1.2 «Полиграфкомбинат» ЖШС-нің негізгі қызметінің бағыттары, есебін жүргізудің ұйымдастырылуы
«Полиграфкомбинат» жауапкершілігі щектеулі серіктестік Қазақстан республикасының 1964 жылы құрылған полиграфиялық ұйымы болып табылады. 1970 жылдан бастап бұл Қазақ ССР-ның өнім ассортименті мен сапасы жағынан полиграфия саласындағы көшбасшы болып саналған.
Бүгінгі күні «Атамұра» корпорациясының құрамындағы «Полиграфкомбинат» ЖШС-і Қазақстандағы негізгі полиграфиялық өнімдерді өндіруші деп есептеледі.
Жаңа технологияға сәйкес жасалған жабдықтарды қолданысқа енгізу комбинаттың жоғары сапалы өнімдер өндірудегі, оның ішінде көркем альбомдар, оқулықтар, көркем әдебиет шығармаларын, ресми басылымдар мен анықтамалықтар, журналдар, жарнамалық бағдарламалар, энциклопедиялар мен сөздіктер шығарудағы мүмкіндіктерін кеңейтті. Ұйымның өнімдері көптеген халықаралық көрмелерде сыйлықтар мен марапаттарға ие болды, ұйымның қызметі «Ең үздік өндіріс» бірінші дәрежелі дипломмен аталып өткен. 1997-2004 жылдары Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі және Азиялық Даму банкі ұйымдастырған әр түрлі тендерлерде бірнеше мәрте жеңімпаз атанды. Білім және мәдениет саласында жаңа жобаларды ойдағыдай жүзеге асырғаны үшін, жоғары сапалы баспа өнімдерін өндіргені үшін, әлеументтік-гуманитарлық салада демеушілік бағдарламаларда белсенді ат салысқаны үшін «Атамұра» корпорациясы бірқатар отандық және халықаралық сыйлықтармен марапатталған. Солардың ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасы, Өнеркәсіпке көмек көрсету Ассоциациясының Алтын медалі (Париж), Халықаралық Алтын Жұлдыз (Женева), «Хрусталь рыцарь» сыйлығы (Мальта а.) және тағы басқалары бар. Полиграфия саласындағы үздік өндіріс ұйымы «Тез әрі сапалы» деген ұранды ұстанады. Ұйымның өндірістік қызметі Германия, Дания, Швеция және басқа елдерден әкелінген жоғары технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Соның нәтижесінде ұйым бір жылда қатты қағазбен түптелген кітаптарды 6 миллионға жуық және жұмсақ қағазбен түптелген кітаптар мен брошюраларды 9 миллионға жуық мөлшерде шығара алады.
Бүгінде жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған 300 оқулық және 600 оқу-әдістемелік кешен (ОӘК), 50 миллионнан астам дана таралымға шығарылған. 2004 жылдан бастап алғаш рет 8-10 сыныптарына арналған қазақ және орыс тілдеріндегі балама оқулықтар мен ОӘК басылып шықты 12 жылдық жалпы білім беретін мектептердің 1-4 сыныптарына арналған эксперименталды оқулықтар мен ОӘК–нің байқау нұсқалары жарық көрді. Қазіргі уақытта олар республикамыздың барлық аймақтарында сынақтан өткізіліп жатыр.
«Полиграфкомбинат» жауапкершілігі шектелген серіктестік коммерциялық ұйым болып табылады, Мемлекеттік тіркеу 1998 жылы 16 ақпан айында жүргізілген. Серіктестік ірі кәсіпкерлік субъектісі, ондағы орташа жылдық жұмысшылар саны 250 адамнан астам және бір жылдық активтерінің саны 325000 айлық есептік көрсеткіштен астам.
Серіктестіктің фирмалық атауы мемлекеттік тілде «Полиграфкомбинат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Серіктестіктің мүшелері мыналар болып табылады:
Құл-Мұхаммед Рақымғали Абрарұлы – Қазақстан республикасының азаматы;
Корпорация «Атамұра» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Серіктестіктің мекен-жайы – Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Медеу ауданы, М. Мақатаев көшесі, 41 үй.
Серіктестіктің жарғылық капиталы 3408100 теңгені құрайды, ол мемлекеттік тіркеу мерзіміне толық құралған. Серіктестік қызметінің негізгі мақсаты тауарға деген (жұмыс, қызмет көрсету) сұранымды қанағаттандырып, серіктестіктің өндірісінен таза пайда алу болып табылады.
Серіктестіктің негізгі қызмет көрсету бағыттары:
полиграфилық қызмет;
баспа қызметі;
жарнама өнімдерін шығару;
сату, сатып алу, коммерциялық, делдалдық қызмет;
фирмалық дүкендері арқылы азықтүлік өнімдерін көтерме және жекелеп сату, сатып алуды ұйымдастыру;
кітап лотореясын, кітап жәрмеңкесін, кітап сүйгіштердің клубын, тұрғындарға абоненттік қызмет көрсетуді ұйымдастыра алады;
ауылшаруашылық өнімдерін өсіру, дайындау, қайта өңдеуден өткізу, екінші шикізатты қайта өңдеумен айналысу;
қоғамдық тамақтану нүктелерін, оның ішінде кафе, барлар, ресторандар және т.б. ашу;
халық тұтынатын өндірістік-техникалық арнаулы өнімдер мен тауарларды шығару және сату;
тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету;
құрылыстық, жөндеу, құрастыру және іске қосу қызметтерін көрсету;
экспорттық-импорттық қызметтері,
инновациялық және инвестициялық қызметтері;
маркетингілік, инжинирингілік, менеджменттік қызметтер;
заңды және жеке тұлғаларға өліктік-экспедиторлық, оның ішінде экспорттық-импорттық, ішкі және транзиттік жүк тасымалын (темір жолы тасымалынан басқасын) көрсетеді;
заңда көрсетілген тәртіппен сыртқы экономикалық қызметпен айналысу;
заңды және жеке тұлғаларға жарнамалық, көрсететін, ақпараттық, кеңес беру, сервистік, тағы басқа Қазақстан Республикасының заңымен шектелмеген басқа да қызмет түрлерін көрсету.
Серіктестіктің мүлкін құрайтын көздер мыналар болып табылады:
құрылтайшылардың жарғылық каиталға салымы;
серіктестіктің алған кірістері;
заңды әрекеттің шектелмеген басқа да көздері.
Серіктестіктің ұйымдары мыналар болып табылады:
жоғарғы ұйымы – құрылтайшылардың жалпы жиналысы;
атқарушы ұйымы – Президент.
Серіктестіктің қатысушыларының құқықтары:
Серіктестіктің істерін басқаруға қатысушылар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдары мен ұйым Жарғысының тәртібі негізінде қатысады;
Серіктестік қызметі жайлы ақпарат алу және оның бухгалтерлік құжаттарымен танысу Жарғыда көрсетілген тәртіппен жүзеге асырылады;
Серіктестіктің қызметінен пайда табу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарымен, Серіктестіктің құрылтайшы құжаттарымен және серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысының шешімдерімен жүзеге асырылады;
Серіктестік жойылған жағдайда, несие берушілермен есептесуден қалған серіктестік мүлкінің бөлігінің құнын немесе, серіктестікке қатысушылардың барлығының келісімімен осы мүліктің қолданыстағы бөлігін заттай алады;
Серіктестікке қатысты қызметін тоқтатқан кезде Қазақстан Республикасының заңында қаралған тәртіппен өзінің үлесін шығарып алады;
Серіктестікке қатысушылардың міндеті:
Құрылтай келісім шарты мен ұйым Жарғысының талаптарын жүзеге асыруға;
Серіктестіктің Жарғылық капиталына салымдарды құрылтай құжаттарында көрсетілген тәртіппен, мөлшері мен мерзімінде салады;
Серіктестіктің коммерциялық құпия деп тапқан мәліметтерді жариялауға болмайды;
Серіктестіктің атқарушы ұйымын мәліметтер өзгерген жағдайда жазбаша түрде ескертеді.
Ұйымның құрылымында үш негізгі цех және көмекші бөлімшелер: электромеханикалық, столярлық, құрылыс, қағазды даярлау цехы, экспедиция, полиграфиялық материалдарды, қағазды және дайын өнімді сақтау қоймасы бар және ұйым балансында медициналық пункт пен асхана бар.
Ұйымның өндірістік қызметінің негізгі құрастырушылары оның үш негізгі цехы болып табылады. (сурет 3)
Формалық цех баспаға дейінгі жұмыстарды атқарады. Бұнда бояуларды бөлу мен сканерлеу кәсіптік көркем суретті планшеттік үлгідегі CREO фирмасының EverSMART Selekt сканері арқылы жүзеге асырылады.
Бұл құралдың рұқсат етілген мүмкіндігі 14000 dpi, максималды форматы 434х300 және қалыңдығы шектелмеген. Суреттерді түзету калибрлі мониторлары бар power Macintosh компьютерлерінде Abode Photoshop 7.0 бағдарламалары арқылы жүргізіледі.
Негізгі өндірістік цехтар
Формалық цех
Баспа цехы
Түптеу цехы
Сурет 3 - Ұйымның негізгі өндірістік цехтары
Теру әрі безендіру жұмыстары IBM/PC компьютерлерінде Windows-98 операциялық жүйесінде Abode PageMaker 6.0, 6.5; CoreDraw 9.0, 11.0 Х3 және Abode InDesign CS2, CS3 бағдарламалрында орындалады. Электронды монтаж FUJIFILM фирмасының Celebrant 6.0 бағдарламасында жасалынады. Бұдан кейін бояулары бөлінген фото формалар дайын болады. Бұл цехта 31 адам, оның ішінде 28 жұмысшы, 3 басшы мамандар қызмет атқарады. Цех бойынша орташа жалақы мөлшері 68045 теңгені құрайды.
Баспа цехы баспа өнімдерін ролдік және беттік баспа машиналарында жүзеге асырады. Ролдік машиналардың форматтық диапазоны 60х90/16, баспаның бояу мүмкіндігі 2+2 боып табылады. Беттік паркте жылдамдығы жоғары спиртпен ылғалдандырылып тұратын 4 түрлі бояу қабілеті бар КВА Rapida-104 АС және 5 түрлі бояу жағу қабілеті бар КВА Rapida-105-5+L ALV машиналары қойылған. Машиналардың жоғары дәрежеде автоматтандырылуы және электронды түрде басқарылуы баспа сапасының жоғары болуын қамтамасыз етеді. Басылатын бет форматы 70х102 см құрайды.
Басылған өнім мақсатына қарай келесі түрдегі өңдеу операцияларына өтеді:
өнімді бір пышақты қағаз кесетін POLAR 11 5Е машинасында кесу;
нөмірлеу және ламинациялау операцияларын жүргізу;
форматы 70х100 см болатын плакаттарды басу;
этикеткалар мен қораптарды жасау.
Бұл цехта 113 адам, оның ішінде 101 жұмысшы, 8 басшы маман қызмет істейді. Цех бойынша орташа жалақы мөлшері 79564 теңгені құрайды.
Түптеу цехы осында қолданылатын түптеу-брошюралау жабдықтарының кешенінде келесі өнім түрлері дайындалады:
салынатын брошюралар жасау, сымтемірмен тігу;
- көтеріліп ашылатын брошюраларды жасау, оларды сыммен, жіппен тігу немесе тігіссіз желімдеу арқылы бекіту;
қатты матамен, қағазбен, ламинирленген тысты кітаптарды дайындау.
Кітаптардың форматтары 11х15 см-ден 22,5х30 смге дейін жасалынады. Ең жоғарғы мүмкін болатын формат 240х330см. Кітаптың беттерін дәптер көлемінде жинақтау Колбус ZU 804 машинасында, ал осы блоктарды жіппен тігу Астер 160 фирмалық автоматтандырылған және жартылай автоматтандырылған машиналарында орындалады. Кітап блоктарын өңдеу қазіргі күнгі автоматтандырылған кітаптарды топтап даярлайтын әлемдегі ең таңдаулы SIGLOCH-WOHLENBERG-STAHL жүйесінде жүзеге асырылады.
Қаптарды жасау дәлдігі жоғары Horauf фирмасының BDM-60 машиналарында орындалады. Қажет болған жағдайда 1 немесе 2 қатар алтын жолақты фольга жүргізеді.
Брошюраларды тігіссіз әдіс арқылы жасау ең жақсы деп танылатын Muller Martini фирмасының Amigo машиналарында жүзеге асырылады.
Цехта 108 жұмысшы, оның ішінде 8 басшы маман жұмыс істейді. Цех бойынша орташа жалақы мөлшері 63406 теңгені құрайды.
Жоғарыда аталғандай, ұйымның құрамында көмекші бөлімшелер бар: электромеханикалық (жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, ағымдағы жөндеуді жүргізеді), столярлық және құрылыс (ұйымның ғимараттарын ағымдағы жөндеуді жүзеге асырады), зертхана (кіретін материалдарды сараптап, жаңа материалдар мен технологияларды енгізумен айналысады), ұйымды қорғау бөлімшесі (2003 жылдан бастап ұйым аумағында бейне бақылау жүйесі қойылған, оның құрамында 13 камера, 2 мультиплексор, 1 бейне жазатын магнитафон, 5 монитро кіреді. Бейне бақылау жүйесі баспа, түптеу, шаруашылық алаңын, автокөліктер тұрағын, ұйым аумағының солтүстік бөлігін, механикалық цех пен қоймаларды, орталық қақпаны қамтиды)
Көмекші қызметтегі жұмысшылар саны 66 адам. Олардың орташа жалақысының мөлшері 63664 теңгені құрайды.
Ұйымда қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау шараларына көп көңіл бөлінеді. Жұмысшылар штатында қауіпсіздік техникасы бойынша инженер қызмет атқарады. Ол үш сатылы бақылауды және жұмыс орындарын аттестациялауды жүзеге асырады. Медициналық пунктте дәрігер-терапевт, медбике, тазалықшы және дезинфекциялаушы мамандар штатта жұмыс істейді. Жыл сайын жұмысшылардың флюорографиялық және арнайы мамандар тексеруінен өтуі ұйымдастырылып отырады. Жаз кезінде ұжымдық демалыстар және осы ұйым еңбеккерлерінің балаларына арналған лагерлер ұйымдастырылады.
«Полиграфкомбинат» ЖШС-інде есепті ұйымдастырудың басты айқындаушы құжаты есеп саясаты.
Есеп саясаты деп бухгалтерлік есеп жүргізу процесінде және соның негізінде қаржылық, басқарушылық есеп беруді жасауда қолданылатын әдістердің, принциптердің, ережелер мен рәсімдердің жиынтығын түсіну керек.[11]
Есеп саясаты негізінде есеп беру ақпаратын нақты пайдаланушылардың мүдделері жатыр.
Қазақстанда есеп саясатын белгілеу құқығына ие:
Мемлекет атынан Қаржы Министрлігі және Ұлттық статистикалық агенттігі. Мемлекет есеп саясатын елімізде біхгалтерлік есепті ұйымдастыруды реттейтін Салық кодексін, Ұлттық қаржылық есептіліктің 2 стандарттарын, Бухгалтерлік есептің Типтік шоттар жоспарының тізбегін және оны қолдану жөніндегі нұсқауларды, бухгалтерлік регистрлер мен құжаттардың үлгілік арнайы нысандарын, басқа да негізгі ережелер мен нұсқауларды жасайды және пайдалануға береді.
Кәсіпкерлердің қоғамдық ұйымдары. Бұл Қазақстан Республикасы Аудиторлар палатасы және Қазақстан Республикасының бухгалтерлері мен аудиторларының бірлестігі.
Бухгалтерлер мен аудиторлардың қоғамдық ұйымдары алдыңғы қатарлы тәжірибелерін зерделеу және оны Қазақстан Республикасына енгізу мақсаты мен басқа елдердегі бухгалтерлер мен аудиторлардың тиісті халықаралық ұйымдармен байланыстарды жүзеге асырады.
Министрліктер, Республикалық ұлттық және акционерлік компаниялар, экономиканың салаларын және ішкі салаларын басқарудың басқа органдары жалпы мемлекеттік есеп саясатына сәйкес салалылқ (сала аралық) ережелер, нұсқаулар, ұсынымдар жасап, оларда өндіріске жұмсалатын шығын есебінің ерекшеліктерін және өнімнің өзіндік құнының калькуляциялануын бейнелейді, шикізат пен материалдардың, дайын өнімнің, негізгі құралдардың және басқа да активтер мен пассивтердің есебін ұйымдастырудың ерекшеліктері айқындайды.
Шаруашылық жүргізуші ұйымдар өздерінің есеп саясатын халықаралық немесе ұлттық қаржылық есептілік стандарттарына, есеп мәселелері, салық салу, қаржылық есеп беру бойынша қолданылып жүрген заңдарға негіздеп жасайды.[4]
«Полиграфкомбинат» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің есеп саясаты Қазақстан Республикасының 28 ақпан 2007 жылғы «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңына, №2 ұлттық қаржылық есептілік стандартына, Типтік бухгалтерлік есептің Типтік шоттар жоспарына сәйкес жүзеге асырады.[6]
Есеп саясаты Уәкілетті органдар мен серіктестіктің қатысушысы шешімімен келісіліп тағайындалады. Бұл есеп саясатымен есеп жүргізудің негізгі ережелері мен бухгалтерлік есепті жүргізудің тәсілдері анықталады.
«Полиграфкомбинат» ЖШС-нің есеп саясаты 9 бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде «Жалпы ережелер» деп аталады және онда есеп саясатының қалыптасуына негіз болатын заңнамалық, нормативтік-құқықтық актілер тізімі көрсетілген. Есеп саясаты серіктестіктегі бухгалтерлік есеп пен қарыжылық есептілік жүйесінің реттеуші құралы деп анықталған. Есеп саясаты серіктестіктің басшылығы қабылдаған бухгалтерлік есепті жүзеге асыруға және қаржылық есептілікті құрастырып, барлық пайдаланушыларға ұсынуға мүмкіндік беретін тиімді әдіс-тәсілдер жиынтығы деген анықатма берілген. Есеп саясаты үздіксіз, жылдан-жылға өзгеріс қолданылғаны жөн. Осы жалпы ережелер қатарында есеп саясатына өзгеріс енгізуге мүмкіндік беретін жағдайлар көрсетілген. Оларды сурет 4 ретінде жинақтап ұсынуға болады.
Есеп саясатын өзгеріс енгізу жағдайлары
Мемлекеттік уәкілетті ұйымның талап етуі бойынша
Бухгалтерлік есепті реттеуші нормативтік мемлекеттік актілерге өзгеріс енуі
Серіктестіктің қайта құрылуы, меншік иеленушінің өзгеруі
Қаржылық есептіліктегі ақпараттың шынайылығын арттыратын болса
Сурет 4 - Есеп саясатына өзгеріс енгізуге мүмкіндік беретін жағдайлар
Екінші бөлімі «Қызметінің мақсаты және түрлері» деп аталынады және мұнда серіктестіктің жоғарыда аталғандай қызмет атқарудағы мақсаты жоғары пайдаға қол жеткізу, сол үшін Қазақстан Республикасында рұқсат етілген қызмет түрлерін жүзеге асыратындығы жазылған. Негізгі қызмет түрі бетон шығару және оны тасымалдап жеткізу екендігі анықталған. Серіктестіктің қатысушылары, қатысушыларының жарғылық капиталды қалыптастыру шарттары көрсетілген.
Есеп саясатының үшінші «Басқару органдары және лауазымды қызметкерлердің жауапкершіліктері» бөлімінде ең жоғарғы басқару ұйымы қатысушылардың жалпы жиналысы, жалпылама басқаруды директор, ал бақылауды ревизор жүзеге асыратындығы атап көрсетілген.
Төртінші «Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру» бөлімі бухгалтерлік есепті жүргізу бас бухгалтерге жүктелетіндігін, оның жауапкершіліктерін, бухгалтерия бөлімі қызметкерлерінің функционалдық қызметтерінің ерекшеліктерін ашады. Бас бухгалтер бухгалтерия жұмысына жетекшілік етеді, басшығы қаржылық есептілікті (баланс, табыс және шығыс туралы есеп, меншік капиталындағы өзгерістер туралы есеп) дер кезінде тапсыруға және толық, сенімді мәліметтермен қамтамасыз етуге міндетті. Сондай-ақ ол бухгалтерия мамандарын іріктейді, бухгалтерлік жұмыстардың компьютеризациясын және салық есебінің жүргізілуін қадағалайды. Осы бөлімде серіктестіктегі бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жүйесінің негізін қалаушы заң, нормативтік-құқықтық актілер тізімі де көрсетілген. Есеп саясатын құрудың негізіне үздіксіздік, есептеу қағидалары және ақпараттық сапалық сипатын көрсететін түсініктілік, орындылық, салыстырмалылық, шынайылық, бейтараптылық, мәнділік және аяқтаушылық сипаттамалары жататындығы, осылардың анықтамалры көрсетілген.
Серіктестік бухгалтерлік есеп жүргізудің келесідей әдістерін қабылдаған:
автоматтандырылған жүйеде синтетикалық және аналитикалық есеп регистрлері мен есептілік нысандарын жүргізу;
автоматтандырылмаған жүйеде шаруашылық операцияларының жүзеге асырылуы барысында алғашқы есеп құжаттарын жүргізу.
Есеп саясатындағы бесінші бөлім «Қаржылық есептілік» деп аталады және онда қаржылық есептіліктің негізгі нысандары көрсетілген:
бухгалтерлік баланс;
пайда және зиян туралы есептілік;
ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілік;
меншікті капиталдың өзгерісі жөніндегі есептілік;
түсініктеме жазбалар.
Қаржылық есептілікті жасау кезеңі болып күнтізбелік жыл саналады. Алдыңғы жылдардың қаржылық есептілігін құрған кезде кеткен қателер аңғарылған жағдайында, қателерді түзету сомасы келесі кезеңде таза табыс немесе шығынды есептегенде ескеріледі (альтернативті тәсіл қолданылады). Қаржылық есептілік ұлттық қаржылық есептілік №2 стандарттарына сәйкес жасалады.
Қаржылық есептілік, оған аудиторлық және тексеруші комиссияның қорытындысы берілгеннен кейін серіктестіктің қатысушысына ұсынылады.
Алтыншы бөлім «Алғашқы есеп құжаттары және құжат айналысын ұйымдастыру» деп аталады. Барлық шаруашылық операциялар бухгалтерлік есеп құаттарында, одан кейін есеп регистрлерінде, есептілік нысандарында көрініс табады. Бухгалтерлік жазулар «1С – Бухгалтерия»
Қаржы-шаруашылық операцияларын құрудың бастапқы құжаттары болып Қазақстан Респпубликасының Азаматтық Кодексінің талаптарына және жақтардың келісіміне сәйкес рәсімделетін шарттар, келісімдер, бұйрықтар және т.б. табылады. Бастапқы құжаттар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Статистикалық Комитетімен бекітілген бастапқы есеп құжаттарының ведомствоаралық нысандар альбомына сәйкес рәсімделеді.
ЖШС басшысы бухгалтерлік құжаттарға қол қоюға құқығы бар тұлғаларды анықтайды және тұлғалардың қызметіне, әрекет ету айналымына және операцияның мәніне байланысты қол қою құқығының сатылы лауазымын бекітеді.
ЖШС бастапқы құжаттарды, бухгалтерлік есеп регистрларын қағаз түрінде және электронды түрде, яғни комьютерлерде сақтайды, сондай-ақ қаржылық есептілікті және есеп саясатын да Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген мерзім аралығында сақтайды.
Серіктестіктің есеп саясатының жетінші бөлімі «Мүліктер мен түгендеуді жүргізу тәртібі» деп аталған және мұнда туарлы-материалдық қорлар мен негізгі құралдарды түгендеу есепті жылдың 1-ші қарашасына қатысты, ал басқа баптарға қатысты 1 қаңтар күніне жүргізіледі делінген. Түгендеу келесі жағдайларда міндетті түрде жүргізіледі:
материалды жауапты адамдар ауысқан кезде;
материалдық құндылықтаржың ұрлануы, жетіспеушілігі, бұзылуы фактілері анықталған жағдайда;
табиғи сипаттағы төтенше оқиғалар орын алған, және де ұйым жойылған жағдайларда.
Сегізінші «Әдістемелік бөлімде» негізгі бухгалтерлік есеп объектілерінің есебін жүргізуге қатысты мәселелер қаралған. Осы бөлімде барлық актвитер, капитал, міндеттемелерге қатысты есеп жүргізу әдістемелері ұсынылған. Біздің зерттеу тақырыбымызға қатысты осы бөлімнің 9шы пунктінде табыстар мен шығыстар есебіне тоқталған:
Ұйымда табыстар есебі 6000 бөлімінде жүргізіледі. Компанияның табысы әділ құны бойынша бағаланады. Компанияның негізгі қызметтен түскен табысына баспа өнімдерін шығару және сатудан алынатын табыстары жатады. Табыс алынған немесе алынуға тиісті қызмет құны бойынша бағаланады. Қызмет құны серіктестік және қызметті пайдаланушы арасындағы келісім негізінде анықталады. Серіктестік және Клиент арасында қызмет көрсету келісім-шарты жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |