1 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі


Мектепке дейінгі тәрбиенің Кеңес жүйесі кезінде құрылуы мен



Pdf көрінісі
бет89/101
Дата30.09.2023
өлшемі1,79 Mb.
#111958
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   101
Мектепке дейінгі тәрбиенің Кеңес жүйесі кезінде құрылуы мен 
дамуы. 
Мектепке дейінгі тәрбиенің совет жүйесінің дамуы социалистік қоғамның 
дамуы мен әйелдерді шаруашылықтан босатып және оларды елдердің 
политикалық-қоғам 
өміріне 
араластырумен 
байланысты. 
Әйелдерді 
политикалық өмірге қатысуын ғана емес, сонымен қатар әрдайым қоғамдық 
қызмет істеу социализм туралы ғана емес, демократияның толық және 
қаттылығы туралы айтуға болмайды. 
Мектепке дейінгі тәрбиенің совет жүйесінің құрылуы өте ауыр 
жағдайлардан өтті. Бұл таптық күреспен жүрген экономикалық құлдыраудың 
жылдары болды, сонымен қатар мектепке дейінгі жұмысты көптеген 
ұйымдастырушыларда практикалық тәжірибе болған жоқ, сұрақтың теориясы 
жасалған жоқ. Сонымен қатар, энтузиазмы бар адамдар жұмыс істеді, тәрбие 
әдістері мен әрекетті жолдардың көпшілік шығармашылық ізденістері жүрді, 
мектепке дейінгі педагогика теориясы жасалынды. 
Совет өкіметінің орнауының бірінші күнінен бастап, балаларға 
қамқорлық, ана мен балалардың денсаулығын сақтау – мемлекеттік іс деп 
жарияланды. Балалар мекемелерінің ұйымдастыруына, мектепке дейінгі 
жұмыскерлер кадрларын дайындауға, осы аймақтағы ғылыми жұмыстар 
басқа да қажеттіліктерге үлкен қаржы бөлінді. Балалар мекемелеріне 
патшалық сарайлар мен жеке жайлар, жиһаз, ыдыс-аяқтар берілді, олар 
мануфактуралармен, аяқ киіммен және т.б. жабдықталды. Наркомпроста 
балаларды қорғау Кеңесі ашылған болатын. Кейін «Друг детей» атты ерікті 
қоғам пайда болды. Мәскеу мен Петроградта бірінші рет аналық пен 
нәрестелік ғылыми зерттеу институттары ұйымдастырылған, балалар 
дәрігерлерін дайындайтын елдегі бірінші педиатрлық институт ашылды. 
Барлық аймақтарда яслилер мен балабақшалар ашыла бастады. «Әскери де, 
азық-түліктік те жағдайлар осы жұмыста кедергі туғызады, - деп айтты 
В.И.Ленин. – Бірақ та осы мекемелер әйелдерді үй шаруашылығының құлы 
жағдайынан босататынын айту керек, барлық жерде осыған мүмкіншіліктер 
туады». Совнаркомның декретімен 1917 жылы 9 (22) қарашасында мектепке 


157 
дейінгі тәрбие халықтық білімінің бірізді жүйесіне қосылған болатын. 1917 
жылдың 20-желтоқсанының «Мектепке дейінгі тәрбие» декларациясында 
мектепке дейінгі тәрбиенің жүйесі мектептің барлық жүйесінің құрылымды 
бөлігі болуы керек және халықтық білімнің барлық жүйесімен бір бүтін 
болып органикалық байланыста болуы керек деп берілген. 
«Бірізді еңбек тәрбиенің негізгі принциптерінде» (1918) «Балабақшадан 
университетке дейінгі мектептің барлық жүйесі бір мектепті, бір жалғасқан 
баспалдақ» деп айтылған. 
Халықтық комиссариатта мектепке дейінгі тәрбиені ағартуға көп көңіл 
бөлінді, жалпы мектепке дейінгі тәрбие жүйесінің құрылуына Н.К.Крупская 
үлкен үлес қосты. Ол советтік мектепке дейінгі тәрбие аймағында негізгі 
политикалық жолды анықтап, оның теориясы мен практикасын жасады.
Жалпы мектепке дейінгі тәрбиенің мақсаттары РКП (б) Бағдарламасында 
анық айтылған, онда мектепке дейінгі тәрбие «мектеп және ағарту» ісінің 
негізінің бірі екені, мектепке даярлау мен коммунистік тәрбиенің алғаш 
қадамы екені айтылған. Мектепке дейінгі мекемелер мен мектеп осы 
мақсаттарды орындауда отбасыға көмек көрсетулері керек. Ол үшін 
«мектепке дейінгі мекеменің жүйесін құру: ясли, балабақша, ошақтар, және 
т.б., жалпы тәрбиені жақсарту мен әйелдерді шаруашылықтан босату 
мақсатын» орындау керек. 
Нарком ағартуда А.В.Луначарский мектепке дейінгі тәрбие мен 
«социалистік ұрпақты» дайындауда және оның сөзінше «төзімді фундамент» 
болатын, жаңа совет мектебінің құрылысы үшін де мектепке дейінгі 
тәрбиенің ықпалын жоғары бағалады.
Луначарскиймен жазылған «Мектепке дейінгі тәрбие бойынша 
Наркомпростың Декларациясында» (1920) мектепке дейінгі тәрбие – «біздің 
күресіміздің ең бір нағыз мақсаты»; осы декларацияда халықтық білімнің 
барлық бөлімдері, педагогтары, ата-аналары, кәсіби одақтар осы мақсаттың 
қажеттілігін түсінуге және оны шешудің максимум күш пен қамқорлықты 
салуға шақырылды.
Наркомпроста мектепке дейінгі бөлім құрылды. Оның меңгерушісі болып 
П.Ф.Лесгафтың жоғарғы курстарын аяқтаған Д.А.Лазуркина тағайындалды. 
Бөлім Совет өкіметінің барлық аймағындағы жұмысты ұйымдастыруға 
міндетті болды. Мектепке дейінгі бөлімнің шет аймақпен тікелей 
қатынасының бірінші баспалдағы аймақтық мектепке дейінгі бөлім 
астындағы меңгерушілердің республикалық жиналыстары болды. Бұл 
жиналыстарда мектепке дейінгі бөлімнің жердегі жағдайдың есептері 
тыңдалып, негізгі сұрақтар көпшілікпен қарастырылды, келесі жұмыстың 
мақсаттары мен оларды іске асыру қаралды. Мектепке дейінгі тәрбие 
аймағындағы негізгі политикалық жолмен байланысты негізгі сұрақтар 
конференцияларда, сьездерде шешілді. 
Кадрлардың жоқтығы жалпы мектепке дейінгі тәрбиенің дамуын тежеп 
отырды. Өзінің шығармашылығын 1917 жылы Наркомпростың мектепке 
дейінгі бөлімі мектепке дейінгі тәрбие аймағында жұмыс істегендерді 
шақырып, оларды жұмысқа бірден кірісуін қалады. Бір уақытта жерлерде 


158 
қысқа мерзімді курстар мен фабрика, зауыттардағы жұмыскерлердің 
арасынан тәрбиешілерді дайындау ұйымдастырылды.
1918 жылы мектепке дейінгі бөлім, тасымалдау, қорек, жатақханалармен 
байланысты үлкен қиындықтарға қарамастан, осындай курстарды Мәскеуде 
және нұсқаушыларды дайындау бойынша арнайы курстарды ұйымдастырды. 
Курстарды тыңдаушылар өздерімен бірге аймақтағы балалар мекемелерінің 
жұмысы туралы материалдарды әкеліп отырды; олардың курстағы 
талдауларына үлкен көңіл бөлді. Тыңдаушылар құрамында ұлттық аудандар 
мен аймақтардың өкілдері болды: Әзірбайжан, Белорус, Дагестан, Чуваш, 
Татар және т.б. Курстың Наркомпростың мектепке дейінгі бөлімімен 
жасалған оқу жоспарына балалар психологиясы мен педагогикалық 
психология сияқты, әлеуметтік тәрбие, балалар гигиенасы, табиғаттану, 
мектепке дейінгі тәрбиені ұйымдастыру, педагогикалық оқуларды қарастыру, 
балалар әдебиеті, тіл дамыту, ойын, өлең айту, ән, қол еңбегі, құрастыру, 
сурет салу сияқты сабақтары болды. Лекцияның қатарында практикалық 
жаттығуларға үлкен көңіл бөлінді. Онда өзінің шығармашылығын танытып, 
тыңдаушылардың өздері белсенді қатысты. Болашақ тәрбиешілерді 
тәжірибелі жұмысты талдауға, бақылауға үйретті; балаларды күнделікті 
зерттеу – ең негізгі міндет болды. 
Мектепке дейінгі бөлім бар қалыппен жерлерде тәрбиешілерді 
дайындауға көмектесті. Арнайы курстар ұйымдастырылды. 1919 жылдың 
қыркүйегінде аймақтың курстардың ұйымның қағидаларын таныстырған 
аймақтық курстың ұйымдастырушылардың конференциясы құрылды және 
оларға бағдарламалық материал ұсынылды. Ана тілінде тәрбиелік жұмысты 
қамтамасыз ететін жерлерде ұлттық кадрларды дайындауға аса назар
аударылды. Себебі 1919 жылы Қазан қаласында татарлар мен Поволожьенің 
басқа халықтарына курстар өткізілді. 
Балалар мекемелерін ұйымдастыру мен кадрларды дайындау бойынша 
ұлттық республикаларда таптық күрестің, діни фанатизмнің, қиын 
жағдайларында өткізілді. Мысалы, Орта Азияда, ауылды жерлердің беделді 
әйелдері аймақтық тәрбиешілерді дайындау курстарында 1922 жылы ғана 
көрінді. 
Алғашқы жылдардың өзінде-ақ Мәскеу университетінің қасынан 
мектепке дейінгі бөлімдер Петроградта мектепке дейінгі тәрбие Институты 
ашылды. 
Мектепке 
дейінгі 
бөлімдер 
ұлттық 
білімнің 
кейбір 
институттарының қасынан да ұйымдастырды. Владимирск, Красноярск, 
Курск, Саратов ұлттық білімнің Мәскеу академиясы, кейін Н.К.Крупская 
атындағы коммунистік тәрбиенің Академиясына қайта ұйымдастырылды. 
Наркомпростың мектепке дейінгі бөлімінің нұсқаушылары ұзақ мерзімге 
жерлерге шығып отырды. Конференция, курстар тәжірибелі мекемелердің 
көрінуіне көмектесті, практикалық тәжірибені талдау мен жинауға, 
балабақшадағы тәрбиелік жұмысты жақсартуға көмектесті.
Д.А.Лазуркинаның инициативасы мен қатысуымен «мектепке дейінгі 
мекеменің педагогикалық жұмысын есепке алып, оны жалпы арнаға салып, 
ең жақсы тәжірибені ортақ игілікке етуді» мақсат еткен «Наркомпростың 


159 
мектепке дейінгі бөлімінің бюллетені» (1918-1922) баспадан шығарыла 
бастады. 
Мектепке дейінгі бөлім революцияға дейінгі барлық мамандарды ғылыми 
және әдістемелік жұмысқа кірістіруге тырысты. Кірістірілгендер: 
Л.К.Шлегер, С.Т. Шацкий, В.Н.Шацкая, Е.АФлерина, М.Х.Свентицкая, 
Л.И.Чулицкая, Е.И.Тихеева және т.б. әдістемелік жұмыспен курстағы 
жұмысқа психологтар, физиологтар, биологтар, өнертанушылар, суретшілер, 
қол еңбегінің мамандары және т.б. кең кірістірілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет