1 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі


А.Н. Радищевтің педагогикалық көзқарастары



Pdf көрінісі
бет36/101
Дата30.09.2023
өлшемі1,79 Mb.
#111958
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   101
Байланысты:
Мектепке дейінгі педагогика тарихы

6.
А.Н. Радищевтің педагогикалық көзқарастары. 
Александр Николаевич Радищев (1749-1802) орыс революциялық 
ағартушылығының негізін салушы болып табылды. Ол жігерлікпен 
басыбайлық құлдарың мүддесін жақтап қана қоймай, сонымен қоса патша 
билігіне қарсы революциялық күрес ашу керектігін жете түсінді. Радищев 
Пугачевтің қолбасшылығымен жүрген шаруалар соғысын ақтай келе, 
халықтың көтерілісін Ресейдегі басыбайлықты жоюдың жалығу жолы деп 
тапты. В.И. Ленин Радищевті орыс халқының намысы деп атады. А.Н. 
Радищев дұрыс тәрбиеге үлкен көңіл бөлді. Ол басыбайлық тәртіптер басып 
танылатын шаруа балаларына тән, ашық мінезділік, өмірге қуану және 
олардың талаптарының бар екендігін көрсетті. Бұл көрініс «Петербургтен 
Мәскеуге сапар» кітабында суреттелді. Ол Ресейдегі білім берудегі және 
балалардың дамуындағы теңсіздіктен қатты күйзелді.
Радищевтің пікірінше, халқының қуанышын ойлайтын және оны 
ығыстырушылар қызығушылық көзбен қармайтын адамды азамат етіп 
қалыптастыру тәрбиенің ең негізгі мақсаты еді. Өзінің «Отанының ұланы 
туралы сұхбат» шығармасында тәрбие берудің ең негізгі мақсаты-әділетті, 
бар жанымен Отанын сүйетін, халқы үшін күресте жанын пида ететін адамды 
тәрбиелеу, деп айтты Радищев. 
Тәрбиелеуде революциялық міндеттерді қойп-«Отанының ұлын» 
тәрбиелеу деп, Радищев патшалық педагогика мен патрие сөзінің 
түсіндірілуіне түбегейлі келіспейді. Кадет курпустары, мектеп, институт, 
тәрбие үйлерінде балалардан шіркеу мен патшалық билік құралдары етуге 
тырысып жатқанда, Радищев патша билігіне қарсы шығатын Отаны үшін 
соғыстан және Отанының бостандығы үшін жанын пида ететін шынайы 
патриотты тәрбиелеу керек деген. Нағыз Отанының ұлы «қанаушылықты, 
өтірік айтуды, екі жүздікті т.б. жануарлық қасиеттерді» жек көріп, олармен 
күреседі. 
Балаларды қоршаған ортадан бөліп ұстау туралы сөз сөйлеген орыс (И.И. 
Бецкой) және батыс (Руссо және т.б.) педагогтарын сынай келе, А.Н. 


72 
Радищев келесіні айтты: «Адам қоғаммен өмір сүру үшін жаралған... 
Адамдар жануар сияқты бөлініп кетпейді». Балаларды қоғамнан бөліп 
тәрбиелеу, өз пайдасын ғана ойлайтын индивидтерді тәрбелеуге алып келеді, 
олар қоғам өмірін өзгертуге қатыспайды, пікірлермен бөліспейді. А.Н. 
Радищев педагогикалық теорияға материализм алып келеді. Оның 
есептеуінше адам табиғаттың бір бөлігі заттық болмысы бала санасының 
жетілуі-бала мүшесінің жетілуін байланысты «адамның ой-санасының 
айғақталуы-барлық жағдайда дене күштеріне байланысты болады»,-деп 
айтты. 
Барлық балалардағы дамудың табиғи қалпына және тәрьие берудегі 
артықшылықтарына қарамастан Радищевтің пікірінше, адамдағы тұлғалық 
қалыптасу оның табиғатымен анықталмайды, оның өмірлік жағдайларымен, 
әлуметтік тұрмысынан анықтайды. Бецкойға қарағанда ол қоғамдағы 
тәрбиелеуге болады дегенмен келіспеді. Керісінше, тек саналы қоғамда ғана 
тәрбие беруді дұрыс ұйымдастыруға болады деп есептеді. 
Радищев балада қоғам мүддесіне, қоғамдық тілекке талпынуды 
дамытатын тәрбие беруді ұйымдастыруды жақтады: адами тұлғаның толық 
жетілуде жақсы болашақ үшін, барлық кедегі келтірушілермен күресудің 
үлкен мәні бар. Адамның мінез-құлқы оның жеке қайраткерлігін қоғам 
жетістігі үшін әділетсіз заңдарға, тәртіпке, қарапиғылдардың пасықтығына 
қарсы шығу деп есептеді. 
А.Н. Радищев жаңа революциялық моральдік жақтаушысы ол қарапайым 
халықпен қосылып, қанаушыларға қарсы шығу және оларды жеккөруді 
жақтаған.
Балалардың Отанға, халыққа деген махаббатын қалыптастыра отырып. 
А.Н. Радищев жериеленушілерге тән француз тілінде сөйлеп, Отандық 
мәдениетке менменшілікпен қарауларына қарсы шықты. Оның есептеуінше, 
нағыз Отан сүйгіш азамат өз ана тілін жетік біліп, өз елінің күшіне 
сенбейтіндермен күресу намысшыл азамат болуды талап етеді. 
Жалпы жан-жақты білім беруді нұсқай Радищев дінді қорғамаған. 
Басыбайлық пен шіркеу бірге «Біріккен»-деді ол. Бірақ, басыбайлыққа қарсы 
күреске шақырушы ашулы жазушының даусын алдыңғы қатарлы орыс 
зиялылары да есептеді. Үкімет рұқсат бермеген оның шығармалары түрінде 
таратылды. 
А.Н. Радщевтің Ресейдегі қоғамдық сананың және педагогикалық 
теорияның дамуына орыс революциялық қозғалысының және алдыңғы 
педагогиканың дамуына қосқан үлесі зор еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет