1 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет69/101
Дата30.09.2023
өлшемі1,79 Mb.
#111958
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   101
Байланысты:
Мектепке дейінгі педагогика тарихы

Саналы тәртіп. 
Атақты педагог қалдырған мұраларында қоғамдық 
өнімдегі совет адамдарының саналы тәртіптілігіне ерекше көңіл бөлген. 
Тәртіп – күрес пен еңбектің жемісті болуының ең қажетті шарттарының бірі 
ретінде қаралған.
Біздегі тәртіпті адам деп Макаренконың сөзімен: «...қашан болсын, 
қандай жағдайда болсын, мінез-құлықтың қоғамға ең пайдалы дұрыс жолын 
таңдап ала білетін және қандай қиыншылық,жағымсыз жағдайлар кездессе де 
ол мінезін өзгертпеуге шыдамы жететін адамда ғана айтамыз». 
Макаренконың айтуынша, мұндай тәртіпті балаларды тәрбиешілерге 
бағынуды насихаттаумен ұғындырып тәрбиелеуге болмайды, ол тәрбиелік 
әсердің барлық жиынтығымен тәрбиеленеді.
Макаренко тәртіпті тәрбиелеуде оның құралы болып есептелетін режимге 
ерекше мән берген,режим коллективтің міндетті түрде орындайтын заңы деп 
санаған.
Балаларға қолданылатын жазалауды Макаренко тәртіпті орнатудағы 
қажетті шара екендігін көрсете отыра, ұрып – соғып жазалаудың қай түріне 
болса да табанды тоүрде қарсы шыққан. Өз тәжірибесінде тәртіп 
бұзушылардың мінезін үнемі тәрбиеленушілер жиналыстарында талқылауға 
ұсынып отырған, бірақ ол кінәлілардың мінезін қарауға жолдастарының әділ 
болуын, әділ жаза қолдануын талап еткен.
Макаренко тәрбиеленушілердің тәртіптілігі мен өндірістегі табыстары 
үшін сыйлықтар беруді және бұйрық бойынша алғыс айтуды ұсынып 
отырған. Тәртіпті коллективте алғыс алу ең жоғарғы награда болып 
есептелген.
Макаренко саналы тәртіп мәселесіне тығыз байланысты түрде 
балалардың борыш, ар-намыс сезімдерін тәрбиелеуді терең зерттеген. 
Коллективтің әрбір мүшесі бастауыш коллективтен бастап, социалисік 
Отанының одан талап ететін борышына түсініп, сезіне білу керек деді. 
«Біздің өз азаматымыздан талап ететініміз, ол өз өмірінің әр минуты сайын 
әрқашан борышын орындауға дайын болуы керек, бұл жерде біреудің 
бұйыруын немесе жарлық етуін күтпейтін болсын, ол инициативалы және 
творчестволық жігер-қайраты болсын»,- деген Макаренко.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет