1 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет68/101
Дата30.09.2023
өлшемі1,79 Mb.
#111958
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   101
Байланысты:
Мектепке дейінгі педагогика тарихы

Еңбек тәрбиесі.
А.С.Макаренко біздің мемлекет еңбекшілер мемлекеті, 
бізде «Кім де кім еңбек етпесе, ол ішіп - жемейді » деген принцип іске асып 
жатқанда, еңбек тәрбиесі жалпы тәрбие процесінің ең қажетті факторына 
айналуға тиіс деп есептеген. Макаренконың үйретуінше, адам еңбек үстінде 
тек жұмысқа даярланып қана қоймай, басқа адамдармен дұрыс қарым –
қатынас жасауға үйренеді, еңбекке бірлесе күш жұмсау, коллективте еңбек 
ете білу, адамдардың бір-біріне еңбектік көмегі және олардың бір – бірімен 
еңбек ету жөнінен байланысты болу сезімін тудырады. 
Атақты педагог еңбектің ең зор пайдасы – адамның психикалық, рухани 
дамуына әсер етуінде деп түсінді. «Еңбектен туатын бұл рухани даму тапсыз 
қоғамның азаматын таптық қоғамның азаматынан айыратын адам өзгешелігін 
құруға тиісті »,-деді ол. Еңбек тәрбиесінің міндеттері: балаларды еңбекті 
өзінің азаматтық борышым деп сүйе білуге үйрету, қоғамдық-өнімді еңбекке 
қатысуға даярлау. Макаренко ұсынған балаларға қатысты еңбектің негізгі 
түрлері : өзін-өзі күту, отбасындағы үй жұмысы, оқу тапсырмаларын 
орындау, мектеп және балалар мен жастар ұйымдастыратын қоғамдық 
пайдалы жұмыс, ауыл шаруашылығындағы, фабрикалар мен заводтардағы 
өндірістік еңбек.
Макаренко балалар еңбегін ұйымдастыру үстінде мынадай негізгі 
ережелерді сақтауды талап еткен: баланың күшіне сай еңбек тапсыру, 
еңбектің бір түрінде баланы көп ұстамай, оның өсіп дамуына сәйкес жаңа, 
бұрынғыдан күрделі жұмыстар жүктеу, тапсырылған жұмысты бақылау, 
оның ұқыпты орындалуын талап ету, балалардың ауыр, ыңғайсыз 
жағдайларда атқарған еңбегін мақтап отыру т.б. 


119 
Горький атындағы колонияда және Дзержинский атындағы коммунада 
тәрбиеленушілер ауыл шаруашылық жұмысын атқарған, жатақханаларын 
мәдени жағдайда ұстаған, фотоаппаратжасайтын заводта істеген, жергілікті 
шаруашылық егіс шаруашылығына көмектескен.
Макаренко тәрбиенің бұл түріне баланың әр нәрсе атқаруға икемделе 
бастаған шағынан – ак баулуды талап еткен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет