1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы


Еркек жыныс мүшесінің алдыңғы бос бөлігі



бет151/202
Дата07.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#55509
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   202
Еркек жыныс мүшесінің алдыңғы бос бөлігі - жыныс мүшесінің денесінен (corpus penis) тұрады. Оның ұшында несеп шығаратын өзектің сыртқы тесігі(ostium urethrae externum) бар еркек жыныс мүшесінің басымен (glans penis) аяқталады.
Еркек жыныс мүшесінің басында кеңейген бөлігі-жыныс мүшесі басының тәжі (corona glandis) және тарылған бөлігі-мойнын (collum glandis) ажыратады. Артқы бөлігі-еркек жыныс мүшесінің түбірі (radix penis) қасаға сүйектеріне бекіген. Еркек жыныс мүшесі денесінің жоғарғы-алдыңғы бетін арқашығы (dorsum penis) деп атайды. Еркек жыныс мүшесінін денесі жіңішке жиырылмалы терімен жабылған, ол жоғарыдан қасаға терісіне және төменнен ұма терісіне жалғасады. Еркек жыныс мүшесінің төменгі бетінің терісінде, еркек жыныс мүшесінің жігі (raphe penis) болады, ол артынан шат пен ұма терісіне жалғасады.
Еркек жыныс мүшесінің алдыңғы бөлігіндегі терісі басын жабатын жақсы жетілген тері қатпарын бүрікбас (preputium penis) түзеді. Бүрікбас еркек жыныс мүшесі басының терісіне жалғасып, еркек жыныс мүшесі басының мойнына бекиді. Еркек жыныс мүшесі басының төменгі жағында бүрікбас, бүрікбас жүгеншігімен (frenulum preputii) байланысқан
Еркек жыныс мүшесі екі үңгірлі денеден(corpora cavernosa penis) және олардан төмен орналасқан бір кеуекті денеден(corpus spongiosus penis) тұрады.
Жыныс мүшесінің әрбір үңгірлі денесінің пішіні цилиндр тәрізді. Үңгірлі денелер өзара медиалді беттерімен бітісіп, жалпы үңгірлі денелердің ақ қабығымен(tunica albuginea corporum cavernosorum) жабылған. Олар үңгірлі денелердің аралығында еркек жыныс мүшесі басының қалкасын (septum penis) қалыптастырады.
Еркек жыныс мүшесінің кеуекті денесі артқы бөлігінде кеңейіп, еркек жыныс мүшесінің буылтығын (bulbus penis) ал алдыңғы шеті күрт қалыңдап, еркек жыныс мүшесінін басын (glans penis) калыптастыра шеттері үшкірленіп, қасаға сүйегінің төменгі тармағына бекитін еркек жыныс мүшесінің аяқшалары (crura penis) түрінде жан-жағына таралады. Үңгірлі денелер өзара медиалді беттерімен бітісіп, жалпы үңгірлі денелердің ақ қабығымен (tunica albuginea corporum cavernosorum) жабылған. Олар үңгірлі денелердің аралығында еркек жыныс мүшесі басының қалкасын (septum penis) қалыптастырады. Еркек жыныс мүшесінің кеуекті денесі артқы бөлігінде кеңейіп, еркек жыныс мүшесінің буылтығын (bulbus penis) ал алдыңғы шеті күрт қалыңдап, еркек жыныс мүшесінін басын (glans penis) калыптастырады. Еркек жыныс мүшесінің кеуекті денесі кеуекті дененің ақ қабығымен (tunica albuginea corporis spongiosi) жабылған. Оның барлық деңгейінде несеп шығаратын өзек орналасып, сырткы тесігімен аяқталады.
Еркек жыныс мүшесінің кеуекті және үңгірлі денелері терең және беткей шандырлармен (fascia penis profunda et fascia penis superficialis) қапталған. Еркек жыныс мүніесінін арқашығында, оның түбіріне жакын жерінде шандырлар жаксы жетілген, бұл жерде оларға буылтық-кеуек және шонданай-үңгір бұлшықеттерінің сіңірлері жалғасады. Беткей шандырдың сыртында тері орналасқан. Еркек жыныс мүшесі терең және беткей байламдармен фиксацияланады. Беткей байлам ақ сызық аймағында іштің беткей шандырынан басталып, еркек жыныс мүшесінің беткей шандырына жалғасады. Терең байлам (lig. fungiforme) пішіні ұшбұрышты, қасаға симфизінің төменгі бөлігінен басталып, үңгірлі денелердің ақ қабығына жалғасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет