1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы



бет5/202
Дата07.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#55509
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   202
6.Сегізкөз сүйегінің анатомиясы.
Сегізкөз омыртқалары (vertebrae sacrales), ересектерде дара сүйекті құрайды сегізкөз сүйегі (os sacrum). Оның жоғары қараған негізі (basis ossis sacri), төмен бағытталған сүйірленген ұшы (apex ossis sacri) және бүйір бөліктеріне (partes laterals) ажыратылады. Сегізкөз негізі сегізкөз қанатымен (ala ossis sacri), жоғарғы буындық өсiндiлермен (processus articularis superior) және мүйіспен (promontorium) байқалады. Сегізкөз негізі V бел омыртқамен бұрыш жасап қосылып, жамбас астауына еніп кетеді. Сегізкөздің жамбас қуысына қараған беті шығыңқы және артқы бетiнде бiрнеше қатар қырқалары бар. Сегізкөздің арткы немесе дорсалды бетінде (facies dorsalis) 4 жұп сегізкөздің артқы тесіктері (foramina sacralia posteriora) және 5 сегізкөз қырқалары бар: тақ сегізкөздiн ортаңғы қырқасы (crista sacralis mediana), жұп аралық (crista sacralis intermedia) және лате ралды қырқа (crista sacralis lateralis). Бұл қырқалар қылқанды, буындық және көлденең өсінділердің өзара бірігуінен пайда болады. Сегізкөздің алдыңғы немесе жамбастық бетінде (facies pelvina) көлденең сызықтармен (lineae transversae) байланысқан 4 жұп сегізкөздің алдыңғы тесіктерi (foramina sacralia anteriora) бар.
Сегізкөздің бүйір бөлігінде жамбас сүйекпен буындасатын құлақшалық буындық беттері (facies auricularis) және сегізкөз бұдыры (tuberositas sacralis) орналасқан.
7. Қабырғалар, құрылысы, І, ХІ, ХІІ қабырғаларыдың ерекшеліктері.
Қабырғалар (costae) сүйектік және шеміршектік бөліктерден тұрады. Қабырғалық шеміршек (cartilago costalis) қабырғаның алдыңғы бөлімі, олардың жоғарғы 7 қабырғасы төспен байланысады. Қабырғаларды үш топқа жіктеледі: негізгі қабырғалар (I-VII) (costae verae), жалған қабырғалар (VIII-X) (costaespuriae) және қозғалмалы қабырғалар (XI, XII) (costae fluctuantes). Сүйектік бөлікте: басы (caput costae) бар, ол жіңішкерген бөлігі мойнына (collum costae), ал мойны жалпақ және ұзын бөлігі - қабырға денесіне (corpus costae) өтеді. Қабырға мойнының денеге өтер жерiнде қабырға бұрышы (angulus costae) түзіледі. Осы жерде кеуде омыртқаларының көлденең өсіндісіндегі қабырғалық шұңқырлармен буындасатын буындық бетi бар қабырға төмпешігі (tuberculum costae) орналасады. II-XII қабырғаларда сыртқы және ішкі беттерін және жоғарғы және төменгі жиектерін ажыратады. Қабырғаның ішкі бетінің төменгі жиегінде қан тамырлар мен жүйкелер iздерiнiн орны қабырға жүлгесі (sulcus costae) жатады. Бірінші қабырғаның жоғарғы және төменгі беттері, сыртқы және ішкі жиектері бар. Денесінің жоғарғы бетінде алдыңғы сатылы бұлшықеттің төмпешігі (tuberculum m. scaleneus anterior) орналасқан. Бұл төмпешік бұғана асты тамыр жүлгесін (sulcus v. subclaviae) және бұғана асты артерия жүлгесін (sulcus a. subclaviae) бөліп тұрады. XI, XII қабырғаларда мойны, бұрышы, төмпешігі, жүлгесі және қабырға басының қырқасы жоқ.

Қабырғаның сүйектік бөлігінде басын, мойнын және денесін ажыратады. Қабырға басындағы буындық беті (caput costae) арқылы омыртқа бағанасымен байланысады. ІІ-Х қабырғалардың буындық беттері қырлар арқылы екіге бөлінген, себебі әр қабырғаның басы көршілес екі омыртқамен буындасады. І-Х қабырғалар денесінде омыртқаның көлденең өсіндісімен қосылатын қабырға төмпешігі (facies articularis tuberculum costae) бар. Қабырға төмпешігінің артқы жағында иіліп бұрыш (angulus costae) түзеді. Қабырға денесі (corpus costae) жоғарғы және төменгі жиектерден тұрады. ІІІ-Х қабырғалардың төменгі жиегінің бойымен жүлге (sulcus costae) өтеді, онда қабырғааралық қан тамырлар мен нервтер орналасқан. Ұзындығыең азы, ал иіліміеңкөбі І және ІІ қабырғалар. І қабырғаныңжоғарғыбетіндетәжірибелікмаңызы бар алдыңғысатылыбұлшықетбекитінтөмпешікбайқалады. Осы төмпешіктіңекіжағынан: артқытерең – бұғанаасты артерия, алдыңғытайыз – бұғанаасты вена жүлгелері (sulcusarteriaetvenasubclavia) анықталады. Кей жағдайларда атавизм белгілеріретіндеқабырғаларсаныныңкөбеюімүмкін.


Алғашқы қабырға –costae prima жалпақ және қысқа болып келген.Жоғарғы беті бұдырлау,төменгі беті тегістеу келген.Сонымен қатар, бірінші қабырғаның басы,төмпешігі,мойыны жақсы дамыған. Қабырға басының буын беті толық.қырқалары жоқ.
Екінші қабырға –costae secunda бұдырлау келген сыртқы беті мен ойыстау келген ішкі беттері арқылы ажыратылады.Денесінің сыртқы бетінде алдыңғы тісшеленген бұлшықеттің –m.serratus anterior бұдыры айқын байқалады.
7,8,9,10 қабырғалардың ұштары өзара жалғасып,қабырғаның доғасын –arcus sterni costae құрайды. Өзге қабырғаларға қарағанда 1,2,11,12- қабырғалардың құрылыстарында ерекшеліктер байқалады. 11-12 қабырғалардың ерекшелігі буын басы толық, қырқасы жоқ. Мойыны мен төмпешігі нашар жетілген. Сыртқы пішіні қылышты еске түсіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет