Диссертациялық зерттеу мақсаты. Баспа ұйымының қаржылық шаруашылық қызметінің нәтижесінің қалыптасуына әсер ететін элементтердің бірі алынған табыс сомасы болса, екінші маңыздысы – өндіріс шығындары. Өндіріс шығындары өнімнің өзіндік құнын құрастырады және ол баға белгілеуге негіз болады, яғни, алынатын пайда мөлшерінің дұрыс анықталуына тікелей әсер етеді. Өндіріс шығындарының есебі ұйымның ішкі есеп жүйесінің бір бөлігін құрайды. Диссертациялық жұмыс мақсаты баспа ұйымныңдағы өндіріс шығындарының есепке алынуы мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың теориялық және тәжірибелік тұрғыда зерттеу және жетілдіру шараларын қарастыру болып табылады.
Осы мақсатта келесідей міндеттер шешілуге тиісті:
- Баспа ұйымының есеп саясатымен танысып, зерттеу тақырыбына қатысты саясатта көзделген әдістемені талдамалық көзқараста бағалау;
- «Полиграфкомбинат» ЖШС-нің технико-экономикалық жағдайына сипаттама беру;
- Баспа ұйымындағы өндіріс шығындарының құрамын, оларды өнімнің өзіндік құнына апару жолдарын қарастыру;
- Баспа ұйымныңдағы қолданылатын калькуляциялау әдістерімен танысып, олардың ерекшеліктерін ашу, жетілдірілу жолдарын қарастыру;
- Баспа ұйымының өнімнің өзіндік құнының қалыптасуын бақылау жолдарын қарастыру.
Зерттеу пәні мен объектісі.Диссертациялық зерттеудің пәні баспа ұйымнындағы бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесі болып табылса, зерттеу объектісі баспа ұйымныдағы өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістемесі болып табылады.
Теориялық және әдістемелік зерттеу базасыосы тақырыпқа қатысты нормативтік актілер мен теориялық және тәжірибелік тұрғыда жазылған оқулықтар мен оқу құралдары және «Полиграфкомбинат» ЖШС-нің қаржылық есептілігі және өзге материалдары болып табылады.
Ғылыми жаңалылығы: баспа ұйымының қызметінің ерекшеліктерін, сәйкесінше баспа ұйымында шығарылатын өнімдердің өзіндік құнын калькуляциялау әдістемесін қарастырып, жетілдру жолдарын ұсыну болып табылады.
Қорғауға келесідей ғылыми жетістіктер ұсынылады:
- Баспа ісінің даму тарихына, баспа ұйымның қызметін ұйымдастыруға байланысты әдебиеттер көздеріне шолу жасалынып, өнімнің өзіндік құнын құрайтын калькуляциялық элементтер анықталып, жүйелендірілді;
- Баспа ұйымындағы өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың әдістері ашылып көрсетілді және өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындарды бақылау жолдары айқындалды;
- Баспа ұйымының өнімінің өзіндік құнын калькуляциялауды жетілдру жолдары ұсынылды.
Диссертациялық жұмыс оқу үрдісі барысында студенттерге баспа ұйымындағы салалық өндіріс шығындарын есепке алу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың ерекшеліктерін оқытуда және студенттердің дипломдық жұмыстарына негіздеме ретінде пайдалануға болады.
Диссертациялық жұмыс 96 бет көлемінде орындалды, оның ішінде 14 кесте және 14 сурет бар. Жұмысқа 2 бетте қосымша тіркелген.