1 Қазақстан аумағындағы тас ғасырынақатысты археологиялық ескерткіштеріашылуы


Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Социалистік Автономиялық Республикасының құрылуы



бет60/81
Дата28.02.2023
өлшемі274,78 Kb.
#70446
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   81
Байланысты:
1 аза стан аума ында ы тас асырына атысты археологиялы ескерт

78. Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Социалистік Автономиялық Республикасының құрылуы.
1920 жылдың маусымында КСРО басшылығымен қырғыз-қайсақтардың (ол кезде қазақтарды қырғыз не қырғыз-қайсақ деп, ал қырғыздарды қырғыз не қара-қырғыз (кара-киргиз) деп атаған) мекен еткен жерлері Орал, Торғай, Семей облыстары, Закаспийский облысының Адай уезі, Бөкей Ордасы және Орынбор облыстары аумағынан қазақтардың ұлттық автономиялық республика құру шешімі қабылданды. Республика астанасы - Орынбор қаласы деп жарияланды. Бүкіл россиялық Орталық Атқару Комитетінің1921 жылғы 17 қаңтардағы жарлығымен Омбы губерниясынан республика құрамына қазақ халқы ертеден шоғырланған Ақмола, Атбасар, Көкшетау және Қызылжар (Петропавл) уездері Ақмола облысы болып енді.Сондай-ақ, 1921 жылдың 1 қазанында қазақтар шоғырланған Омбы облысының 15 ауданы да республика құрамына өтті. Бүкіл россиялық Орталық Атқару Комитетінің 1924 жылғы 21 қазанындағы Жарлығымен бұрын Орынбор облысынан Башқұрт АКСР-ның құрамына өтіп кеткенТоқ-Сұран және Иманғұл аудандары Қазақ АКСР-ы құрамына қайтарылды.1924 жылы Түркістан КСР-ның таратылуына орай, қазақтар шоғырланған Жетісу, Сырдария, Самарқанд облыстары Қазақ АКСР-ы құрамына кірді. Жетісу облысы аумағынан Қара-қырғыз автономиялы облысы құрылды.1925 жылы республиканың батысында, Арал теңізінің оңтүстігінде Қарақалпақ автономиялы облысы Қазақ АКСР-ы ішінен құрылды.
1925 жылдың сәуірінде республиканын орысша атауы Киргизкая АССР-дан Казакская АССР болып өзгертіліп, ел астанасы Орынбордан Қызылорда қаласына көшірілді.
Әкімшілік бөлінісі
1921 жылғы 17 қаңтардағы Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің қаулысымен жаңадан құрылған Ақмола губерниясына Омбы губерниясынан Ақмола, Атбасар, Көкшетау және Петропавл уездері берілді.
1921 жылдың 10 маусымындағы Бүкілресейлік ОрталықАтқару Комитетінің қаулысымен автономды Қырғыз КСР мен Сібір арасындағы шекара Омбы губерниясының Омбыуезінде белгіленді (Есілкөл станциясы Қырғыз АСКР аумағында қалды). Шекара сызығы Есілкөл станциясынаншығысқа қарай Петропавл уезінің шекарасы бойымен, оданәрі солтүстікте Кіші ҚараойҮлкен Қараой көлдерінің, Қаратерек мекенінің бойымен өтіп, орыс болыстарыныңоңтүстік шекараларына бойлай жәнеЕртістегі Шерлақ станицадан шыға өтеді (Қырғыз АСКР қалдырылған), бұған қоса Ореховск, Добровольск, Моисеевск, Русско-Полянск, Ново-Санжаровск, Черноусовск, Степановск, Котельниковск орыс болыстарыҚырғыз АСКР құрамына кіргізілген.
1921 жылы 1 қазанда Омбы губерниясы Омбы уезінің 15 болысы Қырғыз АСКР берілді.
Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің 1922 жылғы 12 қаңтардағы қаулысымен Есілкөл станциясы (Омбыгуберниясы Омбы уезіндегі Сібір мен Қырғыз АСКР шекарасының бойында) Сібір шегінде қалды.
1923 жылы 15 мамырға қарай республиканың құрамынакірді:
• Адай уезі тікелей республикалық бағыныста;
• Ақмола губерниясы — Ақмола уезі, Атбасар уезі, Шерлақуезі, Көкшетау уезі, Петропавл уезі;
• Ақтөбе губерниясы — Ақбұлақ ауданы, Ақтөбе ауданы, Ырғыз ауданы, Можар ауданы, Темір ауданы, Ойылауданы;
• Бөкей губерниясы — 1 Теңіз маңы округі, 2 Теңіз маңыокругі, Қалмақ округі, Нарым ауданы, Қамысамар ауданы, Талов ауданы, Торғын ауданы, дербес ауылдар;
• Қостанай губерниясы — Адамовск ауданы, Боровск ауданы, Всесвятск ауданы, Денисовск ауданы, Қостанайауданы, Семнозерск ауданы, Торғай ауданы, Федоровскауданы;
• Орынбор губерниясы — Илецк ауданы, Исаево-Дедовск ауданы, Краснохолмск ауданы, Орынбор ауданы, Ор ауданы, Петровск ауданы, Покровск ауданы, Шарлық-Микаил ауданы;
• Семей губерниясы — Зайсан ауданы, Қарқаралы ауданы, Павлодар ауданы, Семей ауданы, Өскемен ауданы, Бұқтырма ауданы;
• Орал губерниясы — Гурьев ауданы, Жымпиты ауданы, Қалмақ ауданы, Елек ауданы, Орал ауданы.
1924 жылғы 21 қазандағы Бүкілресейлік Орталық АтқаруКомитетінің Жарлығына сәйкес, бұрын БашқұртАКСР құрамында болған Жылайыр кантонының Тоқсоранкантоны мен Иманғұл болысы Қырғыз АСКР берілді.
1924 жылы ЖетісуСырдария және Самарқан облыстарыныңсолтүстік бөліктері құрамға кіріп, оныңаумағында Жетісу мен Сырдария губерниялары құрылды.
1925 жылы ақпанда Арал маңының оңтүстік бөлігіндеҚырғыз АКСР құрамында Қарақалпақ АО құрылды.
1925 жылы 11 ақпанда автономиялық республиканыңастанасы Орынбордан Ақмешіт қаласына көшірілді (1925 жылы 15 маусымда Қызылорда деп өзгертілді).
1925 жылы 6 сәуірде Орынбор губерниясы Қырғыз АСКР шығарылып, РКФСР тікелей бағынуға берілді.
1925 жылы 15 маусымда Қырғыз АСКР Қазақ АСКР болыпөзгертілді.
Кейін социалистік құрылыс барысында Қазақ АСКР одақтасреспубликаға айналдырылды (1936 жылғы КСРО Конституциясы бойынша Қазақ Автономиялық СоциалистікРеспубликасы Қазақ Кеңестік СоциалистікРеспубликасы деп атала бастады).

79)Қазақстандағы Жер-су реформасы


Қазақстанда 1921—22 жылдары ЖЭС аясында жүргізілгеншаралардың бірі жер-су реформасы болды. Реформаның негізгі міндеті 1920 жылы құрылған ҚАКСР-нің аумағында қазақ жерлерін біріктіру болды. Патшалық биліктің жүргізген саясаты
нəтижесінде Қазақстанда жер мəселесі өте күрделі мəселелердің біріне айналған eді. Патша өкіметінің қоныстандыру саясаты барысында келімсек орыс шаруалары жергілікті тұрғындардан орасан зор егістік жерлерді басып алды. Тек 1916 ж. өзінде Жетісу мен Сырдария облыстарында қоныстанушы шаруалардың қолында 2659 млн. десятина жер болды. Жергілікті тұрғындардың жерін тартып алу 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісті басып-жаншу барысында ерекше жыртқыштықпен жүргізілді. Осылайша жерді басып алу келімсек шаруалар тарапынан 1920 жылға дейін жалғасып келді. Жер-су реформасы қарсаңында орыс шаруалары барлық дақылдар егістігінің тең жартысын иемденді жəне жергілікті тұрғындармен салыстырғанда жермен 15 есе артық қамтамасыз етілді. Осыған байланысты қазақ
автономиясы құрамында жер
саясатын жүргізуші жетекші орган -Жер комитеті құрылды. Ол қазақ автономиясы аясында қазақ жерлерін біріктіру мақсатымен 1921 жылы 7
ақпанда декрет қабылдады. Қазақ
АКСР-нің Жер комитеті қабылдаган бұл декрет бойынша
кезінде көш-қон қорына
(переселенческий фонд) тартып алынып, пайдаланылмай тұрган
Семей, Ақмола, Торғай жене Орал облыстарындағы бос жатқан жерлер,
олардың 1917 жылға дейін алынғанына
қарамастан қазақтарға қайтарылады. Жер комитеті мен БОАК-ті
"Қазакстанда негізгі енбекпен жерді
пайдалану туралы" заңы қабылданды.
Ол заң 31 тамызда күшіне енді. Бұл заң бойынша əркімнің өз жерінде қалуга жене ол жерді пайдалануға
Құқығы болды. Жер заңға сəйкес құжатталған жағдайда ғана оны
пайдаланушы сол жердің иесі болады.
Ал даулы жерлерге заңға негізделген съездін немесе жер органдарының шешімі қажет болды.
Осы кезде қалыптасқан жағдайға
байланысты Қазакстанның

оңтүстігінде 1921-1922 жж. Жер-су


реформасы атауымен қазақтарды
жерге орналастыру науқаны қызу
жүргізілді. Қазақстанның оңтүстігінде жер мəселесі барынша өткір койылды.
Реформа нəтижесінде, 1916 ЖЫЛЫ көтерілістегі жеңілістен соң жəне уақытша өкімет билігі кезеңінде жергілікті халықтан тартып алынған
232891 десятина жер қазақтар мен қырғыздарға қайтарылды". Осылайша
Оңтүстік өңірлерде жер-су реформасы
1922 жылдың жазында аяқталды.
Жер-су реформасы Қазақстандағы
түйінді аграрлық мəселелердің бəрін
шеше алған жоқ, тек 7000 отбасы ғана орыс кулактарынан тартып алынған жерлерге ие болды. Дегенмен жер-су реформасының жағдайында халық шаруашылығы саласында жетістігі аз болганымен, оның сол кездегі Қазақстан жағдайында саяси маңызы
орасан зор болды жəне аса ірі революциялық шаралардың біріне айналды. Жер-су реформасы 1922 жылдың
күзінде аяқталды деп есептелінеді.
1922 жылдың 18 шілдесінде РК(б)П ОК
Ортаазиялық бюросының пленумында
Түркістандағы жер реформасы
аяқталды, алдағы уақытта барлық жер
аудару, қоныс аудару дегендер
тоқтатылатындығы атап көрсетілді.
Түркістан өкіметінің 1922 жылы 5 қыркүйегіндегі қаулысымен
"Республикадағы жерді енбекпен пайдалану туралы негізгі заңның" күшіне енуіне байланысты жер-суреформасы аяқталды.
80)Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС)
Жаңа экономикалық саясат — 20 ғасырдың 20-жылдарындағы КСРО-да Азамат соғысы салдарынан қираған ел экономикасына жеке меншік иелерін тартып, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін орнықтыруға бағытталған əрекет. 1921 жылы көктемде РКП 10- съезінде “əскери коммунизм” саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа(ЖЭС) көшу

туралы шешім қабылданды. Жаңа экономикалық саясат шеңберінде қираған халық шаруашылығын қалпына келтіріп, социализмге өту көзделді. Оның мəнісі азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастырып, жеке меншіктің түрлі формаларын пайдалануға жол ашу болды. Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты сырттан шет ел капиталы (концессиялар) тартылып, ақша реформасы (1922 — 1924) жүргізілді. И.В. Сталин мен оның маңындағылардың ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру, басқару кадрларына қарсы жаппай жазалау əрекеттерін қолдануы салдарынан 20 ғасырдың 30-жылдарының басында жаңа экономикалық саясат іс жүзінде тоқтатылды.


Экономиканы дамыту үшін ең алдымен ірі өнеркəсіпті қалпына келтіру жəне қайта құру қажет болды.
Өнеркəсіптегі өзгерістер:
1. Кəсіпорындар сала бойынша ірі тресттерге біріктірілді.
Бірінші дəрежелі кəсіпорындар «Одақтық маңызы бар» тресттерге біріктірілді. Екінші дəрежелі кəсіпорындар Өлкелік трестерге біріктірілді.
1. Ұсақ кəсіпорындар жеке адамға, шетелдіктерге, кооперативтерге жалға берілді.
2. Өнеркəсіп, темір жол, көлік тасымалы шаруашылық есепке көшті. Өнеркəсіптегі өзгерістердің нəтижесінде Риддер қорғасын зауыты 1923 жылы одақтағы өндірілетін қорғасынның 40% -ын өндіре бастады, Доссор, Мақат мұнай кəсіпорындары іске қосылды, Шымкент сантонин зауыты ашылды, 1927 жылы Қарсақбай комбинаты мыс өндіре бастады. Өнеркəсіптегі өзгерістердің оң нəтижесімен қатар кемшіліктері де болды. Мысалы: Қазақстан шикізаттық бағытта ғана дамыды. Тресттердің пайдасы Ресейге кетті. Ауыл шаруашылығындағы өзгерістер:
1. Əскери коммунизм саясаты кезінде енгізілген салғырт жойылып, оның орнына салық енгізілді (1921 жылы наурызда)
2. Түтін салығы мен күш-көлік салығының орнына бірыңғай заттай салық енгізілді.
Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда 2,5 есе аз болды.
1. 1924 жылы 1 қаңтардан бастап салық тек ақшалай төленетін болды.
2. Салық үдемелі болғандықтан, оның бар ауыртпалығы байларға жəне
кулактарға түсті.
3. Мал өсіретін қожалықтар салықтан босатылды. Жалдамалы еңбекті
пайдалануға рұқсат берілді.

4. Салықтан түскен қаражат халық ағарту ісіне жұмсалды.


5. Жерді жалға беруге рұқсат берілді.
6. Несие берілетін болды.
7. «Қосшы Одағы» құрылды.
8. 1924-1925 жылдары елге тракторлар əкеліне бастады.
Осы өзгерістердің нəтижесінде егіс көлемі ұлғайды, мал саны өсті жəне кедейлер азайып, орташалар саны көбейді. Байлар, кулактар шектетілді, сайлау, сайлану құқығынан айырды. Сауда еркіндігі қалыптасты. Оған дəлел:
• 1. 1921 жыл 24 мамырда «Айырбас туралы» декрет қабылданды.
• 2. Декрет бойынша айырбас жасауға рұқсат етілді.
• 3. Жəрмеңкелер ашыла бастады.
Жаңа экономикалық саясаттың жалпы қорытындысы:
• Жаңа экономикалық саясат кезінде нарық енгізілді.
• Ауыл шаруашылығы дамымай қалды.
• Бұл саясат аяғына дейін жеткізілмеді.
• Өнеркəсіп артта қалды, дамымады.
• Жаңа экономикалық саясат бұрмаланды.
• Саяси өмірде демократия бұрмаланды.
• Еркіндік мүлде болмады.
• 1921-1922 жылдардағы ашаршылық;
1921 жылы жазда қуаншылық болып, малдың 80%-ы қырылып қалды. Елде аштық басталды.Ашығушылар саны барша қазақ халқының 1/3 бөлігін қамтыды.
• 1921 жылғы қараша – 1млн.508 мың адам,
• 1922 жылғы науырыз – 2 млн.303200 адам аштыққа ұшырады.
Орал, Ақтөбе , Орынбор, Бөкей губернияларын аштық жайлады. 1922 ж маусымда Батыс Қазақстанда ашығушылар мен аурулар 82%-ға жетті.
700 мыңнан астам адамдар республикадан тыс жерлерге көшіп кетті
81)Ф.И. Голощекиннің «Кіші қазан» идеясы: мəні мен салдары.
Ф. И. Голощекиннің есімі қастерлі қазақтың тарихында социализмнің бұрмалануы 1925 – 1933 жылдарындағы əрекеттерімен есте қалған. 1927 жылы ақпанда Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитеті төралқасы көшпелі, жартылай көшпелі қазақтарды жерге орналастыру туралы шешім қабылдады. Ұлы дала еліне тұтқа болмаққа жіберілген

Голощёкин Филипп Исаевич жеріміздегі тарихтың бағытын демде бұрып жіберді. Солақай саясатшыл Қазақстандағы егістікке жарамды жерлерге орыс шаруаларын қоныстандыру мақсатын бірінші кезекке қоюға тырысты.


Алайда, қазақ жеріне келіп əлі де рулық бөлініс, байдың билігіне куə болған Голощекин ауылды кеңестендіру жұмысы əлі де əлсіз, оны күшейту керек деген тоқтамға келіп, "кіші қазан" идеясын ұсынды. Яғни, сонау 1917 жылы кеңестер билік басына келген кезде, қазақ даласына жетпей қалған идеологияны орнатып, бай мен кедейдің теңсізідгін жойып, ұжымшарды орнату мүддесі көзделді. Ал анығын айтқанда, бұның мəні көшпелілерлің ежелден келе жатқан шаруашылығын, тұрмыс-салтын тұншықтырып, отарлауды күшейтіп, қанау саясатын бүркемелеу еді. Жаппай ұжымдастыру да жоғарыдан берілетін бұйрықтар мен нұсқаулар арқылы жүргізілді. 1930 жылы 5 каңтардағы БК(б)П ОК-нің «Ұжымдастырудың қарқыны жəне мемлекеттің ұжымшар құрылысына көмектесу шаралары туралы» қаулысында Қазақстанда жаппай ұжымдастыруды, негізінен, 1931 жылдың күзінде немесе 1932 жылдың көктемінде аяқтау міндеті қойылды. Осылайша тағы да жергілікті ерекшеліктерді ескерместен, жоғарыдан кысым жасау басталды. Шаш ал десе бас алуға дайын тұрған Голощекин ұжымдастыру ісін барынша тездетуге тырысты. Жаппай ұжымдастыру айлықтарын өткізді. 1932 жылдың 1 каңтарында отырықшы аудандардың көпшілігіндегі ұжымдастыру 60—80%-ға дейін жеткізілді. Ал көшпелі қазақ ауылдарын ұжымдастыру қарқыны бүдан да тез жүргізілді. Ол көп жағдайда күштеу, корқыту, жазыксыз жазалау əрекеттері арқылы іске асырылып отырды. 1920 жылдардың соңында Қазақстанда күштеп астық пен ет жинау кең етек алды.
Елдің тұрмыс-тіршілігінен хабарсыз Голощекин тіптен егіншілікпен айналыспайтын көшпелі малшылардан астық өткізуді талап етті. Ал етке өткізілуге тиіс мал басы саны қолда бар мал басынан анағұрлым асып түсіп жатты.
Ауыл шаруашылығында егіншілік көлемі күрт азайып кетті. Мал шаруашылығы терең күйзеліске ұшырады. Ұжымдастыру қарсаңында Қазақстанда 40,5 млн бас мал болды, ал 1933 жылдың 1 қаңтарында олардан қалғаны бар болганы 4,5 млн бас еді. Малы, астығы жоқ халық қырғынға ұшырады. 1931—1933 жылдары бүкіл Қазақстанды құшағына алған аштықтан 6,2 млн республика халқының 2,1 млн-ы қырылды. Жоғарғы басшылықтың құрамындағы «ұлтшылдарды» қызметтен аластай отырып, Ф.Голощекин 1927 жылдың күзінен бастап Мəскеудің қолдауына сүйеніп, ұлт-азаттық козғалыс қайраткерлерін соттау шараларын іске асырды. 1928 жылы қазанда Қызылорда абақтысында А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Х.Ғаббасов бастаған 44 Алаш зиялылары қамауда отырды. Олардың төртеуі атылды, біреуі конц-лагерьде өлді, қалғандары он жыл түрмеге камау жазасына кесілді.

1930 жылы М.Тынышпаев, Х.Досмұхамедов, Ж.Ақбаев жəне басқалар бар 40 Алаш қайраткерлері қамауға алынып, олардың он бесі бес жылға Воронежге жер аударылды. М.Əуезов, Ə.Ермеков жəне М.Жұмабаев «ұлтшылдық» идеологиясынан бас тартатындықтары жөнінде баспасөз арқылы мəлімдеді. Жалпы Голощекиннің кіші қазан идеясының мазмұнын түйіндесек: келді, ұжымдастыру деп байбалам салды, малды тəркілеп байларды конфескациялады, малы жоқ халыққа еттен салық салды, төрт-түлікпен көшіп жүргендерден қап-қап астық өткізуді талап етті, 1931-1932 жылдары қайғысы ауыр ашаршылықты қолдан жасап, халықты қырды. Саясаткер ретінде емес, қазақты қанауға келген қанішер ретінде есте қалған оның "Кіші қазан" идеясы расымен мемлекеттік құрылымға əсер етіп, үлкен бұрылыс жасады. Алайда, миллиондаған халықтың қазасына əкелген саясатты қалай жақтасақ та ақтауға келмейді. Даттамасақ та, солақай саясаттың, жазықсыз қалың қазақтың қанының иісі шығып тұрады бұл тақырыптан. Міне, Голощекиннің "кіші қазанының" тарихи мазмұны осылай ұмытылмас ақтаңдақтармен қалып қойды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет