1 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі


Тәрбиенің негізгі принциптері



Pdf көрінісі
бет67/101
Дата30.09.2023
өлшемі1,79 Mb.
#111958
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   101
Байланысты:
Мектепке дейінгі педагогика тарихы

Тәрбиенің негізгі принциптері. 
Тәрбиенің міндет-мақсаттарына 
байланысты Макаренко советтік тәрбие жүйесінің мынадай негізгі 
принциптерін анықтаған: тәрбиленушіге талап қоюды оны құрметтеу және 
оған сенім білдірумен байланыстыру, коллектив ішінде, коллектив арқылы 
және еңбекте тәрбиелеу.
Макаренко 
адамға 
зор 
талап 
қоюды 
құрметтеп 
сыйлаумен 
байланыстырып отыруды – советтік тәрбие жүйесінің жетекші әдісі деп 
санады. Тәрбишілерге сүйіспеншілік білдіруді оған талап қоюмен 
байланыстырып отырса, балалардағы жақсы сапаларды байқап, көруге, сол 
сапаларды одан әрі дамытуға мүмкіндік береді деді.


117 
АА.С.Макаренконың барлық тәжірибесі оның осы өзі ұстанған негізгі 
принципі – адамды құрметтеп, сыйлауды оған талап қоюмен байланыстыру 
принципін жемісті түрде іс жүзіне асырудың толық сипаты болды.
“Қашан болсын адамның жақсы жақтарын жобалау керек, педагог осылай 
етуге міндетті”, - деп өсиет айтқан оптимист Макаренко, жоғарыдағы балаға 
қатаң талап пен сүйіспеншілік білдіру жөніндегі принципіне байланысты, 
тәрбиедегі “болашақ жолдар “ принципін ұстанады.
Макаренконың ескертуінше адамды тәрбиелеу – бұл жастарымыздың 
өздерінің болашақтары – ертеңгі қуаныштары көрінерліктей болашақ жолдар, 
бағыттар тәрбиелеу, оларға сол ертеңгі жолдарын көрсету.
“Алдында ешқандай қуаныш болмаса, адам жарық дүниеде тіршілік етіп 
жүре алмайды. Адам өмірінің ең жақсы аты-шулы қозғаушысы – ертеңгі 
қуаныш ”, - деген А.С.Макаренко. 
Макаренко бастапқы, жақын болашаққа балалардың цирк, басқа ойын-
сауық орындарына баруға рұқсат алуын, орташа болашаққа жастардың 
коллективтік оқиғаларға араласуын:мерекелік демонстрацияларға, бүкіл 
халықтық мейрамдар мен науқандарға қатысу т.б. қосқан. 
Мектеп бітіргеннен кейін іске асуға тиісті балалардың бүкіл ел өміріне 
араласуға ұмтылушылығын тәрбиелеуді Антон Семенович болашақтық 
жолдардың ең жоғарғы басқышы деп бағалаған. Ол болашақ жолдардың 
балалар коллективінің тек қана қуанышы мен жақсылықты сезінуінен құрала 
бермейтіндігін ескертті, коллектирв мүшелері болашаққа жетуде өздерінің 
алдында кездесетін қиыншылықтарды меңгеріп, жеңе білуге тәрбиелеуі тиіс 
деді.
Макаренконың көрсетуінше коллектив – адамдардың жай ғана 
жиынтығы, немесе кездейсоқ топтаса салуы емес, ол жалпы мақсатқа жетуді 
алға міндет етіп қойған, қоғамға пайда тигізуге тырысушылардың тобы. 
Сондықтан оның ойынша, нағыз шын коллектив, мейлі еркектер, мейлі 
балалар коллективтері болсын, совет қоғамынаң бір бөлшегі болып 
есептеледі. Макаренко жалпы, ірі, тұтас коллективтер оның бөлімдері болып 
есептелетін бастауыш коллеективтерден тұратындығын көрсетті. Жеке бала 
бастауыш коллективтің мүшесі, класс оқушысы бола отыра, ол ірі коллектив 
өмірімен, бүкіл мектеп мақсатымен өмір сүруі тиіс деген.
Макаренко коллективті сипаттайтын негізгі ерекшеліктерді анықтады, 
олар: айқын түрде мақсатқа талпынушылық, коллективтің барлық 
мүшелерінің іс – әрекет жасауы, бірлігі, коллектив мүшесінің өз арасында 
міндеттерін анықтау, бұл міндеттерді әрқайсысының ұқыпты орындауы,өз 
мүшелері үшін коллективтің жеке адамдарының бүкіл коллектив алдындағы 
жауапкершілігі, өзара көмек, өзара бақылау, жолдастық сезім, өзара бағына 
білу. Макаренко өзінің өте мол тәжірибесіне сүйене отырып, коллективтің 
өмір сүруінің өте маңызды заңы бар екендігін анықтаған, ол – коллективтің 
қозғалылы, өсуі, ілгері дамуы.
Макаренко өзінің Горький атындағы колониядағы және Дзержинский 
атындағы коммунадағы жүргізген тәжірибе жұмыстарында бұл әдісті 
табандытүрде пайдаланған, сол арқылы колонистер мен коммунарларды еш 


118 
уақытта бір орында тоқтамауға, үнемі алдарына мақсаттар қойып, оған 
қайткен жағдайда да жететіндеріне көз жеткізіп, оларды ерекше 
тапқырлықпен тәрбиелеп отырған.
Макаренко тәрбие процесінде тәртіп бұзушы тәрбиеленушілерге қарсы 
кең түрде балалар коллективінің осы мәселеге байланысты «параллельді 
әрекет ету» әдісін шебер қолданған. Бұл әдіс бойынша, тәртіп бұзған кінәлі 
оқушыларға әр уақытта тікңелей педагогтың араласуы міндетті емес. Мұндай 
жағдайда педагог балалар коллективінің көңілін сол болған оқиғаға аудара 
білуі тиіс және әр жеке оқушыға коллектив ықпал ете білерліктей дәрежеге 
жеткіуі керек. Сонда ғана коллективтің әрбір мүшесі бүкіл коллектив үшін 
және бүкіл коллектив өзінің жеке мүшелері үшін жауап бере алады.
Макаренко коллективті тәрбиелеуде сол коллективтен шыққан ең 
алдыңғы топ – мықты активтің роліне үлкен мән берген, активті ол 
педагогтардың ең жақын тірегі ретінде қараған. Горький атындағы колония 
мен Дзержинский атындағы коммунадағы коллективтің мұндай активі 
комсомол ұйымы болған, Антон Семенович активті өзі жетілдіріп, 
шынықтырып отырған. 
Макаренко педагогтар коллективінің оқушылар коллективін құруда 
шешуші роль атқаратындығын атап көрсетті, ол : «Педагогтардың нағыз 
жауапты тәрбиші болуы үшін бір – ақ жол бар,ол жол – педагогтарды 
коллектив етіп ұйымдастыру... »- деген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет