1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы


Бас сүйегі төбесінің сүйектері: маңдай, құрылысы



бет18/202
Дата07.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#55509
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   202
17.Бас сүйегі төбесінің сүйектері: маңдай, құрылысы.
Төбе сүйек, os parietale, ол бас сүйек қақпағының жоғарғы бүйір қабырғасын құ- раушы жұп қабыршақтық сүйек . Бұл сүйектің сыртқы пішіні жалпақ, төрт бұрышты келгендіктен: екі беті, төрт қыры, төрт бұрышы ажыратылады. Төбе сүйектің тісшеленген үш қыры және бір қабыршақтық қырлары ажыратылады.
1.Алдыңғы немесе маңдайлық қыры, margo frontalis, тісшеленіп, тәждік жік, sutura coronalis, арқылы маңдай сүйекпен жалғасқан.
2.Артқы шүйделік қыры, margo occipitalis, да тісшеленіп, ламбда атты жік арқылы, sutura lambdoidea, шүйде сүйегі мен шектелген.
3. Сагитальды қыры, margo sagitalis, ол са­ гитальды жік арқылы, sutura sagitalis, екі жақ- тық бөлігі бір-бірі мен өзара шектелген.
4.Төртінші самайлық немесе қабыршақтық қыры, margosguamosa, басқа қырларына қара- ғанда тегістеу келіп, қабыршақтық жік арқылы самай сүйектің қабыршақтық бөлігі мен байла- нысқан.
Бұрыштары:
1.Маңдайлық бұрышы, angulus frontalis, ол төбе сүйектің мандайлық қыр мен сагитальды қырдың түйіскен жерінде орналасқан.
2.Сына сүйектің бұрыштары angulus sphenoidalis, олтөбе сүйектің мақдайлық қыры мен қабыршақтық қыры мен түйіскен жерінде орналасқан. Төбе сүйектің үлкен қанаты мен шектелген. Бұл бұрыштың ішкі бетінде қанта- мырлардың жүлгелері айқын байқалады.
3. Шүйделік бұрыш, angulus occipitalis, ол са­ гитальды қыр мен шүйделік қырдың түйіскен жерінде орналасқан.
4.Еміздіктікбұрышы, angulus mastoideus, ол төбе сүйектің қабыршақтық қыры мен шүйделік қырыныңтүйіскен жерінде орналасқан.
Сонымен қатар төбе сүйектің дөңестеу кел­ ген сыртқы жэне ойыстау келіп, мимен беттесіп орналасқан ішкі беті ажыратылады .
Төбе сүйегінің беттері:
1. Төбе сүйектің сыртқы беті тегіс және дө-
ңестеу келіп орналасқан. Сыртқы бетінің орта- лық бөлігінде төбе сүйектің дөңесі, tuber parietale, төменірек доға тәрізденіп иіліп орна- ласқан, жоғарғы және төменгі самайлық сызық- шалар, linea temporalis superior et inferior, орна- ласқан, Бұлсызықшалар, өз аттас бұлшықеттер мен фасциялық қабықшаның басталаржері бо­ лып саналады.
2. Ішкі немесе ми сауытына қараған беті, ой­ ыстау және мидың дорзолатеральды бетімен бетгесіп орналасқандықтан бұдырлау келген. Мұнда: мидың иірімдерімен беттесіп орналас- қандықтан, мидың немесе саусақтың батыңқы- лары, impressiones digitatae, аралығында орна- ласқан мидың көтеріңкілері,juga cerebralia, қан- тамырлардың жүлгелері, sulci arteriosi. Ішкі бетінің жоғарғы сагитальды қырын бойында жоғарғы сагитальды қойнаудың жүлгелері, sulcus sinus sagitalis superior орналасса, еміздіктік бұрышының маңында сигма тәрізді қойнаудың жүлгесі, sulcus sigmoidei орналас- қан. Сонымен қатар, жоғарғы сагитальды қой- наудың бойында пахион өсінділердің шұңқыр- шалары, foveolae granиlares орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет