1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы


Кеуде омыртқалары: құрылысы, айырмашылық ерекшеліктері



бет4/202
Дата07.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#55509
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   202
4.Кеуде омыртқалары: құрылысы, айырмашылық ерекшеліктері.
Кеуде омыртқалары(vertebrae thoracicae) [Th] басқа омыртқалардан айырмашылығы денесiнiң бүйiр бетінде жоғарғы және төменгі қабырғалық шұңқырлар (fovea costales superior et inferior) орналасқан. I, X, XI және XII омыртқаларда өзіндік ерекшеліктері бар. I кеуде омыртқаның ерекшеліктері: жоғарғы жиегінде толық шұңқыр болса, Х омыртқада тек жоғарғы жартылай шұңқыр, алXI және XII кеуде омыртқа денесінің орталық бөлігінде бiр-бiрден толық шұңқырлары орналаскан. I-X кеуде омыртқаларының көлденең өсінділерінде қабырғалармен буындасатын көлденең өсіндінің қабырғалық шұңқырлары (fovea costalis processus transversus) бар. Кеуде омыртқалардың қылқанды өсінділері ұзын, төмен бағытталып, төмен орналасқан қылқанды өсіндіні жауып жатады. Мойын омыртқаларынан ерекшелігі: көлемі үлкенірек омыртқалық тесігі болады. Алайда кеуде омыртқаларының көлемі бел омыртқаларына қарағанда кіші, бірақ көлденең өсінділері-prosessus transversus басқа омыртқаларға қарағанда ұзын болады және бүйір қапталда артқа қарай бағытталып орналасады.
11,12 қабырғалардың төмпешігі нашар дамыған және омыртқалардың қабырғалық шұңқыршалары болмайды және оларда емізік тәрізді өсінділер –processus mastoideus көрінеді.
Ұзын және төмен қарай бағытталып,қылқанды өсінділері-prosessus spinosus және 12 кеуде омыртқаның төменгі буын өсіндісі фронтальді жазықтықтың бойында орналасқан буын өсінділерінен-prosessus articularis тұрады.

5.Бел омыртқалары: құрылысы, айырмашылық ерекшеліктері.
Бел омыртқасы (vertebrae lumbales) омыртқалардың ішіндегi ең iрi омыртқа және саны 5. Омыртқа денесінің-corpus vertebrae жиектері шығыңқылау келген.Сагиталь жазықтық бойында арқа өсінділері-processus spinosus орналасқан.Эллипс пішінді жоғарғы буын өсіндінің (prosessus articularis)қысыңқы буын беттері ішке қарай иіліп орналасса, төменгі буын есiндiсiнiң шығыңкы буын беттері сыртқа қарай бағытталып орналасады. Сондай-ақ, жоғарғы буын өсінділерінің ұш жағында емізік тәрізді қосымша өсінділері (processus mammilaris) нақты көрінеді. Бел омыртқалардың көлденең өсінділері қосарланған: алдыңғы бөлігі қабырғаның рудиментi болғандықтан, қабырғалық өсінді (processus costalis), ал артқысы қосымша өсінді (processus accesorius). Қылқанды өсінділері қысқа және сагитталды бағытталған табакша түрінде.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет