1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы



бет17/202
Дата07.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#55509
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   202
Жасқа байланысты ерекшеліктері
1. Жаңа туған нәрестеде сүйектердің қосылатын жерінде дәнекер ұлпамен жабылған 6 еңбектері (fonticuli) болады:

  • екі тақ (алдыңғы және артқы);

  • екі жұп (сына тәрізді және емізікті).

Еңбектердің жабылуы: алдыңғы - 2 жаста; артқы – 2 айда; сына және еміздік тәрізді - 2-3 айда.Шала туылғандарда сына және еміздік тәрізді еңбектер жие сақталады, ал олардың бітіліп туылуы баланың жетіліп туылғанын білдіреді.
Жаңа туған нәрестенің бас қаңқасы
1- алдыңғы еңбек,
2-сына тәрізді еңбек,
13-емізік тәрізді еңбек,
15- артқы еңбек
2. Жаңа туылғандарда бет бөлімі ми сауытына қарағанда кіші болады – 1/8 (үлкендерде 1/4), немесе бет бөлімі бассүйектің 13% , ал үлкендерде – 40% құрайды. Себебі: нәрестеде шайнау қызметі болмағандықтан жақтары, әсіресе төменгіжақ толық жетілмеген, тістері жоқ, алвеолярлық өсінділері жоқтың қасында болады және бұлшықеттердің әлсіздігінен бассүйектің төмпектері, қырқалары, сызықтары айқын емес .
3. Маңдай, шүйде, төменгіжақ сүйектерінің бөліктері бір бірімен толық бітіспеген, аралығында шеміршек сақталады. Бітісуі: 1-2 жаста.
4. Бассүйектің ауалы қойнаулары (пневматизация) дамымаған: жаңа туылғандарда тек қана жоғарғыжақ (Гайморов) қойнауы бұршақ тәрізді көлемде болады; сынатәрізді қойнау 3-4 жаста, торлысүйек қойнауы 1 жаста, маңдай - 1 жастың соңында пайда болады.
Жыныстық ерекшеліктері

  • Еркектердің бассүйегінің көлемі әйелдерге қарағанда орташа (10%) көп болады;

  • Әйелдерде бассүйктің беті тегістеу болады, бұдырлары, төмпешіктері, сызықтары айқын емес;

  • Қасүстілік доға әйелдерде айқын емес және маңдайы вертикалды бағытта орналасады.

Бас қаңқасының өзгеретін кезеңдері

  1. Бірінші кезең, 7 жасқа дейін, бас қаңқасының өсу кезеңі, жіктері тарылып, еңбектері жабылады. Мұрын және көз ұясы үлкейіп, қалыптасады. 2-3жасында сүт тістердің шығуына, шайнау бұлшықеттердің қызметінің дамуына байланысты бас қаңқасының бет бөлігі үлкейеді, әсіресе негізі; ми сауыты алғашқы 6 айда екі есе, 2 жаста үш есеге үлкейеді; 10 жаста үлкен адамдағыдай болады.

  2. Екінші кезеңде, 14 жасқа дейін, бас қаңқасының өлшемдері аз ғана өзгереді, ал шұңқырлары, емізік өсінді, көз ұясы, мұрын қуысы үлкейеді.

  3. Үшінші кезең, 14- 25 жас аралығында. Бет бөлігі үлкейіп, маңдай төмпешігі қалыптасады,бет доғалары үлкейеді, төмпешіктері көрінеді. Жыныстық белгілері көрінеді: ұлдарда бет бөлігі ұзындайды. Еркектердің бас қаңқасы әйелдердікіне қарағанда ірілеу жалпы дене салмағына байланысты. Ми сауыты әйелдерде жақсы дамыған, ал еркектерде бет бөлігі. Еркектердің бас қаңқасында бекитін бұлшықеттердің жақсы дамуына байланысты бұдырлары төмпешіктері жақсы жетілген.

  4. Төртінші кезең, 25-45 жасқа дейін, жіктердің сүйектенуі аяқталады.

  5. Бесінші кезең 45 жастан кәрілікке дейін, беттің, сонан соң ми сауытының атрофиясы-кішіреюі, тістердің азаюына байланысты жақтардың пішінінің өзгеруімен сипатталады. Альвеолярлы өсінділер тегістеніп бас қаңқасы кішірейеді, шайнау қызметі әлсірейді, бұлшықеттері кішірейіп, өзгереді. Серпімділігі азайып бас қаңқасы жеңіл, нәзік болады




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет