1 Қазақстан республикасындағы баспа ісі жағдайы және дамуы



бет9/18
Дата20.10.2022
өлшемі367,69 Kb.
#44418
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
Байланысты:
ҚР Баспа ісі

Тапсырыстық әдіс. Тапсырыстық калькуляция жекелеген өндірісте бір дана немесе аздаған қайталанатын партиялы өнімдер даярлауда қолданылады. Бұл әдіс полиграфияда, консалтингтік компанияларда, ерекше өнім бірліктерін өндіретін ұйымдарда қолданылады. Мұндағы есеп объектісі нақты мөлшері бекітілген бұйымдарға жеке өндірістік тапсырыс болып табылады. Олардың өзіндік құны бұйым жасалып біткеннен кейін бірақ анықталады. Ай сайын өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін өндірілетін өнім бір ай ішінде өндіріліп бітетіндей бағдарламамен шектелген болуы шарт. Технологиялық өндіріс циклы ұзақ ірі бұйымдарды өндірген кезде тапсырыстарды оның аяқталған конструкция болып табылатын жекелеген объектілеріне ашады. Тапсырыс кәсіпорынның өндірістік бөлімшесінде арнайы бланкілерде (тапсырысты есепке алу карточкаласында) ашылады, содан соң ол орындаушы - цехқа және бухгалтерияға түседі әрбір тапсырысқа өзіндік код беріледі, онда жұмысшыға есептелген жалақы, барлық кұжаттардағы материалдардын шығысы, өндіріске кеткен шығын есебін жүргізетін карточкаға көшіріліп жазылады. Тапсырыстың өзіндік құны оларды әзірлеумен байланысты шығындар сомасынан тұрады. Осы тәсілдің бірнеше ерекшеліктері бар, атап айтсақ:
- барлық шығарылған шығындар туралы мәліметтерді шоғырландырып және оларды жеке жұмыс түрлері мен дайын өнім партияларына жатқызу;
- уақыт аралығындағы емес, аяқталған әрбір партия бойынша шығындарды шоғырландыру;
- тек бір ғана шотты жүргізу, «аяқталмаған өндіріс» (батыс есебінде барлық өндірістік шығындарын жинақтау тек осы «аяқталмаған өндіріс» шотында көрсетіледі). Осы шотта өндірістің әрбір тапсырысы бойынша шығындардын жекелеген есебін ұйымдастыру үшін карточкаларды енгізуді ұсынады. Тапсырыстың өзіндік құнын калькуляциялау үшін шалафабрикатсыз әдісі пайдаланылады.
Тек дайындау цехында (құю, ұсталық-пресс және т.б.) шалафабрикатты әдіс пайдаланылады, демек, аталған цехтар бойынша жеке калькуляция жасалады. Әдетте, шалафабрикаттық әдісте тапсырысты жасау процесі цехтан цехқа өтеді, бірақ ондағы жасалған операциялар бухгалтерлік есепте көрініс таппайды.
Цехтар шығындары әрбір (жекелеген) табыстың кескінінде, калькуляциялаудың бекітілген номенклатурасы бойынша, ал негізгі материалдар, шикізаттар, технологиялык отындар мен энергиялар — белгіленген топ кескінінде аналитикалық есепте көрініс табады.
Ал үстеме шығыстары олардың өндірілген орны бойынша есептелінеді және ай сайын қабылданған тарату тәсілі бойынша әрбір тапсырыстың өзіндік құнына жатқызылады.
Ақаудан алынған жоғалтулар, әдетте, өндірістің тиесілі тапсырыстарына есептен шығарылады. Орындалмаған тапсырыстар, аякталмаған өндірістер ретінде танылады.
Тапсырыс орындалып біткен соң және оның техникалық қабылдануын өткізіп, тапсырыс берушіге ұсынғаннан кейін өндірістік кәсіпорынның бухгалтериясына тапсырыстың біткені туралы хабарлама жасайды, содан соң тапсырыс бойынша шығындар жасау процесі тоқтатылады. Кейбір кәсіпорындарда тапсырысты орындағаннан кейін коймаға өткізсе, сол коймаға тапсырысты өткізгені жөнінде накладной өткізу қажет.
Сондай-ак, кез келген тапсырыстың өзіндік құны бұрмаланбауы үшін (әсіресе, бітпеген тапсырыстарға қатысты) артық немесе пайдаланбаған материалдык құндылыктар коймаға тапсырылады, ол кезде 1310,1350 -"Материалдар" бөлімшесінің шоттары дебеттеліп, 8110 немесе 8310 шоттары кредиттеледі.
Бұл әдісті колдану барысында іс жүзіндегі өзіндік құн тапсырыс аяқталғаннан кейін анықталады, бұған дейін барлык шығындар аяқталмаған өндіріс ретіінде қарастырылады. Тапсырыстық әдістің кемшіліктері мынада: күрделі, қайталанбайтын немесе сирек қайталанатын тапсырыстарды әзірлеу кезінде материалдық және еңбек шығындарын нормалауды ұйымдастыру қиын, Нормативтік калькуляцияларды жасау және өндіріс шығындарын алдын ала бақылау жасап отыруды қиындатады. Осы кемшілікті жою үшін өндірістің ұзақ циклінде бұйымды әзірлеу кезінде (кеме жасауда, ауыр машина жасауда) олардың торабына жекелеген тапсырыс ашуды ұсынады, яғни олардың әрбір конструкциясы аяқталған болып саналады.
Кіші сериялық өндірісте тапсырыс саны ағымдағы айда шығарылатын болып жоспарланған санымен сәйкес келетін нақты бір бұйымды немесе бірнеше бұйымды (тапсырыстарды) әзірлеу үшін пайдаланған барлық тораптар мен детальдар (бөлшектер) есепте бөліп көрсетіледі.
Тораптар мен детальдардың(бөлшектердің) бірнеше түрі бойынша олардың шығындарының есебі тапсырыстық әдіспен, ал сериялык немесе жаппай өндірістік тәртіппен дайындалатын бұйымдар — екінші, яғни нормативтік әдіспен ұйымдастырылады. Сөйтіп, бұйымның, жалпы құны тапсырыс ескерілген жекелеген тәртіпте дайындалған шығындардан және нормативтік әдіс бойынша жалпы немесе сериялық өндіріс тәртібінде есептелген топтар мен детальдардың жалпы құнынан немесе өзіндік құнынан құралады.
Кәсіпорынның экономикалық қызметінің кызметкерлері жекелеген және кіші сериялық өндіріс жағдайында өндірістік шығындарды есепке алудың нормативтік әдісінің, элементтерін мүмкін болатын жерде қолдануды ұсынуы тиіс.
Тапсырыстар бойынша шығындар топтастырылып, өндіріс есебінің карточкаларында әрбір тапсырыстың өзіндік құны есептелінеді. Карточканың негізінде өнім бірлігінің өзіндік құнының есептік калькуляциясын жасайды.
Тапсырысты есепке алу карточкасының үлгісі № 3 суретте келтірілген. Тапсырыстар бойынша әр цехтың шығындары жеке-жеке есепке алынып, тапсырыс аяқталғанда жалпы шығындар баптары бойынша жинақталатынын, сөйтіп, бір тапсырыстың өзіндік құны анықталатынын сызбадан бақылауға болады. Тапсырысты есепке алу карточкасының үлгісі Б қосымша бетте тіркелген.
Тапсырыстық тәсіл бойынша бірнеше операциялар жүзеге асырылады. Сол операциялардың шоттарда көрсетілуіне мысал келтірейік.
Айталық, ұйым 16Ғ және 23Н тапсырыстарын қабылдады. Есепті кезең басында 615000 теңгенің материалдары бар болатын. Тапсырыстарды орындацу мақсатында мақсатында 45600 теңгенің негізгі материалдары және 4100 теңгенің көмекші материалдары сатып алынды. Материалдар өзіндік құндары бойынша «Материалдар» шотына кіріске алынды. Бұл операция шоттарда келесі түрде көрсетіледі:
Дт 1310 «Материалдар» Кт 1010, 3310 - 45600 теңге
Дт 1310 «Материалдар» Кт 1010, 3310 - 4100 теңге
Қоймадан 94000 теңге негізгі материалдарды және 4800 теңге көмекші материалдарды босату жөнінде талап келген жағдайда өндіріске босатылған материалдар құны сәйкес тапсырыстар карточкаларына 16 Ғ – 51900 тг, 23Н – 42100 тг. жазылады. Ал көмекші материалдар құны «Жалпы өндірістік шығыстар» шотына апарылады, шоттарда келесі түрде көрсетіледі:
Дт 8010 (1340) «Аяқталмаған өндіріс» 94000 теңге
Дт 8010 «Жалпы өндірістік шығыстар» 4800 теңге
Кт 1310 «Материалдар» 98800 теңге.
Өндіріс жұмысшылары мен әкімшілік басқару қызметкерлеріне еңбек ақының есептелуі үш шоттар корреспонденциялары арқылы көрсетіледі: Есептелген еңбек ақы сомасынан ұсталымдар сомаларына келесідей жазу жазылады:
Дт 3350 «Еңбек ақы бойынша есеп айырысу» 120 000 теңге
Кт 3120 «Жеке табыс салығы» 16000 теңге
Кт «Басқа да ұсталымдар» 6360 теңге.
Енді төленуге тиісті еңбек ақы сомасының кассадан берілуі:
Дт 3350 «Еңбек ақы бойынша есеп айырысу» 97640 теңге (120000 - 16000 - 6360) Кт 1010 «Касса» 97460 теңге.
Өндіріс жұмысшыларына еңбек ақы төлеумен байланысты тікелей шығындар «Аяқталмаған өндіріс» шотына апарылып, ал басқарларына есептелегне еңбек ақы сомасы жалпы өндірістік шығындарға жатқызылады және шоттарда келесідей көрсетіледі:
Дт 8010 (1340) «Аяқталмаған өндіріс» 82000 теңге
Дт «Жалпы өндірістік шығыстар» 38000 теңге
Кт 3350 «Еңбек ақы бойынша есеп айырысу» 120 000 теңге.
Сол мезетте әрбір тапсырысқа қатысты еңбек ақы шығындарын тапсырыстар карточкаларында көрсетеді: 16 Ғ – 66000 тг., 23 Н – 16000 тг.
Сонымен қатар келесідей түрде жалпы өндірістік шығындар жұмсалған болсын. Электр энергиясына – 9100 тг, жабдықтарды ұстау және жөндеу – 8400 тг, сақтандыру – 7300 тг, мүлік салығы 1600тг. Және барлық аталған шығындар төленген болса, онда келесі шоттар арқылы көрсетіледі:
Дт «Жалпы өндірістік шығыстар» - 26400 тг
Кт 1010, 3310 - 26400 тг.
Жалпы өндірістік шығындар нормативтік коэффициент арқылы бөлініп таратылады. Біздің мысалымызда жалпы өндірістік шығындар негізгі өндірістік жұмысшылардың еңбек ақысына қатысты бөлініп, таратылады. Бұл операция шоттарда келесі түрде көрсетледі:
Дт 8010 (1340) «Аяқталмаған өндіріс» 69700 тг
Кт «Жалпы өндірістік шығыстар» - 69700 тг.
Жалпы өндірістік шығындардың есептен шығарылуы сәйкес тапсырыстардың карточкаларында көрсетіледі: 16Ғ – 56100 тг (66000*0,85) және 23Н – 13600 тг (16000*0,85).
Өндіріліп біткен өнім қоймаға жіберіледі және «Дайын өнім» шотына кіріске алынады. Тапсырыс орындалып біткеннен кейін тапсырыс карточкасын алып, оның сомаларын «Дайын өнім» шотына апарады. Мысалға, 16Ғ тапсырысы аяқталды, оның құны 194000 теңгеге тең болды.
Дт 1320 «Дайын өнім» 194000 тг
Кт 8010 «Аяқталмаған өндіріс» 194000 тг.
Айталық, ұйым өзіндік құны 176364 теңге болатын 16Ғ тапсырысының 10 данасын сатқан кезде, келісім бойынша сатудан түскен түсім 260000 теңгені құрады. Бұл операциялар да шоттарда келесідей түрде көрсетіледі:
Дт 7010 «Сатылған өнімнің өзіндік құны» 176364 тг
Кт 1320 «Дайын өнім» 176364 тг.
Ал түсім сомасына:
Дт 1010, 1210 260000 тг
Кт 6010 «Өнімдерді сатудан алынған табыс» 260 000 тг.
Есепті кезең соңында «Жалпы өндірістік шығындар» шотындағы соңғы қалдық сомасы анықталады және оларды есептен шығарып, шотты жабады. Біз қарастырған мысал бойынша 500 теңгенің (69700 - 69200) жалпы өндірістік шығындары артық бөлініп таратылған сома болып табылады, сол себепті осы соманы «Дайын өнім», «Сатылған өнімдердің өзіндік құны», «Аяқталмаған өндіріс» шоттарына сол шоттардағы қалдық сомаларына пропорционалды түрде бөліп таратамыз. Яғни, бұл операция келесі шоттарда көрсетіледі:
Дт «Есептен шығарылған жалпы өндірістік шығындар» 69700 теңге
Кт «Аяқталмаған өндіріс» - 135 тг
Кт «Дайын өнімдер» - 33 тг
Кт «Сатылған өнімнің өзіндік құны» - 332 тг
Кт «Жалпы өндірістік шығындар» - 69200.
Тапсырыстық тәсіл бойынша өнім бірлігінің өзіндік құнын анықтау қарапайым процедура болып табылады. Біз қарастырған мысалдағы 16Ғ тапсрысы бойынша барлығы 11 өнім дайындалды. Олардың жалпы құны 194 000 теңге, яғни, өнім бірлігінің өзіндік құны 17636,36 теңгеге (194000:11) тең болады. Жалпы өндірістік шығындар сомасының артық бөлініп таратылуына байланысты жасалған түзетулер өнім бірлігінің өзіндік құнын 45,45 теңгеге азайтады. Яғни, өнім бірлігінің өзіндік құны осы тапсырыс бойынша 17590,91 (17636,36-45,45) теңгеге тең болады.
Сонымен, қоыта келгенде, таспырыстық тәсілдің негізгі сипаттамалары төмендегідей:

  • көп тапсырыстар бір есепті кезеңде орындалады;

- өндірістік материалдар, еңбек ақы және үстеме шығындар әр тапсырыс түрі бойынша жинақталады;

  • тапсырыстық карточка негізгі құжат болып танылады;

  • шығындар тапсрырыстың аяқталуына қарай есептен шығарылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет