1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы



бет6/202
Дата07.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#55509
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   202
8. Төс, бұғана, жауырын құрылысы.
Төс сүйегі(sternum) — дара жалпақ сүйек. Оның тұтқасы (manubrium sterni), денесі (corpus sterni), семсер тәрізді өсіндісі (processus xiphoideus) және тіліктері бар. Төс тұтқасының жоғарғы жиегінде тақ мойындырық тілік (incisura jugularis) және жұп бұғаналық тілік (incisura clavicularis), төстің бүйір беттерінде 7 жұп қабырғалық тіліктер (incisurae costales) бар. Төс тұтқасы денесімен байланысып, төс суйегiнiн бұрышын (angulus sterni) кұрайды.Төс сүйегі-sternum кеуде торының алдыңғы қабырғасын құрауға қатысатын сыртқы пішіні қанжарға ұқсаған дара сүйек. Өзара бір-бірімен шеміршектік ткандар арқылы байланысқан үш бөліктен тұрады.Пішіні қанжарға ұқсайтын төс үш бөліктен тұрады: тұтқасы (manubrium sterni), денесі (corpus sterni), семсер тәрізді өсінді (processus xiphoideus). Тұтқаның жоғарғы жиегінде мойындырық тілігі (incisura juqularis), оның әр жағында бұғаналық тіліктер (incisura claviculares) орналасқан. Тұтқаның төменгі жиегі денесімен қосылып артқа ашылған төстік бұрыш (anqulus sterni) түзеді. Төс денесінің алдыңғы бетінен оның сегменттерінің бітіскен іздері – үш көлденең сызықтар түрінде жақсы байқалады. Төс тұтқасы мен денесінің бүйір жиектерінде жоғарғы жеті қабырғамен буындасатын қабырғалық тіліктер бар. Екінші қабырға төске төстік бұрыш тұсында қосылатындықтан тірі адамда қабырғаларды санауға жақсы бағдар болып саналады. Төс денесінің төменгі жиегіне семсертәрізді өсінді (processus xiphoideus) қосылады. Ол пішіні мен көлемі жағынан өзгеріп отырады: тесігінің болуы, оның екіге тармақталуы, бір жағына қарай иілуі мүмкін.
Жауырын сүйегі-os scapula үшбұрыш тәрізді жұп жалпақ жұқалау келген сүйек. Оның үш қыры, үш бұрышы және екі жақ беті ажыратылады.
Жоғарғы қыры –margo superior жіңішкелеу келген. Оның бойында жауырынның жоғарғы тілігі- incisura scapulae superior орналасқан. Одан бойлай келіп жауырынның құстұмсық өсіндісіне-processus corocoudeus ұласады. Омыртқа бағанасына параллел бағытта орналасқан медиалді қыры- margo medialis ұзынырақ келген және оны адамның арқасынан айқын көруге болады. Қолтық қуысына қарай орналасқан латералді қыры-margo lateralis қалыңдау болып келген. Жоғарғы қыры мен медиалді қырының қосылған жерінде жауырынның жоғарғы бұрышы-angulus superior орналасқан. Медиалді қырымен латералді қырының байланыстырып тұратын төменгі бұрышы-angulus inferior доғалдау болып омыртқа бағанасына қарап орналасқан. Медиалды қыры мен латералды қырының қосылған жерінде жауырын мойыны-collum scapulae арқылы шектелген басқа бұрыштардан үлкенірек болып келен латералді бұрышы-angulus lateralis орналасқан. Оның басында тоқпан жіліктің басымен беттесіп буын құрайтын буындық ойысы-cavitas glenoidalis болады. Оның жоғарғы жағында буын ойыстық төмпешігі- tuberculum supraglenoidalis орналақан. Жауырынның ішкі қабырғалық беті-facies costalis және артқы немесе дорсалды беті-facies dorsalis ажыратылады. Қабырғалық бетінде жауырын астылық ойыс-fossa subcostalis пен бұлшықеттің сызықшалары-linea muscularis байқалады. Артқы беті дөңестеу келген. Онда латералды бағытта орналасқан жауырын қылқаны-spina scapulae кездеседі және оның басы бұғанамен беттесіп буын құрайтын акриомиалді өсіндігіге-acriomion ұласады. Жауырын қылқаны жауырынның артқы бетін шағын келген жоғарғы қылқанүстілік ойысқа-fossa supraspinata және көлемділеу келген қылқанүстілік төменгі ойысқа-fossa infraspinata бөліп тұрады.
Бұғана сүйегі os clavicula сыртқы пішіні латынның s әрпіне ұқсас келген.Бұғана сүйегінің жоғарғы беті тегістеу,төменгі беті бұдырлау келген денесі-corpus claviculae және екі ұшы ажыратылады.Бұғананың төстік ұшы –extremitas sternalis қомақтылау келген.Оның қызметі төс сүйегімен беттісіп төс бұғана буынын құрау.Ал бұғананың акромиальді ұшы- extremitas acromialis төстік ұшына қарағанда тегістеу және жалпақтау келген.Акромиальді ұшында жауырынның акромиальді өсіндісімен беттесетін буын беті-facies articularis acromialis және төменде конус тәрізді байламның төмпешігі- tuberculum conoideum орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет