1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы



бет16/202
Дата07.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#55509
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   202
Байланысты:
Анатомия сессия

Башпай сүйектері, ossa digitorum seu phalangis,сыртқы пішіні, саны қол басының саусақ сүйектеріне ұқсап орналасқан түтік тәрізді бақайшық сүйектерден тұрады. Басбармақ бақайшығы проксимальді және дистальді бақайшықтардан тұрса, II-V башпай сүйектері: проксимальді және аралық дистальді бақайшақ- тардан тұрады. Башпай сүйектерінің: денесі, corpus phalangis, проксимальді эпифизінде негізі, basis phalangis, дистальді эпифизінің басы, caputphalangis, ажыратылады. Сонымен қатар, проксимальді, аралық қатардағы башпай сүйектер басының сыртқы пішіні, шығыр тәрізді болып келсе, дистальдық башпай сүйектің басы, дистальдық бұдырынан, tuberiositasphalangis distalis, тұрады.Бақай (башпай) сүйектерінің қосылыстары: бақайшақтар аралық буындар, articulationes interphalangeales pedis, проксималды және ортаңғы, ортаңғы және дисталды бақайшақтар аралықтарында орналасқан. Пішіні бойынша шығыршықтәрізді, фронталды білік айналасында бүгу және жазу қимылдары жүреді. Бұл буындардың құрылымы қол басындағы бунақтараралық буындармен ұқсас болғанымен, аяқтың тіректік қызметіне байланысты қозғалыс көлемі шектеулі болады.
16.Ми сауытының дамуы. Жас шамалық, жыныстық және меншіктік ерекшеліктері.
Ми сауытының сүйектері — cavitas сrапі, деп аталу себебі, мидың сауытын немесе қорабын құрайтындықтан. Бұлтоп суйектерге: маңдай, төбе, сына, самай, шүйде және тор сүйектер жатады.
Ми сауытының дамуы.Ми сауыты қақпағының сүйектері дәнекер ұлпасынан эндесмалді дамиды және 2 сатыдан өтеді: жарғақты (дәнекер ұлпалы) және сүйекті.
Ми сауыты негізінің сүйектері 3 сатыдан өтеді:
1. жарғақты (дәнекер ұлпалы); 2. шеміршекті; 3. сүйекті.
Дәнекер тіннен шеміршек ұлпасы ми сауытының негізінде, хорданың алдыңғы бөлігінде пайда болады. Хорда маңындағы шеміршектер парахордалды, ал хорда алдындағы шеміршектер прехордалды және қаңқа перделері деп аталады.
Бұл шеміршектер гипофизге арналған тесігі бар және шеміршекті есту капсуласынан тұратын табақша түзеді. Ақырында бас қаңқасының негізіндегі шеміршектер сүйекке ауысады. Тек кейбір аймақтарында шеміршектер қалады (синхондроздар).

  • Бет қаңқасының дамуы. Бас қаңқасының бет бөлігі алғашқы ішектің бастапқы бөлігіне жақын жатқан мезенхимадан дамиды. Мезенхимада желбезек қалталарының аралығында шеміршекті желбезек доғалары пайда болады.

Сонымен, адамда бас қаңқасының сүйектері дамуы бойынша 3 топқа бөлінеді.

  1. Ми капсуласынан түзілетін сүйектер: а) дәнекер ұлпа негізінде дамитын — қақпақ сүйектері: төбе, маңдай, шүйде сүйектің қабыршағының жоғарғы бөлігі, самай сүйектің қабыршағы және дабыл бөлігі; б) шеміршек негізінде дамитын — негізінің сүйектері: сына тәрізді (қанат өсіндінің медиалды табақшасынан басқа), шүйде сүйектің қабыршағының төменгі бөлігі, базилярлы және латералды бөлігі, самай сүйектің тасты бөлігі.

  2. Мұрын қапсуласынан дамитын сүйектер: а) дәнекер ұлпасының негізінде — көз жас, мұрын, өре сүйектер; б) шеміршек негізінде —торлы сүйек және төменгі мұрын қалқаны.

  3. Желбезек доғаларынан дамитын сүйектер: а) қозғалмайтын —жоғарғы жақсүйек, таңдай сүйек, бет сүйек; б) қозғалатын — төменгі жақсүйек, тіласты сүйегі және есту сүйектері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет