тыныс алу жүйесі systema respiratorium тыныс алу жолдарынан құралған, ал олар өз ретінде қуыс көлемінің біркелкілігі қабырғаларындағы шеміршектік немесе сүйектік тіндермен және өкпе арқылы қамтамасыз етілген түтіктер жүйесінің жиынтығы. Мұрын аймағына сыртқы мұрын және мұрын қуысы жатады.
Мұрын аймағы, regio nasalis, топографиялык орналасуына қарай: мұрынның сыртқы бөлігінен немесе сыртқы мұрыннан және мұрын куысынан тұрады.
Сыртқы мұрын nasus externus, мұрын қырына dorsum nasi жалғасатын мұрын ұшынан apex nasi, мұрын түбірінен radix nasi және айналасы танаулармен nares шектелген мұрын қанаттарынан тұрады. Мұрын түбірі, radix nasi, ол беттің жоғарғы бөлігінде орналаскан, мандай сүйегінен мұрын-маңдай шұңкыры арқылы шектелген. Бүйір қабырғасыорталықбөлігінде бірігіп, мұрын қырын, dorsum nasi, төменгі латералді бөлігі мұрын қанатын, alae nasi, құрайды, демді мұрын қуысына өткізуші танаумен, nares, және танауларды бір-бірінен бөліп тұратын мұрын қалқасынаң тұрады. Сыртқы мұрынның кабырғалары сүйектік және шеміршектік бөліктен тұрады.
Сүйектік бөлігі: мұрын сүйегінен, os nasale, және жоғарғы жақсүйектің мандайлық өсіндісінен, processus frontalis maxillae, тұрады.
Шеміршектік бөлігі дәнекер тіндер аркылы өзара байланысқан бірнеше шеміршектерден тұрады. Мұрын шеміршектері:
▼Мұрынның латералды шеміршегі cartilage nasi lateralis сыртқы мұрынның бүйір қабырғасын құрауға қатынасатын жұп шеміршек.
▼Мұрын қанатының үлкен шеміршегі artilagо alaris major, танаулардың алдыңғы бүйір аймақтарын шектейтін жұп шеміршектер.
▼Мұрын қанатының кіші шеміршектері cartilage alaris minoris, мұрын қанатының үлкен шеміршегінің артында орналасқан. Кей кезде мұрынқанатының латеральді және үлкен шеміршектерінің аралығында мұрынның қосалқы шеміршектері cartilagines nasals accessoriae жатады. Сыртқы мұрынның сүйектік бөлігі жоғарғы жақсүйектердің маңдайлық өсінділерімен мұрын сүйектерінен құралған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет