1 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі


Қоғамдық мектепке дейінгі тәрбие туралы



Pdf көрінісі
бет88/101
Дата30.09.2023
өлшемі1,79 Mb.
#111958
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   101
Қоғамдық мектепке дейінгі тәрбие туралы 
Е.И.Тихеева көрсеткендей, революцияға дейінгі Ресейде шаруа отбасы 
ауыр өмір жағдайында болды, сондықтан олар қажет педагогикалық білімінің 
болмауынан 
мектепке 
дейінгі 
жастағы 
бала 
тәрбиесін 
дұрыс 
қамтамасыздандыра алмады. Тихеева жалғыз жол - кең дамыған қоғамдық 
мектепке дейінгі кеңселер деп тапты: «Барлық жаңа талаптарға сай 
ұйымдастырылған балабақша - іс жүзінде баланы тәрбиелеу мен оқытудағы 
отбасына қажетті көмекші».
Оның революцияға дейін «Тихеева әдісі» атымен белгілі мектепке дейінгі 
тәрбие беру теориясы «Жаңа балабақша, оның мәні мен құралдары» 
кітабында түсіндірілген. Тихеева қоғамдық мектепке дейінгі тәрбие беру 
құбылысының бүкіл Ресейге тарап, ең әуелі еңбектенушілердің 
қажеттіліктерін қанағаттандырса екен деп армандады. Ол қоғамдық мектепке 
дейінгі тәрбиенің артықшылықтарын көрсетті. Балабақша, деп жазды ол, 
«баланың дамуына, еңбек етуіне, ойнауына мүмкіндік бере отырып, оны 
үлкендермен және жолдастарымен күнделікті жүйелі қарым-қатынастан 
қоғамдық жағдайға үйретеді, балалардың бір-біріне, кооперацияға, қоғамдық 
мүлікке, қоғамдық мүддеге тиісті қарым-қатынасты қалыптастырады». 
Балабақшада кәсіптендірілген тәрбиешінің басқаруымен балалар физикалық, 
ойлау, құқықтық, эстетикалық тәрбиені алады, мұны отбасылық тәрбиеде 
беру өте қиын. 
Е.И.Тихееваның пікірінше, балабақша өз міндетінің жемісін тек 
отбасымен бірігіп жұмыс істесе ғана көреді. Балалар аналары балабақшаға 
жиі келіп тұрулары керек, сонымен қоса олар келушілер мен бақша 
қызметкерлеріне міндетті ережелерді қадағалаулары қажет және ата-аналар 
шамалары келгенше балабақшаға материалды көмек көрсетуі керек. Бұны іс 
мүддесі және ата-ананың азаматтық намысы талап етеді. Тихеева жеңілдіктер 
ретінде тұрмыстық жағдайы өте төмен отбасыларын босатуға болады деп 
есептеген. 
Ол балабақша барлық қоғамдық топ балаларына тиімді болуы керек деп 
көрсетті: «Мектептің демократиялануы төменнен басталуы керек. Балалар 
өмірінің алғашқы жылдарынан бастап барлық әлеуметтік топтар, таптар, 
әлеуметтік және иелік дәреже теңдігін сезініп тәрбиеленуі керек. Осы ойды 
балабақшадан сіңіріп, мектепке апарады.» 
Балабақшадағы барлық оқу-тәрбиелік жұмыстар ана тілінде жүргізілуі 
керек. Тихеева Константин Дмитриевич Ушинскийдің пікіріне сүйене 
отырып: «Егер ана тілі еленбесе, мектепке дейінгі тәрбие демократтануы 
болмайды», - деп жазды, ол ана тілін «басты және негізгі пән, балабақшалар 
мен мектептегі барлық оқу және тәрбие бейнесін қалыптастырады». 
Балаларды отбасында, балабақшада, мектепте ана тілінде сөйлеу 
қабілетін дамыту әдістемесі Е.И.Тихееваның педагогикалық теориясында 
басты орын алды. Ол бұл әдістемесін революцияға дейінгі кезеңде бастап, 
кеңес уақытында нақты насихатталды. 


153 
Тихеева балабақша тек мектепке дейінгі жастағы баланы тәрбиелеу және 
оқытумен ғана бағалы емес, сонымен қатар ол мектепке дейінгі тәрбие 
берудегі жаңашыл ойлар мекені, сонымен қоса «ой мен теория 
лобараториясы», мұнда мектепке дейінгі сұрақтарға қызығушылық 
танытқандардың барлығы да оқи алады – деп назар аудартты. Балабақшада 
оқу-тәрбиелік жұмыс сұрақтарын құрастыру барысында, деп көрсетті 
Тихеева, балалар ағзасы интенсивті өмірмен өмір сүріп, көп энергия 
жұмсайды, балалардың ойлау қабілеті мен дене қозғалысы тек жұмсалатын 
энергияны демалу және тамақтану арқылы толықтырғанда ғана жемісті 
болады. Ол ұлттық балабақша балаларының тамақтануына бола назар 
аударуды ұсынған, өйткені мұнда көбіне тойымсыз тамақтандырудан, жиірек 
аштықтан денсаулығы жүдеген балалар түсетін.
Е.И.Тихеева балабақша отбасының көшірмесі болуы керек деді, мұнда 
тәрбиеші мен балалар арасында жақсы, отбасылық қарым-қатынас болуы 
керек. Балабақшада балалар толық өмірмен өмір сүруі керек, ал тәрбиеші 
олардың қуанышты көңіл-күйінің сақталуын қамтамасыз етуі керек. 
Балабақшаның бүкіл ауа райы қуанышты, ал ойындар мен тапсырмалар 
балалар мерекесіндей өткізілуі керек. 
Ойын балаларға көп қуаныш сыйлап, рахаттанады. Сонымен қоса олар 
рухани және дене күштерінің жан-жақты даму құралы болып табылады. 
«Балабақшадағы ойындарға үлкен назар аударылып, ойластырылған 
көңілмен ұйымдастыру керек, - деп жазды Тихеева, - балалар өмірінің негізі 
болып табылады, оның көңілін көтеруімен қатар, іс-әрекет жасауы, ол оның 
жанының өз сипаттары мен ерекшеліктерінің көптеген мүмкіндіктерін 
көрсетеді. Бала бір өзі немесе басқа балалармен бірге ойнасын, ойын әрқашан 
және кез-келген жағдайда оның сыртқа талпынған шығармашылық күші, 
қиялы мен жанының барлық тапсырмасының қайраткерлік аумағын ашады». 
Әсіресе ашық ауада өткізілетін қимыл-қозғалыс ойындарының құндылығы 
жоғары. 
Балалар белсенді, қозғалғыш өздерін әртүрлі қайраткерлік пен 
жұмыстарда көрсетуге бейім. Балабақшаның негізгі міндеті – балаларға 
қозғалуға мүмкіндік беру, пайдасын өздері сезетін және түсінетін жұмыс 
беру, деп есептеді Тихеева. Е.И.Тихеева Фребелдің ұсынған қатал және 
жүйеленген механикалық қол жұмыстарына қарсы шықты. Бірақ ол 
балаларды түпкі шығармашылық ойларды жүзеге асыруды жеңілдететін, қол 
еңбегінің қарапайым түрлерін жасауды үйрету керек деп айтты, 
балабақшадағы балалардың жеке және топтық еңбегін байланыстырып, соған 
сәйкес оларда қоғамдық сипаттағы және жеке талғамды, қызығушылық 
дағдыларды қалыптастыру. Тихеева балалардың өзіне өзі қызмет етуінің, 
гүлдер мен жануарларға қараудың үлкен оқу-тәрбиелік мәнін көрсетті. 
Балабақшаның оқу-тәрбиелік жұмысында Е.И.Тихеева балалармен 
ұйымдастырылған сабақтарды жүргізуге басты демеушілік берді. Ол 
балабақшадағы сабақ бағдарламалары мен жоспарларын құру қажеттілік 
және мүмкіндік сұрақтарын дұрыс шешті. Тихеева балабақшаның 
мақсаттары мен міндеттері - оқу-тәрбиелік мекеме болғандықтан, балаларды 


154 
мектептегі 
оқуға 
дайындайтын 
жоспарлық 
сабақ 
қажеттіліктері 
баяндалатындығын сенімді дәлелдеді. Жоспар - мектепке дейінгі жастағы 
балалардың игеруге тиіс ақпараттар көлемінің жалпы сипатында 
сабақтардың бағытын құрады. 
Балабақшада бала назарының тарқамауына, сабақтарда мүмкіндігінше 
жалғасушылық, жүйелілік болуына қамтамасыз етілуі және әрбір жаңа 
келбет, бала санасына енетін кез-келгет зат мүмкіндігінше ойда қалыптасқан 
қандай да бір бірлестікпен байланыстырылуы керек деп көрсетті. 
Балабақшада жаңа мектепте түсіндірілетіндей, жеке пәндер болмауы керек. 
Сұхбат, әңгіме, оқу, сурет салу, ән айту, әр түрлі ойын, гимнастика 
жұмыстары – бір сөзбен айтқанда, балабақшадағы сабақтардың жіктелуі 
қатал ара-қатынаста болуы керек. «Барлық сабақтар бір мақсат үшін – 
баланың жан-жақты қалыптасуы, бір бірімен сабақтасып, қиылысып, бірін 
біріне демеу жасауы керек». 
Тихееваның бұл пікірлері сол кездегі мектепке дейінгі педагогиканың 
дамуында өте құнды болып табылды. Олар аз буржуал жақтаушыларының 
«еркін тәрбие» теориясына қарсы шықты. Біз жоғарыдан көргендей мектеп 
жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде олар сабақ бағдарламалары мен 
жоспарының қажеттілігін мойындамады, онда баланың «өмір жоспары» 
негізінде, бала мүдделерін орындауда, ойындар мен тапсырмаларды өз 
қалауымен таңдауда құрылуы керек деді. Тихеева балабақшаны мектепке 
дайындық баспалдағы деп есептеді. 
Тихеева мектепке дейінгі жастағы бүлдіршіндермен жұмыс істегенде 
табиғи құбылыстарды оқытуға көп көңіл бөлді. «Балаларды табиғат аясында 
және табиғат қатысында тәрбиелеп, оқыту керек, сол үшін кез келген 
балабақшаның бағы немесе ең болмағанда аумағы болуы керек. Гүлдерді, 
көкөністерді өсіруді, құстарға, жануарларға қарауды, аквариумдар мен 
террариумдармен жабдықталуды ұйымдастыру керек. Бұл жұмыстар мен 
тапсырмалар ұлағатты сұхбаттармен қоса, баланың жан-жақтылығының 
кеңеюі мен нақтылануына көмектеседі. Балаларды табиғатпен және оның 
құбылыстарымен таныстыруда серуендеудің мәні зор. Олар балабақша 
тәрбиешісімен алдын ала белгіленіп, әдістеліп жасалуы қажет. 
Тихеева тек жеке жағдайларда ғана «ойлау операциялары» арнайы 
жатығуларын қолдануға болады деп есептеді. Олар ебін тауып басқарса, 
балалардағы ерекше тәрбиені, шыдамдылықты, еркіндікті, аңғарғыш, 
икемділікті, салауатты жарысты қалыптастырады. Бұл жаттығулар 
балабақшада өтетін ойындар мен тәжірибелік сабақтармен байланыстырылуы 
және оларды әрқашан түрлендіріп отыру керек. Ол Мария Монтессоридің 
сезім мүшелерін дамытудағы дидактикалық жұмысының ұстаздар үшін 
маңыздылығын және тәрбие жұмысындағыларға онымен тануды ұсына 
отырып, 
қолданылуындағы 
кемшіліктерді 
де 
көрсетті. 
Тихеева 
Монтессоридің дидактикалық жаттығулары баланың өміріне, олардың 
мүдделеріне еш сай келмейтіндігін өте дұрыс көрсетті. 
Тихеева сезім мүшелерін дамытуға балаларға белгілі заттардан (әртүрлі 
түске боялған, әр түрлі пішінді екі құмыра), ойыншық және табиғи заттардан 


155 
(жапырақ, гүл, жеміс, жарғақ және т.б.) тұратын іс қағаздарының 
дидактикалық жүйесін құрды. Бұл дидактикалық материалдар балалардың 
ойын мен сабағында сұхбатпен қоса келуі керек. Тихеева дидактикалық 
ойындар мен сабақтарды басқарушы міндетті тәрбиешіге жүктеді. 
Тихееваның белгілі жүйедегі дидактикалық материалы, оның құрған 
әдістемелері өз уақытында орыс мектепке дейінгі педагогикасының бағалы 
құндылықтары болды. Мектеп жасына дейінгі баланың тұлғалық жан-жақты 
дамуының міндетті шарттары сана және құқық тәрбиесімен тығыз 
байланысты эстетикалық тәрбие беру болып табылады деп есептеді. Балалар 
жапсырманы жапсырып, сурет салып, ән айтуы керек. Балаларға тиімді 
түсініктердің 
ең 
көркем 
түрде 
музыка, 
өнер, 
пластика, 
сөз 
шығармашылығында 
сөйлеу 
мәнерінің 
балабақшадан 
қалыптасуын 
қамтамасыз ету. Балаларды кітаптардағы суреттермен, қалыпты, көңілді 
әндермен, ертегі мен өлеңді мәнерімен оқуға, әр түрлі әңгіме, табиғат 
сұлулығымен таныстыру - Тихееваның ұсынған мектеп жасына дейінгі 
балаларды эстетикалық тәрбиелеу әдістері мен жолдары. Сонымен қатар ол 
жинақылық пен тазалыққа балаларды дағдыландырмай, эстетикалық 
тәрбиені елестету мүмкін емес деп көрсетті. 
Е.И.Тихеева мектепке дейінгі тәрбие берудегі қызметкерлерге 
балабақшадағы парасатты тәрбиені қалыптастырудың құнды әдістемелерін 
берді. Балалардағы өнегелілікті тәрбиелеудің бір әдісі ешкім бас тартпайтын 
кезекшілік, өсімдіктер мен жануарларға қарау т.б., яғни міндетті еңбек болып 
табылады. Міндеттерді жіктеу азды-көпті балалардың барлық жұмыстарымен 
байланыстырылуы керек. Әрбір күнге балаға міндетті болып табылатын, 
баланың өз қалауымен немесе тәрбиешінің тапсыруымен берілетін 
тапсырмалар жүктелуі керек. Міндетті тапсырмалардың ұзақтығы жасына 
байланысты 5-20 минутқа созылады. 
Балабақшада нақты кесте құру қажетті, ол балаларға керекті іс-әрекет 
құндылықтарын қалыптастыруға көмектеседі. Ең алдымен балалардағы 
жақсы іс-әрекет құндылықтарын және іс-әрекеттерін түсініп, біліп жасауға 
тәрбиелеуден басталады. «Әдет – адам өмірінің барлық анықтамаларында 
әсер ететін, бірден бір күшті тартпа. Балалық шақта болса бұл тартпа күш-
қуат пен мән-мағынаға толы. Балаларға ұқтыратын және ұзақ әсер етумен 
тамырланатын әдеттерді қалыптастыратын бірнеше машық түрлері бар» - 
деп, Тихеева жазған болатын. 
Балабақша тәрбиешілерін мүмкіндігінше барлық ғылыми пәндер енетін 
арнайы кеңейтілген педагогикалық дайындық керек деп айтты. Тәрбиеші 
балалардың талаптары мен міндеттерін қанағаттандыру үшін және олардың 
әртүрлі сұрақтарына жауап беруі үшін кеңейтілген жалпы білім алуға 
міндетті. Мұндай дайындықты тек мемлекеттік және қоғамдық оқу орындары 
ғана қамтамасыздандырады. 
Е.И.Тихеева мектепке дейінгі тәрбие жұмыстары мамандарын 
дайындауда, халыққа білім беру комитетінің мектепке дейінгі бөлімінің 
методикалық жұмыстарына атсалыса қатысты. Ол мектепке дейінгі тәрбие 
беру институтының профессоры болды, содан кейін Ленинградтағы 


156 
Александр Иванович Герцен атындағы педагогикалық институтында 
балабақша тәрбиешілеріне әдістемелік нұсқаулар жазуға және Бүкіл Ресейлік 
мектепке дейінгі тәрбие сьездері мен конференцияларына белсене қатысты. 
1917 жылдың қазан айында халыққа білім беру комитетіне өткен, 
Петербургтағы мектепке дейінгі тәрбие қоғамын басқаруын 1928 жылға 
дейін жалғастыра берді.
Тихееваның ең үлкен балабақша мен мектептегі тәрбиелік жұмыс 
қиындықтарын, мектепке дейінгі тәрбие беру негіздерін дидактикалық 
ұйымдастыруда өз күшіндегі ғылыми жетістіктерді ескере және мектепке 
дейінгі тәрбие берудің ең жақсы тәжірибесін енгізе отырып, Е.И.Тихеева 
мектеп жасына дейінгі баланың ойлауға және сөйлеуге қабілеттілігі 
әдістемесін, дайындықтағы баланы мектепке жіберуге іс-қағаздарының 
керемет ұйымдастырылған жүйесі және оның балабақшада қолданылу 
әдістемесін жасап шығарды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет