1 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі


 П.Ф. Каптеревтің педагогикалық теориясы



Pdf көрінісі
бет79/101
Дата30.09.2023
өлшемі1,79 Mb.
#111958
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   101
6. П.Ф. Каптеревтің педагогикалық теориясы.
Петр Федорович Каптерев (1849-1922) Мәскеудегі рухани академияны 
бітіріп, діни біліммен шектелмей, зайырлы білім алды. Ол бір ғасырға таяу 
(1874-1898) Петербургтегі Фребель және басқа да оқу орындарында 
педагогика мен психологиядан сабақ берді. Ол Петербург сауаттылар 
ұйымының және түрлі педагогикалық қоғамдардың жұмыстарына ат салыса 
қатысты. П.Ф. Каптерев І Бүкіл Ресейлік педагогикалық психологиясының 
съсдің (1906) және І Бүкіл Ресейлік отбасылық тәрбие съезінің 


134 
ұйымдастырушыларының 
бірі 
болып 
табылды. 
Буржуал-либерал 
педагогикасының өкілі болғандықтан, ол Ұлы Қазан социалистік төңкерістің 
тарихи мағынасын бірден түйіндемей, бірақ уақыт өте халықты ағарту ісінің 
түбегейлі өзгеруін мойыдатты. Ол Воронеж обылысындағы Острогон 
қаласындағы совет мектебінде мұғалім болып істеді, мұнда оқушыларды 
дайындайтын педагогикалық курстарды ұйымдастырып, содан кейін 
Воронеждегі педагогикалық университеттің профессоры болды.
П.Ф. Каптерев – «Дидактикалық очкргтер», «педагогикалық үрдіс», 
«Орыс педагогикасының тарихы» атты жұмыстардың авторы. Оның 
психологикалық дәйектелген дидактиканы құруға талпынысы өте жоғарғы 
деңгейде 
болды. 
Ол 
оқытудың 
мақсаты 
мен 
міндеті, 
мектеп 
бағдарламасының пәндерін таңдау және оларды үлестіру, оқыту әдістемелері 
және т.б. осындай дидактикалық мәселелермен жұмыс істеді. Каптерев 
барлық халық үшін тиімді, біртекті мектеп жүйесін талап етті, бұған бірінші 
қадам, бастауыш сыныптарды 6 жылдық ету, оның жоспарлары қалалық 
училище жоспарларымен құру деді ол.
Каптерев теориясының кемшілігі мектеп пен педагогиканы саяасаттан 
жекешелендіруі болып табылады. Мектептегі саяси құралына айналдырған 
патшалық саясатқа қарсы шығып, ол қате пікірге келеді, ол педагогиканы 
жекелеп, мектептердің жаңа қоғамдық құрлысындағы саяси күрестен 
мұқтаждығын жасырды деген пікірде болды. Каптеревтің «отбасылық 
тәрбиенің негіздері мен міндеттері», «Балалардың табиғаты туралы», 
«Балалардың ойын-сауықтары туралы» еңбектердің 1898 жылы бері ректоры 
болған. «Отбасылық тәрбие мен оқыту энциклопедиясы» отбасылық тәрбие 
педагогикасының құнды жұмыстарына енеді. 
Каптерев бұл еңбектерінде Ресейдегі отбасылық тәрбие тарихын берді, 
артықшылықтары мен кемшіліктерін ерекшелей, шаруа отбасында 
отбасылық тәрбиеде, баланы еңбек сүйгіштік, Отаның сүй, әдептілік 
қасиеттерін тәрбиелеуге көп көңіл бөлінетіндігін атап көрсетті. 
Кемшіліктердің біріне, өзі мойындамаған, ұру жазаларын жатқызды. 
Каптеревтің ойынша қоғамдық жұмысқа араласып, ал жұмысшылардан 
сауаттылық пен білім талап ететін, өндірістің даму кезеңінде, баланың 
жастайынан отбасылық тәрбиелеуін, балабақшалар мен мектептердегі 
қоғамдық тәрбиемен ұштастыру қажет деді. 
Каптеревтің еңбектері арқылы К.Д. Ушинскиймен жиналған ұлттық 
тәрбиелеу идеясы өтеді. Осы теориядан бастау алып, Каптерев Ресей 
талаптары мен ең жақсы балабақшалар және бала психологиясы негізінде 
жасалған тәжірибеге сүйене, мектепке дейінгі тәрбие теориясының дамуына 
елеулі үлес қосты. Ол Фребельді мектепке дейінгі тәрбие берудің негізін 
қолдаушы деген пікірге қарсы шығып, мектепке дейінгі тәрбие беру 
орталықтарын дамытуда тек немістердің ғана емес, сонымен қоса орыс 
педагогының да атсалысқанын дәлелдеп көрсетті. Балабақша теориясын 
ұлттық мүдделерге байланысты, негізінде жеке мемлекеттерге байланысты 
құру керектігін есептеді. 


135 
Каптерев балаларға қоғамдық тәрбие беру жүйесінде балабақшаны 
бірінші баспалдақ деп есептеді. «Балабақшаны басқа орталықтармен қатар 
балабақшаны міндетті деп мойындау керек... Балабақша отбасы мен мектеп 
бөлшектерін біріктірді». 
П.Ф. Каптерев орыс мектепке дейінгі тәрбие тарихында алғаш рет 
балабақшадағы балалар арасындағы жас айырмашылықтарына байланысты 
тәрбие жұмыстарының күрделілігін дәлелдеуге тырысты. 
Балабақшаға бірінші жыл келіп жүрген балалар үшін, негізгі сабақтар 
жалпы ойындар, олардан демалу ретінде әңгімелер мен ең қарапайым 
жаттығулар болуы керек деп есептеді. Бұл балалар өте қозғалғыш, олар әлі 
ұзақ уақыт бойы әңгіме тыңдап немесе отырған күйде қол жұмыстарымен 
айналыса алмайды. Сондықтан бірінші жылы отбасынан балабақшаға 
ауысуды бірден қабылдамас үшін оларға бірігіп ойнауға толық еркіндік беру 
керек. Мұнда қажетті жағдайлар туғызу, тәрбиешінің балаға қарама-
қатынасы, оларды ойыншықпен қамтамассыз етудің мәні зор: «Бала үйінде 
қандай ойыншықпен ойнаса, балабақшада да сондай ойыншықтарды-
қуыршақ, жануарлар, ат, барабан, гүл т.б. ойнайды». 
Балабақшаның екінші жылында балалар кішкене дамып, өз беттерімен 
талпыныс жасайды, деді Каптерев, олар өз көңілдерін қоршаған ортаның 
әртүрлі заттарына және құбылыстарына назар аударып, өз беттерімен іс-
әрекет етуге бейімделеді. Балабақшаның екінші жылында бала ойындары 
үлкен орын алады. Балабақшалардың осы қажеттерін пайдалана отырып, 
балабақшадағы ойын мен қол жұмыстарының уақытын теңдей бөлу керек. 
Бұл жастағы балалар жан-жақты тануға ерекше ынталы болады, сондықтан 
қоршаған орта өміріне, табиғат құбылыстарына қызығушылық танытады. 
Енді тәрбиешінің бір ғана әңгімесі жеткіліксіз. Балалардың көңілі мен 
қызығушылығын 
арттыратын 
сабақтармен 
кез-келген 
балабақшаны 
қамтамасыз ету керек. Олардың талпынысын арттыратын жақсы тақырыпта 
әңгімелесу (суреттер, жануарлар, өсімдіктер, түрлі шығармалар т.б.) керек. 
Сол кезде болған дидактикалық қатал ойындар және балалармен 
жүйеленген сабақтарды қатал түрде жүргізу және жоспарлармен қатар 
Каптерев оқу-тәрбиелік жұмыстарды еркін нұсқаулармен жүргізуін ұсынды. 
Ол-қатал тәртіпсіз бағдарлама мен жоспарлар. Балабақшада соңғы жыл 
болатын балалардың сабақтары мен ойындарын сипаттай отырып, Каптерев 
оларды күрделендіру керек деді: «Соңғы жылдың екінші жартысында 
сабақтарды балабақшалардан мектепке өту кезеңі жеңілдетіндей етіп қою 
кезеңі жағдайда-бұл өзгеріс балаға өте ауыр тиеді». Каптеревтің пікірінше 
мектепке дайындық сабақтарын ұсынуда соңғы жылдың екінші жартысында 
бір сабақты бүкіл балалар үшін міндетті етіп, бірақ ол сабақты өз 
сипаттарына сәйкес мектеп сабақтарына ұқсатпады.
П.Ф. Каптерев балалардағы достық сезімін тәрбиелеуде баланың 
ұғымының орнын ерекше деп көрсетті. Ол тәрбиешілерге сабаққа дайындық 
кезінде күллі бала ұғымының және топтағы балалардың жеке ерекшеліктерін 
меңгеруді ұсынды. Ол «жолдастары бар қоғам-балалардың дамуы үшін 
қайнар көзі болып табылатын қажет ғылым» деп дұрыс көрсетті. 


136 
Педагогикалық ортада П.Ф. Каптеревтің мұралары оның педагогикалық 
қайраткерлігінен көрініс тапты. Ол-жоғарғы эрудициялы педагог, педагогика 
жетістіктерін жетік түсіндіріп, таратушы. Оның көптеген педагогикалық 
еңбектерінде пайдалы әдістемелік кеңестер орын тапқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет