1 Қазақстан аумағындағы тас ғасырынақатысты археологиялық ескерткіштеріашылуы


Желтоқсандағы Жалпықазақ съезі. Алаш автономиясын құру туралы шешім



бет58/81
Дата28.02.2023
өлшемі274,78 Kb.
#70446
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   81
Байланысты:
1 аза стан аума ында ы тас асырына атысты археологиялы ескерт

76. Желтоқсандағы Жалпықазақ съезі. Алаш автономиясын құру туралы шешім.
Бірінші жалпықазақ съезі 1917 жылғы 21-26 шілде аралығында Орынбор қаласында өткен болатын. Сол кездегі ұлттың сөзін сөйлеген «Қазақ» газеті жанынан құрылған ұйымдастыру бюросы съезд мәселесін көтеріп, күн тәртібінде «Қазақ саяси партиясын жасауды» ұсынды. Нәтижесінде Орынбордағы тұңғыш жалпықазақ съезінде қазақ саяси партиясын кұру туралы мәселе қаралып, мынадай шешім қабылданды: «Қазақ халқының өз алдында саяси партиясы болуды тиіс көріп, бұл партияның жобасын жасауды съезд «Шураи исламға» сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды. Партияның негізгі демократиялық, федеративтік парламенттік республикаға кұрылмақ ...». Міне, осылайша қазақ партиясының ұйымдық тұрғыдан құрылуы күзге, яғни бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутаттар сайлау науқанына тұстас келді.Ал 1917 жылы 5-13 желтоқсанында Орынбордағы екінші жалпықазақ съезі өтіп, онда Алаш автономиясы жарияланды. «Алаш» атын ұрандаған қайраткерлер ұйымдастырған Орынбор съезінде ең басты мәселе - қазақ мемлекеттігі туралы мәселе қаралғаны белгілі. Съез алмағайып заманда батыл қадамдарға дем берді, «Ұлт Кеңесін» құрып, оның аты «Алашорда» болсын деген шешімді қабылдады. 25 орыннан тұрған бұл үкіметтің төрағасы болып көпшілік дауыспен Әлихан Бөкейхан сайланды. Түпкі мақсат - ұлттық автономиялық мемлекет құруға бағытталды. XX ғасырдың басындағы елдегі аласапыран қиын кезеңде халықтың қамын ойлаған саяси күш – Алаш қозғалысы болатын. Осы қозғалыстың басында – саяси мәдениеті әлемдік деңгейге көтерілген, оқыған, сауатты, кәсіби даярлығы заманына сай адамгершілік-имандылық қасиеттері ата-бабамыздың сан ғасырлық қастерлі құндылықтарымен сусындаған Әлихан Бөкейхан,Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мұхаметжан Тынышбайұлы, Жақып Ақбаев.Бақытжан Қаратаев сияқты дүлдүлдер тұрса, солардың ізін басқан болашақтың нарқасқа ұлдары – Жаханша Досмұхамедов, Мағжан Жұмабай, Сәкен Сейфуллин, Мұстафа Шоқай, Тұрар Рысқұлов, Смағұл Сәдуақасов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов,  тағы басқалар одан әрі дамытты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет